Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы тақырыбына арналған қмж 10 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:

Мұғалімнің аты-жөні: Майтпасова Куралай Кокенаевна

Күні:


Сыныбы:

10

Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

11.1.3.2 - заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Заттар тасымалданудың симпластық, апопласттық, вакуолярлық жолдарын біледі, мәнін түсінеді, тасымалдау жолдарын ажыратады

Бағалау критерийі

  • Транспирация жүретін мүшелерді және қалай жүзеге асатынын еске түсіреді.

  • Өсімдіктегі апопласт, симпласт, вакуолярлық тасымалды түсіндіреді.

  • Каспариан белдемшесінің маңыздылығын түсіндіре алады.

Құндылықтарға баулу




1) ынтымақтастық;

2) еңбек және шығармашылық;


Ынтымақтастық командалық жұмысты ұйымдастыру, еңбек және шығармашылық – жеке жұмысты ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Физика (осмос және диффузия)

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Оқушылар сабақтың және тамырдың құрылымын біледі (7-сынып), ксилема мен флоэманың құрылымын түсіндіреді. Транспирация (10-сынып)

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)

3 минут



7 минут



Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сыныпта жағымды оқу атмосферасын қалыптастыру, топқа бөлу )


Өткен тақырыпты пысықтау

«Айқын жауап» әдісі арқылы сұраққа жауап беру

  1. Заттар тасымалы деген не?

  2. Өсімдіктерге қажетті заттарды анықтаңыз?

  3. Минералдық тыңайтқыштар деген не?

  4. Тамырдың қызметі қандай ?

  5. Өсімдіктерде зиянды заттар қандай мүшелер мен органоидтар арқылы шығарылады?

Жауаптары:

Қоректік заттардың ағзаға жеткізілуі. Өсімдіктерде өткізгіш ұлпа арқылы жүреді.

Азот, калий, фосфор

Топырақтан заттарды сіңіру, оны өсімдіктердің жер үсті мүшелеріне жеткізу

Өсімдікте вокуольдер арқылы шығарады

Кестемен жұмыс

Флоэма және ксилеманың салыстырмалы кестесін толтыру

(7 сынып)

Ксилема

Айырмашылығы

Флоэма




Дескриптор

  • Ксилемаға тән белгілерді жазады;

  • Флоэмаға тән белгілерді жазады;

  • Айырмашылықтарын жазады.

Оқушылар сәлемдеседі.

Кезекші оқушы сыныпты түгендейді

Сабаққа назарын аударады.


Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтарына жауап береді
















Алдарына таратылып берілген парақтардағы флоэма мен ксилеманың салыстырмалы кестесін толтырады






ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.








ҚБ: Өзін-өзі «», «-» арқылы бағалау

Интербелсенді тақта,

қосымша оқулықтар,

слаидтар

















Парақтар

Сабақтың ортасы

(23 минут)


5 минут






7 минут

















2 минут








2 минут








7 минут

Бейнекөрсетілім арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, мақсатты айқындау

https://twig-bilim.kz/kz/film/root-hairs

Бейнекөрсетілім бойынша оқушыларға сұрақтар қою

1) «Басты терминдер» тәсілі арқылы оқушылардан жаңа терминдер және олардың мағынасы туралы сұрақтар қойылады

1 тапсырма

(Т)«Кластер» әдісі арқылы 3 топқа постер құрау тапсырмасы беріледі

1 топ: Апопластық тасымалдау

Дескриптор

-Апопластық тасымалдауды түсіндіреді;

-Ерекшеліктерін айтады.


2 топ: Симпластық тасымалдау

Дескриптор

-Симпластық тасымалдауды түсіндіреді;

-Ерекшеліктерін айтады.


3 топ: Вакуольдік тасымалдау

Дескриптор

-Вакуольдік тасымалдауды түсіндіреді;

-Ерекшеліктерін айтады.


(ЖЖ) 2 тапсырма. Кестемен жұмыс. Төмендегі кестеге апопластық және симпластық жолдарды салыстыра толтырыңыз.


Апопластық жол

Симпластық жол




3 тапсырма. «Идеялар палитрасы» әдісі

3 топтың мүшелеріне жеке- жеке өз мәтіндеріне байланысты тапсырмалар беріледі

(Əр бұрышқа әртүрлі пікір ілінеді).

Саралау: «Тапсырма» тәсілі




4 тапсырма (функционалдық сауаттылық бойынша). Өсімдіктер денесіндегі тасымал басқа барлық көпжасушалы ағзалардағы сияқты – тіршілікті қамтамасыз ететін міндетті жағдай. Су және онда еріген заттар тамыр арқылы сіңіріледі. Өсімдік ағзасы бойынша су тасымалына екі күш – тамыр қысымы және транспирация жауап береді. Тамыр қысымы – тамыр жасушалары және сабақтың төменгі бөлігі АТФ энергиясын жұмсап, суды жоғары қарай итеретін күш. Тамырдан арнайы өткізгіш құрылымдар – ксилема өзекшелері арқылы минералды заттар ерітінділері сабақпен жапырақтарға көтеріледі де, ол жерде буланады. Булану үдерісінің өзі – транспирация жапырақ лептесіктері арқылы жүзеге асырылады. Ол судың жоғары «тартылуына» да, өсімдіктің салқындауына да керек. Сондай-ақ өсімдік физиологтары тамыр қысымын «төменгі қозғалтқыш» деп, ал транспирацияны «жоғары қозғалтқыш» деп атайды. 

1 тапсырма. Тамыр арқылы судың тасымалдану жолын сипаттаңыз









Дескриптор

- сурет бойынша тамыр арқылы судың тасымалдауын анықтайды


2 тапсырма. Төмендегі суретте өсімдіктегі су мен минералды тұздардың қозғалу түрлері көрсетілген.


1 және 2 құрылымдағы тасымал түрін анықтаңыз. 1................................................................... 2...............................................................

3 құрылымды атаңыз және оның тасымалға қалай қатысатынын түсіндіріңіз. ....................................................................................

Дескриптор

- сурет бойынша 1 және 2 құрылымдағы тасымал түрін анықтайды

- сурет бойынша 3 құрылымды атайды;

- 3 құрылымды тасымалға қалай қатысатынын түсіндіреді.

3 тапсырма. «Иә, жоқ» әдісі

Су жапырақтарға жоғары қарай транспирациялық ағым есебінен көтеріледі Иә/Жоқ

Суберин эндодермиялық жасушада периметрі бойынша жиналып, Каспари белдеуін құрайды Иә/Жоқ

Апопластық – өсімдіктің өзара байланысқан протопластарының жүйесі Иә/Жоқ

Су тамыр ксилемасы бойымен көтерілгендеолардың орынын паренима жасушаларын қоршап тұрған су алмастырады Иә/Жоқ


Оқушылар бейнекөрсетілімнен көрген ақпараттарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді




Оқушылар мәтінді оқиды, мәтіннің ішіндегі жаңа терминдермен танысады, мағынасын өзара топта талдайды


Оқушылар топта берілген тапсырмаларды орындайды. Топтар өзара талдап, пікір алмасады














Жұпта апопластық және симпластық жолдарды салыстырып, кестеге толтырады







Оқушылар өздерінің жауаптарына жақын бұрышқа барып тұра алады: мысалы, толықтай келісемін, келісемін, келіспеймін, толықтай келіспеймін. Әр оқушы өз ойларын ортаға салады.






Берілген мәтінмен танысады, мәтінге байланысты берілген тапсырмаларды орындайды

ҚБ: Мақтау, мадақтау арқылы бағалау










ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топ арасында бағалау












ҚБ: «Ай» әдісі арқылы бір-бірлерін бағалайды




Дескриптор арқылы бағалау

Саралаудың «Нәтиже» тәсілі қолданылады. Өтілген жаңа тақырыпты оқушылардың қалай меңгергендігі анықталады






ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды


АКТ, А3, оқулық





















































Презентация

тапсырмалар жазылған А4




Сабақтың соңы

(5 минут)




































(2 минут)




Тест тапсырмасы

1. Плазмодесманың өсімдік жасушасындағы қызметі қандай?

a. Суда еритін заттарға кедергі жасайды

b. Жасушалар арасынан сахароза мен иондардың белсенді тасымалына мүмкіндік береді

c. Заттардың жасушалар арасынан симпласттыө жолмен өтуге мүмкіндік береді

d. Жасушалар бірін – бірі тану үшін

2. Судың апопластық жолмен өту кезеңі жүзеге асады-

1. су жасуша қабықшасына енеді

2. су цитоплазмаға жасуша мембранасы арқылы енеді

3. су вокуольге енеді

4. су жасушадан жасушаға плазмадесма арқылы өтеді

5. су бір жасуша қабықшасының екінші жасуша қабықшасына жасушааралық кеңістік арқылы өтеді

a. 1 және 5

b. 2 және 4

c. 1,3 және 4

d. 2,3 және 5

3. Вакуолярлы су тасымалы өсімдіктер үшін неліктен симпласттық жіне апопласттық секілді маңызды емес?

a. Вакуольдер жасушалардың көп бөлігін алады, сондықтан олар суды оңай тасымалдайды

b. Белсенді тасымал суды жоғарыдан төменге тасымалдайтын серік жасушалар арқылы жүзеге асады

c. Вакуоль арқылы иондарды тасымалдау үшін АТФ энергияны қажет етпейді

d. Симплаттық және апопластық тасымалдау энергияны қажет етпейді

e. Барлық өсімдік жасушаларында митохондрия көп мөлшерде бола бермейді


Парақтардағы тест тапсырмаларын орындайды



ҚБ: Өзін-өзі «», «-» арқылы бағалау

Парақтар, блоб ағашы


Кері байланыс: Блоб ағашы арқылы

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. Стикерлерін блоб ағашы жапсырады


Блоб ағашы, стикер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.10.2025
74
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі