жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Заттардың суда еруі 8 сынып
Мазмұны
І Кіріспе
1.1. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі................................3
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Модульдік оқытудың құрылымы...................................................................5
2.2. Модульдік оқыту технологиясының болмысы..........................................10
2.3. Іс-тәжірибелік жұмыс.....................................................................................17
ІІІ Қорытынды.....................................................................................................23
ІV Пайдаланған әдебиеттер...............................................................................25
І Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.
Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі қызметкерлерін оқытудың ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру ұйымдары іс — әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім , іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы.
Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады [1, 7б.].
1.1. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі
Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық әрекеттің ұйытқысы. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін әуелі қызықтыру жолдарын іздестіру қажет. Химия ғылымына оқушыларды қызықтырып, өзіне тартатын құбылыстар аз емес. Қызығулар оқушының ой - өрісін кеңейтіп, білім алуға талпындырады, іс - әрекетін жеңілдетеді, бір нәрсеге қызығатын болса, ол кез - келген іспен шұғылдану үшін қиындықтарға қарсы тұрып, жеңе біледі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы. Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемімен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды[2, 9б.].
Еліміздің білім беру саласындағы бетбұрыстары педогогикалық халықтық негіздерін білім кеңістігіне кіріктіруге, жаңа ұлттық сипатты мектеп қалыптастыруға, оқыту үрдісінің сапалығын арттыруға, жастарды кәсіби еңбекке даярлауға бағытталған. Егеменді елдің ертеңі оқу - білімімен, мәдениет өркениетімен бағаланады. Елімізде оқытудың мазмұны мен әдістемесін жетілдіру жалпы білім беретін орта дәрежелі оқу жүйесімен тығыз байланысты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне өтуге бағыт алуда.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты - міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту деңгейлік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту. Еңбек рыногында «бәсекелесуге қабілетті жұмыстар мен мамандар даярлау және біліктілігін арттыру» делінген. Шынында да, қазіргі қоғамға қабілетті, талантты, іскер мамандар көптеп қажет. Сондықтан ұстаздар алдында заман талабына сай тұлға тәрбиелеу жауапкершілігі жүктеледі[3, 155б.].
Мектептегі оқу әдісінің негізгі мақсаты - баланың білімді игеруі кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін дамыту. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс - жүзіндегі әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастықты қалыптастыру қажет.
Білім алу — адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы саналы әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағынан, адамның табиғи-генетикалық ерекшелігімен тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі білім беру парадигмасында білім алушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мән беріп отыр. Өйткені, әрекет дегеніміз-саналы мақсатқа тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жалпы білім беруші мен білім алушының бірлескен іс-әрекеті болып табылады. Осыған орай оқытуды екі жақты әрекетке, субъект-субъектілік, диалогтық қарым-қатынасқа құру мәселесі шешімін табуда.
Мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті — оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту. Әр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Модульдік оқытудың құрылымы
Білім беру жүйесі — әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет — өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Жаңа модульмен жұмыс істеу барысында оқушылардың жұмысқа дайындық дәрежесі туралы ақпарат алу үшін білімін және білігіне бастапқы бақылау жүргізіледі қажет болған жағдайда сәйкес жөндеулер жүргізуге болады. Және де әрбір оқу элементін меңгергеннен кейін күнделікті және аралық бақылауды (өзін-өзі бақылау, өзара бақылау, үлгімен салыстыру) алған маңызды. Бақылаудың бұл түрлері білімді меңгерудегі кемшіліктерді көрсетеді және оны шектеуге мүмкіндік береді. Модульмен жұмыс аяқталғаннан соң барлық модуль барысындағы деңгейді анықтайтын қорытынды бақылау жүзеге асады [4, 12б.].
Модульдік оқытуда көбінесе оқушылардың білімін және білігін рейтингтік бағалау қолданылады. Рейтингтік жүйе мөлшерлік шкалаға ұқсас, бірақ олай емес. Рейтинг – бұл ұпай жинау арқылы алынатын нақты сан. Оқу жылының аяғында барлық ұпайлар жинақталып, рейтингтік баға шығады. рейтинг арқылы бағалау осы мамандыққа арналған оқушының дайындығының сапасын сипаттауға мүмкiндiк бередi. Модульдік оқытуада әрбір тапсырма ұпаймен белгіленеді, оның рейтингісі және орындалу уақыты құрылады, және де рейтингтік бақылаудың негізгі принципі – бұл білімді бақылау және бағалау, жүйелі жұмысты ескеруде білік пен дағды. Сол сияқты, оқытудың модульдік технологиясын қолдану кезінде дәрежелі дифференция принципі жүзеге асады. Бұл оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартын игеру ғана емес, білім алудың жоғары сатысына дейін жетуге мүмкіндік береді.
Модульдік оқыту сабағында мұғалімнің рөлі оқушылар жұмысын басқаруға, берілген тапсырмалардың шешу жолдарын тексеруге, кеңес беруге, оқушыларға көмек және қолдау көрсетуге негізделеді. Осының негізінде мұғалім сабақта әрбір оқушымен тілдесе алады[5, 11б.].
Модульдік сабақты қорытындылауда жұмыс қорытындысы шығарылады, балалар тақырыптың оқу элементінің барлық тапсырмалары бойынша қорытынды жасайды және жұмыс дәптерлерін тексеруге өткізеді. Белгіленген уақытынан бұрын тапсырманы орындаған оқушыларға қосымша ұпайлар беріледі.
Модульдік сабақты жүргізу кезінде оқушылардың топтарға бірігіп жаттығуы жүреді, онда бірнеше әлсіз және орташа білімді оқушылар, сонымен қатар міндетті түрде бір білімді оқушы жұмыс жасайды. Осылай, жұмыс барысында білімді мықты оқушы әлсіздерге көмектеседі және өз білімін шыңдайды.
Модульдік технологияны қолдану арқылы жүретін сабақ қосарланған түрде жүреді. Тәжірибе аталған технологияны мектептің жоғарғы және орта деңгейінде енгізуге болатынын көрсетеді. Оқыту процесінің қарқындылығы жоғары болады, егер оқушы өздігінен білім алу тәсілдерін игерген болса. Себебі мұғалімнің басты міндеті – өзінің қамқорлығындағыларды дербес білім алуға, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауға үйрету, оқушылардың интеллектуалды қабілеттерін дамытуға шын ниетімен үлесін қосса.
Модульдік оқытуды қолдану мына жағдайларды көрсетті:
- Ол уақыт бойынша тиімді, жаңа материалды меңгеруде, оқылғандарды қайталауда да тиімді.
- Аталған технология топпен және жеке оқытуға ыңғайлы.
- Аталған технология оқушылардың өсімпаздық әрекетін ұштастыруға мүмкінік береді. Талап етілген стандартты деңгейде материалды сапалы игеруді қамтамасыз етеді. Аталған жұмыс формасын қолданатын сыныпта үлгерімді 100 % ға, ал сапаны 80–85 % ға дейін көтерді.
Модульдік оқыту – қандайда бір жүйенің,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі. Бұл технология қарапайымнан күрделіліге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып. өз қабілеттерін , жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту. С.И.Ожеговтың пайымдауынша «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі.
Яғни, модуль — тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тәрбиеші балалармен оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен –қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр балаға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, тілін дамытады[6, 67б.].
Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады:
· кіріспе –қызықтырушылық
· опериационалдық-танымдық
· рефлексиялық-бағалау
Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін балалардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиімдірік.
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші — операциялық- танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді қарастыру үшін біз Л.Фридманның төмендегідей ережелеріне негізделген тұжырымдамасына сүйенейік:
1. Бала жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызмет жүйесі ретінде қаралады. Олар баланың қисынды ойлауын,қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен баланың қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарындамытуға жағдай жасау.
3.Басқару икемді болуы тиіс. Балалардың іштей өсуі жүргенде ғана білім дәрежесінің артылуына мүмкіндік болады.
4. Балалар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалыққабағытталған болуы тиіс.
5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу білімін даярлағанда тәрбиеші оқу материалынның негізгі мазмұның бөліп,құрастырады.
Мұнда балалар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.Пысықтауды қажет ететін материалды тәрбиеші үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы- күрделі , ізденушілік , шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған балаға , яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады[7, 14б.].
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда тәрбиеші балалардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.
Тәрбиешінің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады.
1.Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі мазмұның белгілеу.
2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру.
3.Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.
4. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.
5. Балалардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.
Модульдік оқытудың құрылымы
Оның мазмұнына:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
5. Нәтижені бағалау:
Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқумодулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды:
· Кіріспе бөлім(модульге, тақырыпқа енгізу)
· Сөйлесу бөлімі(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
· Қорытынды бөлім(бақылау)
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- тәрбиешінің даярлық жүйесі. Тәрбиеші бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.
Бұл технология
-баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:
-танымдық поцестерін дамытуға
— жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:
-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді. [8, 9б.].
Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.
1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.
2. Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдеибеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады[9, 9б..].
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.
Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.
Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны , білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде білім алуына кепілдік береді.
Модельде 3 деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі.
3 деңгей – мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық оқушылар орындауы, білуі міндетті. 2 деңгей – бұған қарағанда күрделірек, ал 1 деңгейді – өзіндік пікірін жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай алады[10, 19б.].
2.2. Модульдік оқыту технологиясының болмысы
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект –субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық – бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу –тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»[11, 112б.].
Бүгінгі таңда М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы. Модульдік оқыту технологиясымен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, казіргі дидактика талабына сәйкес балаларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтік қарым -қатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі мен мүғалімнің жұмысына кейбір өзгерістер түғызады. Біріншіден, оқушы таным процесінің объектісіне емес, субъектісіне, мұғалім білім мен ақпараттың көзіне емес, оқудың ұйымдастырушысын, яғни, «дирижерына» айналады. Екіншіден, мұғалім сабаққа алдын - ала зерттеу жасап, уақытының көпшілігін сабақты даярлауға жүмсайды да, сабақ барысында тек бақылаушы, үйлестіруші функциясын атқарады[12, 74б.].
Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, яғни жадының алуан түрін (есту, көру, қимыл-қозғалыс және т.б.), ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында.
Осыған орай, жоба «Модульдік оқыту технологиясы» деп аталады.Жобаның мақсаты:сабақтардың модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, жобалаудың тиімділігін анықтау.
Жобаның міндеттері:
— Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру;
— Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау;
— Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін құрастыру;
— Модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері;
— Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың маңыздылығы
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді [13, 29б.].
Технология ауқымында оқу процесі мынадай бастапқы жағдайда құрылады: баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып қалыптасады. Технологияда бұған ерекше мән беріледі. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану - әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының бірі. Бұл технологияның маңызды шарты - оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу қүралдарын пайдалануына болатындығы. Сондай - ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеу керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімін құрудағы мұндай тәсілдің оқушы тұлғасын дамытуға жағымды ықпал етеді[14, 37б.].
Оқу модулінің қорытынды бөлімі - бақылау. Сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір - біріне көмегі, бірін - бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы кұпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде
оқушының өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Кесте №1. Сутек. Қышқылдар. Тұздар тақырыбына арналған модуль
№ |
Модуль қүрылымы |
Сабақ саны |
Модульдың мазмұны |
Уақыты |
1 |
Кіріспе |
1 сабақ |
1 .Модульге кіру 2.Сутектің табиғатта таралуы, алынуы З.Физикалық қасиеттері |
45 мин |
|
|
2 сабақ |
|
45 мин |
2 |
Сөйлеу болімі |
3 сабақ |
2. Жаттығу жұмыстары |
25 мин 20 мин |
|
|
4 сабақ |
1. Химиялық қасиеттері 2. Химиялық диктант |
25 мин 20 мин |
|
|
5 сабақ |
1. Тұздардың құрамы, химиялық қасиеттері |
45 мин |
3 |
Қорытынды |
6 сабақ |
1. Тест жүмысы 2 .Шығармашылық жүмыстарды қорғау |
25мин 20 мин |
Қазіргі уақытта оқыту технологияларын химия, биология сабақтарында да тиімді қолдануға болады. Бұндай оқыту әдісі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, енжар оқушылардың өзін аз да болса тапсырмаларды орындауларына мүмкіндік туғызады. 8- сыныпта химия курсы бойынша әр тарауға арнап жеке модуль құрастыруға болады. М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:
1.Кіріспе
2.Сөйлесу
3.Қорытынды.
Әр оқу модулінің сағаты әр түрлі болады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсеткен. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді, ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады[15, 43б.].
Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттеріментаныстырады. Сонан соң осы оқу модулінің барлық уақытына есептелгеноқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Оқушылар бұл кезеңде бағдарламаның аталған тарауын неге және не үшін оқып үйренулері керектігін, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет.
Сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейі, қарапайым білік пен дағдыларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады.
Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен — қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмалар мен зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, жазбаша және ауызша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әрбір берілген оқу материалын сабақта үш күрделілік деңгейінде тыңдау, жазу, көру және айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
3,4-сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай тапсырмалар беріледі (ІІІ және ІІ деңгейлер)
І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне, яғни интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.
Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындалу міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Бұл бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларынешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейлік (жеңілдетілген стандарт, стандартты, стандарттан жоғары) тапсырмалар берілсе, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай бірдей тапсырмалар беріледі [16, 84б.].
Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар бөлек есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушыллардың ғылыми қоғамына (ОҚҒ), конкурстарға ұсынылуы мүмкін.
Бұл технологияда мұғалім оқу процесін басқарып қана, оқушылардың өзіндік дербес танымдық қызметін ұйымдастырады. Ұйымдастырушы, кеңесші, «фасилитатор» рөліне көшу мұғалімнен өзінің сана - сезімін, оқушыларға қатынасын, эмоциялық және ақыл - ой қуатын қайта құруды талап етеді. Оқушы өзара сөйлесудің, оқыта үйрету ойындарының артықшылығын көреді. Оқу материалына бірнеше мәрте қайта оралу, бір күрделілік деңгейінен екіншісіне қиындықсыз өту жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың өз күшіне сенуіне және оларда оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді.
Дарынды балалар сабақта жүйелі түрде, үнемі аса жоғары күрделілік деңгейінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Жаңа технология жүйесінде мәнді ойындардың маңызы зор. Мәнді ойын сабағында әр түрлі мәселелерді талдайды, оларды шешу жолдарын іздестіреді. Ондай дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін және оқуға деген қызығушылығын арттырады. Марал Мәденқызы Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын педагогикалық - психологиялық түрғыдан сараптасақ, оның бірнеше ұтымды тұстарын көреміз:
- оқушының жеке танымдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасалады;
- есте сақтау, ой қорыту қабілеттері дамиды;
- оқушының оқуға деген ынтасын, ерік - жігерін оятады;
- оқушының сөздік қорын, жазба шығармашылық қабілетін дамытады;
- өз бетімен білім алуға, ізденуге, өздерін тұлға ретінде сезіне білуге үйретеді.
Сонымен қатар, модульді - бөлікті жүйемен оқытудың төмендегідей тиімді жолдарын атап көрсетуге болады:
- тақырып ішіндегі оқу материалының дұрыс және жүйелі бөлінуі;
- білім алу тәсілдерін үздіксіз және жүйелі үйрету;
оқу материалының игелілу сапасын, тереңдігін бірнеше рет бақылау мен негіздеу.
Елдің ертеңі оқу білімінің тереңдігімен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты: оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және олардың шынайы өмірдегі дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.
«Шәкірт - нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара түлға етіп дайындау мектептің басты мақсатының бірі
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып,ғ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді[17, 58б.].
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.
Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.
Модульдік оқыту технологиясы – баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өз бақылай білуге үйренеді.
Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі.
Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде.
Осы уақытқа дейін арнаулы оқу орындарында оқу процесі жаңаша педагогикалық ойлауға орай ұйымдастырылмады, оқу процесінде субъект – субъектілік қатынас жүзеге аспады. Өйткені, оқу процесі дәстүрлі оқытуға негізделді.
Атап айтсақ, білімді толық меңгерту әдістемесінде оқытушының жұмысы мынадай жүйеде құрылады :
Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;
Топта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;
Оқытушының материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.);
Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;
Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;
Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы, т.б.) жүргізу.
Бұл технологияның ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқу модулінің құрылымы кіріспеден, диалог (сөйлесу) және қорытынды бөлімнен тұрады. Дәстүрлі сабаққа мұғалімнің дайындығы оқу материалын тиянақты таңдаумен, онда логикалық байланысты құрумен, оқушылардың көрнекті түрде қабылдауына ыңғайлы сабақты сызбалы кестемен ұйымдастыруға негізделген. Бұл жағдайда оқушылар ұсынылған оқу мазмұнын оңай игереді, бірақтанда, мұндай материал жеке адамның шығармашылық потенциалын дамытуға қабілетті емес. Қазіргі уақытта шығармашылық тұрғысында жұмыс жасайтын мұғалімдер өздерінің тәжірибесінде оқытудың инновациялық педагогикалық технологиясын қолданады. Біз өз тәжірибемізде оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы болып табылатын, модульдік оқыту қолданылды[18, 64б.].
Модульдік оқыту – мән-мағынасы жағынан жеке-бағдарлы болып табылатын педагогикалық технологиялардың бірі. Ол оқу үрдісін бір уақытта тиімді етуге мүмкіндік береді, оқытудың мақсатын жүзеге асыруда оның толықтығын, оқушылардың жеке және танымдық дамуын қамтамасыз етеді. Аталған технология оқыту нәтижесінде жұмыс істеу барысында оқу, ғылыми және апараттық әдебиеттерді өз беттерінше игеруге негізделген. Модульдік технология оқушының танымдық әрекетін өзін-өзі басқаруы үшін кең мүмкіндіктермен қатаң басқаруға жол береді. Модулдiк оқыту химияның мектеп курсында сабақ беру мәселесін жаңартудың шешiмiн табу үшiн қосымша мәлiметтердi оның қосымша базасы және материалдың тиiмдi әдiстерден табуда қолданылады.
Аталған технологияның маңызды жетістігене интеграциялық сапа, немесе біріккен мазмұн жатады. Әр модульге біріккен кешен технологиялары арқылы жетеді. Проблемалық, алгоритмдік, бағдарламаланған, ойша әрекетердерді «толық игеру» сатылап қалыптасады. Модульдік оқыту оқушының оның қажеттіліктеріне сәйкес білімдік мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Модульдік оқытудың жаңа парадигмасы – оқушы өзі оқиды, мұғалім оқытумен негіздеуді басқаруды жүзеге асырады. Мұғалімнің рөлі алмасады. Ол дәлелдеуді, ұйымдастыруды, үйлестіруді, кеңес беруді, бақылауды талап етеді. Бұл технологияны қолдануда оқушыны мұғалімді тыңдатудың, жаттығулар мен тапсырмаларды шешуде қинап орындатудың қажеттілігі жоқ. Модуль оқушының интеллектісінің, дербестілігінің, ұжымдылығын, оқу – танымдық әрекетін басқара білу қабілеттілігінің дамуын қамтамасыз етеді. Модульдік технология оқушылардың оқу әрекетінің белсенділігіне негізделген, оқу материалының мазмұны тез және сапалы қабылдауға болатын тақырыптарды қамтиды. Химия сабағында модульдік технологияны қолдану әрбір оқушының дербестік қабілеттерін дамытады, оқу-танымдық әрекетінде нақты мақсатқа жетуге, білімді игеру деңгейін өздері анықтауға, білім мен біліктегі аралықты көруге, оқу-әрекетінде өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға үйретеді[19, 27б.].
2.3. Іс-тәжірибелік жұмыс
Қазіргі таңдағы білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпал етуге бағытталған. Себебі, қоғамның дамуына қызмет ететін — Адам. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында білім беру жүйесінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдаудағы орнын атап көрсете келіп, “жеке адамның қабілетін шыңдауда білім, білік, дағдыны қамтамасыз ету үшін білім берудегі негізгі буын – мектеп екені анық көрсетілген”. Ал бүгінгі мектеп – орта білім беру ұстаханасы екендігін ескерсек, ол уақыт талабына сай болуы үшін білім саласындағы инновациялық процестер барынша дамытылуы тиіс.
Адамгершілік құндылықтарға негізделген жаңа білім парадигмасының қалыптасуы жағдайындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен түрлі қарама-қайшылықтар өз бетінше дами алатын, ізденімпаз тұлға даярлау бағытында білім жүйесін реформалау, оқу процесінің мүмкіндігінше ғылыми ізденіске жақындату мәселесін алға тартуда. Осы мәселенің шешілуінде орта мектепте білім беру процесінің, оның ішінде химиялық білім беру мен оның мазмұндық болмысына жаңа әдіснамалық тұрғыдан келуді талап етеді .
Оқыту процесі әрқашан мұғалімнің басшылығымен өтеді. Білім алу, біліктену және дағдылану процессі. Оны «оқыту» деп атап жүрміз. Ал “оқыту” ұғымы оқушылардың жүйелі білімі мен білігін, дағдысын қалыптастыруға, таным және ізденушілік қабілетін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс. Олай болса, оқытып үйрету мен оқып үйрену оқыту процесінің екі ерекше қыры. Оқытудың сапалы нәтижесі мұғалім мен оқушының белсенді әрекетіне (оқыту және оқу) тығыз байланысты [20, 89б.].
Әлемдік әдістеме тарихында оқытуды ұйымдастырудың бірнеше жүйесі мәлім. Оқытудың анағұрлым ерте, тарихи қалыптасқан ұйымдастыру жүйесі – оқытудың жеке дара – топтық жүйесі. Кейін оның орнына 17- ғасырда чехтың ұлы ағартушысы Ян Амос Коменский ұсынған оқытуды ұйымдастырудың жаңа жүйесі келді. Ол – оқытудың сыныптық – сабақтық жүйесі болатын. Аталған жүйе дамып жетіле бастағанда Англияда негіз алған оқытуды ұйымдастырудың белль- ланкастер жүйесі пайда болды. 19 және 20-ғасырлардың шебінде Еуропа елдерінде оқытуды ұйымдастырудың лангеймдік жүйе деп аталатын формасы бой көтерді. 20 ғасырдан басында АҚШ-та тұңғыш рет дальтон – жоспар деген атпен мәлім болған оқытуды ұйымдастыру жүйесі кең тарады. Аталғандардан басқа, бригадалық- лабораториялық жүйесінің бағыттары айқындалып, тәжірибеге енгізілді.
Сөйтіп, ұйымдастыру сөзі, 20-ғасырдың аса маңызды ұғым ретінде танылса, 21- ғасырда қолданбалы құралға айналмақ. Бұл айтылған тезисті терең түсініп, дұрыс жолға қоймайынша, тіпті адамзат қауымының үндесе жетілген өркенін көз алдыңа елестету қиын. Өйткені, әрбір жеке тұлғаның іс-әрекеттерінен бастап, мемлекеттің басқару жүйелеріне дейін, тіпті келешекте дүниенің тұтқасы болмақ ғылым мен білімнің жемістілігіне, тек дұрыс ұйымдастыру шеберлігін жете игергенде ғана қолымыз жетпек. Ендеше, бүгінгі таңда пәнді оқытудың жаңа технологиясын іздестіріп жатқан кезде мынадай мәселелерді қайта қараудың мезгілі жетті деуге болады: алдымен пәннің мазмұны мен құрылымын ғылыми тұрғыда сұрыптау және сабақты оқытуды ұтымды ұйымдастыру.
Әлемдік модульдік оқыту тәжірибесінде оқытудың мынадай жүйелері қолданылуда: алгоритмдік, оқытуда өзін-өзі басқару, аудиовизуальды, автоматталған басқару және бағдарламалық.
Демек, әдістерді таңдау және оны қолданудың қарапайым жолын ғана игеруге болмайды. Ол үшін әрқашан нақты жағдайларды ескеру қажеттігі туралы диалектикалық қағиданы ескеру керек[21, 15б.].
Ғалым – ағартушы А. Байтұрсынұлы 1928 жылы “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланған “Қай әдіс жақсы” деген мақаласында “Әдіс деген қатып семіп қалған догма емес” деген тұжырым айтады. Ғұлама ғалым одан әрі ойын былай сабақтайды: “Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу. Әдіс керектіктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орынның керек қылуына қарай.” Сөйтіп бұл ойын: “Әдістің де озығы бар, тозығы бар, әрбір ұлт тіліне лайықты — лайықсызы бар, қолайлысын таңдап алу да күрделі іс” — деп түйіндейді.
Енді келесі бір мақаласында бұл ойын: “Әдісін алғанша қай істе болса қиын болады. Әдісін алған соң қайсысы да болса оңайланады. Әдісін алғаннан соң, кейін батылырақ қимылдайтын болады, онан әрі батылырақ жүретін болады, онан соң қалай болса солай жүретін болып әбден төселеді, төселгеннен әрмен басқалармен жарысып өнер салыстырарлық дарежеге жетеді” – деп жалғастырады.
Әдістемелік тұғырнамамыздың негізі ретінде алып отырған, ұлы ұстаздың бұдан 70-тен астам жыл бұрын көрегендікпен айтып кеткен осы тұжырымының күні бүгінге дейін ғылыми-әдістемелік, тәлімдік мәні зор екені даусыз.
Нақты педагогикалық жағдайда мұғалімнің өзі ғана тиімді әдіс таңдай алады. Бірақ бұл әдістерді сұрыптаудың нақты өлшемі жоқ дегенді білдірмейді. Әдістерді сұрыптау барысында жеке тұлғаның даму мақсаттары мен міндетттерін ескерген өте маңызды[22, 32б.].
Модульдік бағдарламалада білімді жүйеге келтіру және қорытындылауда рольдік ойын, сынақ түріндегі өткізілетін сабақтар да қарастырылған. Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын қорытынды тексеру сынақ түрінде жүзеге асырылады. Сынақ кезінде белгіленген сұрақтар бойынша жауап береді немесе эксперимент және сан есептерін шығарады. Оқушыларды толық қамту үшін жартылай жазбаша (химиялық диктант, бақылау жұмысы), жартылай әңгімелесу түрінде өткізілуі мүмкін. Химияны модульдік оқытуда мектеп бағдарламасы бойынша өткізілген сабақтар санымен салыстырғанда сағат саны ұтымды пайдаланылады. Оқушының танымдық іс-әрекеті тиімді ұйымдастырылады. Ұсынылған оқу материалын оқушылар толық игеруге мүмкіндігі болады.
9-сынып химия пәнінен модуль арқылы өткізген сабағымда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырып, бірлескен іздену іс-әрекетінің мүшесі қызметін атқарып қана қоймай, модуль арқылы өткізген сабақтар құрылымын ойластырғанда оның барлық бөлімдері арасындағы сабақтастық пен оған бөлінетін уақыттың сәйкестігін ескерген жөн. Орындалатын жұмыстарға уақытты тиімді бөлу – педагогикалық еңбектің ең негізгі элементі.
Үнемделген сағаттарды теориялық білімді пайдалана отырып, эксперименттік есептер шығаруға жіберіледі.
Оқушылардың модуль оқу мазмұнын толық игергендігін білу үшін деңгейлік тапсырмалар орындалады, бұл кезде әр оқушының өзінің білімінің олқы жақтары анықталынып, түзету, толықтыру мүмкіндігі болады.
Оқушылардың материалды толық игеруге:
ондағы материалды бірнеше рет салыстырмалы түрде қайталануынан;
әр сабақта барлық оқушыдан іс-әрекет кезінде еске түсіру мүмкіндігінің болуынан;
эксперименттік есептер шығару арқылы теориялық материалдарды қайталау мүмкіндігінің болуынан барлық жағдай жасалған. Сондықтан да мұндай жағдайда мұғалім алдына қойған мақсатқа толық жете алды деп айта аламыз. Мақсаттың анық болуы, білік пен дағдының көрсетілуі, оқушыға да өз бетінше білім алу мен уақтылы толықтырулар жасауға мүмкіндік береді.
Химия пәнін 8-11 сыныптарда модульдік оқытуда, деңгейлік тапсырмаларды дайындау – бұл оқу процесінің негізгі жетістіктері мен олардың арасындағы байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.
Оқыту тапсырмаларының проблемасының түрлі аспектісін зерттеген М.А. Ушакова тапсырмаларды білімді жүйелі меңгеру құралы ретінде қарастырады. Н.А. Гузиктің айтуынша тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ал П.П. Воронина тапсырма – алынған білімінің сапасын бақылау және бағалау деп түсіндіреді.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сабақтың негізгі бөлімінде жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына «өсу бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан продуктивтік сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілетін, жадын, ынтасын, ойлауын дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы ретінде 9 – сынып оқулығынан металдардың периодтық жүйедегі орны тақырыбын қарастырсақ:
Модуль І. Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдар атомының құрылысы. Металдардың физикалық қасиеті. Құймалар туралы жалпы түсінік.
Оқушыларға металдардың периодтық жүйедегі орналасу тәртібін және металл атомының құрылысының ерекшеліктерін түсіндіру. Химиялық байланыс типін және кристалдық торын анықтау. Металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін химиялық байланыс типі және оның атомының құрылысы негізінде түсіндіру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Қажетті көрнектілік: “кристалдақ торлардың типтері,” ”Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі” кестелері.Бұл модульде қолданатын әдіс дәріс және әңгімелесу .
Сабақ ұйымдастырудан басталады. Сонан соң мұғалім жаңа сабақтың мазмұнын игеру барысында, яғни “металл” ұғымы және периодтық жүйеде орналасу тәртібі туралы мынадай сұрақтан бастайды.
— Сіздердің металдар ұғымы туралы түсініктерің қандай?
Металдар тек жай зат емес, сонымен қатар химиялық элемент.
— Элементтің қандай қасиетіне қарап металдарға жатқызуға болады?
— Металл- химиялық элемент периодтық жүйеде қайда орналасады?
— Қандай элементтер металдар ма, әлде бейметалдар көп пе?
Осы айтылғандарды мұғалім былай қорытындылайды:
Металдар – химиялық элемент және жай заттар.
Химиялық элементтер – металдар периодтық жүйенің сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан.
Металдардың атомының құрылысы негізінде физикалық қасиеттерін қарастырып,” металдық байланыс” ұғымына түсінік беру.
Жай зат ретінде металдарға қандай қасиеттер тән?
Металдық жылтырлық , қаттылық, электрөткізгіштік , жылуөткізгіштік, пластикалық.
Осы жай зат – металдарда химиялық байланыстың ерекше түрі — металдық байланыс болады. Оның түзілуі былайша жүреді:
Металдың қызған буы салқындағанда, бір-бірімен ковалентті байланыспен байланысқан атомдар немесе молекулалар жақындасып, үлкен атомдық өлшемдерге жетеді де, молекулалар ара қашықтығы мен молекуладағы атомдар ара қашықтығы бірдей болады. Атом ядросы электрондарды ұстап тұра алмай , оларды оң зарядталған иондарға бөліп жібереді. Электрондар металл бойымен бос қозғалып жүреді.
Төмендегі берілген коваленттік, иондық және металдық байланыстарды салыстыру кестесімен танысыңдар (2-кесте).
2-кесте — Химиялық байланыстарды салыстыру
Байланыс түрі |
Ұқсастығы |
Айырмашығы |
Коваленттік байланыс |
электронның болуы |
Екі атомның арасын-дағы электрондар |
Иондық байланыс |
Ионның болуы |
ионның болуы |
Металдық байланыс |
электронның болуы, ионның болуы |
металл атомдарында металл ионының болуы. |
Металдардың физикалық қасиетін қалай түсіндіруге болады? Металдық байланыстың болуымен бе?
Мұғалім осы сұрақтарды былай түсіндіреді.
Металдық жылтыр -металдар өз беттерінен күн сәулесін шағылыстырады. Бұл металдың мөлдір еместігін және оның металдық жылтыры болатынын дәлелдейді.
Металдардың электрөткізгіштігі және жылуөткізгіштігі металдардағы бос электрондардың болуына байланысты болады.
Hg Pb Fe Zn Mg AІ Au Cu Ag жоғарылайды
Металдардың иілімділігі – кристалдық торда иондар байланыспаған, олардың жеке бөліктері бір-біріне салыстырмалы бос қозғала алады. Ең иілімді металл – алтын.
Металдардың қаттылығы – металдық байланыстың беріктігіне себеп болатын қозғалғыш электрондар – бір-бірінің жеке бөліктерінің айырылуына кедергі жасайды. Ең қатты металл – хром, ең жұмсақ металл – литий.
Металдардың мортсынғыштығы – бұл элементтердің атомдарының 5-7-ге дейін бос электрондары болады. Бос электрондардың көп болуы иондардың жеке қабаттарының беріктігін ұлғайтып, электрондардың бос қозғалуына кедергі жасайды, ал металдардың иілімділігі төмендейді.
Металдардың тығыздығы – металл атомының радиусы мен металл атомының массасына байланысты. Металл көлемінің бірлігінде металл атомының саны көп болса, соншалықты оның тығыздығы жоғары болады.Металдардың балқу температурасына тоқталсақ — ең төмен балқу температура — сынапта, ал ең жоғары балқу температура- вольфрамда екен.
Металдық қасиеттері бір-біріне ұқсас болғандықтан әртүрлі металдар кейбір жағдайда металдық байланыс түзеді, осыған байланысты олар балқыған кезде бір-бірімен араласып құйма түзеді. Құймалар металдарға қарағанда әртүрлі қасиеттерге ие. Құймаларды түзілуіне қарай былай бөледі: а) қатты ерітінділер (күміс пен алтын), ә) металдардың механикалық қоспасы (қалайы мен қорғасын), б) интерметалдық қоспалар (магний мен қорғасын, магний мен мырыш).
Өзімізге белгілі мынадай құймалар бар. Қола – мыстан және 40% қалайыдан, мельхиор – мыстан және 33% никельден, жез – мыстан және 50% мырыштан, дюраль – алтын, мыс, марганец және магнийден тұрады, ал 90% платина және 10% цирконийден тұратын құймадан массалық эталондар дайындайды.
Жоғарыда айтылған мәліметтерді бекіту үшін мынадай сұрақтар мен тапсырмаларды орындау қажет.
1) Металдардың мортсынғыштығын қалай түсіндіруге болады? Ең мортсынғыш металл қайсысы?
2) Металдардың электрөткізгіштігін қалай түсіндіруге болады? Ең электрөткізгіш металл қайсысы?
3) Реттік нөмірі 12 және 20 элементтердің атом құрылысының ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңдар.
Жалпы айтқанда осылайша ұйымдастырылып өткізілген модуль бойынша өткізілетін сабақтарда мұғалімнің барлық оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндігі болады. Сөйтіп оқушы өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модуль арқылы мақсатталған нәтижеге жетеді.
Оқушыға химиялық білімді терең меңгертуде деңгейлік тапсырмалардың пайдалану оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін, химия пәнін оқуға деген ынтасының жоғарылуына мүмкіндік береді[23, 29б.].
ІІІ Қорытынды
Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология[24, 61б.].
Қорыта айтқанда, оқушыларға тілдік коммуникативтік білім беруде М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде өте жоғары деңгейде. М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту жүйесі арқылы тіл дамыту іске асады.
Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
1. Уақыт үнемделеді.
2. Сабақтың сапасын көтереді.
3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.
4. Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.
Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада
Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру.
Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру.
Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету.
Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу
Оқушының білім деңгейін дәл анықтау.
Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану- мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің факторы болып табылады.
Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі.
Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазір арнайы пәндерді нәтижелі үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сол себепті білім жүйесінде көптеген жаңа технологиялар қолданылып жүр. Оқушыларды еңбекке, шығармашылық пәндерге деген ынта-ықыласын арттыру үшін дизайн мамандығына осы жаңа технологиялардың бірі — модульдік оқыту технологиясын қолдануға болады.
Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.
Қазіргі таңда оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды өмірге қажетті өз болашағына азық болатын тәрбие беру де қолға алынуда.
Жоғарыдағынын бәрін қорытындылай келе «Модульдік оқыту технологиясы» атты жобамыздың соңына да келіп жеттік. Алға қойылған міндеттер мен мақсаттар толығымен орындалды. Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауынан. 17 қаңтар 2014 жыл // Егемен Қазақстан. 18 қаңтар. 2014 ж.- 7б.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. — Алматы, 1999, — 9б.
Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998ж.- 155б
Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл. 12б
Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, 11б.
Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл. 67б
Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 жыл14б.
Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы 2002 жыл 9б.
Нұрахметов Н.Н, Досанова Б.Б. Химияны модульдік оқыту әдістемесі // Ізденіс. №3, 2004, 187 — 9б.
Нұрахметов Н.Н, Досанова Б.Б. Химияны оқыту білігі деңгейін анықтауда тапсырмалардың ерекшеліктері // Ізденіс. №2, 2004, 19 б.
Верховский В.Н., Гольдфарб Я.Л.,Сморгонский Л.М. Методика преподавания химии в средней школе . Москва, 1996, — 112б.
Гузик Н.В. Инновации в мировой педагогике. Рига, 1995, — 74б.
Воронина Л.П. Межпредметные задания в учебниках как средство обучение учащихся умственной деятельности // Проблемы школьного учебника. Выпуск 12. Москва, 1983, — 29б.
К.Ж. Бұзаубақава. Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық) Тараз. ТарМУ,2003ж 37б.
Қ. М. Нағымжанова. Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің 43б
Қ. Өстеміров, А.Айтбаева, Қазіргі білім беру технологиялары,84б.
Қ.Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технология, Тараз, Тар.МУ,2003ж 58б.
Артықова Т., Төлеуова М. «10-сыныпқа арналған 64б.
Бахарев М.А. «Ойды түгел жеткізу»-Москва, 1998 ж. 27б.
Грузинская И.А. «Методика преподавания английского языка»-Москва, 1997ж. 89б.
Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы»-Ақтөбе, 2004ж. 15б.
Халперн Дайана. Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы. 32 б.
Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. 29б.
3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы студентті Алма-Ата, 2002. 61б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген