400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Зат есім. Сабақ жоспары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды қазақ тілі пәні оқытушылары сабақ жоспарын жасауда пайдалануларына болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Зат есімнің септелуін, септік жалғауларын ажырата білу, сөйлемдерден септеулі зат есімді таба білу. Түрлі жаттығу арқылы зат есім туралы алған білімдерін жинақтау.

Дамытушылық: Білімгерлердің сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту. Шығармашылық, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, өзіндік топтастыру, сынау сұрақтары.

Көрнекілігі: Слайд, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Зат есім туралы алған білімдерімізді тиянақтаймыз. Зат есімнің септелуі, септік жалғауларын ажыратуға арналған жаттығулар орындаймыз.

ІҮ. Өткенді пысықтау:

Зат есім

1/ Өзі ұяң дауыссыз, 3 ке ұқсайды. Ол қай әріп?

2/ Алфавиттің басында тұратын әріп.

3/ Тайда бар, айда жоқ.

4/ қыста киетін аяқ киімнің басқы әрпі.

5/ Жыланның шығаратын дыбысы.

6/ Тышқанның үйінің алғашқы әрпі.

7/ Көшедегі көліктің алғашқы әрпі.

  • Зат есім дегеніміз не?

  • Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз.

Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Зат есім

Кім? Не?

Зат есімнің ережесінен қорытынды шығарайық.

  • Қандай сөз таптарын білесіңдер?

Сөз таптары

Суретпен жұмыс

1/ Гүл-гүлдер

2/ Қояндар-қоян

3/ Қыз – қыздар

Зат есімнің жекеше, көпше түрі бар.

Кім? Не? Жекеше түрі.

Кімдер? Нелер? Көпше түрі.

-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғауы

Ойын «Адасқан құстар»

Суретке назар аударамыз

Әрбір құсты өз ұясына қондырамыз.

Атау септік Кім? Не?

Ілік септік Кімнің? Ненің? –ның, -нің, -дың, - дің, -тың, -тің

Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? –ға, -ге, -қа, -ке

Табыс септік кімді? Нені? –ны, -ні, - ды, -ді

Жатыс септік Кімде? Неде? –да, -де, -та, - те

Шығыс септік кімнен? Неден? –нан, -нен, -дан, -ден, -таң, - тен.

Көмектес септік Кіммен? Немен? –мен, -бен, -пен.

Сонымен қазақ тілінде қанша септік бар?

Әрбір септіктің өздеріне тән жалғаулары бар.

Тек атау септіктің жалғауы жоқ.

Тест.

1/ Заттың атын білдіретін сөзді тап:

а/ он сегіз в/ таза с/ күреді д/ оқулық

2/ Зат есімдерге қойылатын сұрақтарды көрсет:

а/ қандай? қай? в/ неше? қанша? с/ не істеді? д/ кім? не?

3. Қазақ тілінде неше септік бар:

а/ 5 в/ 7 с/ 3 д/ 10

4. Ілік септігінің сұрағын көрсет:

а/ кімді? нені? в/ кіммен? немен? с/ кімнің? ненің? д/ кім? не?

5. Кім? не? Қай септіктің сұрағы:

а/ атау в/ ілік с/ шығыс д/ табыс

6. Көмектес септік жалғауларын тап:

а/ –нан, -нен, -дан, -ден, -таң, - тен.

в/ –мен, -бен, -пен

с/ –ға, -ге, -қа, -ке

д/ –ның, -нің, -дың, - дің, -тың, -тің

  • Ол не?

  • компьютер

  • Қай сөз табы?

Зат есім

Ендеше, осы компьютер сөзіне пікірталастырып, ой бөлісейік.

1. Жақтаушы: /топбасшы сайланады/ комп-дің зиянды,

2. Даттаушы. Қажетті жақтары бар.

Шығармашылық диктант

Қыс

Қыс түсті. Күн суытты. Қыста адамдар жылы киінеді.

Балалар шаңғы тебеді, аққала жасайды.

Ү. Сабақты қорыту:

Не үйрендім?

Нені білдім?

Сабақтан алған әсерім.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1108
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі