400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заттың агрегаттық күйлері. Қаныққан және қанықпаған булар

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттың агрегаттық күйлері. Қаныққан және қанықпаған булар түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Заттың агрегаттық күйлері

Мектеп: Б. Жұмалиев орта мектеп

Күні: 18.10.18ж

Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсенбай Ж.Ж.

Сынып: 8 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Булану және конденсация.

Қаныққан және қанықпаған булар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.5 молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау;

8.3.2.13 заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;

8.3.2.14 су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • булану, қайнау және конденсация құбылысын сипаттау;

  • заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;

  • қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын түсіну.

Бағалау критерийлері

1. Булану / конденсация процесін сипаттайды.

2. Қайнау және кебу процесінің бір-бірінен айырмашылығын біледі.

3. Қайнау және кебу процестерінің қандай факторларға байланысты екендігін зертейді.

4. Қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын түсінеді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар білуі тиіс: Оқушылар булану, конденсация, қайнау процесстерінің және қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын ауызша түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Газ – газ - Gas [gæs]

  • Бу – пар – vapor [veipә]

  • Булану – испарение - vaporization [veipәraizeiʃn]

  • Конденсация – Конденсация – condensation [kᴐndenseiʃn],

  • Қайнау – кипеть – boil [bᴐil],

  • қаныққан бу – насыщенный пар - saturated vapor [sætʃәreitid veipә]

  • қанықпаған бу - ненасыщенный пар - unsaturated vapor [ʌnsætʃәreitid veipә]

  • қайнау температурасы – температура кипения - boiling temperature [bᴐiliη tempritʃә]

  • сублимация – сублимация – sublimation [sʌblimeiʃn]

  • десублимация – десублимация – deposition [depәziʃn]

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Булану дегеніміз -............ процессі.

Конденсация – бұл ................ процессі.

Булану және конденсация бір-біріне ..................

Булану кез келген ..................... жүзеге асады.

Температураның артуымен – булану .................артады.

Құндылықтарды дарыту


Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, өзара ынтымақтастық, топ ережесін сақтау және өмір бойы білім алу құндылығын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар


Заттың молекулалық құрылымын қарастырғанда химия пәнімен байланыс.

Бастапқы білім


Оқушылар алдыңғы сабақтан заттың агрегаттық күйлерін біледі. Өткен сабақта алған білімдері сұрақ- жауап арқылы еске түсіріледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин



Өткен тақырыптарға байланысты үй тапсырмасының орындалуын бақылау

7 мин

















2 мин

1. Топтарға бөлу «Ғалымдар суреттері» арқылы. Пазлдарды құрастыру арқылы топқа бөлінеді.



2. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Үйде жасалған эксперимент бойынша есеп. Балқу және қатаю процесі бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Зат бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге өткенде болатын процестерді сипаттайды

  • Температурасы өзгереді

  • Ішкі энергиясы өзгереді

  • Күйі өзгереді

  • Молекулаларының орналасуы өзгереді

  • Пішіні өзгереді .

Оқушылардың жауаптарын ескере отырып, кері байланыс ұйымдастыруға болады.

3. Ой қозғау. Шыны әйнекке демаламыз. Оқушылар не байқалғанын, қандай құбылыс екенін түсіндіреді. Суреттен қандай процессті байқауға болады? Оқушылардың ойларын тыңдау.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • булану, қайнау және конденсация құбылысын сипаттау;

  • заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;

  • қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын түсіну.






Мультимедиялық проектор, программалық қамтамасыз ету

Bilimland.kz сайты, quizlet.com сайты










Шыны мөлдір әйнек

Bilimland.kz сайты, quizlet.com сайты

Сабақтың ортасы

7 мин
















10 мин




















5 мин

















4. Түсіндіру. Мұғалім тәжірибе көрсетеді. Оқушылар көрсетілген тәжірибеге қорытынды жасайды.

Қайнаудың қандай факторларға байланысты екенін анықтау және қорытынды жасау.

1) Массалары әр түрлі суды қайнатып қайнау уақытын анықтау

Бағалау критерийлері:

1. Қайнау процесін біледі,процесті түсінеді

2. Тәжірибеге қорытыды жасай алады.

Оқушылар әр түрлі заттардың қайнау температуралары әртүрлі, массасы жоғары сұйықтың қайнау уақыты ұзағырақ және жылу көбірек берілген сайын қайнау тез жүретінін түсінулері тиіс. Мұғалім кері байланыс бере отырып тәжірибе нәтижесіне жалпы қорытынды жасайды.

Топтық жұмыс. 1-топ: Булану процесі табиғатта, тұрмыста кездесуі

2-топ Конденсация процесі табиғатта, тұрмыста кездесуі

3- топ Қаныққан және қанықпаған булар

4-топ Кебу процесі

Бағалау критерийлері:

1. Кебу, булану, конденсация процесстерін біледі;

2. Тәжірибеге талдау жасай алады.

Мұғалім жұмыс нәтижесін ескере отырып кері байланыс үйымдастырады. Оқушылар булану және конденсация процессін сипатап, оның неден тәуелді екенін және қайнау мен кебудің айырмашылығын білуі тиіс.

Қаныққан және қанықпаған бу ұғымының физикалық мағынаын түсундуру үшін виде көрсетілімді қолдану

http://www.bilimland.kz/index.php/kz/

Қаныққан бу қысымы атмосфералық қысымға теңескен кезіндегі температура қайнау температурасы деп аталады.

Оқушылар, қайнау - сұйықтың барлық көлемінде (тек қана бетінде емес, сондай-ақ сұйық ішінде) және тұрақты температурада өтетін булану екенін түсінулері тиіс.

5. Сабақты бекіту

Plikers.com программасы бойынша сабақты бекіту сұрақтары қойылады.

1. Графикте үш сұйықтың қыздырылыуы көрсетілген.

а) Екінші сұйықтың қайнау температурасы қандай?

b) Бұл қандай сұйық?

с) Қыздырылу басталғаннан кейін бірінші сұйық неше минутта қайнады?

Бағалау критерийлері:

  • Температураның уақытқа тәуелді графигін түсінеді

Қыздырғыш плитка, термометр, су, май.



































Қосымша 1

















http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b797d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/2_5.swf



















http://www.bilimland.kz/index.php/kz/





Қосымша 2

Plikers.com сайты

Сабақтың соңы

4 мин

6. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтарға жауап жазбаша жазылады

7. Үйге тапсырма: тақырып соңындағы эксперименттік тапсырма. Сөздік жаттау


Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топ ішіндегі оқушы жұмысын бақылау. Тәжірибеге қорытыды жасай алу дағдыларын бақылау. Өздік жұмыс нәтижесін қолдану.


Тәжірибе жасағанда және топтық жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау. от жалынына әр түрлі сұйықты қыздырғанда абайлау керек.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі