400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Зат мөлшері. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат мөлшері. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы
Материалдың қысқаша нұсқасы




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.2 А Зат мөлшері


Мектеп: Құлан шағын орталықты мектеп-гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдарбаева Ж

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Зат мөлшері. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1- зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде – мольді білу және Авогадро

санын білу.

8.1.1.2 – қосылыстың молярлық массасын есептей алу.

Сабақтың мақсаты

  • Зат мөлшері, моль, Авогадро санының физикалық мәнін анықтайды

  • Зат мөлшерін, заттардың құрылымдық бөлшектер санын есептейді

  • Зат мөлшері, молярлық масса және Авогадро саны арасындағы тәуелділікті түсіндіреді

Бағалау критерийі



  • Авогадро санын пайдалана отырып, заттың молекула санын анықтайды.

  • Қосылыстардағы заттардың молярлық массаларын және зат мөлшерін

есептейді.

Тілдік мақсаттар


Зат мөлшері, моль ұғымдарын сипаттайды, өлшем бірліктерін айтады және есептердің шығарылу жолдарын түсіндіреді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Моль, зат мөлшері, Авогадро саны, молярлық масса.

Сыныптағы диалог /жазылым:

Зат мөлшерінің өлшем бірлігі………………………….

Авогадро санының шамасы…………………………

Моль дегеніміз…………………………………….

Құндылықтарға баулу




Бірлесе жұмыс жасау арқылы сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, ынтымақтастық, жауапкершілік қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Алдыңғы білім


7.1.2.12 – химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы

молекулалық массасын есептеу.





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


4 минут

Амандасу, оқушылардың көңіл күйін сұрап, зейінін сабаққа аудару.

«Адасқан әріптер» әдісі арқылы оқушыларды үш топқа бөліп аламын.

«Моль», «Зат мөлшері», «Авогадро»



Ауызша сұрақтар қою арқылы алдыңғы білімді анықтау: «Миға шабуыл» әдісі

1.Салыстырмалы атомдық масса қалай белгіленеді?

2.Салыстырмалы молекулалақ масса қалай белгіленеді?

3.Оттектің атомдық массасы қанша?

4.Натрийдің реттік саны неше?

ҚБ: мадақтау «Бас бармақ» әдісі арқылы мұғалім бағалайды.

Сабақ басында оқушыларға химиялық символдар,

шартты белгілері мен өлшем бірліктері беріледі.

V - л, м\л

М - г\моль

Мr

t - сек

m - кг, г

ᶹ - моль

NA ---6.02*1023

Нұсқау: Оқушылар білетін шартты белгілер мен олардың өлшем бірліктерін тауып бөлек қояды, соның ішінде оларға таныс емес белгілер шығады.

М: Қандай шартты белгілер мен өлшем бірліктер артық?

О: - моль, Авогадро саны, Молярлық масса

Оқушылардың пікірлеріне сүйене отырып сабақ мақсатын хабарлаймын және бағалау критерийлерін оқушылармен бірге анықтаймын.






Қима қағаздар

Сабақтың ортасы














20 минут

Моль – зат мөлшерінің өлшем бірлігі. Моль арқылы 0,012 кг немесе 12г көміртекте қанша атом болса, құрамында сонша бөлшегі бар зат мөлшері болады.

Зат мөлшері ол ᶹ «ню» әрпімен белгіленеді.

Кез келген заттың бір молінде 6,02*1023 бөлшек

атом, молекула т.б болады. Мысалы: S күкірттің, О оттектің бір моль атомында 6,02*1023 атом

болса, оттектің О2, судың Н2О бір моль молекуласында 6,02*1023 молекула болады.

6,02*1023 саны италяндық ғалым Амадео Авогадроның құрметіне Авогадро саны деп аталады, оны NА арқылы белгілейді.

NА = 6,02*1023 моль-1

Зат мөлшері мен массаның ,бөлшек санның, көлемнің

араларындағы байланыстар мына формулалар арқылы

өрнектеледі.



M N V

ᶹ = ---- ᶹ = ---- ᶹ = -----

M NA VM



М - молярлық масса N – бөлшек саны

ᶹ -- зат мөлшері

М – молярлық масса, бір моль заттың массасы,яғни

құрамында 6,02*1023 құрылым бөлшектері болатын

заттың массасы.



(Т) Мәтінмен жұмыс. «Борт журналы» әдісі

Оқушылар мәтінді оқиды, келесі мазмұнды кестені толтырады.

Берілген тақырып бойынша бұрыннан білетінім

Мәтінді оқып жаңадан білгенім

Болжамдар




ҚБ: Аукцион әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.



(Ж) «Кім жылдам» әдісі

Тапсырма: мына заттардың молярлық массалары тауып, өлшем бірліктерін жазыңыз:

М ( Н2SO4) =1*2+32+16*4=98г\моль

М (Н2О) =1*2+16=18г\моль

М (СО2) = 12+16*2=44г\моль

Дескриптор:

1Әр бір элементтің құрамына кіретін атомның салыстырмалы атомдық массаларын анықтайды.

2.Қосылыстардың молярлық массаларын есептейді.

3.Молярлық массаның өлшем бірлігін жазады.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі



Деңгейлік тапсырмалар



ТЖ «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

1 топ «Моль»

Тапсырма:

А) Тұз қышқылының молярлық массасын есепте.

В) Массасы 49 г күкірт қышқылының зат мөлшерін табыңдар.

С) Массасы 64г мыс сульфатында қанша атом болатынын есептеңдер

Дескриптор

  • Тұз қышқылының молярлық массасын табады.

  • Массасы бойынша күкірт қышқылының зат

мөлшерін табады.

  • Моль бойынша мыс сульфатының массасын табады.


2 топ «Зат мөлшері»

Тапсырма:

А) Натрий оксидінің молярлық массасын есепте.

В) 1,5 моль натрий сульфаты Na2SO4 берілген, осы тұздың массасын табыңдар.

С) Массасы 15 г аргон газында қанша атом болатынын

есептеңдер.

Дескриптор

  • Натрий оксидінің молярлық массасын табады.

  • Моль бойынша натрий сульфатының массасын табады.

  • Заттың белгілі массасындағы атом саны мен

молекула санын есептейді.



3 топ «Авогадро»

Тапсырама:

А) Ас тұзының NaCL молярлық массасын есепте.

В) Массасы 10 г неон газында қанша атом болатынын

есепте.

С) Массасы 39 г тұз қышқылының зат мөлшерін тап.

Дескриптор:

  • Ас тұзының молярлық массасын табады

  • Заттың белгілі массасындағы атом саны мен

молекула санын есептейді

  • Массасы бойынша тұз қышқылының зат мөлшерін есептейді

ҚБ: топтар бір –бірін бағалайды «Бағдаршам» әдісі

Жасыл түс – үш дескриптор орындалса

Сары түс – екі дескриптор орындалса

Қызыл түс - бір дескриптор орындалса



Оқулық,кесте



Қима қағаздар









































































































А КТ





Сабақтың соңы






Кері байланыс «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы

ауызша беріледі.



Рефлексия «Жетістік ағашы» әдісі бойынша

  • Жасыл стикер – бүгінгі сабақтан түйгенім өте

көп,мен түсіндім.

  • Сары стикер – бүгін сабақты түсіндім, маған пайдалы болды.

  • Қызыл стикер – бүгін сабақта түсінбеген сұрақ

тарым бар, түсінбедім

















Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Саралау оқушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне жету. Жеке, топтық жұмыс , деңгейлік тапсырмалар беріледі, кейбір оқушылар жылдам,қарқынды жұмыс жасайды, сол кезде оларға қосымша тапсырмалар беріледі. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі топтық жұмыста диалог орнайды,көмек қажет оқушыларға түсіндірме оқушы –оқушы арасында,мұғалім – оқушы арасында жүреді, және оқушылар үнемі бағаланып отырады.Оқушы қажеттіліктеріне қарай тапсырма беру. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамиды, функционалдық сауаттылықтары артады.

Өзін –өзі бағалау

Өзара бағалау,

«Бас бармақ»

«Жетістік ағашы»

«Ойлан, жұптас, бөліс»

«Бағдаршам»



Интерактивті тақтамен жұмыс жасау кезінде пайдалану ережелерін еске түсіре отырып, оқушылардың денсаулығын дәне қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1523
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі