"Заттардан аттап жүруде тепе-теңдік сақтау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Заттардан аттап жүруде тепе-теңдік сақтау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сапқа тұру, шашырап жүгіру, сапта өз орнын таба жүгіру, белгілі қашықтыққа жүгіруге жаттықтыру. Заттардан аттап жүруде тепе-теңдік сақтау. Секіртпемен еркін секіруге үйрету. Ептілікті, жылдамдықты дамыту. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық «Көгершін» тобына арналған

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі №9


Өткізу күні: 20.09.2021 ж.

Тәрбиеші: Дюмбаева А.В.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып: «Бірге еңбектенеміз»

Тақырыбы: Заттардан аттап жүруде тепе-теңдік сақтау.

Мақсаты: Сапқа тұру, шашырап жүгіру, сапта өз орнын таба жүгіру, белгілі қашықтыққа жүгіруге жаттықтыру. Заттардан аттап жүруде тепе-теңдік сақтау. Секіртпемен еркін секіруге үйрету. Ептілікті, жылдамдықты дамыту. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: гимнастикалық орындық, шығыршық

БИЛИНГВАЛЬДЫ КОМПОНЕНТ: жүгіру-бегать, секіру-прыгать


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың


2. Негізгі бөлімі:

төмендегі тапсырмаларды орындатады:

Балалар ең алдымен бой жазып алайық.

Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол белде өкшемен жүру
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- Бір қалыпты деңіл жүгіру.


Жалпы дамыту жаттығулар:

1. «Таспалар қайда?» Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол таспамен артта. таспамен қолды алға созып, «міне» деп, қолды қайта артқа тығу. 6 рет.

2. «Таспалар желбірейді». Б.қ.:аяқ сәл алшақ, қол таспамен төмен. Қолды шетке созып, жоғары көтеру, таспаларды ырғалту, қолды шетке созу арқылы төмен түсіру. 5 рет.

3. «Бұрылу». Б.қ.: Тізерлеп тұру, қол таспамен төмен. Таспамен қолды оңға бұр, бұрылу, таспаға қарау; бастапқы қалыпқа оралу; таспамен қолды солға бұру, бұрылу, таспаға қарау. Бастапқы қалыпқа оралу. 5 рет.

4. «Таспамен бұлға». Б.қ.: Тізерлеп тұру, қол таспамен артта. Оңға бұрылу, оң қолдағы таспамен бұлғау, бастапқы қалыпқа қалыпқа оралу; сол қолдағы таспамен бұлғау , бастапқы қалыпқа оралу. 5 рет.

5. «Еңкею». Б.қ.: аяқ иық деңгейінде алшақ, қол таспамен төмен. Қолды шетке созып, алға қарай еңкею; бастапқы қалыпқа оралу. 5рет.

6. «Жел таспамен ойнайды» еркін қимыл. «Жел ақырын-ақырын соғады» (таспаға ақырын үрлеу), «Жел қатты», «Жел одан да қатты -қатты соғады». 10рет.


Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

  • Сапқа, қатарға тұру, бастаушыға қарап түзелу.

  • Адымдап, бүгілген тізені жоғары көтере жүру.

  • Шектеулі зат үстімен жүрген кезде тепе-теңдік сақтап жүру

  • Қысқа секіртпемен секіру (демалу үзілістері бар 2–3 реттен 10 секіру)

  • Секіртпені білекпен және иықпен айналдыруға, денені тік ұстауға, аяқтың ұшымен секіру,

  • секіртпені айналдыру мен секіруді үйлестіруге үйрету.

  • Жұппен жүріс қарқынын және ырғағын үйлестіру, қимылдың бағытын сақтау, жүру мен жүгіру

  • Тұрақты тепе-теңдікті сақтауЕңкейтілген тақтай үстімен қырынан жүру

  • Еңкейтілген тақтай үстімен денені тік және тепе-теңдік сақтап жүру.

  • Өкшеден аяқтың ұшына ауыса, қысқа адым және кең адыммен шашырап жүгіру;


Қимылды ойын: «Аттар»

Шарты:Балалар екі бірдей топқа бөлінеді. Біреулері – аттар болады, басқалары – шабарман болады. /Шабарманның қолында -ауыздық/. Аланның басқа жағында- аттар жайылатын жер, бұнда аттар тұрады, басқа жағында шабармендар. Тәрбиеші: «Шабармандар, тұрыңдар, тезірек аттарды дайындаңдар!»- дегенде шабармандараттан түсіп, аттарды жайылымға жіберіп, өздерінің орындарына барады. «Шабармандар, аттарыңды ұстаңдар»,- дегенде әрқайсысы өздерінің аттарын ұстайды. «Аттарыңды ат қораға апарыңдар»,- дегенде апарады. Ойын 3-4 рет қайталанады. 


3. Қорытынды:

Тыныс алу жаттығуы: «Балапандар» жаттығуы: аяқты сәл алшақ қойып, алға қарай еңкею, «қанаттарын» (шынтақтан бүгулі қолды) артқа апару. Кішкене адыммен жүгіріп, « шип- шип- шип» деу. 20-30 секунд қимыл-қозғалысы аз ойындар ойнатылады.
Балаларды мадақтау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2021
487
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі