жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Зат есімнің септелуі
|
Пәні |
Қазақ тілі |
|||
|
Сыныбы |
4"В"- сыныбы |
|||
|
Уақыты |
|
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Зат есімнің септелуі |
|||
|
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: а) ақпараттық: ә) коммуникативтік: б) проблеманы шешу: |
Зат есімнің септелуі туралы түсінік бере отырып,
сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыратын жеті септіктің
атауын, оның жалғаулары мен сұрақтарын меңгерту. Тақырыпқа байланысты берілген жаттығу, тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыландыру. |
|||
|
Сабақтың типі: |
Аралас сабақ. |
|||
|
Сабақта қолданылатын педаго-гикалық технологиялар: |
Дамыта оқыту технологиясы. |
|||
|
Сабақтың әдісі |
Сөздік, машықтық, көрнекілік |
|||
|
Пәнаралық байланыс: |
Ағылшын тілі, әдебиеттік оқу. |
|||
|
Оқыту құралдары: |
Оқулық(Қазақ тілі 4-сынып, авторы: Уайсова Г.И., Жұмабаева Ә.Е. Алматы: Атамұра, 2015), плакаттар, дидактикалық тапсырмалар. |
|||
|
Сабақтың бөлімдері |
Мұғалімнің қызметі |
Оқушының қызметі |
Күтілетін нәтиже |
|
|
І. Ұйымдастыру бөлімі |
А) Сыныптың тазалығын, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексереді( оқушылардың оқу-құралдарын тексеріп, кезекшілікті қадағалайды) Ә) Амандасады Б) Түгелдейді |
А) Кезекшілік қызметін атқарады, оқушылар сабаққа әзірленеді. Ә) Амандасады Б) Сабаққа назар аударады |
Мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас орнайды. Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейлері анықталады. Сабақта оқушылар іс-әрекеттерін жоспарлайды. |
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру |
Үй тапсырмасы: -Зат есім ережесін жаттау; - 15-жаттығу(117-бет) |
Оқушылар өткен сабақта өтілген тақырыптың ережесін айтып, жаттығуды тексертеді. |
Оқушылар өткен сабақта өтілген тақырыптың ережесін айтып, жаттығуды көрсетіп тексертеді. Өткен сабақты қорытындылайды. |
|
|
IІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе. |
Ой қозғау. Тақтаға М.Жұмабаевтың нақыл сөзін "Ұлт үшін тілден қымбат еш нәрсе жоқ." жазып, балаларға жаздырамын. Берілген нақыл сөзді оқып, қосымша жалғаннан зат есімді тауып, сұрақ қояды. -Қосымша жалғанған зат есімді табайықшы,
балалар. -Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. Ал," тілден" сөзіндегі қосымша сөздерді байланыстырып тұр ма? -Бұл жалғауды септік жалғау деп атаймыз. |
М.Жұмабаевтың нақыл сөзін "Ұлт үшін тілден қымбат еш нәрсе жоқ." жазады. Берілген нақыл сөзді оқып, қосымша жалғаннан зат есімді тауып, сұрақ қояды. -"Тілден". Түбірі-тіл, -ден-қосымша. -Екіге: жұрнақ және жалғау. -Ия. " тілден қымбат " дегенде екі сөзі байланыстырып тұр. |
Берілген нақыл сөз арқылы оқушылар зат есімге жалғанған қосымша жалғау екенін және ол жалғаудың атауымен танысады. |
|
|
ІҮ. Жаңа материалды хабарлау Сергіту сәті. |
-Дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты жазамыз. Оқулықпен жұмыс: Ережені оқыту. Тақырыпқа берілген жаттығулармен жұмыстану. "Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атайды. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес. Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейді." -Қане, енді өзіміз мысал келтірейік. Атау септік – кім? не? Ілік септік – кімнің? ненің? Барыс септік – кімге? неге? Табыс септік – кімді? нені? Жатыс септік – кімде? неде? Шығыс септік – кімнен? неден? Көмектес септік – кіммен? немен? Дәптермен жұмыс: 16-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, сұрақтардың ретіне қарай зат есім жалғауларының өзгерісіне назар аудар. 17-жаттығу. Сұрақтардың орнына ақбөкен сөзін қойып, мәтінді көшіріп жаз. Ақбөкен сөзіне жалғанған жалғаулардың астын сызып, олардың өзгерісін байқа. "Ақбөкеннің" суретін көрсетіп, оқушылармен таныстыру. 18-жаттығу. Зат есім септіктерінің атын, сұрақтарын және олардың жалғауларын көшіріп жазып, есте сақта. 19-жаттығу. Шеңбер, ата сөздерін септе. Сергіту сәті: "Clap your hands!" Оқушыларға дене қозғалысына арналаған жаттығулар жасату. |
Дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты жазғызу. Оқулықпен жұмыс: Ережені оқиды. Тақырыпқа байланысты берілген жаттығулармен жұмыстананады. "Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атайды. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес. Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейді." Қазақ тілінде жеті септікпен және олардың атауларымен, жалғанатын жалғауларымен және сұрақтарымен танысады. Оқушылар мысал келтіреді. Тіл Тілдің Тілге Тілді Тілде Тілден Тілмен Дәптермен жұмыс: 16-жаттығу. Сәуле(кім?) - Сәулені(кімді?) 17-жаттығуды дәптерге жазбаша орындайды. 18-жаттығу. А.с. – кім? не? - І .с– кімнің?ненің?-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің. Б. с.–кімге? неге?-ға, -ге,-қа,-ке. Т.с.–кімді? нені?-ны,-ні,-ды,-ді,ты-,ті. Ж.с.-кімде? неде?-да,-де,-та,-те. Ш.с.–кімнен? неден?-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен. К.с. –кіммен? немен?-мен,-бен,-пен. 19-жаттығу. А.с. Шеңбер, ата. І .с. Шеңбердің, атаның Б. с.Шеңберге, атаға Т.с. Шеңберді, атаны Ж.с. Шеңберде, атада Ш.с. Шеңберден, атадан К.с. Шеңбермен, атамен. Сергіту жаттығуларын жасайды. |
Бүгінгі материалдың ережесін оқиды. Тақырыпқа байланысты берілген жаттығулармен жұмыстананады. Оқушылар бір-бірін тексеріп, қателіктерін жөндейді. Мысалдар келтірту арқылы оқушылардың тақырыпты қаншалықты игергендігі бақыланады. 16-жаттығуда ауызша орындалады. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, сұрақтардың ретіне қарай зат есім жалғауларының өзгеретініне назар аударады. 17-жаттығуда сұрақтардың орнына ақбөкен сөзін қойып, мәтінді көшіріп жазады. Ақбөкен сөзіне жалғанған жалғаулардың астын сызып, олардың өзгерісін байқайды. "Ақбөкеннің" суретін көріп танысады. Жаттығу тақтада жазбаша орындалады. 18-жаттығуда зат есім септіктерінің атын, сұрақтарын және олардың жалғауларын көшіріп жазып, есте сақтайды. Жаттығу тақтада орындалады. 19-жаттығу. Шеңбер, ата сөздерін септейді. Жаттығу ауызша орындалады. Сергіту жаттығуларын жасап, бой жазады. |
|
|
Ү. Сабақты қорытындылау |
"Көмектесейік!" ойыны. Тақтаға оқушылар жеті септік болып шығады. Бір оқушы тақтаға шығады, оған септелетін сөз беріледі. Оқушы әр септіктің сұрағына жауап беріп, бүгінгі тақырыпты қорытындылайды. |
Тақтаға оқушылар жеті септік болып шығады. Бір оқушы тақтаға шығады, оған септелетін сөз беріледі. Оқушы әр септіктің сұрағына жауап беріп, бүгінгі тақырыпты қорытындылайды. |
"Көмектесейік!" ойыны арқылы оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты игергендігі бақыланады. |
|
|
VІ. Бағалау. |
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау, марапаттау. |
Күнделікке баға қойғызады, марапатта-лады. |
Оқушыларды бағалай олардың қызығушылығын арттырады. |
|
|
VІІ. Үйге тапсырма. |
- Зат есімнің септелуі ережесін, 18-жаттығу. Берілген мақалдарды жаттап, септік жалғау жалғанған сөздердің астын сыз. |
Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады. - Сау болыңыз! |
Зат есімнің септелуі ережесін жаттайды. 18-жаттығуда берілген мақалдарды жаттап, септік жалғау жалғанған сөздердің астын сызады. Мәлімет беруге дайындалады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген