400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Зат есімнің жіктелуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
зат есімнің жіктелуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 22 орта мектеп» КММ

Сабақ тақырыбы: №88 -сабақ.

Зат есімнің жіктелуі

Күні: 13.02.2020ж.

Мұғалімнің есімі: Ысқақова А.М.

Сынып: 4 «Б»

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.4.2.2 – жіктік жалғауларының қолданысын білу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Зат есімді жіктеуді біледі

Көптеген оқушылар: Жіктік жалғауларды ажырата алады
Кейбір оқушылар: Сөйлемдегі сөздерге тиісті жіктік жалғауларын қосып жаза алады

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Зат есімді жіктеуді біледі;

Жіктік жалғауларды ажырата алады


Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

«Мәдени мұра» лексикалық ортақ тақырыбы аясында қарастырылады. «Мәдени мұра дегеніміз не?», «Абайдың қара сөздері-ұрпаққа мәңгі мұра», «Мәдени ескерткіштер сыр шертеді», «Мақала жазамын» тақырыптарындағы мәтіндермен жұмыс «Дүниетану», «Музыкамен» пәнаралық байланыста жүзеге асыруды мүмкін етеді.

АКТ қолдану дағдылары


Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда көркем шығарма және ғылыми-көпшілік мәтіндермен таныс. Мәтін түрлері мен жанрын ажырата алады. Сөз мағынасымен жұмыс істеуде дереккөздерді дұрыс пайдалана алады. Аудио жазбалары арқылы ойын ауызша және жазбаша жеткізеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Абай құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»
Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба, 
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның, білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Өлең жолдары арқылы оқушыларды, өтірік айтпауға, жақсы істер істеуге дағдыландыру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.


(Ұ.Ж.) Алдыңғы білімді еске түсіру. Зат есімнің жіктелуі.

«Сеніңше меніңше» әдісі арқылы үй жұмысын пысықтау.

ҚБ: Жарайсыңдар! Өте жақсы!» (оқушылар бірін-бірі бағалайды)


Олай болса біз бүгінгі сабақта сол зат есімдердің қалай жіктелетін білетін боламыз. Сабағымыздың тақырыбы: Зат есімнің жіткелуі.

Оқу мақсатын таныстыру
Барлық оқушылар: Зат есімді жіктеуді біледі;

Көптеген оқушылар: Жіктік жалғауларды ажырата алады;
Кейбір оқушылар: Сөйлемдегі сөздерге тиісті жіктік жалғауларын қосып жаза алады.

Бағалау критерийін анықтау

  • Зат есімді жіктеуді біледі;

  • Жіктік жалғауларды ажырата алады

Білу және Түсіну.
(Т.Ж.) Кіріспе тапсырма. 17- жаттығу.

Өлеңді оқы. Қарамен жазылған сөздердің қай сөз табында тұрғанын айт. Түбір мен жалғауын ажырат. Бұл сөздер сөйлемде қандай мүше болып тұр?

І-топ.

Құс сұлуы – аққумын

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қыймаған.

ІІ-топ.

Мен торғаймын, торғаймын.

Суықта да тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа, шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.

ІІІ-топ.



Дескриптор:

  • қарамен жазылған сөздердің қай сөз табында тұрғанын айта алады:

  • түбір мен жалғауын ажырата алады;

  • сөздердің сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын табады.


Шаттық шеңбері




















Үй тапсырмасын тексеру, сұрақ-жауап әдісі





Хормен қайталау










Топтық жұмыс.


















Ортасы

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша: 
1. Балалар сендер қандай сөз таптарын білесіңдер? 
- Зат есім, Сын есім, Сан есім, Етістік, (Есімдік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер ) 
2. Зат есім дегеніміз не? 
- Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады. 

Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда, оған І, ІІ жақта жіктік жалғау жалғанады. 
Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше түрде жалғанады: 
Жекеше Көпше 
І жақ -бын, -бін -быз, -біз 
-мын, -мін -мыз, міз 
-пын, пін -пыз, -піз 
ІІ жақ -сың, -сің -сыңдар, -сіңдер 
ІІІ жақ - - 

(Ө.Ж.) 18- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Бір-біріңе түсіндіре отырып, сөйлем мүшесіне талдаңдар. Не байқадың? Баяндауыш қай сөз табында болып тұр.

Мен оқушымын. Сен оқушысың. Ол – оқушы.


Саралау тапсырмасы.
20-жаттығу. Зат есімдерді тиісті жалғаулармен сәйкестендір.

Ақын

Студент

Аспаз

Әнші

Күйші

Ұста

Бала

-сіңдер

-міз

-быз

-сыңдар

-піз

-бын

-сың


21-жаттығу. Тақтамен жұмыс.
Берілген өздерді жекеше, көпше түрде жіктеп жаз. Түбір зат есім мен тәуелдеулі зат есімнің жіктелуінде айырмашылықтың бар жоғын айт.

Жұмысшы, іні.


Сұрақ-жауап







Ережені қайталау
















Дәптермен жұмыс





Саралау тапсырмалары. Жекелеген тапсырмалар әр оқушыға жеке-жеке беріледі.




Тақтамен жұмыс.



Аяқталуы


Ой толғаныс кезеңі.

22-жаттығу. Топтық тапсырма.

Жұмбақты оқып, шешуін тап. Жұмбақтың шешуіндегі құс туралы дереккөздерден ақпарат ізде.

Төбесінде айдары,

Мінезі де жайдары,

Көрсе, ұнатар сан кісі.

Құс біткеннің сәндісі,

Күнбағысқа ұқсайтын,

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі