жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Зат есімді қайталау. Не үйрендім? 3 "И" сынып
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
|
Мұғалімнің аты-жөні: |
Абдиева Айжан Сапарбековна |
||||||
|
Пән/Сынып: |
|||||||
|
Қай аптаның нешінші сабағы |
5-апта 17-сабақ |
||||||
|
Тарау немесе бөлім атауы: |
Өнер |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? |
||||||
|
Оқу мақсаты: |
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу. |
||||||
|
Бағалау критерийі: |
Өз бетінше мәтін тақырыбын табады. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Берілген сөздерден зат есімді табады. Сын есімнен, етістіктен зат есім жасайды. |
||||||
|
Саралап оқыту тапсырмалары |
|||||||
|
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі |
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету |
Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен орындауы |
|||||
|
Уақыты |
Кезеңдері |
Тапсырма |
Тапсырманың мақсаты |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
1 минут |
Ұйымдастыру |
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазір қазақ тілі пәні. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Бүгінгі оқу мақсатына негізделген сабақ мақсаты: -мәтін тақырыбын өзің анықтау; -мұғалімнің көмегімен негізгі ойды табу; -берілген сөздерден зат есімді табу; -сын есімнен, етістіктен зат есім жасау. |
|
|
Презентация № 1 3-сынып Қазақ тілі пәні Бөлім: Өнер 81-сабақ Тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Әзірлеуші: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№77 мектеп-гимназия»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ермухамбетова Жанар Закарьяновна Презентация № 2 |
||
|
7-8 минут |
Жаңа сабақ |
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқулық 37-38 беттер. -Мәтінді мұқият тыңда. Көктем кезі. Шоқан ауылына жер картасын жасайтын Сотников деген кісі келді. Шоқан да сол кісімен бірге даланы жиі аралады. Сотников салған суреттерге еліктеп, тауды, көлді бейнеледі. Бір күні оған Мысықтың балшықтан жасаған күймесін көрсетті. – Мынаны кім жасаған? – деп сұрады Сотников. – Менің жолдасым – Мысық. – Ол қайда? – Ауылда. – Оқыған ба? – Жоқ, оқымаған. – Бұл – өнерпаз бала. Оған білім керек. Білім беру үшін мектеп ашу қажет. Сенің қалаға барып оқығаның жөн. Оқып білімді болған соң, Мысық сияқтыларды үйретесің, – деді Сотников. Шоқан алыс қырға қарап, ойланып тұрып қалды. /Сапарғали Бегалиннен/ • Мәтін мазмұнына сәйкес келетін тақырыптың қысқаша атауын таңда. Тақырыптар: Бала Шоқан Сотниковтың ақыл-кеңесі Өнерпаз бала Шоқанның арманы Дескрипторлар: -мәтінді мұұият тыңдайды; -Мәтін мазмұнына сай келетін атауды табады. Өзіңді тексер! ҚБ:Жарайсыңдар! 2-тапсырма. Тест. Мәтінде кім/ не туралы айтылған? А. Өнерпаз бала Мысық туралы. Ә. Мектеп ашу үшін Шоқанның қалаға барып оқуының қажеттігі туралы. В. Бала Шоқанның білімді болуды армандауы туралы. Дескриптор: Сұраққа дәл жауапты табады. Өзіңді тексер! ҚБ: Тамаша! |
Мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын арттыру. Тіл байлықтарын молайту. Мәтін бойынша түсінгендерін тест арқылы байқау. Пәнге қызығушылықтарын арттыру. |
Мәтін мазмұнын түсінеді. Мәтінге сай тақырыпты анықтайды. Тестті шешеді. Мәтін мазмүнын түсінеді. |
Презентация № 3 Презентация № 4 Презентация № 5 |
||
|
8 минут |
Тақырыпты меңгеру машығы |
3-тапсырма. Жазылым Мәтіндегі Сотниковтың Шоқанға берген ақыл-кеңесін ретімен жаз. *Сенің қалаға барып оқығаның жөн. *Білім беру үшін мектеп ашу қажет. *Бұл-өнерпаз бала. Оған білім керек. *Оқып білімді болған соң, Мысық сияқтыларды үйретесің. Дескриптор: -Берілген сөйлемдерді ретімен жазады. Өзіңді тексер! ҚБ: Дұрыс! «Ойлан, ізден!» тапсырмасы Бұл-өнерпаз бала. Оған білім керек. Сөйлемдерінен зат есімдерді тауып, үш жақта жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз. Дескрипторлар: -Бала сөзін тәуелдеп жазады. -Білім сөзін тәуелдеп жазады. Өзіңді тексер! ҚБ: |
Жүйелілікке, мазмұндылыққа баулу. Өткен тақырыптарды бекіту |
Берілген сөйлемдерді ретімен жазады. Зат есімдерді табады. Үш жақта тәуелдеп жазады. |
Презентация № 6 бет Презентация № 7 бет |
||
|
3 минут |
Бекіту |
Өздік жұмысы Берілген сөздерді оқы. Ұш, біл, сыз, жүз, өшір. -Қай сөз табына жататын сөздер? Адал, ұзын, жаңа, сұлу, таза, биік. -Қай сөз табына жататын сөздер? Осы сөздерден зат есім жасап жаз. Оларға сұрақ қой. Бұлар қандай зат есім деп аталады? Дескрипторлар: -Сөздердің қай сөз табына жататынын ажыратады. -Етістіктен зат есім жасайды. -Сын есімнен зат есім жасайды. -Туынды зат есімді біледі. Өзіңді тексер: ҚБ: Бүгінгі сабақта: Мәтін тақырыбын өзің анықтадың. Мұғалімнің көмегімен негізгі ойды таптың. Берілген сөздерден зат есімді таптың. Сын есімнен, етістіктен туынды зат есім жасадың. Оқу тапсырмасы: Оқулықтың 39-бетіндегі 2-тапсырма. Мәтін бөліктерінің атауын толықтыр, құрған жоспар бойынша мәтін мазмұнын айт. -Сабақ аяқталды. Сау болыңдар! |
Алған білімдерін пысықтау |
Берілген сөздерді оқиды. Етістіктен туынды зат есім жасайды. Сын есімнен туынды зат есім жасайды. |
Презентация № 8 бет
Презентация № 9 | ||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген