|
Пәні: Сауат ашу
|
Мектеп:"Тоқсансай" жалпы орта
мектебі
|
|
Күні 05.05.2017ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Халжанова
А
|
|
Сынып:
1
|
Қатысқандар саны:14
|
Қатыспағандар саны
|
|
Сабатың тақырыбы
|
Денсаулық зор байлық
Заттың атын білдіретін
сөздер.
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай
сөйлеммен білдіру /ұнайды,ұнамайды/.
1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем
соңына тыныс белгілерін қою.
1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін
қолдана білу.
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы: Жаңа білімді
меңгереді.
Көбшілігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші
сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана
алады.
|
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс
қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете
алады.
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Денсаулық
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне
тәрбиелеу.
|
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика , музыка
,дүниетану
|
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Таныстырылым ролик .карточкалар
|
|
Бастапқы білім
|
Сөз туралы мағлұмат бере
алады.
Жұптар арасында диалог
жүргізу
|
|
Сабақ барысы
|
|
|
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру
3
минут
5минут
|
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға ізетпен,
Бас
иеміз біз.
Оқушылардың
назарын сабаққа аудару
Оқушыларды геометриялық
фигуралар арқылы топқа бөлу, топ аты мен басшысын
тағайындау.
Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру: сабақ өтілу формасы – ұжымдық
және топтық екенін түсіндіру.
"Алтын
балықтың аквариумы" арқылылы өткен
сабақты қайталау.
Сөз неден
құралады?
Қандай сөздер
бас әріппен жазылады?
Дауысты
дыбыстар неше топқа бөлінеді?
|
Оқулық
Суреттер
|
|
Сабақтың ортасы
8 минут
|
Балалар назарын сынып бөлмесіндегі заттарға
аудару.
Бөлмемізде не бар? (стол, шкаф, орындық, суреттер т. б
- бұлар заттар
Бөлмеде кім бар? Мұғалім, балалар-бұлар адамның атын
білідретін сөздер.
Жаңа сабақты түсіндіру :
Заттың атын білідретін сөздерге Кім?
Не? деген сұрақтар қойылады.
Кім? Бала, мұғалім,
дәрігер.
Не? Машина,
доп, орындық.
Жер-су аттары.
Жануарлар аты. Адамның
аты Заттың атын
білдіретін создер. Кім?
Не?
«Сан реті
бойынша тұра ғой, Сөзді тез
таба ғой» Ә Ш Е Б Й Ш К
Е 2 4 5 1 3 6 8
7
Смайликтер арқылы
бағалау
|
Жұмыс дәптері Оқулық
|
|
Сергіту сәті
2минут
|
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк
көтерiп, қозғайық.
Тым
сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш
|
|
|
Аяқталуы
15
минут
Қызықты тапсырма
10 минут
|
Топтық
тапсырмалар:
І топ– Артық сөзді табу: Жаңбыр, бұршақ, ойын, боран.
ІІ топ – Сөздерден сөйлем құрап жазу: Болат, оқиды, жақсы,
сабақты.
ІІІ топ – Сәйкестендіру: гүл ,тәтті
алма хош иісті
Айман қызықты
кітап ақылды

Оқулықпен жұмыс
жүргізу.
Мәтінді түсініп оқы.
А)
Өзім оқимын
Ә) Мәтінді талдау.
Б) Іштей оқу, дауыстап, тізбектеп оқыту
Дәптермен жұмыс
жүргізу.
4-жаттығу
Өлеңді қатесіз көшіріп жазу.
«Ойлан, тап»
ойыны
Әр топқа әріптер беріледі. Топ мүшелері тізбектей сол әріптен
басталатын заттың атын білдіретін сөздер жазады. Уақыты – 1 минут.
(Жұмыс формасы – топтық )
1 – топ: Ш
2 – топ: Б
3 – топ: П
Смайлик арқылы бағалау
|
Түсінбедім Сұрағым бар
Түсіндім

|
Семантикалық
кесте толтыру (Жұмыс түрі -
жеке)
|
|
Кім?
|
Не?
|
Кімдер?
|
Нелер?
|
|
Алма
|
|
|
|
|
|
оқушы
|
|
|
|
|
|
кітаптар
|
|
|
|
|
|
кептерлер
|
|
|
|
|
|
дәрігерлер
|
|
|
|
|
«Мен саған,
сен маған» әдісі: топ басшылары
заттың атын білдіретін үш сөз жазады, келесі топ басшысы сол сөздің
ішіндегі бір сөзге дыбыстық талдау жасайды. (Жұмыс түрі – жеке
)
Топтар өзара бір-бірін
бағалайды.

|
Оқулық буындар кестесі
А4
–қағазы
Ноутбук проектор
|
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта "Екі жұлдыз, бір тілек"
арқылы бағалау.

|
|
|
Тексерілді:
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет
қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру
деңгейін қалай тексерудіжоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының
сақталуы
|
|
А деңгейлі оқушым Семантикалық кестені сауатты
толтырды.
|
Сұрақтар қою арқылы:
Смайликтер ,бас бармақ , екі жұлдыз, бір тілек
арқылы бағаладым.
Заттың атын білдіретін сөздер қандай
сұрақтарға жауап береді?
|
Қауіпсіздік техникасы ережелері: электр
желісін ұстамау.
Музыка әуенімен денсаулыққа пайдалы дене
қимылдарын жасату .
|
|
Сабақ бойынша
рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған
ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді
ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды
ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,
неліктен?
|
Сабақта қойған мақсатыма жете алдым деп
ойлаймын.Бүгін оқушылар заттың атын білдіретін сөздерді тиімді
әдіс-тәсілдер: арқылы толық түсінік алды.Өзім жоспарлаған шараларды
барлығын іске асырдым,бірақ уақыт жағын дұрыс қарастырмаппын.Себебі
,оқушылар «Алтын балықтың аквариумы» әдісін орындауға көп уақыт
жіберді,менің ескертуіме қарамастан жұмыстарын бітіруге асықпады.
Және сұраққа жауап кезінде де уақыттан ұтылдық. Мен келесі
сабағымды жоспарлағанда тиімді деген бір немесе екі әдісті
қолдануды және уақытты дұрыс жоспарлауды ойладым.Бір сабақ көлеміне
нақты сабақ тақырыбын ашатын ,тиімді әдісті дұрыс таңдап алу
керек.Себебі , бірнеше әдісті қолдануда уақыт
жетпейді.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы
да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Үй
тапсырмасын «Алтын балықтың аквариумы» әдісімен қайталау,
сұрақтарға жауап беруге деген құлшынысы
2: «Топтық тапсырмалар» арқылы оқушылардың жаңа
сабақты бір-біріне түсіндірді
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту
туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
«Семантикалық карта » әдісі кезеңінде берілген шығармашылық
тапсырмаларды орындауда оқушылар сан қырлы талантын көрсете
білді
2:Уақытты тиімді пайдалану қажет екенін
анғардым.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген
оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі
сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
С
деңгейлі оқушыларға көбірек көңгіл болу қажет
етеді.
|