жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Зат есімнің септелуі
№36 жалпы ора мектебі
Ашық сабақ
«МОРФОЛОГИЯ ЕЛІНЕ САЯХАТ»
4 «А» сынып
Өткізген : бастауыш сынып мұғалімі:
Зулпиева Жулдызай
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: Қазақ тілі Тақырыбы: «Морфология еліне саяхат » |
Мектеп: «Қаратай ЖОББМ »ММ |
|||||
Күні: 18.01.19 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Джапарова К.Е |
|||||
Сынып: 4 |
Қатысқандар саны:10 |
Қатыспағандар саны:- |
||||
Оқу мақсаты: |
Зат есімнің септік жалғауларының белгілі бір грамматикалық мағына үстейтіндігін меңгерту. Оқушыларға зат есімнің септелуі туралы топпен ,жұппен, зертханалық жұмыс арқылы ойларын жетілдіреді. Шығармашылық жұмыс арқылы теориялық білімдерін дамытады. |
SMART мақсат: Морфологияның
сөз таптарын зерттеуде ,зат есімнің
септелуін ажырату және теориялық
тұрғыда қолдану. |
||||
Табыс критерийлері: |
Барлық оқушылар: |
зат есімнің септелуі әртүрлі сөздерде келетінін түсінеді |
||||
Көптеген оқушылар: |
септік жалғауларын дұрыс қолдана білуді меңгереді |
|||||
Кейбір оқушылар: |
алған білімдерін өз бетімен жұмыс жасау негізінде анықтайды. |
|||||
Бағалау критерийлері: |
-зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгереді; -сұрақтар қою арқылы септік жалғауларды дұрыс қолданады; -қолжетімді ресурстардан кластер құрастырады. |
|||||
Тілдік мақсаттар: |
Сәлеметсіз бе ! – Здравствуйте ! – Hello ! |
|||||
Құндылықтарды дамыту: |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||
Әдіс- тәсілдер: |
Блум таксономия, өзің-өзі бағалау , жариялау әдісі, |
|||||
Пәнаралық байланыс: |
Музыка , ағылшын тілі, математика,сурет |
|||||
АКТ қолдану дағдылары: |
Интербелсеңді тақтаны қолдану барысында оқушылар бір-бірін тыңдау, ойларын айту дағдылары жүзеге асады. |
|||||
Бастапқы білім: |
Сөз тіркесі, күрделі сөздер, зат есімнің септелуі туралы біледі |
|||||
Сабақ барысы: |
||||||
Сабақтың жоспарланға кезеңдері: |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет: |
Ресурстар: |
||||
І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)
II. Өткен тақырыпты пысықтау
Мағынаны тану 5 минут
|
-Сәлемдесу (үш тілде) Сәлеметсіздер ме- Здравствуйте- Hello! Психологиялық ахуал: 3 минут «Өзі туралы кластер» тренинг. Оқушылар бір-бірімен жақын танысу үшін өздері туралы кластер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберл өздерінің өмірінде маңызы бар 5 негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б |
«Өзі туралы кластер» Тренинг. (қағаздар, қалам) |
||||
Екі түспен берілген сөздерді таңдап ала отырып 2 топқа бөлінеді (алмұрт , қызыл, жүгірді, он бес, қалам) (бес, отырды, жазды , жүзім,екі жүз ) -Ал, балалар, сендердің таңдаған түстеріндегі сөздерге келетін болсақ . Бұл сөздер жайлы не айта аласыңдар? (балалар жауаптары Зат е, сын е, сан е, етістік)Ал, егерде бір сөзбен анықтайтын болсақ, бұлар ? -Бұлар сөз таптары. Ал сөз таптарын не зерттейді? -Морфология. -Ендіше, біздің сабағымыздың тақырыбы « Морфология еліне саяхат »деп жариялайық! Морфология елінде, Зат есім шаһарында, Септік деген бай болыпты. Оның Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес деген 7 ұлы болыпты. Бір күні Септік қартайып, ұлдарын шақырып алыпты. «Мен қартайдым, енді сендер өз күндеріңді өздерің көріңдер, өздеріңе жалғау, өмірлік серіктерінді табыңдар» – деп 3 күн уақыт беріпті. Мұны естіген балалары өздеріне жалғау ,өмірлік серіктерін табу үшін жан-жаққа кетіпті. Мұғалім: - Септіктің қанша баласы бар? Олардың аттарын атаңдар (Оқушылардың жауаптары тыңдалады Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес) Септік бай балаларына қандай тапсырма берді? -Жалғауларыңды табыңдар, 3 күн уақыт беремін деді. -Ал,ендіше бүгінгі сабағымызға «ақылды » мақсат қойып алайық МАҚСАТҚА шығу: «Жетістік жолы» әдісі 4 нүкте нүктеден тұрады:
Оқушыларға уақыт беріліп, әр оқушы өз жолын таңдап, сол жерге тұрады. Әр қайсы өз тұрған және таңдаған жолының түсін есте сақтап алады. -Ал, енді қарайтын болсақ , санап шығайықшы 1-ші орында неше оқушы тұр?2-ші жолында, 3-ші жолында, 4-ші жолында? (тақтаға жазып қою) -Ал, балалар , сабақтың сонында осы жерге қайта оралып келетін боламыз.
|
Аудиожазба
Интербелсеңді тақта (слайд)
|
|||||
Жаңа білім -5 минут
Жұптық жұмыс
5 минут
|
-Балалар, енді орнымызға жайғасайық, парталарының үстіне қарайтын болсандар, әр қайсыларының алдарында «Жетістік жолындағы»төрт түсті карточкалар жатыр. Ол сендер тандаған нүкте жолындағы түстермен сәйкес келеді.Карточканың артында тапсырмалар бар. Қазір сендер өздерің қай нүктеде тұрдындар, сол түске сәйкес карточканы алып орындайсындар. Бірақ, мұқият болындар,егер, «білмеймін »деген бала 1-ші тапсырманы орындап болса, онда «білемін »дегенге ауысады.Сонымен қатар, алдарында бағалау парақшасы жатыр.Аты- жөндерінді толтырып, әр тапсырманы орындағаннан кейін белгілеп отырындар. Білу және түсіну 1-тапсырма: «Көршінмен сырлас » ( Оқушыларға септік атаулары таратылып беріледі. Атау с, Ілік с, Барыс с, Табыс с, Жатыс с, Шығыс с, Көмектес с.) Қасында отырған сыныптасымен жұптас. Берілген атау бойынша 2 сөзден жаз. (Мысалы: Кітаптың, үйдің, баланың таудың мектептің. Айды, күнді, гүлді, Алматты, шелекті ) Дескриптор:
ҚБ: «Қол шапалақ» Бағалау парақшасына баға қояды |
Карточка, қалам |
||||
Сауаттылық хаты
7 минут
|
2-тапсырма: Сауаттылық хаты. (жеке) Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Туған жерді )құрметтеу-азаматтықтың белгісі. Ана.. ның ақ сүтін ақтау-әркімнің парызы. Дастарқанның үстінде әдептілік сақтаған дұрыс. Үйге келген адамды төрге шығарады. Ұстаның балғасы сатылмайды және оны жоғалтпай ұстайды. Дескриптор:
ҚБ: Өзін-өзі бағалайды Бағалау парақшасына баға қояды |
Интербелсеңді тақта |
||||
1 минут |
Сергіту сәті : «Жұмыр қылыш»
|
Видеожазба
|
||||
Ортасы 5 минут
Зерттеу жұмысы Бұл жерде Атау жалғаусыз келіпті, қалған 6 ұлы өздеріне жетерлік жалғаулар тауып келіпті. Содан Септік бай ұлдарына: «Тұла бойым тұңғышым – Атау болғандықтан, Зат есімнің кім? не? сұрағын үлкен балама беремін. Бұдан былай әрқайсың өз жалғауларыңмен күн көріңдер» – деген екен. |
Қолдану . 3-топтық тапсырма: «Зерттеудің алты қадамы» Зерттеу жұмысы . Сөздерді соңынан алға қарай тез оқы, дұрыс септікке орналастыр. Әр
топқа бірнеше сөз беріледі, оқушылар
бір сөзден алып септеп жазады. 2-топ
номил,лүг,апрос. -сөздерді тез оқиды, есте сақтайды; -каллиграфиялық талаптарға сай жазады ҚБ: «Арқаға жазылған комплимент» Әр оқушының арқасына скотчпен А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап, жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы сөздер жазып, бір-бірін мақтайды. Бір-біріне комплименттерін сыйлайды. Бағалау парақшасына баға қояды |
Карточка
А-4 қағаз, қалам, маркер, скотч |
||||
Сабақтың соңы 5 минут |
4- тапсырма «Жариялау » әдісі. Шығармашылық жұмыс. 1-топ: Музыканы тыңдап, қызыл, сары, жасыл, көк түсті қолданып, суретін сал, атын қой. 2-топ: «Синквейн» 5 жолды өлең құрастыр. Дескриптор: -музыканы тыңдайды; -қағаз бетіне суретін салады, өлең құрастырады. ҚБ: «Бас бармақ» Бағалау парақшасына баға қояды |
Ламинатталған қағаздар
музыка |
||||
Бағалау
|
«Жетістік жолы» нәтижесін талқылау. Балалар, жетістік жолында не байқадындар? Қандай өзгеріс бар? Бәрекелді, қол соғып қояйық! |
|
||||
Рефлексия
Кері байланыс: 3 минут
|
«Бағдаршам» Қызыл- «Білмеймін» Сары- Тапсырманы орындаған кезде біраз қателестім. Жасыл- мен көп жаңа білім алдым. |
|
||||
Ү\жұмысы: 20 -жаттығу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген