zdfrfrf

Тақырып бойынша 11 материал табылды

zdfrfrf

Материал туралы қысқаша түсінік
fergregr
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақтың тақырыбы: Эволюциялық идеялардың даму тарихы.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды эволюциялық ілім негіздерімен таныстыру.

2. Тіршіліктің жалпы заңдылықтары және даму тарихы туралы дүние танымын артыру.

3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Дәріс.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, әдебиет.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, ақпаратты оқыту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабақ мақсатымен танысу.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Эволюция дегенге қалай түсінеміз?

Эволюциялык ілім — тіршіліктін жалпы зандылықтары мен қозғаушы күшінің тарихи дамуын зерттейді, оның негізін ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин салған.

Дарвинге дейінгі тірі табиғаттың дамуы- қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Тірі табиғат туралы түрлі мағлұматтарды жинастырып, жүйеге келтіру Ежелгі Грекияның ұлы ғалым-философтары Аристотель, Теофраст, Гиппократ есімдерімен тығыз байланысты.

Философ әрі жаратылыстану зерттеушісі Аристотель "Жануар­лардын тарихы", "Жануарлардың бөліктері туралы" деген ғылыми еңбектерін жазып, жануартану ғылымының негізін қалады. Әр түрлі жануарлардын морфологиясы мен анатомиясын, тіршілігі мен түйсікті сезімін зерттеп, біршама жаңалыктар ашты. Акула мен жыландардың тірі туатындарының болатындығын, аталық араның (трутень) ұрыктанбаған жұмырткадан дамитындығын анықтады. Көртышканның көзі, қара шегіртке мен балыктың есту мүшелері рудиментті (калдык) мүшелерге жататындығын дәлелдеді. Жануарлардын қысқы ұйқыға кетуін, жәндіктердің шала және толык түрленіп дамуын зерттеді. Аристотель 454 жануардың сыртқы және ішкі кұрылысын, тіршілігін зерттеп туыстык жағына, сырткы белгілеріне қарап алғаш жіктеді.. Аристотельдің шәкірті Теофраст (б.з.д. 372—287 жж.) өсімдіктер мен жануарлардың биологиясын зерттеді. Өсімдіктерді сипаттағанда оның адам өміріндегі маңызына, ағаш көмірін, шайыр затын алу жолдарына көңіл бөлді. Дәрілік өсімдіктердің адам организміне әсеріне ерекше мән беріп, тіршілік ортасы мен климат жағдайын коса зерттеді. Грекия аймағындағы өсімдіктердің 500-ге жуык түрін аныктаған. Тропикте өсетін бамбук, банан, пальма, лимон, мимоза, макта, лотос, папирус, т.б. өсімдіктердің толык сипаттамасын жазып калдырды.

Көне дәуірде Қытай, Үндістан, Египетте тірі организмдер туралы нақты мөліметтерді пайдаланудың көп пайдасы тиді. Жабайы жануар­ларды колға үйрету, мәдени есімдіктердің коптеген іріктемелерін алу жүмыстары колға алына бастады. Сонымен орта ғасырдың озінде де тірі табиғат туралы Аристотельдің жазған енбектері ен құнды болып есептелді.

2. Қайта өркендеу (дәуірлеу кезеңі) кезеқіндегі эволюциялық идеялар. XV ғасырдың екінші жартысында жаңа елдер ашылып, тауар өндірістері мен сауда жүмысы каркынды дамыды. Мұндай жетістіктер жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтердің көбеюіне жол ашып, кайта оркендеу дәуірі басталды. Жана ашылған елдерден Еуропаға бүрын белгісіз болып келген жануарлар мен осімдіктердің түрлері әкелінді. Үндістан мен Америкадан — калампыр, картоп, жүгері, темекі, кызанак, асқабак, какао өсімдіктері алынды. Ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін, олардың пайдалы және зиянды жактарын сипаттады. Өсімдіктер мен жануарларды тек сипаттап қою жеткіліксіз болды. Енді кұрылысы мен тіршілігі жағынан ұқсас келетін өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, жүйелеу жағына кеңіл аудару кажеттігі туындады.

ІІІ. Бекіту тапсырмалары:

  1. Аристотельдің жаратылыстану ғылымына сіңірген еңбектерін мысалмен талдап дәлелдеңдер

  2. Теофрастың Грекия аймағындағы сипатталған өсімдіктері мен қайта өркендеу дәуірінде Еуропаға әкелінген өсімдік түрлерін бөлек кестеге толтырыңдар

ІV. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Коацерват дегеніміз не?


  • А.И. Опариннің тұжырымының мәні?

  • Алғашқы атмосфера құрамын сипатта?

  • С.Фокс пікірі қандай?

  • С.Миллер мен Г.Юридің тәжірибелерін сипатта.

  • Тіршіліктің пайда болуындағы қандай негізгі кезеңдерді ата?

  1. Біліміңді сына 24 бетте

V. Бағалау

VI. Үйге тапсырма беру. §5 Сұрақтарға жауап беру.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.12.2017
508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі