400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Зат есім" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сынып мұғалімдеріне дайын ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мерзімі:15.05.17ж

Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 3 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Мақсаты: Зат есім туралы жалпы түсінік алады. Ол қандай да бір заттың, ұғымның атауы екенін түсінеді.

Күтілетін нәтиже: Зат есім туралы жалпы түсінік алады. Ол қандай да бір заттың, ұғымның атауы екенін біледі.

Ресурстар:Қазақ тілі оқулығы 3- сынып, интербелсенді тақта,ЭО, суреттер топтамалары.

Әдіс тәсілдер: «Киімдер дүкені», «Сен маған, мен саған», «Ойлан, жұптас,топтас» «ҚҚҚ».

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеттері\Уақыт.

Оқушы әрекеттері \Тәсілдер

І. Проблема айқындау (Қызығушылық

ты ояту, Мотивациялау, қажеттілік тудыру)

Оқушыларды шаттық шеңберіне жиналуын сұрайды. Алмаларды ұсыну арқылы екі топқа біріктіреді.Сары түсті алманы алғандар, сары түсті алмасы бар топқа отырамыз.Қызыл түсті алманы алғандар қызыл түсті алмасы бар топқа барып отырамыз.Балалар, киімдер дүкенін аралап шығайық.Өздеріңе әдемі киімдер таңдаңдар.Киімдердің сұрақтарына дұрыс жауап берсеңдер,бүгінгі сабағымыз-

дың тақырыбы шығады.Ең алдымен тақтада ілулі тұрған жазу EXPO 2017 туралы не білеміз?


-5 мин

Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілектерін айту арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптас-

тырады.Алмаларды таңдап алу арқылы екі топқа бірігіп отырады.



«Киімдер дүкені» әдісі интербелсенді тақтаны қолдану арқылы орындала-

ды.


ІІ. Проблема шешу

(Операционалдық кезең: материалмен танысу, оны игеру, сол бойынша жұмыс жасау, мағынаны ашу)


Суреттерге қара. Суреттегілердің аттарын білмеген жағдайда , оларды білу үшін қандай сұрақ қоясың? Көпше түрінде келсе қандай сұраққа жауап береді?

-Суреттерді топтастырыңдар.Суреттер топтамалары қандай сұрақтарға жауап береді?


Тақтаға назар аударамыз!



Дәптермен жұмыс: Зз әрпін көркем жазу.

Тапсырмалар: а)

Сары алма тобына:Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып жаз.Жазған сөздеріңе сұрақ қой.

Қызыл алма тобына:

Көп нүктенің орнына әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай атауға болатынын жаз. Жазған сөздеріңе сұрақ қой.

Топтар бір-біріңді тексерің-

дер.

ә) Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.

Сергіту сәті: Ойын «Ойлан, тап!»

Боямақты әдемі етіп бояймыз.

-20 мин

Қол көтеру арқылы жауаптарын айтады.

Кім? Не?

Кімдер? Нелер?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Электронды оқулықтан зат есімнің ережесін тыңдайды.

Дәптерлеріне көркем етіп жазады.



Топтар бірін-бірі «Сен маған, мен саған» әдісі арқылы тексереді.









Ойын мазмұны: Бір оқушы шығып, заттың атауын жұмбақтап жасырады. Жауабын тапқан оқушы ойынды ары қарай жалғастырады.

Бірігіп, боямақты әдемі етіп бояйды.

ІІІ. Проблема шешімін қорытындылау (білгенін ортаға салу, қандай ой, пікір, әсер туындағанын талқылау, талдау, қорытындылау)


Топтық жұмыс:

Суреттегі зат атауы жайлы не білеміз? Қандай сұраққа жауап береді? Жалпы білгенімізді ортаға саламыз.

10мин

«Ойлан,жұптас, топтас» әдісі арқылы орындалады.


ІV.Бағалау. Рефлексиялық-бағалау кезеңі:

Басбармақ арқылы өздеріңді бағалаңдар.

3 мин

Басбармақтарын қалаған нұсқаларына қаратады.


V.Кері байланыс.

Оқушыларға парақшаларды толтыруды ұсынады.

5мин

«ҚҚҚ» әдісі арқылы парақшаларды толтырады.


VI.Үйге тапсырма.

Ережені жаттау. Зат есімді қатыстырып сөйлем құрау.2мин

Күнделіктеріне жазып алады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
616
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі