400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттар туралы түсінік. Олардың құрылысы жəне қасиеті. Атом, молекуа, диффузия туралы айтылады. Пəн мұғалімдері мен оқушыларға көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.3 Заттар және материалдар



құрылыстарын қозғалысын




тұрақты даму

Мектеп: Целиноград ауданы Қараөткел №2 орта мектебі






Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каким Б.

СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

5.3.1 Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.3.1.2 атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау

Сабақтың мақсаты














Барлық оқушылар: атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын біледі.

















қозғалысын қозғалысын Экологиялық факторлар туралы біледі және







түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Атомның негізгі бөлшектерінің орналасуын талдай алады.

Кейбір оқушылар: Атомның негізгі бөлшектерін сипаттай алады.

Бағалау критерийі

Мына бағалау критерийлер орындалуы бойынша оқушы бағаланады

  • Атомның негізгі бөлшектерін ажырата алады.

  • Негізгі бөлшектерді сипаттай алады.

  • Олардың орналасу ретін біледі.

Тілдік мақсат

Сыныптағы диалогтық қарым-қатынас үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тақырыптар: Өз ойларын еркін, жазбаша да, ауызша да жеткізе білу, тақырыптың мазмұнын әңгімелеуге үйрету.

Оқылым: Мәтінді оқи отырып атомның негізгі бөлшектерін және олардың қалай орналасқанын зерделейді.

Тыңдалым: атомның бөлшектері туралы әртүрлі материалдарды талқылап, шағын пікірталас өткізеді..

Жазылым: атомның бөлшектерінің қалай орналасқанын сызып, қасиеттерін жазып алады.

Негізгі терминдер мен ұғымдар: атом, ядро, электрон, протон, нейтрон.

Құндылықтарға баулу

«Ашықтық», «өмір бойы білім алу», азаматтық жауапкершілікке баулу

Пәнаралық байланыс

Физика, химия.

Алдыңғы білім

5.3.1.2 заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы




Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

«Ну ормандағы жаңбыр» тренингі-оқушылардың дене жаттығуына көмектеседі.

Сыныпты «Протон», «Нейтрон», «Электрон» сөздері жазылған карточкалар арқылы топқа бөлу.

-Оқудан күтілетін нәтижелерді белгілеу. Табыс критерийлері: -дәлдік;

-белсенділік;

-ұжымдасқан жұмыс;

-уақытты тиімді пайдалану;

«Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушылар жіпті бір-бірлеріне лақтырып өткен сабақ бойынша сұрақтарын қояды.

  1. Атом дегеніміз не?

  2. Молекула деген не?

  3. Жай заттар мен күрделі заттарды қалай ажырата аламыз?

  4. Молекулалардың өзара байланысы мен қозғалысы туралы не айта аласың?

  5. Қандай тәжірибелер атом мен молекуланың ұдайы қозғалыста екенін дәлелдейді?











Тоқыма жіп

Сабақтың ортасы














Интербелсенді тақтадан «Атом деген не?» атты атомның негізгі бөлшектерінің орналасуы туралы бейнематериал тамашалау. Тыңдау, көру, талқылау арқылы сабақтың тақырыбын ашу, мақсатымен таныстыру.

1 тапсырма. Топтық жұмыс.Топтың алтын ережесін сақтау. Оқулықтағы мәтінмен танысу.

«Әткеншек» белсенді әдісі бойынша әр топқа плакатқа жазылған сұрақтар таратылады. Сұрақтар төмендегідей болады:

1. Электрон атомның қандай бөлшегі?

2. Нейтрон неліктен олай аталды?

3. Протонның орналасқан орны қандай?

2. тапсырма. Жеке жұмыс. «Көршіге арналған сөздік диктант» әдісі. Оқушылар сөйлемдерді өздері құрастырады. Мысалы:

1. Нейтрон, электрон, протон................негізгі бөлшектері.

2. Атом құрылысының нақты үлгісін ұсынған ғалым.............

3. Атомнның планетарлық үлгісі.................жылы ұсынылды.

4. Электрон.....зарядты, протон.....зарядты, ал нейтрон.............

3. Тапсырма. Жұптық жұмыс.

Жұптарға мына суреттерді таратып, сызықшалардың орнына атом бөлшектерінің атын жазу.


Интербелсенді тақта

https://www.youtube.com/watch?v=46m-SJp6w5k














Үлестірме қағаздар





Атомның құрылысының суреті









Үлестірме суреттер

http://www.medical-enc.ru/1/atom.shtml


Сабақтың соңы




Кері байланыс.

Сабақтың соңында оқушылар:

Нені үйренгені туралы пайымдай алады;

Өздері түсінбеген мәселелерді айқындайды;

Келесі сабақтағы жұмыс бағыттарын белгілей

алады;

Өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын

белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады .

Қорытынды

Не білді?, Нені білмеді?, Нені білу керек?

Үлестірмелі парақша








Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді қалай жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
АКT-ды қолдану

Тапсырмалар оқушылардың қабілетіне сәйкес беріледі.

Қабілетті оқушыларға салыстыру, талдау, қорытынды жасау, сондай-ақ шығармашылық, логикалық ойлауды талап ететін қиын тапсырмалар беріледі. Қабілетті, қабілеті төмен оқушылардың тапсырманы орындау кезінде бірлесе шешімін табу, меңгерту басты назарда болады..


  • Сұрақ-жауап;

  • Топтық, жұптық, жеке жұмысқа белсене қатысылымы;

  • Бағалау парағы;

  • Кері байланыс.



Қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер

АКТ-ны пайдалану ережесімен барлық оқушыларды таныстыру.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Оқушылар атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын білді.

Сабақ қалыпты деңгейде өтті.

Оқу мақсаты орындалды,оқушылар жаңа сөздердің мағынасын түсінеді, суреттен атом бөлшектерін таба алды,сипаттай білді.


Тапсырмалар сәйкес болды.


Уақытты тиімді пайдаландым.


Жоспарыма өзгеріс енгізген жоқпын.

Қорытынды бағалау

1. Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында қызықты белсенді әдістер қолданылды.

2: Оқушылар жаңа тақырыпты өз бетінше талқылай алды.

2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )?

1:

2:

3. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, /қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Қосымша мәліметтер беру.

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
4325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі