400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Заттар" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Заттар

Сабақ мақсаты: Оқушылардың заттар туралы түсініктерін қалыптастыруына ықпал ету; балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру; есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру; тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: салыстыру, талдау, сұрақ – жауап

Көрнекілік: суреттер, кесте

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезең

2. Үй тапсырмасын тексеру

Денелер неше топқа бөлінеді. Ендеше бүгінгі сабағымыз денелер мен заттар жайында болмақ.

Тақтаға назар аудару. Суретке қарап не айтуға болады? Табиғат көрінісі. Осы суреттердің қайсысы артық? Көл

Неге? Өйткені ол өлі табиғат. Сонымен тірі, өлі табиғат дегеніміз не екен? Ал осылардың бәрін бір сөзбен дене дейміз.

Ал сендер дене дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Жаңа сабақ

Дене деген сөздің басқа да мағынасы бар екен. Бәріміз тақтаға қарап, дененің не екендігін түсініп алайық.

Не түсіндік? Дене деген не? Оның қандай түрлері бар екен? Зат деген не?

Осы сыныптың ішінде дене бар ма?

4. Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар денелер табиғи және жасанды денелер болып екіге бөлінетіндігін білдік. Осы денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болатынын да білдік. Үстелдің үстіндегі тас, целлофандағы ауа, стақандағы суды көрсетіп қайсысына жататындығын айту.

Ал сол денелер заттардан тұрады. Үстелдің үстіне 2 сызғыш ( ағаш, пластмасса), 1 қант, стақандағы су, өсімдік, ауа. Өсімдіктің құрамы күрделі.(су, крахмал, қант және басқа заттар бар. Адамдар мен жануарлар да әр түрлі заттардан тұрады. Кітап пен дәптер, қаламда заттар.

Қайсы дене? Қайсы зат? Ажырат. Үстелдің үстіне сабын қою.

Сабын неден жасалған? Ерте кезде қазақ халқы қара сабынды алабота деген өсімдікті өртеп, малдың сүйектерін өртеп, өсімдіктің күлін және сүйектің майын қосып жасаған. Жасалған нәрсе түнімен тұрған. Сабынның мынадай пайдасы бар:

Егер жара шықса сол жерді сабынмен жуу керек. Иіс сабыннан гөрі кір сабынды пайдаланған дұрыс екен.

3 минут уақыт беру. Топтың жауаптарын тыңдау.

Енді біраз шаршаған шығармыз, сергіп дем алайық.

6. Сергіту сәті. « Бақытты баламыз» әнімен

Елді сүйген баламыз, ----------------- Біз талапты баламыз,

Білімнен нұр шашамыз. -------------- Оқып - білім аламыз.

Әлкей, Қаныш атадай, ---------------- Заттар сырын ұғынып

Көп жаңалық ашамыз. ---------------- Ажырата аламыз.


7. Топтық жұмыс ( музыка)

1 - топ: Мына заттарды пайдаланып не құрастыруға болады? ( шырпы, ермексаз, скрепка, қағаз, кубик, трубочка, )

2 - топ: Жұмбақ құрастыру. Сендер бір денені ойлап, сол дененің атынан сөйлейсіңдер. Ол қандай заттардан тұратынын жұмбақтап айтасыңдар. Мен құмнан жасаламын. Әрбір үйде боламын. Мен болмасам үйдің іші қараңғы болады. Мен қай денемін?

8. Қорытынды.

Ал, балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп көрейін. Бәріміз тақтаға назар аударайық

• Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Жаңбыр судан,

• Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Ұшақ металлдан

• Тапсырма: Не неден жасалады? Ауызша

• Логикалық тапсырма. Алабота мен шырпының суретін көрсету. Қандай байланысы бар?

( шырпымен алаботаны өртеп сабын жасайды)

9. Бүгін сабақта не білдіңдер? Не үйрендіңдер? (балалар өз ойларын айтады.)

10. Балалар осымен сабақ аяқталды. Үйге тапсырма:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
809
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі