400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Зат есімнің тәуелденуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарлама бойынша жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Есбаганбетова Б.Н

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Өнер»

Күні:

Сынып: 3 «Ғ» сынып

Мектеп: № 9 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Калжанова М

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Зат есімнің тәуелденуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, көркем еңбек, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут











































7 минут






Психологиялық ахуал қалыптастыру.

-Көңіл күйлерің қалай?

-Керемет!

-Сабаққа дайындықтарыңыз ше?

-Тамаша



Жаңа топ құру

3- топқа бөлу

1-топ Әнші

2- топ Күйші

3-топ Суретші


Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!



-Балалар біз қандай бөлім өтіп жатырмыз.

- Өнер

-Өнер дегеніміз не?

- Сөз өнері, музыка, мүсін, би,, театр, сәулет өнері т.б

-Балалар әнші, күйші, суретші сөздері қай сөз табына жатады?

-Зат есім

-Зат есімнің қай түрі?

-Туынды зат есім

-Жарайсыңдар

-Жанар мынау кімнің қаламы?

-Менің қаламым

-Дұрыс айтасың

-Балалар қалам деген сөзге тәуелдік жалғау жалғап тәуелдеп жіберейікші.

Менің қаламым Біздің қаламдарымыз

Сенің қаламың Сендердің қаламдарыңыз

Сіздің қаламыңыз Сіздердің қаламдарыңыз

Оның қаламы Олардың қаламдары


-Жарайсыңдар

-Ал енді бейнежазба тамашалайық .

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Төбедегі көзінен

Күн сәулесі түседі

Бұрышы жоқ төрінен

Самал еркін еседі

Жауабы: киіз үй


Оқылым

3.2.4.1 (Ұ; Т; Қ) Мәтінді түсініп оқып, ат қою. 47-жаттығу. Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Сызбада берілген мәтін атауларын оқиды. Мәтіннің мазмұнын қай атау бейнелей алатынынын анықтайды. Себебін түсіндіріп, дәлелдейді.

Берілген тапсырмаларды оқып, мәтіннен не туралы білуге болатынын анықтайды.



Дескриптор:

  • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтай алады.

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады

ҚБ: Ою-өрнек арқылы бағалау


Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау








Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары





































Сабақтың ортасы



10 минут




















10 минут

Ширату тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс

Оқылым . Жазылым

3.3.4.1 (МК; Ө; Қ) Сұрақтарға жауап жазу.

Тәуелденген сөздерді табу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

«Ою», «өрнек» сөздерін тәуелдеп жазады. Жазған жұмысынан тәуелденген сөздерді тауып, сұрақ қояды. Олардың қай жақта екенін айтып, дәлелдейді.

Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.


Дескриптор

1.Сөздерді жекеше түрде тәуелдейді

2.Сөйлем құрылымын сақтап жазады

3.Сөздерді көпше түрде тәуелдейді

4. Сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады


ҚБ ОЮ-өрнек арқылы бағалау


Сергіту сәті

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу


3.2.6.1 (Т; Қ) Мәтін бөліктерінің атауларын толықтыру. Оқыған мәтінінің түрін анықтау.

48-жаттығу. Жоғарыдағы мәтін бөліктерінің атауын толықтырады. Мәтінді мазмұндап айтады. Жоғарыда оқыған, мазмұнын айтқан мәтінінің түрін анықтап, дәлелдейді.


1.Қазақ ою-өрнегінің түрлері

2.Қазақ ою-өрнегінің тарихы

3.Әр өрнектің атауы


Дескритор

1.Мәтіннің мазмұнын айтады.

2.Мәтін бөліктерін толықтырады.

3.Мәтіннің жанрын анықтайды.


ҚБ Ою-өрнек арқылы бағалау

Топтық жұмыс


3.4.2.2 (Ө; Ұ; Қ) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Тәуелденген сөздерді тауып, үш жақта, жекеше және көпше түрде айту.

49-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады. Тәуелденген сөздерді тауып, оларды үш жақта, жекеше және көпше түрде айтады. Жұмбақтың

шешуі: ешкі.

Тарағым бар-

Таранбаймын

Орағым бар-

Ора алмаймын

Сақалым бар , ал бірақ

Мен ақсақал бола алмаймын.


Дескриптор:

  • Тыңдалған жұмбақ бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, жұмбақты шеше алады.

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

  • Тәуелденген сөзді тауып, оларды үш жақта , жекеше және көпше түрде тәуелдейді.

ҚБ: Ою-өрнек арқылы бағалау


Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.









Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.














Топ бір- бірін бағалайды.












Сабақтың соңы

8 минут

3.4.2.2 (Т; Ө; Қ) Тиісті әріптерді қойып, сөздерді оқу. Шыққан сөздерді тәуелдеп жазу. Шығармашылық үзіліс.

50-жаттығу. Тапсырманы түсініп оқиды.

Оқушылардың назары тоқыма торға аударылады. Тиісті әріп түрлерін қойып, ши тоқуда қолданылған ағаш атауларын оқиды. Шыққан ағаш түрлерін тәуелдеп жазады.

/Топтық тапсырма болады және әр топқа ою-өрнектер беріліп сол ою-өрнекке ағаш түрлерін тәуелдеп жазады. /

.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім қоржыны» кері байланыс



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
943
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі