Материалдар / Затқа қарап сурет салу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Затқа қарап сурет салу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары оқушылардың білім деңгейін, сапасын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс тәсілдермен қамтылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2018
2595
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,

Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер

шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогі,

бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Құнанова Қалампыр Қуанышқалиқызы


Сабақтың тақырыбы: Затқа қарап сурет салу

Пәні: Бейнелеу өнері

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды нұсқаға қарап сурет салуға баулу. Кескіндеме түрлері жайлы мағлұмат беру. Оқушыларға натюрморт жанры туралы түсінік беру, сабақта образдық бейнелерді салуға үйрету.

Тәрбиелілік: Оқушыларды натюрморт салуға баулу. Бейнелеу өнері мәдениеттілігін таныстыру. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық қабілетін арттыру.

Дамытушылық: Бейнелеу өнері заңдылықтарын дұрыс меңгеруге үйрету. Кескіндеме өнері жанрларына тоқталу. Есте сақтау, қиялдау, көре білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас, практикалық

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, практикалық жұмыс, түсіндірме, сұрақ-жауап, бағалау, «Б-Б-Б», «Кластер», «Аквариумдағы алтын балық» әдістері, ойын

Көрнекілігі: бағалау парағы, бағалау критерийі, «Б-Б-Б» жазылған плакаты, 4-кезеңге бөлінген суреттің үлгісі, заттардан құралған компоновка, үлестірме карточкалар, бағалау үшін бағдаршам көздерінің түстері.

Қажетті құрал-жабдықтар: альбом, түрлі-түсті қарындаштар, құмыра, жеміс-жидектер, жабын, маркерлер, плакаттар.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар шығармашылық тапсырмаларды орындауға дағдыланады.

  2. Ортада еркін сөйлеуге үйренеді. Топта көшбасшы болуға әрекет етеді, сол үшін жұмыстанады.

  3. Өзін-өзі бағалауды, топты бағалауды критерий бойынша жүргізуді үйренеді.

  4. Затқа қарап сурет салуда кезеңге бөліп жұмыс жасау керек екендігін саралайды, ескереді.

  5. Топпен жұмыс жасай отырып, жеке оқушылардың белсенділігін анықтау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сынып оқушыларының сабаққа дайындығын қадағалау.

А) Қызығушылығын ояту

Сыныпты 2 топқа бөліп отырғызу. Ол үшін бірнеше бөлікке бөлінген екі суретті оқушылар мұғалімнің қолынан бөлшегін суырып, құрастыру. Топтар анықталғаннан кейін, атауларына шағын түсінік беріп, ұйымшылдықпен жұмыстануға шақыру.

Б-Б-Б («Білемін-Білгім келеді-Білдім» әдісімен ой қозғау, өткен тақырып пен үй тапсырмасына шолу жасау арқылы кестені толтыру)

«Білемін»

«Білгім келеді»

«Білдім»






ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) «Кластер» әдісі (әр топқа плакат пен маркер және фламастер беріледі. Үйге берілген тапсырмадан түсінгендерін схема ретінде сызып, талдап, суретін салып, келесі топқа түсіндіреді.) Мысалы:


Линогравюра

Литография


DrawObject5 DrawObject3 DrawObject4 DrawObject2 DrawObject1

Офорт

Ксилогрфия










Б) «Аквариумдағы алтын балық» әдісі ( Топ өз жобасын ортада қорғайды. Келесі топ түстер арқылы бағалайды.)

Бұл кезеңнің бағалау критерийі:

«Қызыл түс»- түсінікті «5»,

«Сары түс» - аздап түсінікті «4»,

«Көк» - түсініксіз «3».

Қолдарындағы түстер арқылы топтың жұмысын бағалайды. Әр топтың оқушысынан кім жобаны қорғауға қатынасты сол оқушы топтың алған бағасымен сәйкес өз тұсына стикер жапсырады.)


ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.

Нәрсенің өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап, жатқа сурет салуды үйрену керек. Жатқа сурет салып жаттығу нәрсені дұрыс бақылауға, көз алдына ойша елестетуге ерекше ықпал жасайды. Жатқа сурет салуға жаттығу үшін үнемі нобай, долбар жасап жаттығып отыру керек. Ұзақ салынатын суреттен нобай жасаудың айырмашылығы – нәрсенің ұсақ бөлшектеріне онша назар аударылмай, негізгі сипатына мән беріліп бейнеленеді. Нобай жылдам сурет салуға жаттықтырады. Мұндағы ең басты мақсат – ең әуелі нәрселердің жалпы формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені есте ұстау.

Сурет салудың басты талаптары – жалпыдан дараға және дарадан жалпыға. Оны кезеңге бөліп қарастырамыз.

1-кезеңде заттың жалпы белгілерін көрсетіп, оның сұлбасын сызып алу керек. Заттың пішінін бірнеше сызықтар немесе геометриялық фигуралар түрінде, көп жағдайда түзу сызық арқылы белгілейді. Схемасын тұрғызу. Кетіргішпен жұмыс жасай білу.




2- кезеңде сурет салуды типке келтіру басталады. Схемалық бейне өзара жақын тұтас топқа тән зат пішінінің типтік ерекшеліктерін айқындайтын нақты белгілердің пайда болуымен толықтырылады.




3 -кезең – жекелеу. Бұл – заттың елеусіз элементтерін, бірақ өзіне тән қайталанбайтын ерекшеліктерін айқындайтын маңызды кезеңдердің бірі.

4-кезең – бұрын жасалғандарды қорытындылау. Ол үшін суретті үлгімен мұқият салыстыру керек. Қателерін түзеткеннен кейін зат пен оның бейнесін толық көру үшін сурет пен үлгіні тағы да салыстырады.


ІV. Машықтық кезең

Ортаға компоновка қойылады. Сол компоновканы затқа қарап сурет салудың кезеңдерін сақтай отырып, бейнелеу қажет. Мұғалім нұсқау беріп отырады. Бұл кезеңді бағалаудың критерийі:

«5» - 4-кезеңді бастап жатырған болса.

«4» - 3- кезеңмен жұмыстанып жатырса.

«3» - 1-2 кезеңді салып жатырса. ( Критерий бойынша оқушылар өз жұмыстарын стикер түсі арқылы бағалайды)


V. Қорытынды

Б-Б-Б әдісінің үшінші кестесін толтыру. (Оқушылар өздері маркермен жазады.

«Экипаж» ойыны.

Бұл ойынның жалпы мақсаты: алған білімдерін саралау, есте сақтау үшін тағы бір мәрте қайталап өту. Топта еркін сөйлеуге үйрену.

Барысы: әр топқа мұғалім қолындағы карточкалардың ішінен біреуін суыртады. Карточкада мынадай жазулар болады.

«Сайлау» карточкасын алған топтан мұғалім бір оқушыны өзі сайлап, сұрақ береді.

«Барлығы» карточкасын алған топтан мұғалім тақырып бойынша барлық оқушыдан сұрайды.

«Делегат» карточкасын алған топ іштерінен бір оқушыны дайындап, өздері делегат ретінде сұраққа жауап айтуға жібереді.

«Сенім» карточкасын алған топта топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардан өзі сұрайды, бағалайды, мұғалім оған сенім білдіреді.

(Ойынның барысына қарай бағалайды)

Үйге тапсырма: заттардан тұратын көп нобай дайындап алып келу.

Бағалау:

Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалап, 2 жұлдыз 1 ұсыныс айту.


Оқушының аты-жөні

І

(Үй тапсыр

масы)

ІІ

( Затқа қарап сурет салу)

ІІІ

(«Экипаж» ойыны)

Қорытынды

баға



Жұлдыз

1.








Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!