15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Зат есім туралы түсінік
Қазақ
тілі 2 сынып
Сабақтың
тақырыбы: Зат есім
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше
орын алатынын ұғындыру; зат есімнің сөз
табы ретінде атқаратын рөлі мен мәнін
ашу.
Тәрбиелік:
сабақтағы белсенділікке, жазба жұмыстарды
орындаудағы ұқыптылыққа, нақты жауап
беруге, білімді болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
СТО әдістерін пайдалана отырып, оқушыларды
жан - жақты, терең ойлауға, шығармашылықпен
жұмыс жасауға қалыптастыру
Сабақтың
типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың
түрі: Топтық жұмыс, (Аралас сабақ)
Сабақтың
әдісі: СТО әдістері ( топтастыру, сиқырлы
қорапша), жұмбақ, сөзжұмбақ, суретпен
жұмыс
Көрнекілігі:
суреттер, тірек сызбалар, сөзжұмбақ,
оқулық, түрлі пасталар
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі: (2мин)
1.
Сәлемдесу
2.
Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру
3.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Біз
ақылды баламыз,
Біз
тәртіпті баламыз.
Соғылады
қоңырау,
Сабаққа
біз дайынбыз!
-
Балалар, бүгінгі қазақ тілі сабағы
ерекше түрде өтеді. Сабақта белсенді
жұмыс істеген оқушыға, бағалау ұпайдың
орнына не беретінімді жұмбақты дұрыс
шешсеңдер білесіңдер..
Аппақ
ас, сызы бар,
Балалар
қызығар.
Өзі
тәтті, түрлі дәмді
Қызыға
көп жесең,
Ауыртады
тамақты. (Балмұздақ)
ІІ.
Өткенді бекіту: (3 мин)
«Доптың
саған сұрағы бар» ойыны
Сұрақтары:
1.
Сөз дегеніміз не?
2.
Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
3.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін не
дейміз?
4.
Қосымша нешеге бөлінеді?
5.
Жұрнақ деген не?
6.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны
ата.
7.
Қанат сұрақтарға төмендегідей жауап
берді. Қате жауаптар болса, түзетіңдер.
Кім?
не? сұрақтарына заттың санын білдіретін
сөздер жауап береді.
Не
істеді? қайтті? не қылды? сұрақтарына
заттың сынын білдіретін сөздер жауап
береді.
Қандай?
қай? деген сұрақтарға заттың қимылын
білдіретін сөздер жауап береді.
Қанша?
неше? деген сұрақтарға заттың атын
білдіретін сөздер жауап береді.
Тіліміздегі
сөздер бірнеше сөз таптарына бөлінеді:
Зат
есі,. сын есім, сан есім, етістік, тағы
басқа.
ІІІ.
Дәптермен жұмыс.(5 мин)
1)
Бүгінгі күнді жазу: (Сдайд)
Ақпанның
8 - і, дүйсенбі.
Сынып
жұмысы.
2)
Сөздік диктант. (Слайд)
Жоғалған
әріпті тауып, сөздерді көшіріп жаз.
С...
тушы, қай... қ, б... та, қонж... қ, ұст... з,
к... тап, па... та, кер... к, д... рігер, түлк...,
т.. рақ.
Өзара
тексеру, бағалау.
ІҮ.
Жаңа сабақ (3 мин)
1)
Сөз жұмбақты шешіп, бүгінгі сабақ
тақырыбымен таныстыру. Зат есім.
1.
қ а З
2.
ш А ң ы р а қ
3.
Т ү л к і
4.
к Е м е
5.
С а н д ы қ
6.б
Ү р к І т
7.
д о М б ы р а
2)
Суретке қарап, суреттегі заттардың
атына сұрақ қойғызу. (2мин)
Қыз
- кім?, оқушы - кім?, Сәуле - кім?, ағаш -
не?, көбелек - не?, гүл - не?, гүл -?, күн -
не? қарлығаш - не?
-
Осы уақытқа дейін кім? не? деген сұрақтарға
жауап беретін сөздерді заттың атын
білдіретін сөздер деп атап келсек,
алдынғы өткен сабақтан (ережені
оқушылардан сұрау)
Заттың
атын білдіретін сөздерді зат есім
дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не?
нелер? деген сұрақтар қойылады.
Ү.
Жаңа сабақты бекіту (5 мин)
Оқулықпен
жұмыс. Танымдық жаттығулар
1
– жаттығу, 131 бет.
Өлеңді
оқы.
Бағында
бұл балалар
Іні,
Әпке,
Аға
бар.
Ойыншықтар
мол онда:
Машина,
Арба,
Шана
бар. С. Оспанов
Кім?
не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді
екі бөлек жаз.
-
Бұл сөздерге неге екі түрлі сұрақ
қойылады?
Адамға
- кім?, жануарлар мен заттарға – не? деген
сұрақ қойылады.
2
- жаттығу. Топпен жұмыс (А3 қағазына
орындалып қорғалады) (5 мин)
1
- топ: Сұрақтарына жауап беретін сөздерді
екі топқа бөліп, екі сөзбен сөйлем
құрастырыңдар.
Ата,
кірпіш, шыны, апа, сағат, ағатай, қант,
інішек, тауық, кептер.
2
- топ: Суреттегі бейнеленген заттардың
атауын жаз. Екі сөзбен сөйлем
құрастырыңдар.
3
- топ: Осы сөздерді Кімдер? Нелер?
сұрақтарына жауап беретіңдей етіп, екі
топқа бөліп жазыңдар. Екі сөзбен сөйлем
құрастырыңдар.
Сергіту
сәті. (2 мин)
Өздік
жұмысы. (5 мин)
3
– жаттығу. Сұрақтардың орнына зат
есімдерді тауып жаз.
1.(Кім?)....
отын жарды. 2.(Кім?)... көйлек тікті. 3.
Аспанда (нелер?)... көрінеді. 4. Орманда
биік (нелер?) өседі. 5. (Кімдер?).... серуенге
жиналды.
Тақтада
жұмыс (5мин)
«Сиқырлы
қорап» ойыны қораптың ішіндегі қима
қағаздарға жазылған зат есімдерге сұрақ
қойып, сөз құрамына талдатқызу.
Кезекші,
оқушылар, орындық, дәрігерлер, қойшы,
ғарышкер.
І.
Сабақты қорытындылау: (3 мин)
Сөздерді
оқып, зат есім екенін дәлелде.
Айдын,
әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, әже,
мұз
Дәлелдеу
үлгісі:
Айдын
- зат есім, өйткені... заттың атын
білдіреді.
...
кім? деген сұрақ қойылады.
ҮІІ.
Сабақты бекіту. (5 мин)
Тест
тапсырмалары.
1.
Зат есімді тап: А) күн ә) ойна б) ыстық
2.
Кім? деген сұраққа жауап беретін сөзді
көрсет.
А)
өлең
ә)
күй
б)
әнші
3.
Не? Сұрағына жауап беретін сөзді
көрсет.
А)
ақын
ә)
жер
б)
адам
4.
Жан - жануарға қойылатын сұрақты
көрсет.
А)
кім?
ә)
не?
Б)
кімдер?
5.
Адамға қойылатын сұрақты көрсет.
А)
не?
ә)
кім?
б)
нелер?
ІХ.
Үйге тапсырма: 5 - жаттығу, 132 бет. (2
мин)
ІХ.
Бағалау. (2 мин)
11
- 13 балмұздақ саны - «5»
8
- 10 балмұздақ саны – «4»
7
- 5 балмұздақ саны – «3»
Сабақтың
тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше
түрлері.
Мақсаты:
Білімділік:
Зат есім туралы алған білім, білік
дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар
мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру,
жинақтау. Зат есімдердің жекеше, көпше
тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру;
оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді
көпше түріне айналдыра білуге үйрету;
қосымшаларын ажырата білу және дұрыс
жалғай білу.
Дамытушылық:
Сөйлеу тілін, ой - өрісін дамыту. Берілген
сұраққа тиянақты жауап беру, танымдық
қабілетін дамыту. Өздігінен қорытынды
шығара білуге үйрету.
Тәрбиелік:
Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ
түрі: саяхат сабақ
Сабақтың
әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ -
жауап, салыстыру - ажырату, ойын әдісі,
деңгейлік тапсырмалар.
Қолданылатын
технология: Блум таксономиясы
Пәнаралық
байланыс: дүниетану, ана тілі, математика,
бейнелеу.
Көрнекілігі:
интерактивт ітақта, слайдтар,
ребус.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастырукезеңі.
1.
Сәлемдесу
2.
Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу
құралдарын тексеру
3.
Психологиялық дайындық
-
Мақсатымыз, білім алу,
Міндетіміз,
еңбектену
Еңбектену
арқылы
Мақсатқа
қол жеткізу
4.
Жұмбақтың шешуін табу арқылы саяхат
сабақты бастау.
ІІ.
1. Үй жұмысын тексеру (Кеме капитанының
тапсырмасы)
397
- жаттығу
2.
Өтілген материалды қайталау,
пысықтау.
«Күннің
көзін» бұлттан арылту ойын - жаттығуы
арқылы өткен сабақтан алған білімдерін
пысықтау.
Ойынның
шарты: Күннің көзін бұлттар жауып тұрады.
Әр бұлттың артында сұрақтар жазылады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Нәтижесінде күн ашылады.
-
Балалар, біз күнді бұлттан арылттық.
Экранға назар аударайық. Күн деген сөз
«бір күн» деген, бұлттар деген сөз «көп
бұлттар» деген ұғымды білдіреді. (Яғни
зат есімнің жекеше, көпше түрі туралы
толық түсінік беру)
3.
ІІІ. 1. Жаңа сабақ (Блум таксономиясы
бойынша жүргізіледі.)
Білім.
(
Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау,
бұрынғы білімді еске түсіру. Тыңдайды,
қабылдайды, есте сақтайды)
2.
Дәптермен жұмыс
а)
Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.
ә)
Көркем жазу жұмысын жүргізу. «а» дыбысынан
басталып, «а» дыбысынан аяқталатын зат
есімдерді жазу. Мысалы: ара, ата, аға,
апа, ана.
Саяхатты
жалғастыру.
3.
Оқулықпен жұмыс.
400
- жаттығу.(акуланың тапсырмасы)
Сурет
бойынша жұмыс. Суреттегі заттардың атын
атап және санын анықтау. Олардың бір -
бірінен айырмашылығын тапқызу.
Түсіну.
(Жаңа
материалда берілетін білімді түсіну,
өзінше түсіндіру немесе болжам жасау.
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді,
жазады)
Саяхатты
жалғастыру.
401
- жаттығу (айсбергтің тапсырмасы) Қарамен
жазылған сөздерді түбір күйіндегі
қалпымен салыстыру.
-
Балалар бұл қай ақынның өлеңі?
-
Әнуарбек Дүйсенбиев.
-
А Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?
-
А. Дүйсенбиев 1931 жылы Алматы облысы,
Қарақастек атты тау етегінде дүниеге
келген. Балалар ақыны Ә. Дүйсенбиев
Қазақстан мемлекеттік университетін
бітірген. «Сыйлық», «Не деу керек?»,
«Қайырлы таң балалар» өлеңдері бар.
Дүйсенбиевтің өлеңдер жинағы қырғыз,
татар, украин тілдерінде де басылып
шыққан.
4.
Ережемен таныстыру, оқыту.
5.
Сергіту сәті
Ал,
балалар, тұрайық
Алақанды
ұрайық.
Бір
отырып, бір тұрып,
Біз
демалып алайық.
Қолдану.
(Жаңа
білімді жіктеу, саралау, ең негізгі
түйінді таба білу, біртіндеп бөліктерге
жіктеу, арасындағы байланысты айқындау.
Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды,
талдайды, ашады, іздейді)
Саяхатты
жалғастыру.
402
- жаттығу (теңіз қарақшыларының
тапсырмасы)
Көптік
жалғауларының тиістісін қойып жазып,
көпше түрдегі зат есімдердің астын
сызу.
ІV
Сабақты бекіту
Саяхатты
жалғастыру.
Талдау.
(Алған
білімді жіктеу, саралау, ең негізгі
түйінін бөліп көрсету, бұрынғы білім
негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы
шешеді.)
Шығармашылық
жұмыс
403
- жаттығу. (кемені теңіз дауылынан
құтқару)
1
- қатар Ребусты шеш. Шешуіне сұрақ қой.
Зат есімнің қай түріне жатады?
2
- қатар Шешуіндегі сөзді қатыстырып
сөйлем құра
3
- қатар Суретін сал
Жинақтау.
(Жеке
бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас
дүние жасау. Ойлап табады, құрастырады,
шығарады, байланыстырады.)
404
- жаттығу («Жарқын болашақ» аралына
жету)
«Кім
тапқыр?» ойыны арқылы жүргізіледі.
Ойынның шарты: берілген көптік жалғаулары
жалғанатын сөздерді табу.
7.
Үйге тапсырма: 405 - жаттығу
V.
Сабақты қорытындылау
-
Балалар, біз бүгін не білдік? Не үйрендік?
Не көрдік?
(оқушылардың
жауабы)
-
Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Ел болашағы
- білімді ұрпақ»- деп сіздерге үлкен
сенім білдіруде. Өздеріңіз білесіздер,
Қазақстан жер көлемі үлкен, экономикасы
мен мәдениеті дамыған ел.
Елбасымыз
еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы
қатарлы елдің қатарына қосылуына
жұмыстануда. Қазір сендер кішкентай
болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне,
гүлденуіне үлес қосатын маман болып,
еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек
ететіндеріңе менің де сенімім мол.
Сондықтан «Біз әлі кішкентаймыз» демей,
осы күннен бастап білімді болуға уәде
бере отырып, жарқын болашаққа нық қадам
жасаймыз.
Бағалау
(Сабаққа
жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау,
бағалау) Жаңа сабақтың тақырыбы мен
мақсатын хабарлау.
Қазақ
тілі 2 «В» сынып
Сабақтың
тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше
түрлері.
Сабақтың
мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше
түрлері туралы түсінік беру, сөйлем
ішінен таба білуге үйрету.
Сабақтың
міндеттері:
А)
білімділік: оқушыларды зат есімнің
жекеше және көпше түрлері туралы
түсініктерін кеңейте отырып сөйлем
ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты
жазуға дағдыландыру.
Ә)
дамытушылық: ойын түрлері арқылы
ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін
дамыту түрлі тапсырмалар орындау
барысында танымдық іскерлік есте сақтау
қабілеттерін арттыру.
Б)
тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа,
ауызбіршілікке бірін-бірі сыйлай білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақ
Сабақтың
әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың
көрнекілігі: кестелер, слайд
Пәнаралық
байланыс:әдебиеттік оқу
Сабақтың
барысы:
І)
Қызығушылықтарын ояту
1.Психологиялық
дайындық (слайд-2)
Айналаға
алақанмен,
Жылулықты
шашайық.
Сәттілік
тілеп, күлімсіреп,
Біз
сабақты бастайық.
2)
Үй тапсырмасын тексеру
А)4-жаттығу,
152 бет
«Күннің
көзін» бұлттан арылту» ойын - жаттығуы
арқылы тексеру
Күннің
көзін бұлттар жауып тұрады.Әр бұлттың
артында «Өтініш» мәтіні бойынша сұрақтар
жазылып тұрады.Оқушылар сұрақтарға
жауап береді.
1.
Нұрдәулет қандай оқушы?
2.
Нұрдәулеттің қандай жаман әдеті
бар?Мысалмен дәлелде.
3.
Нұрдәулеттің үндемей қалуының себебі
неде?
4.
Нұрдәулет неге өкінді?
5.
Нұрдәулеттің қылығына қандай баға
бересің?
Ә)
Өкініш сөзінің мағынасын түсіндірмелі
сөздіктен жазу
ӨКIHIШ
– Белгiлi бip сәтсiздiкке байланысты
болған уайым, опық, pенiш, кейiс. Оpны
толмас
3)
Өткенді еске түсіру (слайд-3)
-
Зат есім дегеніміз не?
-
Кім? Не? деген сұрақтар қай уақытта
қойылады?
-
Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
-
Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір
-
Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі
деген не?
-
Көптік жалғауларды ата.
4)
Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін
сурет арқылы айту (слайд-4,5,6)
Мысық
- мысықтар,
Аспаз
- аспаздар,
Кітап
- кітаптар.
5).Сабақтың
мақсатын хабарлау
ІІ.Мағынаны
ашу
1)
Дәптерге күнді жазу
2)Көркем
жазу (кК қҚ)
3)Оқулықпен
жұмыс
3-жаттығу,
154 бет
1.Мұғалімнің
оқуы
2.Іштей
оқу
3.Дауыстап
оқу
4.Сөздік
жұмыс (слайд-7)
ЖОТА
– 1. Тау қырқасы, жал, үстірт. 2. Адамның,
малдың арқасы, жоны.
ҚИЯ
– Бip жағына қарай қисайған, құлама, тік.
~ жартас, ~ бет, ~ жол.
5.Көптік
жалғаулары бар сөздерді көшіріп
жазу
Бұлттар,
боталар, жоталар (тақтада орындалады)
6.Сөз
құрамына талдау
4)
Сәйкестендіру
тесті
Іні...............................лар
Қарындаш.................лер
Терезе........................дар
Ағаш...........................дер
Жіп..............................тар
Жүзім..........................тер
(жұмыс
әдісі:жеке - жұп, жария ету)
5).Сергіту
сәті
6)
Семантикалық карта (слайд-8) и/б тақтамен
тексеру
7)
«Алдар Көсе мен ұры» ертегісінен үзінді
көрсету
Ертегідегі
зат есімдерді «ішіне - сыртына» кестесіне
толтыру
Ішіне
(з.е. жекеше түрі)
Кітап
Қой
Ат
Домбыра
Ұры
Сыртына
(з.е. көпше түрі)
Шыршалар
Сыйлықтар
Гүлдер
8)
Оқулықпен жұмыс (дәптерде
орындайды)
4-жаттығу,154
бет
1.Сөйлемдерді
оқы.
Көптік
жалғауы бар сөздерді жекешеге айналдырып
жаз.
Бақалар
- бақа,
бозторғайлар
- бозторғай,
саятшылар
- саятшы,
аңдар
- аң,
қасқырлар
- қасқыр.
ІІІ.Рефлексия.
Қорытындылау
Балалар,
бүгінгі сабағымызды «Күннің шуақтары»
арқылы қорытындылаймыз. Сабақтан не
алғандарын күн шуақтарына жазады.
Күлімдеу,
адамдарға қуаныш сыйлай білу - өзіңнің
де, олардың да өмір жасын ұзартып,
денсаулығын жақсартады
ІV.
Үйге тапсырма беру.
4-жаттығу,
154 бет аяқтау; ізденушілік тапсырма
«Жергілікті белгілер бойынша бағдарлау»
мысалдар жинақтау
Үлгі:
Құмырсқа илеуін тастың, ағаштың күн көп
түсетін оңтүстік жағына салады. 5-жаттығу
154 бет
V.Бағалау.
Қазақ
тілі 2 сынып
Тақырыбы:
«Етістік» жағалауына саяхат
Мақсаты:
1.
Оқушылардың етістік сөз табы бойынша
алған білімдерін жетілдіру, толықтыру.
2.
«Етістік» жағалауына саяхат жасай
отырып, оқушылардың шығармашылығын,
қызығушылығын, зейінін, ойлау - қабілеттерін
дамыту.
3.
Сауаттылық, жолдастыққа, жылдам ойлауға
тәрбиелеу.
Әдісі:
түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету,
салыстыру, талдау, сипаттау, ойландыру.
т. б.
Көрнекілігі:
интерактивті тақта,, суреттер, қима -
қағаздар, жетон
Түрі:
саяхат сабағы
Пән
аралық байланыс: Дүниетану, ана тілі
Өту
барысы
Кезеңдері
Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру
кезеңі - Амандасу. Сабақтың мақсатымен
таныстыру.
-
Көңіл күйлерің қандай?
Психологиялық
дайындық Егер көңіл - күйлеріңіз
жабырқаулы болса, жұдырығымызды жұмып,
бұлтты көрсетеміз, ал егер көтеріңкі
болса, алақанымызды ашып, күнді
көрсетеміз
-
Біз қолымызбен не істедік?
-
Қолымызды жұмдық, аштық, яғни іс – қимыл
жасадық.
-
Іс - қимылды білдіретін сөз табы қандай?
-
Етістік. Дұрыс айтасыңдар.
«Үй
тапсырмасын тексеру» жағалауы Бүгінгі
сабағымыз ерекше, қазір біз «Балқаш»
көліне саяхат жасаймыз. Біз саяхатымызды
«Үй тапсырмасын тексеру» жағалауынан
бастаймыз.
-
Үйге берілген «Білім керек бәріне»
тақырыбына құраған әңгімелерінді ауызша
оқимыз.
-
Енді балалар тақтаға назар
аударамыз.
Етістіктер
берілген, көп нүктенің орнына сұрақ қою
арқылы зат есім тауып жаз.
...
...
ұшады
...
секіреді
...
«Ой
толғаныс» жағалауы
-
Енді балалар келесі « Ой толғаныс»
жағалауына
саяхаттайық.
Суреттерге
назар аударамыз.
-
Суретте не бейнеленген?
-
Адамдардың іс - қимылы қандай?
«Сәйкестендіру»
жағалауы Біз «Сәйкестендіру» жағалауына
келдік. Онда мынадай тапсырма берілген
екен.
Ит
---------- шақырады
Қарға
------ үреді
Қасқыр
--- қарқылдайды
Әтеш
------ ұлиды
«Оқулықпен
жұмыс» жағалауы «Оқулықпен жұмыс»
жағалауына келіп қалдық.
Оқулықтағы
418 - жаттығуға назар аударамыз.
-
Мақта дегеніміз не?
-
Алдымен мәтінді түсініп оқимыз.
-
Мәтін не туралы?
-
Мақта туралы тірек - сызбаны толтырайық.
Терме
диктанты
-
Енді балалар осы мәтінде кездесетін
етістіктерді тауып жазамыз.
Егер
менің жауабыммен сәйкес келсе, + таңбасын
қойып отырамыз.
Алынады,
ұнатады, өсіріледі, ашылады, көрінеді.
-
Жарайсыңдар балалар!
«Демалыс
сәті» жағалауы «Демалыс сәті» жағалауына
тоқтап, демалып алайық
1,
2, 3
Жинап
алдық күш
4,
5, 6
Салақтықтан
қашайық
Көрсетілген
үлгіге
Әдемілеп
жазайық.
«Дәптермен
жұмыс» жағалауы «Дәптермен жұмыс»
жағалауында дәптерімізге көркем жазу
жазамыз.
420
- жаттығуды орындаймыз.
Етістіктерді
қойылған сұрақтарына қарай екіге
топтастырамыз.
Не
істеді?
Келді,
оқыды, көрді, жинады, сүртті
Не
істейді?
Ұшады,
жазады, байқайды, тарқатады
«Деңгейлік
тапсырма» жағалауы «Деңгейлік тапсырма»
жағалауына қош келдіңіздер! Сендердің
білімдеріңді тексерейік, тапсырманы
орындауға дайынбыз ба?
І
деңгей
Берілген
етістіктерді қатыстырып сөйлем
құрау.
Жасады,
жинады, баптады, бояды.
ІІ
деңгей
Берілген
сөздер қатарынан етістікті тап.
1.
Аспан, көгершін, жасыл, көшті, қарбыз
2.
Әдемі, отырды, он, домбыра
3.
Гүл, сағат, күреді, он үш, ертең
ІІІ
деңгей
Суретпен
жұмыс
«Есте
сақта» жағалауы Біз Балқаш көлі арқылы
кемемен саяхаттап жүрміз. Осы «көл»
сөзі қандай сөз табына жатады?
-
Дұрыс айтасыңдар. Зат есім. Не? Деген
сұраққа жауап береді. Енді көл сөзін
пайдаланып, сөйлем құрайық.
Бұл
сөйлемде зат есім де және етістік те
бар. Зат есім мен етістікті салыстырамыз.
Зат
есім
Етістік
Қорытынды
Балалар біз «Етістік» жағалауына
жеттік.
Мақсатымыз
қандай еді?
-
Жарайсыңдар!
-
Сындардан өтуге не көмектесті?
Достық,
білім, өзара көмек.
Үй
тапсырмасы 139 бет, 424 - жаттығу
Бағалау
Оқушыларды жинаған жетон бойынша
бағалау.
Мақсатымыз,
білім алу, |
Мақсатымыз,
білім алу, |
Мақсатымыз,
білім алу, |
Мақсатымыз,
білім алу, |
Мақсатымыз,
білім алу, |
Мақсатымыз,
білім алу, |
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген