400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Зат есімнің жекеше және көпше түрі 59-63 жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жекеше мен көпше түрлерді ажырату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Зат есімнің жекеше және көпше түрі

59-63 жаттығулар

Мұғалімнің аты-жөні:Мұратқызы М

Күні: 05.03.18

СЫНЫП: 2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.2.6.1 - мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын (жанры, мәтін түрі) табу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбектену

Еңбектену арқылы

«5»- ке қолдлы жеткізу!




Тренинг.

Жаңа білім

10 минут






Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Бүгін біз, балалар, ертегі - сабақ өткізгелі отырмыз. (Бүгінгі сабғымыздың тақырыптарымен таныстыру) зат есімнің жекеше және көпше

Ой шақыру.

- Зат есім туралы не білеміз?

- Зат есім деген не?

- Ол нені білдіреді?

- Зат есімнің сұрақтарын ата.

- Қандай зат есімдермен таныстық?

-Сендер ертегі ұнатасыңдар ма? Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көріңдер.

Лездемеге тез жауап бер.

Үш әріптен тұратын қасиетті тағам - ...

Ұйықтағанда көретін «кино» - ...

Ұйқышыл, жалқау, мұртты -...

-Дұрыс, балалар, мысық. Бүгін біз «Жалқау мысық» деп аталатын ертегімен танысамыз.

Ерте – ерте ертеде бір жалқау және маубас мысық өмір сүріпті. Оның маубас болғаны соншалықты, алдында жүрген тышқандарға да мән бермеген екен.Тышқандар оған «біздің маубас» деп ат қойыпты

Мағынаны тану.

Жалқау мысықты Арыстан оятпақшы болыпты, бірақ мысық оянбапты. Балалар ендеше мына тапсырмаларды орындап жіберейік.

59-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу

-Мәтін не туралы айтылған?






Оқулық,

мәтіндер.







Ортасы

10 минут







Қолдану

Дәптермен жұмыс.

-Ертеңіне жалқау мысықты Мақта қыз оятыпты, бірақ мысық онда да тұрмаған екен. Балалар, біз оятып көрейік, тағы да бір тапсырма орындасақ, мүмкін мысығымыз оянар. Ол үшін біз дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді және көркем жазуды орындап жіберейік. Көркем жазу. М м мысық

Маубас мысықты енді кезекте Алдар көсе оятпақ болды, бірақ мысық әлі де оянғысы келмеді. Оқулықпен жұмыс.(тақтада)

60-жаттығу. Суреттегі аспаптардың атын көпше түрде жаз.

Домбыра-домбыралар

Қобыз-қобыздар

Жетіген-жетігендер

Жалқау мысық әлі де ұйықысын бұзғысы келмейді. Оны оятуға енді Джинн келді. Ол қанша жерден әуреленсе де, мысық оянбады. Алладин Джинға: « Егер жұмбақтар айтсаң, ол оянады» деп айтқан екен, ендеше оқушылар мен сіздерге жұмбақ жасырам сіздер жауабын жекеше және көпше түрде айтыңыздар.

Жұмбақтар жарысы,

1. Бетін адам ашады

Білім нұрын шашады. (кітап)

2. Кір одан қорқады,

Ол судан қорқады (сабын)

3. Доп сынды келбеті

Онда бар түп-түгел

Әлемнің келбеті. (глобус)

4. Тық-тық соғады ,

Уақыт озады (сағат)

5. Орманда жоғары

Биікте отырады.

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)

- Балалар, маубас мысық әлі де оянар емес. Енді не істесек екен? Бізге көмекке күн астын-дағы Күнікей келді. Жалқау мысықты ол да оята алмады.Мүмкін мына тапсырманы орын-дасақ оянар. Ал Күнікей мынандай тапсырма әкелген екен.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті

Сергіту сәтін дұрыс жасасақ жалқау мысығымызда оянып қалар

Жекеше және көпше түрлерін түсіну

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

-Мына қараңдар, бізге Алдар Көсе дегі бай көмекке келіп қалыпты. Бай енді жалқау мысықта оянайын деп қалыпты ол үшін бізге бай екі жаттығу орындасақ жалқау мысық оянады дейді. 1. Жаңылтпашты жатқа айтайық дейді. Ал балалар, жаңылтпашты жатқа айтып жазамыз ба?

61-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз.

62-жаттығу. Жұмбақтың жалғасын тап.

Бірақ мысық осы соңғы тапсырманы орындасандау қажет

-«Жооқ, балалар, мен білемін, таптым!» - дейді түлкі.

63-жаттығуда түлкі туралы сұрақтар беріліп тұр екен.

-Түлкі қандай аң?

-Түсі қандай?

-Оның құйрығы қандай болады?

-Тұмсығы ше?

Осы сұрақтарға жауап берйік.Жарайсыңдар мысығымызды ояттық



Бағалау


5 минут







Кері байланыс

3 минут

«Жетістік» баспалдағы.

Кері байланыс парағы. «Жетістік» баспалдағы.

Үйге тапсырма: Ереже жаттау

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
2131
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі