Заттардың қасиеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заттардың қасиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға заттардың қасиетін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек «Бота» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Нұр-Сұлтан қаласы

23 «Алтын бесік»

Балабақшасы

Тәрбиеші: Бохай Р

«Таным» білім беру саласы - Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Өтпелі тақырып: «Менің сүйікті ойыншықтарым»
Тақырыбы: Заттардың қасиеті (пішін, шама). Заттарды биіктігіне, ұзындығына, ені мен қалыңдығына қарай салыстыру.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Балалардың негізгі түстерді ажырата білу қабілеттерін дамыту
Оқытушылық
: балаларды заттардың түрлі қасиеттерін тауып, заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыруды, заттарды берілген белгілері бойынша топтастыруға дағдыландыру;
Педагогикалық технологиялар: АКТ
Ресурстармен қамтамасыз ету:
презентация, үлестірмелі материалдар, ұзын-қысқа, биік-аласа заттар
Билингвалдық компонент: биік-высота, ұзын-длинный, қысқа-короткий
Ұйымдастырылыған оқу қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Психологиялық  дайындық
- Екі көз  не үшін керек?
-Жақсыларды  көру үшін керек.
-Екі құлақ не үшін керек?
-Ақыл -кеңес  тыңдау үшін керек.
-Екі  қол   не үшін керек?
- Елге  көмек жасау  үшін  керек.
-Екі  аяқ  не үшін керек?
-Туған  жерге  жету  үшін  керек.

2.Негізгі бөлімі
Математика деген елде, Шама деген қалада бір қиын жағдай болды. Бұл қала тұрғындарына көмек керектігін хабарлайды. Шама деген қалаға барып, оның тұрғындарына тапсырмаларды орындау арқылы көмек көрсетуді ұсынады.
Бәрі бірге айтады.
Үстелді жағалай отырады.
Қызығушылық танытады.

1-Тапсырма: Геометриялық пішіндермен жұмыс
Дидактикалық ойын: «Зат неге ұқсайды?»
Бөлме ішінде сопақша (дөңгелек, шаршы,үшбұрыш) пішіндес заттарды тауып айтуды ұсынады.

2-тапсырма Сұрақ-жаттығу ойыны:
-Егер үстел орындықтан биік болса, орындық қандай?
-Егер жол соқпақтан кең болса, соқпақ қандай?
-Егер сызғыш қарындаштан ұзын болса, қарындаш қандай?

3-тапсырма «Салыстыр» тапсырма-жаттығуы.
Баланың қолына жуандығы бірдей, ұзындығы әр түрлі екі таяқша немесе жауандығы әр түрлі, ұзындығы бірдей екі қарындаш ұстатады. Қай таяқша ұзын немесе қысқа , атауды ұсынады.
-Оны қалай білдің?

Сергіту сәті:
Opнымыздaн тұpaйық,
Қoлды бeлгe қoяйық.
Бip oтыpып, бip тұpып,
Бipтынығып aлaйық
имылмен көрсету)

4-тапсырма Презентация «Заттардың қасиеті»
-Балалар біз жаңа қандай суреттерді көрдік?
-Оларды салыстырып көрдік пе?
-Аласа, қысқа, биік, ұзын заттарды атадық па?

5-тапсырма «Не қандай?» тапсырма ойыны
Әр баланың қолында үлкен және кіші 2-3 жұп ойыншық – доп, машина, қуыршақ және т.с.с. болуы тиіс.Тәрбиеші оң қолымен үлкен допты, сол қолымен кіші допты көтеруді сұрайды; үстел бетімен кішкене машинаны төменнен жоғары, үлкен машинаны жоғарыдан төмен қарай жүргізуді ұсынады.

6-тапсырма «Не, қай үйде тұрады?» тапсырма ойыны
Ұсынылған суреттерден- аласа, биік, ең биік үйлерді тауып, айтуды ұсынады.
Сөздік жұмысы:Ұсын-длинный, қысқа-короткий, биік-высокий, аласа-низкий, жуан-толстый, жіңішке-тонкий.

3.Қорытынды:
- Балалар біз бүгін не білдік?
-Менің қолымдағы заттарды салыстырп көрейікші?
-Жарайсыңдар, кім маған 5-ке дейін тура және кері санап бере алады?
-Жарайсыңдар өте жақсы қатыстыңдар
орытындылау, балаларды мақтап-мадақтау.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
348
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі