жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Зат есімнің жіктелуі 4 сынып
|
Сыныбы 4 «ә» |
Күні :26.01.2017 ж |
Пәні: қазақ тілі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Зат есімнің жіктелуі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мақсаты |
Жіктік жалғау туралы түсінік беру, жіктік жалғауының үш жағы барын айту, әрқайсысының өздеріне тән арнайы қосымшалары барын таныту. Ауызша , жазбаша тілдерін дамыту.Ұқыптылыққа , сауаттылыққа тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күтілетін нәтижелер |
1.Тапсырмалар орындау арқылы жіктелген зат есімдерді табады. 2. Оқушылардың ой - өрісі атады. Өзара пікір алмасады. 3. Оқушыларға өз ойларын қорғай білуге үйрету. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Керекті жабдықтар |
Ж.Қ.Балтабаева «Қазақ тілі» оқулығы, суреттер, кестелер, қарындаш, түрлі – түсті қағаздар т.б. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кіріспе |
Психологиялық дайындық. «Ұшақ кімге бағыт алды?ойыны Оқушылар үй тапсырмасын ұшақты ұшыра отырып бір-біріне бағыттап ұшақты қолына қондырған оқушы үй тапсырмасын оқиды. -Ұшақты басқаратын кім? -Ұшқыш -Бұл кім? -Мамандық иесі Оқушыларға бейнежазба көрсету -Не туралы айтылған? Топқа бөлу 1 топ: Тау шаңғышылары 2топ:Мәнерлеп сырғанаушылар 3топ:Биотлоншылар 4 топ:Шайбалы хоккейшілер Ар топ басшылары берілген дайын мәліметтерді оқиды. Мұғалім: Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды. |
Балалар көңілдене түсіп, психологиялық ахуалы көтеріледі. Әр оқушы қол шапалақтап, формативті түрде бағалайды. Парталарда суреттер тұрады, сол суреттерге сай оқушылар өз орындарын табады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тұсаукесер |
І тапсырма: «Тұжырымдамалық кесте» әдісі 1 топ
2 топ
3 топ
4 топ
|
Балалар бір сәт сергіп қалады Бағалау Топ басшысы Медальдармен мұғалім марапаттап отырады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Негізгі бөлім |
ІІ тапсырма: «Ойлан тап» Жұмбақтарды жасырамын,шешуін табады.Жұмбақ шешуі болған сөздерді жекеше және көпше түрде жіктеп жазу 1 топ: Шың басына өрмелеп, Ұмтылар күнге дөңгелек (Асқарпаз) 2 топ: Құрып қойып өрмегін Ұршықтарын ойнатып, Сәнді мата өрнегін Жасайтын кім жайнатып?(Тоқымашы) 3топ: Өңкей сығай екі топта,таласып жүр бір допқа (Футболшы) 4 топ: Адамның жүзін Басы мен көзін Айнытпай келбетін Салатын кім суретін?(бейнегер,Суретші) ІІІ тапсырма: «Шашылған буындардан жіктік жалғаулы зат есім құра, сөзден сөйлем құра» 1 топ:О-ҚУ-ШЫ-МЫН Мен озат оқушымын. 2 топ:ЖИ-ЕН-СІҢ Сен нағашыма жиенсің. 3 топ:БИ-ШІ-СІЗ-ДЕР Сіздер атақты бишісіздер. 4 топ:ДОС-ПЫЗ Біз сыныпта оқушылармен тату доспыз Тест(уақыт қалса) |
Мұғалім сөздерге түсінік береді |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды
|
Ой толғаныс. « Бір айналым сөйлесу стратегиясы» -Балалар , бүгін не үйрендік ? -Қай тәсіл ұнады? -Қорытынды сөзге не айтасың?Топ басшысының бағалауын сұрау Бағалау. Оқушыларға өздерін өздері бағалау ұсынылды. Қаншалықты шынайы бағалайтындарын сырттай бақылаймын Үй тапсырмасы 4– жаттығу 23 бет Ережені еске түсіріп, жаттап келу. |
Сынып оқушыларын алған медальдарын санап ұпай санын шығарып жеңіске жеткен топты бағалау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген