400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Зат есімнің жіктелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалім үшін қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Қазақ тілі

Сыныбы

4

Уақыты


Сабақтың тақырыбы:

Зат есімнің жіктелуі

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық:

ә) проблеманы шешу:

б) коммуникативтік:





Ақпарат арқылы зат есімнің жіктелуі мен оның ерекшеліктерін меңгерту

Ауызша және жазбаша тілде зат есімнің жіктелуін күнделікті өмірде дұрыс әрі тиімді қолдана білуге дағдыландыру

Сабақта машықтық жұмыс арқылы зат есімнің жіктелуін тиімді қолдана білуін қалыптастыру, білімге құштарлығын арттыру

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын педаго-гикалық технологиялар:

Ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, ойын, дамыта оқыту, жеке дара оқыту.

Сабақтың әдісі:

Көрнекілік, машықтық.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, дүниетану.

Оқыту құралдары:

Ережелер, плакат, топшамалар.

Сабақтың

бөлімдері

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру

бөлімі

а) Амандасу

ә) Түгендеу

б) Сабаққа әзірліктерін тексеру.

а) Амандасады, танысады.

ә) Кезекшілік қызметтерін атқарады.

б) Назарларын аударады.

Мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас орнайды. Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейлері анықталады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

3- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, жұмбақтарды көшіріп жаз.

Тұмсығы .... ояды,

Ағаш құрты .... жояды.











Жайласа да

Қалың орман арасы ....

Тастамайды төбесі ......

Бұтақ – бұтақ ағашы ....






3- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, жұмбақтарды көшіріп жаз.

Тұмсығы .... ояды,

Ағаш құрты .... жояды.


Т

о

қ

ы

л

д

а

қ


Жайласа да

Қалың орман арасы ....

Тастамайды төбесі ......

Бұтақ – бұтақ ағашы ....

Б

ұ

ғ

ы


Үй тапсырмасын орындау арқылы жаңа тақырыпқа дайындалады

IІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе.





Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда, оған І, ІІ жақтақ жіктік жалғау жалғанады.

Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше түрде жалғанады.

Жекеше Көпше

І жақ - бын, -бін - быз, -біз

- мын, -мін - мыз, -міз

- пын, -пін - пыз, - піз

ІІ жақ -сың, -сің -сыңдар, -сіңдер

ІІІ жақ - -

. – Назар қойып тыңдайды

Жаңа тақырыппен танысады, мәліметтер жинақтайды, жаттығулармен жұмыстанады, өз ойларын айтады.

ІҮ.Жаңа материалды хабарлау


Жіктік жалғауы адамның кім екенін, кәсібін көрсететін зат есімдерге жалғанады. Мысалы: мен оқушымын, сен бишісі, сіз мұғалімсіз, ол әнші.

Жіктік жалғаулы зат есім баяндауыш болады.


Жақ

Қосымшалары

Жекеше

Көпше

I

-Мын, -мін, бын,- бін, - пын, - пін

-мыз, - міз, -быз, -біз, -пыз, -піз

II

-сың, -сің, -сыз, -сіз

-сыңдар, -сіңдер, -сыздар, -сіздер

III

Жалғауы жоқ

Жалғауы жоқ



Жіктік жалғауы адамның кім екенін, кәсібін көрсететін зат есімдерге жалғанады. Мысалы: мен оқушымын, сен бишісі, сіз мұғалімсіз, ол әнші.

Жіктік жалғаулы зат есім баяндауыш болады.

Жақ

Қосымшалары

Жекеше

Көпше

I

-Мын, -мін, бын,- бін, - пын, - пін

-мыз, - міз, -быз, -біз, -пыз, -піз

II

-сың, -сің, -сыз, -сіз

-сыңдар, -сіңдер, -сыздар, -сіздер

III

Жалғауы жоқ

Жалғауы жоқ


Жіктік зат есімді тауып, қаншалықты деңгейде ұққандары анықталады

1-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап, сөйлемнің қай мүшесі екенін айт.

Мен де адаммын жаралған сүйек-еттен,

Арым бар, намысым бар жан тербеткен.

Қазақтың қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

Б. Момышұлы

Өлеңді мәнерлеп оқиды. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табады, сөйлемнің қай мүшесі екенін айтады.

Адаммын – түбірі адам, - мын - жіктік жалғауының І жағы

Ұлымын – түбірі ұлы, - мын - жіктік жалғауының І жағы



Оқушылардың есте сақтау қабілеттері анықталады

Сергіту сәті

Әзір ас жоқ дүниеде,

Сабақ өзі оқылмайды

Шарбақ өзі тоқылмайды.

Көйлек өзі жуылмайды,

Белбеу өзі буылмайды.

Тұқым өзі себілмейді,

Арба өзі жегілмейді.

Үйлер өзі салынбайды,

Кендер өзі табылмайды.

Құдық өзі қазылмайды.

Кітап өзі жазылмайды,

...Барлық істің батыры – біз,

Екі қол мен ақылымыз!

Бірге орындайды

Әзір ас жоқ дүниеде,

Сабақ өзі оқылмайды

Шарбақ өзі тоқылмайды.

Көйлек өзі жуылмайды,

Белбеу өзі буылмайды.

Тұқым өзі себілмейді,

Арба өзі жегілмейді.

Үйлер өзі салынбайды,

Кендер өзі табылмайды.

Құдық өзі қазылмайды.

Кітап өзі жазылмайды,

...Барлық істің батыры – біз,

Екі қол мен ақылымыз!

Сергіп демалады

2 -жаттығу

Берілген сөздерді жекеше түрде жіктеп жаз.


Заңгер, домбырашы, сатушы, дәрігер.






Берілген сөздерді жекеше түрде жіктеп жаз.


Заңгер, домбырашы, сатушы, дәрігер.

  1. Заңгермін, домбырашымын, сатушымын, дәрігермін

  2. Заңгерсің, домбырашысың, сатушысың, дәрігерсің.

  3. Заңгер, домбырашы, сатушы, дәрігер

Жіктік жалғауларды тауып, сұраққа нақты жауап береді

3 - жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жіктеп жаз.


Доспыз, шәкірт, көршісің, әншімін, ұстаз, кезекшісіңдер.

Жекеше Көпше

I жақ ... ....

II жақ ... ....

III жақ ... ...


Өзің таңдаған 3 – 4 сөзге сөйлем құрастыр.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жіктеп жаз.


Доспыз, шәкірт, көршісің, әншімін, ұстаз, кезекшісіңдер.

Жекеше Көпше

I жақ әншімін доспыз

II жақ көршісің кезекшісіңдер

III жақ шәкірт

ұстаз


Өзің таңдаған 3 – 4 сөзге сөйлем құрастыр.

Ойларын толық жеткізуге дағдыланады

4 - жаттығу













Ү. Сабақты қорытындылау

Өлеңді көшіріп жаз. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімдерді тауып, астын сыз.

Ылғи өжет баламыз,

Жұлдыздайын ағамыз.

Шыр айналып, секіріп,

Мұзда ойнақ саламыз.

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

М. Қуанышбеков



«Санды әріптер» ойыны.

Түбір –

Кекіл -

Күшік –

Төртбақ –

Дербес –

Балтыр –

Жетістік –

Сегізкөз –

Тоғызқұмалақ –

Сонымен –

Өлеңді көшіріп жазады.. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімдерді тауып, астын сызады..

Ылғи өжет баламыз,

Жұлдыздайын ағамыз.

Шыр айналып, секіріп,

Мұзда ойнақ саламыз.

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

М. Қуанышбеков



Түбір – тү+1

Кекіл - к+2+л

Күшік – к+3+ік

Төртбақ – 4+бақ

Дербес – дер+5

Балтыр – б+6+р

Жетістік – 7+стік

Сегізкөз – 8+көз

Тоғызқұмалақ – 9+құмалақ

Сонымен –с+10+мен














Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттерді орындай отырып сабақ өз мақсатына жетеді.


Сабақ қорытындыланады

VІ Бағалау.

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау, марапаттау.

Күнделікке баға қойғызады, марапатта-лады.

Оқушыларды бағалай олардың қызығушылығын арттырады.

VІІ. Үйге тапсырма.

5 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімнен болған баяндауыштарды тауып, асытын сыз. Қай жақта тұрғанын айт.

  1. Сендер бақытты ұлансыңдар. 2. Әлібек – талантты әнші. 3. Диас кітапханаға барды. 4. Біз тату баламыз. 5. Жақсы оқып жүрмісің?

6. Үлкендерді сыйлаңдар.


- Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

5 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімнен болған баяндауыштарды тауып, асытын сыз. Қай жақта тұрғанын айт.

  1. Сендер бақытты ұлансыңдар. 2. Әлібек – талантты әнші. 3. Диас кітапханаға барды. 4. Біз тату баламыз. 5. Жақсы оқып жүрмісің?

6. Үлкендерді сыйлаңдар.


Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.

- Сау болыңыз!

Мәлімет беруге да-йындалады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
1788
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі