400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Зат есім қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
кез-келген адам үшін көп білгеннің, көп оқығанның пайдасы зор. еш нәрсе артықтық етпейді, түрлі әдіс-тәсілдер алмасуға, сабақ жоспарын құруда септігін тигізері хақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

Мектеп: №188 мектеп-гимназия

Сынып: 2 сынып

Мұғалімнің аты-жөні:Еркінбайқызы Нұргүл

Күні: 18.05.2018

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Зат есім

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаты

2.2.3.1.мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бөлім

2.Оқылым

Бөлімше

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Ортақ тақырып

Салт- дәстүр және ауыз әдебиеті

Сабақ мақсаты

SMART


Салт дәстүріміздегі «Бесікке салу» рәсімін насихаттай отырып, мәтін мазмұны бойынша зат есіммен байланыстырып фактілерді анықтау, сұрақтар құрастыру және жауап беру.

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар:

  • Зат есімнің сұрақтарын пайдалана отырып, мәтіннен зат есімді табады ,жазады

  • Салт- дәстүрге байланысты сурет бойынша әңгіме құрастырады, мысалдар келтіріп дәлелдейді.

Көптеген оқушылар:

  • Зат есімнің жекеше, көпше түрлерін бір-бірінен ажыратады.

  • Орны ауысқан әріптердің дұрыс нұсқасын ұсынады

  • Жұмбақтар құрастырады,,шешімін табады.

Кейбір оқушылар:

  • Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті түрлерін түсіндіреді, ажыратады, салыстырады.

Сөздік қор

Бесік, мүлік, жыр, немере, шөбере.

Құндылықтарды дарыту

ҚР. Президенті «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жолдауындағы «Білімнің салтанат құруы» бағыты бойынша өмір бойы оқуға дайын болу.

Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы

АКТ-ны қолданғанда және бір-бірімен қарым-қатынас жасауда денсаулықты сақтау

Пәнаралық байланыс

АКТ, Дүниетану, әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдысы

АКТ қолдану дағдысын қалыптастыруда білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті

Алдыңғы меңгерілген білім

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті жайлы әңгімелейді, танып біледі. Зат есімнің жекеше және көпше түрін ажыратады.


Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт кезеңі

Сабақта қолданылатын іс-әрекет


Ресурстар

Басталуы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Шаттық шеңбері»

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

Оқушылар шеңберге тұрып,қимыл-қозғалыс арқылы өлең шумақтарын қайталап айтады.

Себеттің ішінен өздеріне ұнаған суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1-топ «Бесік»

2-топ «Домбыра»


Picture 2

Сабақтың ортасы

30 минут





Білу және түсіну

«Жұмбақтар сандығы» әдісі. Ұжымдық жұмыс.

2-критерий .Жұмбақтар құрастырады,шешімін табады.

Екі топ кезекпен сандықтан жұмбақтар алып, шешуін табады. Зат есімдерді тауып, сұрақ қояды.

Иесі оның- сәби, Сыңғырлаған дауысты

Әрі төсек, Бүкіл әлем тыңдайды.

Әрі үй Әрбір бөбек бесікте,

(Бесік) Сол бір әнмен ұйықтайды.

(Бесік жыры)

Дескриптор

  • Жұмбақтың шешуін табады.

  • Жұмбақтың ішінен сұрақ қою арқылы зат есімді табады.

ҚБ

«Ауа» арқылы


«Гүл күлтелері» әдісі». Топтық жұмыс.

2-критерий. Зат есімнің жекеше,көпше түрлерін бір-бірінен ажыратады.


1-топқа. Берілген сөздердің ішінен жекеше түрдегі зат есімдерді тауып топтастырады..

2-топқа. Берілген сөздердің ішінен көпше түрдегі зат есімдерді тауып топтастырады.

Адамдар, жапырақтар, Самат, күн, жер, талдар, ағаштар, ұшқыш, дәрігерлер, қарындас.

Дескриптор

  • Сөздерге сұрақ қою арқылы зат есімді табады.

  • Жекеше, көпше түрдегі зат есімдерді бір-бірінен ажыратады.


Қ.Б

«Жапондық бағалау»


Оқулықпен жұмыс.

«Сұрақтар қобдишасы» әдісі

1-критерий. Салт- дәстүрге байланысты сурет бойынша әңгіме құрастырады,мысалдар келтіріп дәлелдейді.

3-критерий. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті түрлерін түсіндіреді, ажыратады, салыстырады.

1-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құра.Бесікке салу рәсімі бойынша үлкендерден сұрап біліп ал.

  • Салт-дәстүр дегеніміз не?

  • Салт-дәстүрге не жатады?

  • Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

  • Ат қою рәсімі қай кезде орындалады?

  • Баланы не үшін бесікке салады?

  • Салт-дәстүр мен ауыз әдебиетінің айырмашылығы неде?

Дескриптор

  • Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

  • Бесікке салу рәсімі жайында әңгімелейді.

Салт-дәстүрге байланысты мысалдар келтіріп, дәлелдейді.

ҚБ

«Геометриялық фигуралар» арқылы бағалау
































«Кім жылдам?» әдісі. Дәптермен жұмыс.

2-критерий. Зат есімнің жекеше, көпше түрлерін бір-бірінен ажыратады.

1-тапсырма. Мәтінді көшіріп жаз. Бірінші сөйлемдегі зат есімдерді тап.

2-тапсырма. Мәтіндегі зат есімдерді көпше түрге айналдырып жаз.

Дескриптор

  • Жазу каллиграфиясын сақтайды

  • Зат есімді табады,көптік жалғауларын дұрыс қолданады

ҚБ. «Смайликтер» арқылы бағалау



Picture 298










Сергіту сәті: «Қарлығаш» биі



«Постер қорғау» әдісі. Топтық жұмыс.

2-критерий. Орны ауысқан әріптердің дұрыс нұсқасын ұсынады

1-тапсырма. Пішіндер арқылы сөзді тауып оқы.Шыққан сөз туралы білетініңді айт.

1-топқа. Бесіктің суретін салып, бесік жабдықтарын атайды.

2-топқа. Өз тобымен бесік жырын құрастырады.

Дескриптор

  • Адасқан әріптерді реттестіріп,дұрыс нұсқасын атайды.

  • Өз ойларынан бесік жырын құрастырады.

ҚБ

«Қол шапалақтау» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.










Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

  • Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар киіз үйдің ішінде тұрады.

  • Сұрақтары бар оқушылар киіз үйдің сыртында қалады.



Рефлекция




Бүгінгі сабақтан алған көңіл – күйлерін бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау арқылы көрсетеді.

Түсіндім Сұрағым бар Түсінбедім



Ықшамсабақтың сабақ жоспарын құруға ықпалы:

  • Курсқа келгенше білетінім:Менің осы жаңартылған білім мазмұны бойынша тәжірибем бірінші жыл.

  • Мен осы курсқа келмей тұрып, білгенім әдіс-тәсілдердің түрлерін, топқа бөлудің және бағалаудың бірнеше түрімен таныспын.

  • Курс барысында білгенім: Осы курсқа келіп,біраз нәрсені үйрендім.Білмейтін,түсінбейтін сұрақтарымның жауабын тренерден және топ мүшелерінен түсіндім. Спиральді оқу қағидаты, яғни бастапқы білімнің одан әрі күрделеніп берілуі,ол әр тоқсан сайын немесе әр сынып бойынша берілуінің тиімділігін түсіндім. Белсенді оқу мен белсенді оқытудың ара жігін ажырата алдым. Белсенді мұғалімнің қандай болу керек екенін түсіндім.


  • Келешекте көрсетер нәтижем:Алдағы уақытта осы үйренгендерімді тәжірибе барысында әрі қарай жетілдіре отырып қолданамын және жетістіктерге жету үшін тынбай еңбектенемін.


Shape3

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
807
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі