400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Заттардын касиети

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашык сабак
Материалдың қысқаша нұсқасы

№5 сабақ

Мектеп: 21 жалпы орта мектебі.

Сабақ тақырыбы: Заттар қандай болады?


Күні

Мұғалімнің есімі


Сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


4.3.1.1заттың қасиетіне байланысты қолдану аясын анықтау

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Оқушылар ауаны қолданудың тәсілдерін, желдің маңызын, пайдасы мен зиянын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Ауаның ластану көздерін анықтап, ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсынады.

Кейбір оқушылар: Заттың қасиеттеріне байланысты қолдану аясын анықтайды.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


-заттардың қасиеттері мен оларды қолдану аясы туралы әңгімелейді;

-ауаның орын ауыстыру үдерісін сипаттайды;

-желдің пайда мен зиян тигізуіне мысал келтіреді;

-ауаны ластауға мысал келтіріп, оны тазарту жолдарын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

-заттардың қасиеттері мен оларды қолдану аясы туралы әңгімелейді;

Терминология:

Зат, дене, қатты, жұмсақ, мортсынғыш, иілгіш, борпылдақ,

ғаламшар, ауа, тазалық;

мөлдірлік, газдану;

сақтау, жел, қозғалыс.

Сөз тіркестері:

Талқылау сұрақтары:

Адам жанды табиғатта кездеспейтін заттарды неден жасайды?

Түрлі заттарды жасағанда металдың қандай қасиеттерін пайдаланады?

Неліктен ауасыз тіршілік ете алмаймыз?

Ауаның таза болуы неліктен маңызды?

Жел қалай пайда болады?

Жел шаруашылыққа қандай зиян келтіреді?

Ауа тұрмыста қалай пайдаланады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Оқушылар заттарды шығу тегіне және агрегаттық күйіне қарай ажырата біледі. Ауаның қасиеттерін, кеңістікті толтырып тұратынын және жануды қолдайтынын біледі. Ауаның тіршілік үшін маңызын түсінеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

1-топ «Бақыт жалаулары»

2-топ «Арман жалаулары»

3-топ «Қуаныш жалаулары»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Құрамын анықта

Екі ыдыстағы суды салыстыр. Қай стақандағы судың

құрамы таза? Ойыңды түсіндір.






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала

ры

Ортасы

Табиғаттағы заттар таза және қоспа деп бөлінеді. Айналамыздағы заттардың барлығы дерлік қоспа түрінде кездеседі. Қоспа – әртүрлі бөлшектерден құралған зат. Мысалы, ауа – газдардың қоспасы. Күнделікті тұрмыста пайдаланатын бұйымдар, тағам, киім-кешектің де құрамында әртүрлі заттар болады. Таза зат табиғатта өте сирек кездеседі. Ол бір ғана заттан тұрады. Біз таза деп ойлайтын ауызсудың өзі шын мәнінде таза зат емес, оның құрамында түрлі тұздар болады. Ал таза су алу үшін оны арнайы құрылғыда тазартады. Оны тазартылған (дистилденген) су деп атайды.

Дескрипторы:

заттардың қандай түрі болатынын біледі;

түрлі үдеріс кезінде заттардың қасиеті өзгеретінін түсінеді.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.


Аяқталуы


Заттардың барлығын бірдей қайнату, еріту, балқыту мүмкін бе? Неліктен? Заттардың осындай үдеріске түсуін

олардың қасиетіне жатқызуға бола ма? Кез келген затқа әсер ету, яғни оны балқыту, қайнату, еріту, араластыру арқылы заттың құрамын, күйін өзгертуге болады. Заттың осындай өзгеріске түсуі оның қасиетіне жатады. Температура әсерінен заттың қатты күйден сұйық күйге айналу үдерісі балқу деп аталады. Сұйық заттардың жоғары температурада буға айналуы қайнау деп аталады.

Есте сақта!

Таза зат бір ғана заттаньтұрады. Қоспа – әртүрлі заттардың жиынтығы.

«Бас бармақ» кері байланыс.







Түрлі түсті

суреттері бар

журнал

дар,

флипчарт, желім
















Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсыр

мала

ры арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
832
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі