400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат есімнің түрленуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың морфология саласынан алған білімдерін кеңейту, зат есім туралы білім беру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылықққа тәрбиелеу.
4. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, баяндау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.«Сәлем- сөздің атасы»( Оқушылармен сәлемдесу)
2. Кезекшімен сұхбат ( Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру)
3. Мотивация кезеңі (Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару)

II. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
1. Сен қалмақ болсаң,
Мен – қазақ, қарпысқалы келгенмін,
Сен темір болсаң,
Мен көмір, еріткелі келгенмін...
2. Қонақтар шайларын ішті
3. Зейнептер әлі есік алдында тұр
2. Оқушыларға теориялық білім беру.

ЗShape4 Shape2 Shape1 Shape3 ат есім

Көптеледі септеледі тәуелденеді жіктеледі
Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.
Жалғаулар, бір жағынан, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстесе, сөйтіп, зат есімнің сөз түрлендіру жүйесінің бір көрінісі болып табылса, екінші жағынан, өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау.
Зат есім негізінен көптеледі, тәуелденеді және септеледі. Тек адамға байланысты, адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады. Мысалы: мен бала - мын, сен бала - сың, сіз бала - сіз, ол бала. Кейде салыстыру үшін адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі. Мысалы: Мен асқар таумын, Сен төбесің, Сен темірсің, Мен көмірмін, еріткелі келгенмін.
Көптік жалғау алты түрлі: - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер. Сөзге (зат есімге) үндестік заңы бойынша осылардың біреуі жалғанып, заттың көптігін білдіреді. Мысалы: оқушы - лар, үй - лер, қыз - дар, мектеп - тер т. б.
Көптік жалғау өзі жалғанған сөз заттың тек көптігін ғана емес сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді. Мысалы: үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті дегенде, үйдің, шайдың көптігі емес сол заттарға қатысты болып тұрған адамдар (сендер және қонақтар) көп екенін, сол кісінің көптігін емес, оның қасында көп кісі бар екенін көрсетеді. Мысалы: Зейнептер әлі есік алдында тұр дегенде Зейнептің көптігі емес, Зейнеп және оның қасында бірнеше адам бар екендігі туралы ой жинақтау түрінде беріліп тұр.
Ескерту: Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды: мал, мұнай, газ, тары т. б.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Оқулықпен жұмыс
Семантикалық картаны толтыру
V. Үйге тапсырма беру:
Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
(ережелерді жаттау
Зат есімдерге көптік жалғауларды жалғап, сөйлемдер құрып келу

VІ. Оқушыларды бағалау
VIІ.Кері байланыс









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі