жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Зат есімнің жекеше және көпше түрі" 2-сынып
|
Күні: 01.03.2018ж Сынып: 2 «А» Пәні: қазақ тілі Мұғалімі:Жанбаева Ж.К. |
Мектеп: Айшабибі орта мектебі Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Зат есімнің жекеше және көпше түрі |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырыпкөлбеу және таза жазу 2.4.2.3* - сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: зат есімнің ережесін, сұрақтарын біледі; Басым бөлігі: тақырыпты түсініп зат есімнің жекеше және көпше түрін біледі; Кейбірі: алған білімді өмірде қолдана алады; |
||
|
Бағалау критерийі |
- тірек сөздерді пайдалана отырып мәтін құрайды; - өлең мазмұнын, негізгі ойды анықтайды; - не себепті өтірік өлең екенін дәлелдейді; - әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салады; - зат есімдердің жекеше не көпше екенін айтады; |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
|
Пән аралық байаныс |
Әдебиеттік оқу,өзін-өзі тану, орыс тілі,ағылшын тілі, музыка |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым, интербелсенді тақта |
||
|
Тілдік мақсат |
Түйінді сөз |
||
|
Зат есімнің жекеше түрі (кім? не?); көпше түрі (кімдер? нелер?) Имя существительное единственное число, множественное число (кто? что?); Nouns, singular, plural (who? what?) |
|||
|
Бастапқы білім 2минут |
Жалпы балалар біз зат есімнің не екенін? Оның сұрақтарын? Зат есімнің түрлерін?- білеміз. Енді осы алдыңғы оқуды қаншалықты білетінімізді мына «Шәкіл» кері байланысына әр қайсымыз денгейімізге қарай белгі қойып шығайқшы
|
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Басы 2минут |
Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру. Сәлемдесу. Ортаға шығып оқушыларға сәлемдесу түрлерін айтамын, оқушылар ыммен көрсетеді 1.Қолмен сәлемдесу 2.Көзбен сәлемдесу 3.Баспен сәлемдесу 4.Көзбен сәлемдесу 5.Сөзбен сәлемдесу дегенде үш тілде сәлемдесеміз: Сәлематсыздарма! Здравствуйте ! \Good afternoon! |
Ресурстар |
|
|
Ортасы Оқылым. Айтылым. 5 минут Тыңдалым. Айтылым. 3минут 2минут Тыңдалым Жазылым 5 минут |
«Поэзия минуты» әдісі 54-жаттығу. Тақырыбына қарап өлең мазмұнын болжау. Өлеңді мәнерлеп оқу. Ақ тауыққа мініп ап, Айға кеттім зымырап. Құйынына тауықтың Кетті бұлтар ыдырап Ауыз әдебиетінен -Бұл не себепті өтірік өлең екенін дәлелде -Зат есімдерді тауып, жекеше не көпше екенін айт Тірек сөздер: өйткені, себебі, сондықтан Дескриптор: -не себепті өтірік өлең екенін дәлелдейді; -дәлелдеу барысында тірек сөздерді орынды қолданады; -зат есімдердің жеке ше не көпше екенін анықтайды Кері байланыс: «Ілмек сұрақ» әдісі. Түсінікті болса- жасыл сұрақты көтереді сары немесе қызыл сұрақты көтереді Түсініксіз болса- сары немесе қызыл сұрақты көтереді ҚБ: мадақтау
Жаңа ақпарат Зат есімнің жекеше және көпше түрі жайлы түсінік беру онлайн түрде Bilimland.kz арқылы «Көршіңмен бөліс» әдісі 55-жаттығу Аудиожазбадан өлеңді мұқият тыңдайды. Ақ көгершін жөнелді, Зеңгір көкте зырлайды. «Жер бетінде сұм соғыс Болмасын», - деп жырлайды. Мылтықбай Ерімбетов Қосымша ақпарат «Автор туралы»
Е 1977 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Өзбекстандағы Мырзашөл аудандық «Достық» қазақ газетінде бастап, тілшіден редакторлыққа дейін істеді. 1995 жылдың тамыз айынан шығармашылық жұмыста. «Балқаймақ», «Отырар төбе», «Айналайын анашым», «Бастау», «Қос өрім», «Мырзашөл», «Маржан тас», «Баспалдақтар», «Көзайым», «Жүрекжарды», «Бір нәзік сәуле», «Халық қалаулылары», «Ат – ердің қанаты», «Ауылым – әнім» т.б. кітаптардың авторы. Кейбір өлеңдеріне ән жазылған. Дескриптор: - өлеңді түсініп оқып, негізгі ойды анықтайды. Кері байланыс: «Ілмек сұрақ» әдісі. Түсінікті болса- жасыл сұрақты көтереді сары немесе қызыл сұрақты көтереді Түсініксіз болса- сары немесе қызыл сұрақты көтереді ҚБ: «От шашу» Тірек сөздер бойынша әңгіме жазу туралы аудиожазбаны тыңдатамын. Онлайн Bilimland.kz арқылы Дәптермен жұмыс «Бағытталған жазу» әдісі. 56-жаттығу.Алдында оқыған өлеңнің желісі бойынша берілген тірек сөздерді пайдалана отырып «Көгершін – бейбітшілік құсы» тақырыбына мәтін құрап жазады. Сиқырлы таяқша арқылы оқушыны таңдап жазған мәтіндерін оқытамын.. Дескриптор: -тірек сөздерді пайдалана отырып берілген тақырып бойынша мәтін құрастырады; -жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтай отырып жазады; Кері байланыс: «Ілмек сұрақ» әдісі. Түсінікті болса- жасыл сұрақты көтереді сары немесе қызыл сұрақты көтереді Түсініксіз болса- сары немесе қызыл сұрақты көтереді ҚБ: мадақтау |
Интербел-сенді тақта оқулық Bilimland cайты iMektep.kz Интербелсен ді тақта, аудиожазба Интербелсен ді тақта Bilimland cайты iMektep.kz Жұмыс дәптері |
|
|
Сергіту сәті 2 минут |
«Ақ көгершін" әні
|
youtube.com |
|
|
Тыңдалым Айтылым Оқылым Жазылым 5 минут 10 минут 5 минут |
Топпен жұмыс. «Төрт дағды» әдісі 58-жаттығу. Меңзер бағытымен оқып, шыққан сөйлемді тақырып етіп алып, мәтін құрап көр «Құстар біздің досымыз» тақырыбында https://www. youtube.com сайтынан жыл құстары жайлы бейне фильм көрсетемін Бейне фильмді мұқият тыңдайды. Сосын үш топқа үш түрлі тапсырма беремін. Әр топ арасынан спикерді таңдап алады. Тірек сөздерді қолдана отырып мәтінді баяндайды. Тірек сөздер: Алдымен, сосын, содан соң,ары қарай,сондықтан,сөйтіп,одан кейін, соңында Бағалау түрімен таныстырамын: 1.Егер бәрін дұрыс баяндап орындаса, онда құстарға ұя жасаймыз 2.Егерде сәл қателескен болса ұя жасамаймыз
Мәтін: Көктемде жылы жақтан жыл құстары ұшып келеді. Жыл құстарының алғашқысы болып ұзақ қарғалар келеді. Оларды халық «көктем хабаршысы» деп атайды. Содан кейін бозторғайлар мен қараторғайлар келеді. Қараторғайлар келісімен күннің көзі ашылып, жер беті жылынады. Қар еріп, жылғалардан су ағады. Ең соңынан су құстары ұшып келеді. Жыл құстары жол бойы талай қиындықтардан өтіп, топ-тобымен туған жерлеріне оралады. Ұя салып, балапан өргізеді. Адамдар жыл құстарын қуана қарсы алады. Балалар құстарға арнап ұя, жемсауыт жасайды. Оны ағаштың бұтағына іледі. Олар құстарға қамқорлық жасап, жем шашып тұрады Алдымен оқушылармен бірге критерииі құрастырамыз Дескриптор: -жыл құстарының өмір кезеңін дұрыс айта біледі; -тірек сөздерді дұрыс қолданады; -сөздердегі әріптерді қатесіз жазады; -тыңдаушыларды қызықтыра біледі; -уақытты үнемдеп ұйренеді; Кері байланыс: «Ілмек сұрақ» әдісі. Түсінікті болса- жасыл сұрақты көтереді сары немесе қызыл сұрақты көтереді Түсініксіз болса- сары немесе қызыл сұрақты көтереді ҚБ: - құстың ұясы Сабақты бекіту. 1-топ «Сөздер банкісі» Оқушыны шатастыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастырамын . Негізгі сөздер осы жерге ауыстырылуы тиіс. 2-топ «Қос ромб» зат есімнің жекеше және көпше түрлеріне мысал келтіріп екі топқа бөліп жазады. 3-топ «Кэролл диаграммасы»
Д - топпен жұмыс жасайды, постер қорғайды; ҚБ: |
Оқулық, А3 форматты қағаз, суреттер, қима қағаздар, қаламдар АКТ Постер Қима қағаздар, желім, А4 форматты ақ парақ |
|
|
Сабақтың соңы Кері байланыс 2 минут |
Рефлексия
|
Кері байланыс «Шәкіл» әдісі |
|
|
Үйге тапсырма: 57-жаттығу, «Тазша бала туралы дереккөздерден ақпарат біліп келу.
|
|||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Саралау тапсырмалары: «Төрт дағды» әдісін пайдалану барысында : Барлығы: мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алды. Басым бөлігі: тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алды. Кейбірі: алған білімдерін өмірде қолданып, құстарға қамқорлық жасай алады |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? «От шашу» әдісі, мадақтау арқылы оқушылардың оқу мен оқытуға деген қызығушылықтарын арттырамын. Алға ілгерлеуге ынталандырамын. |
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері Интербелсен ді тақтаны пайдалану барысында ток көздерінен абай болу. Қайшы, желім пайдалану барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау |
|
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||

рімбетов Мылтықбай
1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында, Жетісайда
туған.

ескриптор:


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген