жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Заттың құрылысы және диффузия
САБАҚ: §18 Заттың құрылысы және диффузия |
«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты – жөні: Окасов Б.С. |
||
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары |
5.3.1.1 – бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру |
||
|
Барлық оқушылар: |
||
|
|||
Оқушылардың басым бөлігі: |
|||
|
|||
Кейбір оқушылар: |
|||
|
|||
Сабақтың құндылығы |
«Өмір бойы білім алу» және «ынтымақтастық» құндылықтарын дарыту |
||
Бағалау критерийлері: |
- Мәтіндегі ұғымдардың мәнін ашады, табиғаттағы, тұрмыстағы маңыздылығын болжайды; - Диффузияның жүру барысын талқылап, тұжырым жасайды; - Диффузия құбылысының жылдамдығына әсер ететін факторларға баға береді; - Диффузия құбылысының маңыздылығына баға береді. |
||
Тілдік мақсат |
Оқушылардың тілдік дағдының төртеуін де түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым – тыңдалым, оқылым – жазылым, оқылым – айтылым, тыңдалым – жазылымжәне т.б.) әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану |
||
Негізгі сөздер мен тіркестер: Диффузия, молекула, атом, газдар, сұйықтықтар, қатты заттар |
|||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
|||
Талқылауға арналған тармақтар: |
|||
Диффузияның жылдамдығына әсер ететін факторларды жұпта талқылап, мысалдар келтіріңдер. |
|||
Сіз неліктен.......... екенін айта айта аласыз ба? |
|||
Неліктен жоғары температурада диффузия жылдам жүреді? |
|||
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
|||
Терминдердің түсініктемесін дәптерге түсіру |
|||
Алдыңғы оқу |
«Кім жылдам?» - Көлемі және салмағы бар бар және адам еңбегімен жасалған заттар; - Физикалық денелердің құрамдас бөліктері; - Заттардың түрлері; - Физикалық денелердің түрлері; - Заманауи құрылыс материалдары; - Зат қасиетінің өзгеруіне әсер ететін факторлар; - Сұйықтықтың молекулаларының бір – біріне тартылып, жабысып тұруы. |
||
Жоспар |
|||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|
Басталуы |
Ұйымдастыру. Оқушылармен «Броундық қозғалыс» ойынын әртүрлі жылдамдықта ойнату. |
Жағымды әуен |
|
Ортасы |
1 – тәжірибе. Ауа тазартқышты сеуіп бақылау жасау. Оқушылар жұпта талқылап молекулалардың үздіксіз және ретсіз қозғалысының дәлелі иістің таралуы екендігі жайлы қорытынды жасайды. Диффузия құбылысына түсінік беру. 2 – тәжірибе. Стақанға калий перманганаты ұнтағын салып бақылау. Оқушылар жұпта талқылап газ тәріздес заттарға қарағанда сұйықтықта заттардың баяу таралатындығы жайлы қорытынды жасайды. Мұғалім қорытындысы. 3 – тәжірибе. Бірі ыстық, екіншісі салқын сумен толтырылған екі сатақан аламыз. Екі стақанға бірдей мөлшерде тез еритін кофе салып бақылау. («Броундық қозғалыс» ойынын не себепті түрлі жылдамдықта ойнатылғанына оқушылардың назарын аудару). Оқушылар жұпта талқылап ыстық судың түсі тез өзгеретіндігін көреді. Мұғалім қорытындысы. 4 – тәжірибе. Түрлі – түсті ермексаз кесегін бірінің үстіне бірін қойып қатты қысу. Оқушылар жұпта талқылап қатты заттарда диффузия құбылысының жүрмейтіндігіне көз жеткізеді. Диффузиның жүруіне температураның артуы қалай әсер ететіндігіне түсінік беру. Дескрипторлар - Диффузияның жылдамдығы заттың күйіне; - Заттың температурасына байланысты болады деген қорытындыға келеді. Оқулықпен жұмыс. Терминдерді жазу. «Дербес пікір жазу» стратегиясы Жұптық жұмыс Мәтінді оқып болған соң оқушыларға төмендегідей құрылым бойынша жазба жұмысын жазу тапсырылады.
2. Дәлел 3. Өз пікірін анықтайтын мысал 4. Өз пікіріне қарсы дәлел 5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал 6. Қорытынды Дескрипторлар - Мәтіндегі негізгі ойды таба алады; - Мәтінді жұппен талдап, қорытынды жасайды. |
Ауа тазартқыш (освежитель воздуха)
Су, стақан, калий перманганаты
Суық және ыстық су, 2 стақан, кофе ұнтағы
Түрлі – түсті ермексаз кесегі
Оқулық |
|
Аяқталуы |
Жуан сұрақтар: - Диффузия құбылысының рөліне баға беріңдер.
Дескрипторлар Диффузияның маңызына жан – жақты баға береді. |
|
|
Рефлексия |
Таңдау рефлексиясы 1. Мен сабақтағы әрекетім 2. Өз жұмысыма 3. Сабақ маған 4. Сабақта мен 5. Менің көңіл – күйім 6. Сабақ материалдары маған Таңдалатын жауаптар Белсенді, енжар, ризамын, риза емеспін, тез өтті, ұзақ болды, шаршадым, шаршамадым, жақсарды, нашарлады, түсінікті, түсініксіз, қызықты, қызықсыз, пайдалы, пайдасыз |
||
Үй тапсырмасы |
Диффузияның адам өмірдегі маңызы тақырыбында шағын эссе жазу, қосымша материалдар жинау, §18. |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген