400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. №7ПР:Есептер шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігін біледі Есептер шығаруда теория мен формулаларды қолдана алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:7.2.А

Мектеп:№12 орта мектебі КММ

Күні:20.11.2017 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:Нургалиева Б.С.

Сынып:7 «А»


Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. №7ПР:Есептер шығару

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары

7.2.2.13 –тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру;

7.2.2.14 - сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;

Сабақ мақсаттары

Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігін білу

Есептер шығаруда теория мен формулаларды қолдану

Жетістік критерийлері

заттың тығыздығы ұғымы қарастырылады және заттың тығыздығы мәндері есептеледі.

Тілдік мақсаттар

Масса

Mass

Масса

Көлем

Volume

Объем

Өлшеу

Measure

Измерение

Дене

Body

тело

Тығыздық

Density

Плотность


Құндылықтарды дарыту

Жолдастарын тыңдай білу, ой пікірлерімен санасу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Математика,химия

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқы білім

Көлем, масса шамаларды өлшеу

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу, мақсатқа бағыттау



Сабақтың ортасы

Жалпылама сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау:

Масса дегеніміз не? Оны қалай өлшейміз? Қандай әріппен белгіленеді? ХБЖ өлшем бірлігі қандай?

Көлем дегеніміз не? Ол қандай әріппен белгіленеді? Көлемді қалай өлшейміз? ХБЖ өлшем бірлігі қандай?

проблемалық сұрақ:

Неге көлемі бірдей денелердің массалары әр түрлі?

Ал массалары бірдей денелердің көлемдері әр түрлі? Неліктен? Қалай ойлайсыңдар?

Сонымен, бұл қандай екі шаманың арасындағы тәуелділік деп ойлайсыңдар?

Біз жаңа нені өлшедік?

Сонымен масса мен көлем арасындағы қатынас тығыздық деген жаңа бір физикалық ұғымды береді. Ол әрпімен белгіленеді. Ал ХБЖ өлшем бірлігі осы формуладан шығарсақ қалай болады? Қосымша өлшем бірліктерді шығарайық. (слайдтар)

Енді осы массасы мен көлемі өлшенген денелердің тығыздықтарын есептеңдер.

Кестенің үшінші бағанын тақтаға бір оқушы шығып толтырады.Басқалары тексереді.

Әр топ бір біріне сұрақ қояды.

Сұйықтардың тығыздығын өлшейтін құрал ареометр деп аталады.

Сұйықтардың тығыздығы туралы бейнебаян көреді https://www.youtube.com/watch?v=47HskmWCX-s

Ал енді тақырыпты пысықтап есептер шығарайық:

1 деңгей

1. 63-суреттегі шарлардың массасы өзара тең. Заттардың тығыздығы бірдей ме?

2. Ас тұзының ірі кесектерінің тығыздығы 2160 кг/м8, ал майдаланған ұнтақтарының тығыздығы 800 кг/м3. Неге?

3°. Газ күйдегі сутектің тығыздығы 0,09 кг/м3, ал сұйык күйінде 69 кг/м3, қатты күйінде 80 кг/м3. Сутек тығыздығынын өзгеру себебі неде?

4. Ауыз су құйылған шелек пен теңіз суын құйған дәл сондай шелектің массасы бірдей ме?

5. Ағаш, алюминий және болат шарлардың мөлшері бірдей. Олардың қайсысының массасы ең үлкен, кайсыныкі ең кіші?

6. Табақтары теңелген таразының үстінде кубиктер орналастырылған (64-сурет). Кубиктер жасалған заттардың тығыздығы бірдей ме?

2 деңгей

1. Жиналған шөп массасы 40 кг және мөлшері 90х 40х55 см. Осы престелген шөптің тығыздығын табыңдар.

2. Цистернаға 2 тсу сыяды. Осы цистернаға 2,5 м3 бензин құюға бола ма?

3.Бір заттың 1,5 см3 көлемінің маесасы 109,5 г. Оның 1 м3-нің массасы қанша болар еді?

3 деңгей

1*. Бір заттан тұтас жасалған кубтың массасы 2,5 кг. Егер қабырғасының ұзындығын екі есе қысқартса, осы кубтың массасы қандай болады?

2*. Кубтың барлық жақтарының ауданы 150 см2, ал кубты жасаған заттың тығыздығы 2700 кг/м3 болса, оның массасы қандай болады?

3*. Қимасы 2 мм2 мыс орамының массасы 1,13 кг. Орамды таратпай-ақ сымның ұзындығын қалай анықтауға болады? Ол неге тең?

адамның көлемі

http://www.practicalphysics.org/go/Experiment_758.html;jsessionid=aQZiDHjdNEc7?topic_id=$parameters.topic_id&collection_id=%24parameters.collection_id

Массалары бірдей көлемдері әр түрлі денелер, көлемдері бірдей массалары әр түрлі денелер, ареометр, электронды таразы, мензурка,
































Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, неніүйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыруқажет


Үй тапсырмасын беру: 32 тақырыпты оқу, ареометр жасау, эксперименттік тапсырма, 4.2.

Стикерлер





Күнделік




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау

көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап

отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасының

сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір

оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес

қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын

оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып

іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы)

түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала

отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла

алады

Бұл бөлімде оқушылардың

сабақ барысында

үйренгенін бағалау үшін

қолданатын әдіс-

тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау

технологиялары.

Сергіту сәттері мен

белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта

қолданылатын Қауіпсіздік

техникасы ережелерінің

тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған

ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,

неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда

берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі