400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Зат есім 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек. Ашық сабағымнан тәжірибе алмасу, сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу; 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы Зат есім 18-20жаттығу

Мұғалімнің аты-жөні: Халжанова А

Күні: 21 01.2019ж

СЫНЫП: 3


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Сабақ нәтижесі:


Барлық оқушылар жасай алады:Сөз таптарын анықтайды. Олардың түрлерін ажырата алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды

сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табады

Тілдік мақсат

Өнер

Құндылықтарды дамыту

Өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру ;

Оқушыларды өнерді бағалай  білуге, өнер иелерін,туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу.

АКТ дағдылары

Проектор ноутбук

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы

5 минут


Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

(Ұ) «Сәлемдесу» ойыны. Бір-біріне жақсы

тілектер тілеп, ынтымақтастық атмосферасын құру. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, бір- бірімен тез-тез көзбен, қолмен, иықпен амандасу керек.

Оқушылардың сыныптағы өзіндік, жұптық жұмыстарын орындау барысында «5-Т» ережесі стратегиясы қолданылады. «5-Т» ережесін еске түсіру: Талап. Тәртіп. Тыныштық. Татулық.

Тазалық.

Асық арқылы бөлу

С ыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


Жаңа білім

10 минут







Ширату тапсырмасы.

3.1.1.1 (МК; Т; Қ) Мәтінді тыңдау. Тірек сөздерді белгілеу. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

12-жаттығу. Мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтіндегі тірек сөздерді белгілейді.

(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Орфографиялық, түсіндірме сөздіктермен жұмыс ұйымдастырылады. Талдау жасалады.

(Т) Берілген сұрақтарды талдап, өз ойын білдіру.

Оқулықта берілген сұрақтарды топта талқылап, жауап беру арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Мәтін неліктен «Ересек оқушы» деп аталғанын талқылап, өз пікірлерін білдіреді.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Ой сергек!

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу

Оқулық

111-бет.

Пирамида суреттері






Тақта

№2 Дәптермен жұмыс

Ортасы

10 минут







3.4.2.3 (МК; Ө; Т; Қ) Көптік жалғауының тиістісін қойып, жазу білігін бағалау.

13-жаттығу. Көптік жалғауларының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Көпше түрдегі зат есімдердің астын сызады.

3.1.1.1 (МК; Ө; Қ) Өлеңді түсініп оқу. Өлең мазмұнына сай сурет салу. Шығармашылық үзіліс.

14-жаттығу. «Суретші боламын» өлеңін түсініп оқып, мазмұнына талдау жасайды.

Оқушыларға ақ парақтар таратылып беріледі. Өлең мазмұнына сай сурет салады.

(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысымен танысу. Стикерлерге өз көзқарастарын жазып, жабыстыру.

«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасау. Оқушылар салған суреттерін тақтаға іледі. Бір-бірінің жұмыстырын бағалау үшін стикерлерге өз көзқарастарын білдіріп

жазып, бағалайды.

Дескриптор:

  • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

  • Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті. Дене шынықтыру жаттығулары жасалады.

видеожазба

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


Ө; Қ) Құлыпта жасырынған мақалды тауып оқу.

Құлыптағы жасырынған сөздерді табу үшін бос торкөздерге кілттегі әріптердің тиістісін жазады. Жазған жұмысын топта жариялап оқиды.

Мағынасына талдау жасайды. Шешуі: Өнер – қанат.

2.1.3.1 (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нәтижелері топта жарияланады.

Бағалау дескрипторы:

  • Зат есімдерді жазады, сұрақ қойып, дәлелдейді;

  • Зат есімдермен сөйлем құрайды;

  • Оларды сөйлеу барысында қолдана алады;

Құраған сөйлемдерін қатесіз көшіріп жазады.







Кері байланыс

3 минут

«Бір сөзбен» стратегиясы

Оқушылар шеңберге тұрып, әрқайсысы өзіне қай өнер түрі қолайлы екенін дәлелдеп бір сөйлеммен айтады.



Рефлексиялық шеңбер


Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.


Оқу ісінің меңгерущісі : Назарқұлов .И

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманыкүрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді? Сыныптағы ахуал

қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?Мен берілгенуақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəненеліктен?













Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымдыжетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
775
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі