400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі. Үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзгеше орналасқан заттар тобын теңестіруді үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Ортаңғы «Құралай» тобы

Күні: 29.01.20

Тәрбиешінің аты-жөні: Айтбаева К.Ж.

Білім беру саласы: «Таным» «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Тақырыбы: «Заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі.Үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру заттардың теңдігін анықтау»

Көрнекілік: үлестірмелі жолақшалар,

Үштілділік: шеңбер-круг, шаршы-кубик

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігін

Түсінеді: орналасқан екі топтағы заттарды теңестіруді,заттың орналасқан орнын анықтауды

Қолданады: топтағы заттардың тең немесе тең еместігін анықтауды


Ұйымдастырулы оқу қызметінің өткізілу барысы:

  1. Ұйымдастыру-қозғаушы қызметі. Түрі.

Мақсаты: ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын ояту.

-Балалар үстелде геометриялық фигуралар жатыр. Қолдарыңа өздеріңе ұнаған фигураларды алып, сол фигура туралы айтып беріңдерші.

Балалар фигуралар туралы өз ойларын айтып береді.

Тіктөртбұрыш дегеніміз-...

Шаршы дегеніміз-...

  1. Ұйымдастыру-іздестіру.

Мақсаты: өзгеше орналасқан (шеңбер, шаршы ішінде) заттар тобын теңестіруді үйрету, заттарды үлгі бойынша санауға үйрету, әртүрлі ара қашықтықта орналасқан заттардың тең немесе тең еместігін анықтау, заттың орналасқан орнын анықтау.

Кіріспе әңгіме.

Үлестірмелі материалмен жұмыс:

Тәрбиеші балаларға таяқшалар салынған тәрелкені жақындатып,

-таяқшалардың түсі қандай?

-әр түстен неше таяқша бар?

Ол балаларға әр түсті өз алдына бөліп алып, оларды әртүрлі фигуралар шығатындай етіп қойып шығуды тапсырады.

Тапсырма орындалғаннан кейін балалар таяқшаларды тағы бір рет санап шығады. Әр фигураға неше таяқшадан келгенін анықтайды.

Тәрбиеші таяқшалар әртүрлі орналасқан мен олардың тең, үш-үтен екенін түсіндіреді.

-Олардың саны тең екенін қалай дәлелдейміз?

1-тапсырма;

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды;

Шеңбердің ішінде неше кесе бар?

Шаршының ішінде неше кесе бар?

Олар туралы не айтуға болады?

2-тапсырма;

Тәрбиеші балаларға төмендегі жолаққа жоғарыда қанша болса, сонша дөңгелек салуды ұсынады. Ол дөңгелектердің ара қашықтығы алшақ болуы тиіс.

-Балалар дөңгелектердің саны туралы не айтасыңдар?

-Жоғары жолақта төмендегіге қарағанда бір дөңгелек артық болуы үшін не істеу керек?

Тәрбиеші жоғарғы жолаққа тағы бір дөңгелек салуға тапсырма береді. Енді жолақтар ішіндегі дөңгелектер туралы не деуге болады?

3-тапсырма:

Тәрбиеші балаларға сол жақтағы аюды сары қарандашпен, оң жақтағысын қоңырмен бояуды тапсырады.

Балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

-Сол жақтағы аюдың шарлары қандай геометриялық фигураларға ұқсайды?

-Оң жақтағы аюдың сол қолына сопақша және оң қолмына дөңгелек суретін салыңдар.

Сергіту сәті:

Бәріміз біргеміз.

Оңға бір қадам, солға бір қадам

Шапалақ ұрамыз.

Алға бір қадам, артқа бір қадам

Шапалақ ұрамыз.

4-тапсырма:

Тәрбиеші балаларға аюдың суретін көрсетеді. Балалар, суретші бес аюдың суретін салады. Бірақ басқа нәрсеге алаңдаймын деп төртеуінің суретін дұрыстап сала алмады. Кейбір бөлшектерін ұмыт қалдырды. Қане, жоғарыда отырған аюды мұқият қарап шығайық. Содан соң жетпей тұрған тұстарын толықтырып, төмендегі аюлардың суретін аяқтайық. Барлық аю бір-біріне ұқсайтын болу керек.

-Бірінші аюдың суретіне не қостыңдар? Ал төртіншісіне?

Дид-қ ойын: «Кім шапшаң»

Геометриялық пішіндерді ұяшығына орналастыру


Рефлексивті-түзетушілік.

Мақсаты: оқу қызыметін сұрақ-жауап арқылы қортындылау

-Балалар сендерге тапсырмалар ұнады ма?
-Балалар біз бүгін қандай пішіндерге тоқталдық?
-Заттар қалай орналасса да,қандай кеңістікте болса да саны өзгере ме, өзгермей ме?
Балаларды сабаққа белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
2812
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі