400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі. Математикалық жұмбақтар. Көзбен шамалау қабілетін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабағын қызықты ұйымдастыру.Заттарды кеңістікте орналастыру,көзбен шамалау ұғымын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы
















Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі


Тақырыбы: Заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі. Математикалық жұмбақтар. Көзбен шамалау қабілетін дамыту.




















Қызылорда қаласы



2016-2017 оқу жылы



Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі. Математикалық жұмбақтар. Көзбен шамалау қабілетін дамыту.

Мақсаты: Цифррды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; кеңістікте орналасуына тәуелсіз тұрғыда заттар тобын теңестіруді үйрету,математикалық жұмбақтарды шешу жолдарын үйрету.Көлемі жағынан әртүрлі заттарды салыстыруды үйрету; түрлі заттардың ұқсастығын табу және оларды сол белгілері арқылы біріктіруге үйрету.Заңдылықтарды анықтауға берілген логикалық тапсырмаларды шешу жолдарын үйрету. Балаларды достыққа үйрете отырып, бір-біріне көмектесуге баулу. Логикалық ойлау қабілеті мен танымын дамыту.

Пайдаланылған технологиялар мен әдіс-тәсілдер: Ойын технологиясы, ,ұлттық ойын,Луллия шеңбері,Ф.Фребель,В.Воскобович , Кюзенер таяқшалары ойындары,түсіндіру,сұрақ-жауап әдістері.

Құрал-жабдықтар: видио-проектор, фланеграф тақта,тақтайша, Луллия шеңбері,киіз үй ойын құралы,Фребель,Воскобович, Кюзенер таяқшалары ойын құралдары.


Іс – әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші:

-Ал,балалар музыка оқу қызметіміз аяқталды енді тобымызға кіріп, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу-қызметін бастайық.

-Қане ішке кірейік.

Ғажайып сәт

Топ есігін ашқанда жылап қыз бала тұрады.


  • Ой, балалар бұл кім? Таниысыңдар ма?

  • Сен кімсің? Неге жылайсың?

Қыз:

-Сәлеметсіңдер, ме Менің атым Мақта қыз. Мынау менің досым-мысық. Біздің достарымыз сендердің топтарыңа кіріп кетті. Мен достарыммен кездескіміз келеді.

Тәрбиеші:- Тамаша, балалар,қараңдаршы біздің тобымыз қандай ғажап.Түрлі ертегі кейіпкерлеріне толып кетіпті.

-Мақта қыз сенің достарың да осы жерде ме?

Мақта қыз:-Иә, олар жоғарыда тұр.

Тәрбиеші:-Балалар, бұнда сендерге таныс ертегі кейіпкерлері бар ма? Қане кім қандай ертегі кейіпкерлерін танып тұр?

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар балалар, Мақта қызға достарын табуға көмектесеміз бе?

Тәрбиеші- Балалар «Мақта қыз» ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? Кім біледі?

Тәрбиеші:-Жарайсыңдар өте дұрыс айттыңдар.

-Қане,ертегі кейіпкерлерін алып көрейікші. (қолын созып тартып көреді,алынбайды)

Тәрбиеші:-Балалар, алынбайды ғой.

Мақта қыздың достарын жерге түсіріру үшін не істесек болады екен? Қане ойланып көрейік.

(кішкене ойланады)

-Балалар,мен таптым.Бүгінгі математика оқу қызметіндегі тапсырмаларды орындасақ, мүмкін ертегі кейіпкерлері жерге түсер.

Балалар тәрбиешіні тыңдап, топқа кіруге ынғайланады.








Балалар қызға назар аударады.




-Жоқ танымаймыз.











Балалар тамашалайды.










Өздеріне таныс ертегі кейіпкерлерінің аттарын атайды.




-Иә,көмектесеміз.


тышқан,тауық,қыздар,

дүкенші,сиыр.











Барлығы ойланғанады.




Ұйымдастыру - іздестіру

-Қане балалар, орнымызға отырайық.

-Тапсырманы орындамас бұрын ертегіні есімізге түсірейікші.

-Жарайсыңдар, өте тамаша.Біздің бірінші тапсырмамыз «Заттарды сана және санмен сәйкестендір» деп аталады.

Жұмыс үстелі үстінде тұрған Луллия шеңберімен ойнайтын боламыз.

Ойын шарты: Шеңбердің оң жағындағы дөңгелекшені айналдырамыз.Шеңберден көрінген ертегі кейіпкерінің суретін санап, шеңбердің келесі дөңгелекшесін айналдырып суретті санмен сәйкестендіреміз.

(тақтаға 1 баланы шығарып орындатады)

Міне дәл осылай жалғастырамыз.


-Балалар, тамаша,бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Ертегіде мысық бірінші немен кездеседі?

Қолымды созып көрейінші.

-О,сиыр түсті.Қане сиырды мына тұрған фланелеграф тақтаға кім орналастырады.

-Балалар,сиыр қандай жануар? Орысша сиырды қалай атаймыз? Ағылшын тілінде ше?

-Керемет. Көрдің бе Мақта қыз біздің балаларымыз сенің достарыңды тауып беріп жатыр. Байқасаңдар сендердің алдарыңда да фланелеграф тақшайшасы тұр.Сенде алдарыңда тұрған кейіпкерлерді сол тақтайшаға орналастырып отыруларың керек.

-Балалар,сонымен келесі тапсырмамыз «Бейнелер жасау» Бұнда үш түрлі әдістер арқылы тапсырма орындаймыз.

  1. Тапсырма Фребель ойын құралының геометриялық пішіндерін алып, мысық жасаулары керек.

  2. Воскобовичтің Геокант ойын құралы арқылы арнайы резиналар арқылы үй жасаулары керек.

  3. Кюзенер таяқшаларымен жұмыс


(кімнің қандай түспен, қандай пішіндерден мысық, жасағандарын қандай түсті резинадан үй жасағандарын сұрау, үштілділік жұмыстарын сұрақтар арқылы жүргізу)

-Қандай тамаша.Балалар сендер өте жақсы орындадыңдар.Енді мысық неге барады?

-Олай болса талды түсіріп,

орналастырайық. Сендерде өз тақталарыңа талды орналастыруды ұмытып кетпеңдер.

-Өте жақсы балалар.Енді партамыздың жанындағы мысықтарымызды алып серігіп алайық.

Сергіту сәті:

Қане, шеңбер құрайық,

Мақта қыздай болайық.

Мысықты қолға алайық,

«Кел, мысығым,кел маған

Сүт берейін мен саған»

Үлпілдеген жүніңнен

Мияулаған үніңнен.


-Жарайсыңдар балалар, Мақта қыз біз талды таптық,енді нені табамыз?

Мақта қыз:- қыздарды

Тәрбиеші:-олай болса қыздарға қолымызды созып көрейік.

-Қане, қыздарды орналастырайық.

-Тамаша, балалар мында ертегі желісінде қыздардан соң мысық кімге баратын еді?


- Иә, енді дүкенші бізбенен тағы да сергіту жаттығуын жасасам деп тұр.Не істеймыз дүкеншімен бірге сергіту сәтін жасаймыз ба?

-Қане олай болса дүкеншіні төменге түсіріп,орналастырып жіберейік.


-Жарайсыңдар, балалар, орнымызға отырып , қыздарды, дүкеншіні өз тақтамызға орналастырайық.


-Орналастырып болсақ келесі ойынымызды ойнайық.

Бұл ойынның аты «Киіз үйдің есігін тап» деп аталады.

Киіз үйді ертеде ата-бабаларымыз пайдаланған. Киіз үйдің жоғарғы бөлігі дөңгелек пішіндес,ал қабырғасы мен есігі тіктөртбұрышқа ұқсайды.

Бұнда киіз үйдің сыртында тұрған оюларды санап, сол оюлардың санына сәйкес есіктерді тауып өз орындарына орналастырамыз.

(кімнің қанша оюы бар есіктерді орналастырып жатқандығын сұрау)


-Жарайсыңдар,балалар. Балалар, біз енді ертегінің қандай кейіпкерін түсіреміз?


-Дұрыс айтасыңдар. Қане тауықты түсіріп, тақтаға орналастырайық. Сендер де өз тақталарыңа орналастырыңдар.


-Балалар, біз тағы да бір ойын ойнап, Мақта қыздың қалған достарын табуға көмектесейік. Ол үшін

«Соқыр теке» ойынын ойнаймыз.

Бұнда кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырмалар орындайтын боламыз.


Ал,енді экранға назар аударайық.

- Тал Мақта қыздың қай жағында орналасқан?

-Сиыр қайда орналасқан?

-Қыздар ше?

-Ал,дүкенші қайда орналасқан?


-Қане бәріміз алдымызда тұрған фланелограф тақтамызға назар аударайық. Ертегі кейіпкерлерін өз тақтамызға қалай орналастырғанымызды айтайықшы.

Кім қалай орналастырғанын тыңдайық.

(Жеке-жеке сұрау)

-Ал,Мақта қыз сенің достарың түгел болды ма?

Мақта қыз:-жоқ, тышқан түскен жоқ.

-Олай болса балалар тышқанды түсірейік.

Сендер де өз тақталарыңа орналастырыңдар.


-Балалар, біз ертегі кейіпкерлерін түгел орналастырып болдық па?


Тәрбиешінің нұсқауына сәйкес тапсырманы орындайды.

-Барлығы кезек-кезек ертегі мазмұнын айтып шығады.


























-Сиырмен






-Сиыр үй жануары. Орыс тілінде корова деп атаймыз.










Тақтайшаға орналастырады.








Ойын шартына сәйкес ойын ойнайды.



















-Талға



Өз тақталарына орналастырады.





Мысықтарын қолдарына алып ортаға шеңберге тұрып сергіту таұпағын айта отырып, қимылдар жасайды.












Қыздарды алып орналастырады, санайды.






-дүкеншіге




-Жасаймыз.



Дүкеншіні орналастырады.





Тақталарына орналастырады.





Тапсырма шартына сәйкес орындайды. Сұрақтарға жауап береді.


















-тауықты


Тақтайшаларына орналастырады







Тапсырманы орындайды.








Экрандағы суреттердің қайда орналасқандарын айтады.








Өз тақтайшаларымен жұмыс жасайды.














Тышқанды түсіріп орналастырады.





-Иә

Рефлексивті - түзетушілік

-Сонымен біз балалар бүгінгі оқу қызметімізде қанша кейіпкерді таптық?

-Олардың аттарын үш тілде атайықшы?

-Жарайсыңдар балалар біз бүгін Мақта қыз бен мысыққа көмектестік. Достық,қамқорлық жасау өте жақсы қасиет. Сендер үнемі өзгелерге жәрдемдесіп,көмектісіп жүріңдер.Бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Өте жақсы қатысқандарыңа көп-көп рахмет.

Мақта қыз:-Жарайсыңдар, балалар.Сендер маған өте жақсы көмектестіңдер.Мынау менің ертегім, сендерге сыйлаймын.

Балалар мен енді өз әлеміме кетуім керек.Сау болыңдар,балалар.



- 6 кейіпкерді таптық.

-сиыр,тал,қыздар,дүкенші,тауық,

тышқан

















-Сау бол Мақта қыз.






Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Заттарды санап, санмен сәйкестендіруді,заттарды салыстыра білуді.

Нені меңгерді: Заттардың кеңістікте орналасуын, тура және кері санай білуді.

Нені игерді: Заттарды санай отырып ретімен орналастыруды,сұрақтарға толық жауап беруді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
1754
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі