400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Заттардың суда еруі "8-сынып ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сынып химия сабағына керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

Күні:

«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп»КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Әдібекова Гүлмира Өмірсерікқызы

Сынып: 8 сынып

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Заттардың суда еруі

Оқу мақсаттары

8.3.4. 1 -заттарды судағы ерігіштігін анықтау

8.3 .4. 2 – ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Заттардың суда еритіндігін біледі, жіктейді.

Оқушылардың басым бөлігі: Ерігіштік, еріткіш, ерітінді, еріген зат туралы мәліметтерді біледі.

Кейбір оқушылар: Ерітінділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын айта алады.

Бағалау критерийі

Суда ерігіштігіне байланысты заттарды жіктейді

ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын айтады

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.

Ерітінді, ерігіштік, еріткіш, еріген зат.

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер.

  • Еріткіш молекулалары мен еріген зат бөлшектері бір бірімен физикалық және химиялық әрекеттескен біртекті жүйе ______ деп аталады.

  • Берілген темпаратурада 100 г еріткіште ери алатын максималды массасымен анықталатын ұғым_______ деп аталады.

Құндылықтарға балу

Сын тұрғысынан ойлау дағдысын, қарым - қатынас жасау қабілетін дамыту, ұжымшылдыққа, алған білімін өмірде пайдалануға үйрету.Дара,дана тұлға - Абай Құнанбаевты дәріптеу

Пәнаралық байланыс

Математика, физика, жаратылыстану

Алдыңғы білім

Кристалдық тор



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2мин













5мин

Ұйымдастыру кезеңі. Organizational moment

Сәлемдесу. Good afternoon dear children! I’m very glad to see you! How are you today? What date is it today? Who is absent today?

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру үшін оқушылардың көңіл күйлерін сабаққа аудару.

«Менің  көңіл - күйім»
Сабаққа  дейін -------------------Сабақтан  кейін
Жақсы --------- Орташа ------------- Көңіл – күйім  жоқ (Әр  оқушыға таратылады.)
                               

Алдыңғы білімді тексеру: Activating previous knowledge:

«Фигуралар сөйлейді» әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға таратылады.Фигуралардың түсін қазақша,орысша,ағылшынша айтып,артындағы сұрақтарға жауап қайтару.

  • Химиялық байланыстың неше түрі бар?

  • Химиялық байланыстың түрлерін ата?

  • Ковалентті байланыс қалай түзіледі?

  • Иондық байланыс қалай түзіледі?

  • Ковалентті полюсті байланыс деген не?

  • Ковалентті полюссіз байланыс деген не?

ҚБ.Оқушылардың жауаптары«Мадақтау» әдісі арқылы бағаланады.

(Өте жақсы! Жақсы! Қанағаттанарлық!)












Әр түрлі пішіндер









сұрақтар

Сабақтың ортасы














10 мин














































10 мин








5мин

Сабақтың барысы:

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі- бұл өлең жолдары кімдікі,ол кім,неге ұлы дейміз,туылғанына неше жыл толды,не туралы айтылған.Оқушылар –Абай Құнанбаев туралы айтады

Ерітінділер тақырыбы бойынша bilimland.kz сайтынан «Заттардың суда ерігіштігі» тақырыбында бейнежазба көрсетіледі. Оқушылар бейнежазбадан не көргендерін өз сөздерімен түсіндіреді.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Пайда болған сұйықтықтардың сырт көзге судан айырмашылығы болмаса да ( тұз бен қантты еріткен жағдайда ) оларды су деп атауға болмайды. Бұлар ерітінділер.

Еріткіш малекулалары мен еріген хат бөлшектері бір бірімен физикалық және химиялық әрекеттескен біртекті жүйе ерітінді деп аталады.

Сұйық ерітінділер - судағы тұз, қант, спирт ерітінділері.

Қатты ерітінділер - металдың құймалары.

Газ тәрізді ерітінділер – ауа және басқа газдар қоспасы.

Заттардың суда ерігіштігі бірдей емес екендігі іс жүзінде анықталған. Заттардың ерігіштігін сипаттау үшін «Еріткіш» ұғымы енгізілген.

Ерігіштік – берілген температурада 100 г еріткіште ери алатын заттың максималды массасымен анықталады.

Заттар ерігіштігіне қарай жақсы еритін, аз еритін және іс жүзінде ерімейтін болып бөлінеді.Жердегі тіршіліктің пайда болуымен дамуындағы ерітінділердің маңызы өте зор.Тіршілік мүхиттан бастау алған деген теория – организмнің пайда блуы туралы теориялардың бірі. Мұхиттағы тірі организмдер өсіп жетілуіне және дамуына қажетті қоректік заттарды мұхиттағы ерітіндіден алған.Адам ағзасында да физиологиялық маңызды ерітінділер бар.Ағзадағы түрлі процестер ерітінділерде жүреді. Мысалы асқазанда тағам қорытылғанда қоректік заттар ерітіндіде өтеді. Табиғатта сулы ерітінділер топырақ түзу процесіне қатысады және өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Техникада сода, тыңайтқыш, қағаз алу сияқты процестер ерітіндіде жүреді. Ерітінділердің адам өміріндегі маңызы зор болғандықтан оларды оқып үйрену өте маңызды.

Сабақты негіздеу мақсатында оқушыларға мынадай тапсырмалар беріледі.

Тапсырма № 1 (1-task)Топтық жұмыс

Жұмысты бастамас бұрын сыныпты түрлі түсті таяқшалармен 3 топқа біріктіремін.

І топ. Ерітінді

ІІ топ. Еріткіш

ІІІ топ. Еріген зат

"Бірге ойлаймыз" әдісі

І топ.

Суға құм салып араластырамыз.Құмның суда еруін анықтау. Байқаған құбылысты салыстырып, тиісті қорытынды жасаңдар.

ІІ – топ

Қантты сынауыққасалып,үстіне шамалы су қүйып,оны жақсылап шайқаңдар.

ІІІ – топ

Топырақтың суда еруін анықтау

Жұмыстың барысы

Не байқадың?

Қорытынды




Дескриптор:

  • Заттардың судағы ерігіштігі бірдей еместігін анықтайды;

ҚБ. «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағаланады

Тапсырма № 2 (2-task) «Кім жылдам» әдісі /деңгейлік тапсырма/

А. 1) Ерітінді дегеніміз не?

2) Ерітінді нешеге бөлінеді?

3) Ерітінділердің түрлерін ата?

Б. 1) Ерітіндінің қандай құраушылары еріткіш және еріген зат деп аталады?

2) Заттар ерігіштігіне қарай нешеге бөлінеді?

С. 1) Адам ағзасындағы ерітіндінің маңызы қандай?

2) Табиғаттағы ерітіндінің қандай маңызы бар?

ҚБ. «Фигуралар» - арқылы бағалау

Shape2 Shape1 Shape3




Абай Құнанбаевтың өлеңі







Бейне жазба










Слайд көрсету



















































Үлестірме қағаздары.

Сабақтың соңы


5 мин






2 мин



1 мин

«Үш тіл-тұғырым» терминдік сөздікпен жұмыс

Кілт сөздер - Key words

  • Сұйық зат – жидкая вещества – liquid substance

  • Қатты заттар – твердая вещества - solid substance

  • Газ – газы - gasses

  • Ерітінділер- растворы-solutions

  • Еріген зат –растворенное вещество -permeate

Кері байланыс.Сабақ соңында оқушылар «Аргумент» әдісі арқылы

рефлексия жүргізеді:

Менің бүгінгі сабақтағы көңіл күйім................болды, себебі...................

Мен сабақта ......................жұмыс жасадым, себебі..............

Тақырып мен үшін.................болды, себебі

Үйге тапсырма: Терминдерді жаттау Understand terms

Терминдік сөздікпен жұмыс







рефлексия

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау



Тексерілді:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
3631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі