15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Зейін және есте сақтау қабілетін дамыту
Зейін және есте сақтау қабілетін дамыту
Түсінік хат
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру өзекті мәселе болып отыр. Олардың оқу материалын тиімді меңгеруі, ақпаратты өңдеуі және ұзақ мерзімге есте сақтауы үшін зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту маңызды рөл атқарады. Осы әдістемелік құрал оқушылардың зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілетін жетілдіруге, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Бұл құрал зейіннің қасиеттерін, түрлерін және оны дамытудың тиімді әдістерін қарастырады. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетінің механизмдері мен оларды жетілдіру жолдары сипатталады. Оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушылардың танымдық процестерін белсендіруге, ақпаратты құрылымдауға және оны ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік құрал мектеп мұғалімдеріне, дефектологтарға, психологтарға және ата-аналарға арналады. Ол білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, зейін мен есте сақтау қабілетін кешенді дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар мен тапсырмалар жиынтығын қамтиды. Ұсынылған әдістемелер когнитивтік даму деңгейін арттыруға, оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға және олардың зейін шоғырландыру дағдыларын нығайтуға көмектеседі.
Әдістемелік
құралдың өзектілігі:
Зейін
мен есте сақтау қабілеті баланың танымдық
дамуының негізі болып табылады. Бұл
қабілеттерді жетілдіру оқу процесіне
оң әсер етіп, білімді қабылдау мен өңдеу
жылдамдығын арттырады. Бағдарлама
балалардың зейінін тұрақтандыруға,
есте сақтау көлемін ұлғайтуға және
ақпаратты ұзақ уақыт сақтау қабілетін
дамытуға бағытталған.
Әдістемелік
құралдың мақсаты:
Балалардың
зейінін, есте сақтау қабілетін және
когнитивтік дағдыларын дамыту.
Әдістемелік құралдың
міндеттері:
Еріксіз және ерікті зейінді дамыту;
Зейіннің тұрақтылығын арттыру;
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетін дамыту;
Ақпаратты талдау, құрылымдау және қайта жаңғырту дағдыларын қалыптастыру;
Танымдық белсенділікті жетілдіру.
Оқыту әдістері:
Когнитивтік ойындар;
Арнайы жаттығулар мен тапсырмалар;
Мнемотехникалық әдістер;
Ақпаратты кодтау және жүйелеу әдістері;
Дидактикалық ойындар мен интерактивті тәсілдер.
Әдістемелік құралды жүзеге асыру шарттары:
Жеке және топтық сабақтар;
Визуалды, аудиалды және кинестетикалық оқыту құралдарын пайдалану;
Балалардың даму деңгейін ескере отырып, жеке тәсіл қолдану.
Әдістемелік құралдың критерийлері мен мониторинг:
Сабақ барысында балалардың белсенділігі мен нәтижелері;
Аралық және қорытынды диагностика;
Есте сақтау және зейін көлемінің өзгерісін бақылау.
Зейін түрлері
Өзінің
пайда
болуы
мен
іске
асу
жағынан,
әдетте,
зейін
ырықсыз
және
ырықты
болып
екіге
бөлінеді.
Ырықсыз
зейін-
ең
қарапайым
және
адамда
алғашқы
көрінетін
психикалық
процесс,
оны
сонымен
бірге
енжар,
еріксіз
деп
те
атайды,
себебі
ол
адамның
алдына
қойған
мақсатына
тәуелсіз
туындайды
әрі
әрекетке
қосылады.
Орындалып
жатқан
іс
адамды
өзінің
қызықтылығы
және
тосындылығымен
еріксіз
баурап
алады.
Ырықсыз
зейіннің
пайда
болу
себептері
әртүрлі,
олар
іс-
әрекет
иесінің
дене-
тәндік,
психофизиологиялық
және
психикалық
кейіп-
қалпымен
байланысты
келіп,
өзара
ықпалды
қатынасынан
туындайды.
Ол
себептерді
бірнеше
категорияларға
келтіріп
қарастыруы
мүмкін.
Бірінші
себептер
категориясына
тітіркендіргіш
әсердің
сипаты
мен
сапасы
жатады.
Олардың
ішінде
ең
алдымен
ескеретініміз
әсер
күші
мен
қарқындылығы.
Елестетіңіз:
оқушы
жазба
жұмысын
орындап
отыр,
оның
жұмысқа
құныққаны
сонша,
көшедегі,
үйдегі
ану-
мынау
жеңіл
сыбдыр-
шуды
тіпті
аңғарар
емес.
Ал
кенеттен
өз
столынан
түсіп
кетіп,
«тарс»
ете
қалған
заттың
дыбысы
оны
еріксіз
мойын
бұруға
мәжбүр
етеді.
Әрдайым
күшті
тітіркену
әсері,
айқай-
шу,
көз
қамастырар
жарық,
екпінді
соққы,
ащы
иіс,
дәм
біздің
зейінімізді
еріксіз
тартады.
Аталған
себептер
тобына
тітіркендіргіш
әсердің
жаңалығы
мен
тосындылығы
да
кіреді.
Бұл
тұрғыдан
жаңалық
деп
бұрын
білмеген,
көрмеген
зат,
құбылыстар
әсерін
ғана
емес,
сонымен
бірге
бірдейіне
ықпалында
болып
жүрген
әсерлеріміздің
физикалық
қасиеттерінің
өзгерісі
немесе
орын
ауысуынан
туындаған
тітіркендіргіштерді
танимыз.
Адамның
көңіл- күйіне, мұқтаждық қажетсінуіне
сәйкес тысқы тітіркендіруші әсерлер
ырықсыз зейін туындатушы себептердің
үшінші тобын құрайды. Мысалы, аш адам
мен тоқ адамның тағам жөніндегі әңгімені,
болмаса оның иісі мен дәмін қабылдауы
бірдей емес.
Зейін
себептерінің төртінші тобы тұлғаның
жалпы бағыт- бағдарына байланысты, Міне,
осыдан көше бойлап келе жатып, аула
тазалаушының назары қоқысқа түседі,
тәртіп сақшысы- орынсыз тұрған машинаны
аңғарады, ал архитектор не суретші-
ежелгі ғимараттың сәніне сүйсінеді.
Адамның бағыт- бағдары сонымен бірге
оның бұрынғы тәжірибесі мен қалыптасқан
сезімдік күйіне де байланысты. Ырықсыз
зейіннің маңызды себептері, сонымен,
бізді қызықтырып, эмоционалды кейпімізді
өзгеріске түсіретін заттар, жағдайлар,
құбылыстар.
Ырықты
зейіннің ырықсыз зейіннен ерекшелігі
оның саналы мақсатқа тәуелді келуі.
Зейіннің бұл түрі адам еркімен тығыз
байланыста болып, оның еңбектік күш
салуларының нәтижесінде пайда болады,
сондықтан да ырықты зейін ерікті,
белсенді, ниеттелген деп те сипатталады.
Қандай да бір шешімді қабылдай отырып,
біз іске кірісеміз, сол іс біз үшін тап
сол мезетте ұнамаса да оған саналы зейін
қойып, оны орындауға өзімізді мәжбүрлейміз.
Ырықты зейіннің басты қызметі- психикалық
процесс
ағымын белсенді түрде реттеп бару.
Ырықты
зейін себептері биологиялық емес
әлеуметтік: ол тәнмен бірге берілмейді,
сәбидің ересектермен қатынасқа келу
барысында қалыптасады. Л. С. Выготский
зерттеулері анықтағандай, зейін қызметі
алғашқы даму кезеңінде сәби мен ересек
адам арасында бөлінген: ересек қоршаған
ортадан нысанды бөле көрсетіп, оны
сөзбен баламалайды, ал бала ым- ишараны
байқаумен, затты танып не сөзді қайталапғ
сигналға жауап қайтарады. Осылайша
қажетті затты бала тысқы өрістен бөліп
алады. Кейін жас бала өз бетінше мақсат
қоюға үйренеді. Ырықты зейін дамуы сөз,
сөйлеумен тікелей байланысты. Баладағы
ырықты зейіннің қалыптасуы алғашқыда
оның өз қылық- әрекетін үлкендердің
ауызша нұсқауларына бағындыруына
тәуелді, ал содан соң тіл қабілетінің
артуымен өз әрекетін өзінің ауызша
талаптарына көндіруіне байланысты.
Ғалым-
психологтардың кейбірі ырықты зейін
секілді мақсат бағдарлы, бастапқы күш
еріктік күш салуды талап ететін зейіннің
және бір түрін айырып қарастырады. Бұл
зейін түрінде адам толығымен іс- әрекетке
шомады, оған енді әрекеттің нәтижесі
ғана емес, сол әрекеттің өзі де мәнді
әрі қызғылықты болып көрінеді. Мұндай
зейін түрін орыс әдебиеттерінде « после
произвольный» деп атаса, қазақ тіліндегі
оқулықтарда «үйреншікті зейін» атауымен
баламаланған. Қай іс- әрекет болмасын
алғашқы кезде оны игеру қаншама маңдай
тер төккізіп, қиналысқа түсіріп, зорлануға
душар ететіні белгілі, ал кейін үйрене
келе, дағдыланудан әрекеттің нәтижесі
ғана емес, оның өзі де адамды өзінен өзі
баурап, әдемі орындалуынан көңілді
қуаныш сезімге бөлейді. Әрекет енді
әдейі қайталап, еске түсіріп тұруды,
ерік күшін қосуды қажет ете бермейді,
өзінен өзі орындалып жатқандай болып
көрінеді.
Педагогикалық
процеске орай үйреншікті зейін үлкен
маңызға ие. Оқу, тәрбие барысында
шәкірттердің зейінін бір қалыпты ұстау
үшін педагог олардың ерік күшіне арқа
сүйегені қажет те жөн. Бірақ бұл балаларды
шаршатады. Сондықтан шебер педагог
балаларды өздерінің бой, ой қувтын босқа
сарп етпей, жұмыс істеуі үшін сабақты
қызғылықты, тартымды, ойын әдісімен
өтуге тырысады. Оқушы сабақта біреудің
тапсырысымен іс қылып, жатырмын деген
ойдан аулақтап, өмірімнің қызықты бір
мезетін өтудемін дегендей сезімнен
еңбек ләззатына бөленуі керек.
Зейінді дамытуға арналған ойындар
«Зейінді бол»
Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сендерге әр түрлі қимыл қозғалыстарды көрсетемін. Сендер оны қайталап тұрасыңдар. Бірақ, мен ескерткен қозғалысты, мысалы: «қосаяқтап секіру» қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әр түрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты юірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатасса ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.
«Құлақ - мұрын»
Балалар шеңбермен тұрады.
Жүргізуші: «құлақ»,- деп мұрнын ұстайды, «мұрын»,-деп құлақты ұстайды. Ал балалар көрсетілген мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
«Дайын бол»
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөзді айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т.с.с.
«Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады, бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың бірнешеуіне әр түрлі заттарды қыстырып қояды. (Гүл, орамал, бантик, көзілдірік). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға ойыншық беруге болады.
Есте сақтауды дамыту әдістері
Бірінші
жаттығу — бала
кітапты немесе
мәтінді оқып
болған кезде
бірден не
оқыдың деп
есіне түсірту.
Өйткені есте
сақтау дегеніміз
— еске түсіру
қабілеті. Сондықтан
баланың тура
жаңа оқығанын,
тура жаңа
есіне сақтағанын
қайта есіне
түсірту өте
маңызды. Екінші
жаттығу пиктограмма
деп аталады.
Яғни, бала
белгілі бір
өлеңдегі немесе
мәтіндегі әрбір
сөзді суретке
айналдырып шығу
керек. Мысалы,
«қараңғы қазақ
көгіне» деген
тіркестегі «қараңғы»
деген сөзді
қараңғы бөлме
түрінде, «қазақ»
деген сөзді
қазақ үйі
— киіз үй
түрінде, ал
«көгіне» деген
сөзді бұлт
етіп суретке
салуға болады.
Осылайша, баланың
ассоциациялық ойлау
жүйесі қалыптасады.
Үшінші жаттығу
— интеллект-карта
(mind map). Яғни, бала
белгілі бір
идеяны ортаға
жазуы керек.
Мысалы, балаға
«менің жазғы
демалысым» деген
тақырып береміз.
Сөйтіп, бала
жазғы демалысында
не істейтінін
толықтай осы
интеллект-картаға
түсіру керек.
Ол үшін
ортаға белгілі
бір сөз
(біздің жағдайда,
«менің жазғы
демалысым») жазады,
одан ары
қарай тармақтар
шығарады: мысалы,
«ауылға барамын»,
«қалада боламын»
немесе «саяхатқа
шығамын». Содан
кейін әрбір
тармақты әрі
қарай тарқату
керек. Мысалы,
ауылда болған
кезде ол
не істейді?
Атқа отырады,
ата-әжесімен
сөйлеседі, қой
бағады және
т.б. Осындай
интеллект-карта
жасауды үйрету
керек. Интеллект-картаны,
әсіресе, үлкен-үлкен
мәтіндерді оқып
болғаннан кейін
қолданамыз. Нейрогимнастикалық
жаттығулар — баланың
болсын, ересектің
болсын оң
және сол
жақ миының
қатар дамуына
септігін тигізетін
жаттығулар кешені.
Мысалы, неге
музыкалық аспаптарда
ойнайтын адамдардың
миы жақсы
дамиды. Өйткені
олар екі
қолмен бірге
жұмыс жасайды.
Оған қоса,
нейрогимнастикалық
жаттығулар кәдімгі
гимнастика сияқты
физикалық тұрғыда
адамға пайдасын
тигізеді. Оны
сабақ ортасында
сергітетін немесе
жұмыста миды
іске қосатын
жаттығу ретінде
қолдануға болады.
Жалпы нейрогимнастикалық
жаттығуларды жүйелі
түрде орындау
бас миының
өнімділігін және
жалпы жұмысқа
қабілеттілікті арттырады.
Мнемотехникалық әдістер
Мнемотехника
— оңай жолдан қиынына қарай құрылады.
Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап,
жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын
мнемокестеге өту қажет. Мнемокестенің
мазмұны — ол графикалық немесе жартылай
графикалық ертегі кейіпкерінің
бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір
іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің
сюжеті. Ең бастысы – көрнекілік,
тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға
түсінікті болуы тиіс. Мнемотехникалық
әдіс – өлеңдерді, алгоритмикалық
жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді
сипаттаудың әдістемесі.
Мнемотехника технологиясын
тиімді қолдану білім сапасын көтереді.
Менің басты мақсатым: мнемотехника
технологиясын қолдана отырып, балалардың
ойлау дағдылары мен есте сақтау
қабілеттерін жетілдіру, тілін дамыту,
сөздік қорларын дамыту, байланыстыра
сөйлеуге үйрету. Балалардың
тілін дамытуда келесі кедергілердің
бары ешкімге де құпия емес:
— сөздік
қорының кемдігі;
— сөйлемдегі сөз
тіркестерін дұрыс таба алмауы;
—
дыбыстау кемшілігі;
— берілген
тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау
әңгіме құра алмауы;
— өз ойын дұрыс
жеткізе алмауы.
Мнемотехника — балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс- әрекеттерінің жүйесі. Балалардың тілін дамыту үшін сабаққа тиімді етіп тірек суреттер мен лексикалық тақырыпқа және жыл мезгілдеріне арналған мнеможолдар мен мнемокестелер әзірлеу қажет. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сипаттама беріп сөздерді үйреттім. Мысалы: мнемошаршыдағы алманың суретіне сипаттама беру. Алма – қызыл, дәмді, домалақ, үлкен т.б. Мнемокестелерді балалар өз беттерімен жұмыс жасау үшін көзге тартымды, яғни эстетикалық жағынан жақсы етіп жасаған дұрыс. Балалармен жұмыс кезінде мнемокестелерді баланың деңгейіне қарай беріледі. Мнемокесте арқылы балалар өлең жаттауға үйренеді. Мысалы: тірек суреттерін іріктеп, содан соң әр суретті сызба түрінде бейнелеу. Содан кейін бала сызба түріндегі бейнені қолдана отырып өлеңді дыбыстап айтады. Мысалы: «Жаз», «Көктем», «Күз белгілері» т.б.
Ассоциациялық байланыстарды пайдалану
Бұл ойын дефектолог мамандарға балалардың ойлау қабілетін, зейінін, сөйлеу тілін және ассоциация құру дағдыларын дамытуға көмектеседі. Ойын барысында балалар белгілі бір сөздер мен суреттерге қатысты өз ойларын білдіреді, логикалық байланыс орнатуды үйренеді және сөздік қорын кеңейтеді. Ойын топтық және жеке жұмыс түрінде ұйымдастырылып, балалардың жас ерекшелігіне қарай күрделендірілуі мүмкін. Бұл әдіс ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуге тиімді құрал болып табылады.
Дефектологтарға арналған "Ассоциация" ойыны
Мақсаты:
Балалардың ойлау қабілетін, сөздік қорын және зейінін дамыту.
Ассоциация құру арқылы логикалық байланыс орнату дағдысын қалыптастыру.
Есте сақтау және қабылдау қабілеттерін жетілдіру.
Қажетті құралдар: Суреттер (әртүрлі заттар, жануарлар, табиғат құбылыстары, мамандықтар т.б.). Карточкалар (сөздер жазылған). Интерактивті тақта немесе қағаз, фломастерлер.
Ойын барысы:
1-кезең:
"Тікелей ассоциация"
Мұғалім
бір сөз немесе сурет көрсетеді.
Балалар осы сөзге немесе суретке
байланысты бірінші ойларына келген
нәрсені дауыстап айтады.
Мысал:
Мұғалім "күн" сөзін айтады.
Балалар: "жарық", "ыстық", "жаз", "аспан", "күн көзілдірігі" деп жауап береді.
Күрделендіру: Әр бала жаңа ассоциация айтуы керек (қайталауға болмайды). Уақыт шектеуін енгізу (3-5 секунд ішінде жауап беру керек).
2-кезең:
"Ассоциация шынжыры"
Бір
бала бір сөз айтады, екінші бала соған
қатысты жаңа сөз қосады, осылай шынжыр
жалғаса береді. Соңында
барлық сөздер қайталанып, байланысы
талқыланады.
Мысал:
Бірінші бала: "Жаңбыр"
Екінші бала: "Бұлт"
Үшінші бала: "Көгерген шөп"
Төртінші бала: "Құстар су ішеді"
Күрделендіру: Белгілі бір тақырып бойынша сөздер тізбегін құру (табиғат, тағам, ойыншықтар т.б.). Әр бала тек белгілі бір әріптен басталатын сөз айтуы керек.
3-кезең:
"Жасырын ассоциация"
Мұғалім алдын ала бірнеше сөз ойлап,
қағазға жазады. Балаларға кезекпен үш
түрлі сөз оқылады. Олар бұл сөздерді
қандай ортақ тақырып біріктіретінін
табуы керек.
Мысал:
Қарбыз, алма, банан → (Ортақ тақырып: "Жемістер")
Қар, шана, мұз → (Ортақ тақырып: "Қыс")
Қалам, дәптер, тақта → (Ортақ тақырып: "Мектеп")
Күрделендіру:Балалар өздері жасырын ассоциациялар ойлап, топқа жасырады. Үш сөздің орнына төрт-бес сөзден тұратын күрделі ассоциациялар ойластыру.
Сөздік-логикалық ойлауды дамыту
Сөздік-логикалық ойлау - ойлау әрекетінің ерекше бір түрі. Сөздік-логикалық ойлауда белгілі ұғым-түсініктер түрлі ой-әрекеттері арқылы анықталып, жүйеге түседі. Мұндай ой әрекеті заттар мен тікелей сезімдік, таным тәжірибелеріне негізделмейді. Ойдың шындығы мен ақиқаттығы ақыл-ой талқысы арқылы анықталады. Сөздік-логикалық ойлау — ойлау түрлерінің бірі, ұғымдарды, логикалық кұрылмаларды пайдаланатынымен сипатталады. Сөздік-логикалық ойлау өз функциясын тілдік құралдар негізінде атқарады және ойлаудың тарихи және онтогенездік дамуының неғұрлым кейінгі кезеңі болып табылады. Сөздік-логикалық ойлаудың құрылымында жалпылаулардың алуан түрлері өз функцияларын атқарады. «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау — жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек». М.Жұмабаев Қазіргі заман талабына сай оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Қазіргі алға қойған үлкен мақсат — өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылық-тарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу. Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.
Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі.
Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын дамыту.
Балалардың таным процестерін дамытуға арналған көптеген графикалық және сөздік жаттығулар жасалған.
Ұсынылып отырған графикалық-сандық тест.
Орындау ережесі:
1 санынан 19-ға дейін мына шеңберлердің ішіне орналастыру қажет. Әр шеңбердің ішіне бір сан жазылады. Сандардың әр қайсысын бір рет қолдануға болады. Сан қайта қолданылса ол қате болып есептелінеді және жаттығу орындалмайды.
Сандарды дұрыс орналастырғанда қарама-қарсы орналасқан үш шеңбер ішіндегілердің қосындысы 30-ға тең болуға тиіс. Бір санды ортадағы дөңгелек ішіне, ал қалған 18 санды шеңбер бойынша айналасында орналасқан дөңгелектер ішіне жазып шығу керек. Сандарды толық орналастырып болғаннан соң әр диагональ бойында орналасқан үш санды бір-біріне қосып шыққанда олардың қосындысы 30-ға тең болатындай ретін табу керек. Орындауға 10 минут уақыт беріледі. Егер бірінші реттен ретін таба алмаған бала тағы уақыт беруді өтінсе, оған екінші және үшінші рет орындап көруге мүмкіндік берген дұрыс. Сондықтан орындауға берілген уақыт баланың логикалық ойлауына шектеу қоймауы керек.
Дұрыс жауабы: Ортадағы шеңберге 10 санын орналастыру керек. Сонан соң, сыртқы шеңберлер ішіне 1 санынан бастап 9-ға дейін ретімен жазып шығамыз. Олардың қарсы тұсында диагональ бойымен орналасқан барлық шеңберлерге сандарды суммасы 30-ға тең болатындай етіп жазып шыққанда тапсырма дұрыс орындалады.
А.З.Зак ұсынған «оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау және дамыту» әдістемесі.
Мақсаты: 4 сынып оқушылардың логикалық ойлауының және интеллектуалдық кабілетінің даму деңгейін анықтап оларды дамыту.
Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындату нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.
1-ші тапсырма. «Анаграммалар» әдістемесі.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.
Орындау ережесі: тапсырманы орындату алдын балаларға анаграмма не екенін түсіндіру қажет. Анаграмма дегеніміз сөздегі әріптердең орны ауыстырылған, мағынасыз әріптер жиынтығы. Тапсырманы шешу үшін, әріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер құрылады. Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек. Берілген уақыт ішінде орындалған сөздерді есепке алып, баланың логикалық ойлауының даму деңгейі анықталады.
Мысалы: анаграммада «ОЛТС» әріптері берілген. Олардың орнын ауыстыру арқылы «стол» деген сөз құрылады.
Тапсырма: Келесі анаграммаларды шешу арқылы берілген сөздерді тап.
Тапсырмаларды орындау барысында қосымша түсіндірудің ешқандай қажеті жоқ.
Орындауға 10 минут уақыт беріледі.
Тапсырмалар.
Анаграммалар: Дұрыс жауаптары:
1. СЕПЕ 1. ЕСЕП
2. ДӘМЕІ 2. ӘДЕМІ
3. РАМНА 3. АРМАН
4. АЖДҒАЙА 4. ЖАҒДАЙ
6. РОНЫДҚЫ 6. ОРЫНДЫҚ
5. ИҒАМРТА 5. ҒИМАРАТ
7. АБЫТРЛҚЫ 7. БАТЫРЛЫҚ
8. ЕШЕШДНКІ 8. ШЕШЕНДІК
9. АТСПРЫАМ 9. ТАПСЫРМА
Бұл тапсырманы бұрынғы шығармашалаық тапсырмаларды орындауға қатысқан балалар жеңіл шешіп, жоғары көрсеткішке ие болды.
2-ші тапсырма. А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесі.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгеін анықтау және дамыту.
Балардың интеллектуалдық қабілетін экспресс диагностика жасау үшін А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесін қолдануға болады.
Орындау ережесі: оқушыларға 22 есеп жазылған карточкалар таратылып беріледі. Тапсырманы орындату үшін психолог әдістемемен жұмыс жасау тәртібін түсіндіреді.
Ұсынылған тапсырмалардың балалар үшін қиындығы – мағынасы жоқ әріптер жиынтығымен операция жасау болды. Бұл жерде математикалық амалдарды жақсы меңгерген балалар оның мән-мағнасына тезірек түсініп, тапсырманы орындауға онша қиналған жоқ.
Қорытындылап айтқанда, логикалық ойлауды дамыту тестері тек балалардың ғана осы процесін дамытып қоймастан, оны жүргізген психологтың, педагогтың да логикалық ойлауының тереңдеуіне үлкен әсері бар екенін байқадық. Логикалық ойлауды дамытуға шығармашылық тапсырмаларды қолданудың негізгі екі жолын анықтадық:
1. Сабақтарда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану;
2. Арнайы психологиялық шығармашылық тестер мен тапсырмаларды қолданып, баланың ой-өрісін тереңдету.
«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:
Қызығушылығын арттыру;
Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
Шығармашылық ізденісін дамыту.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.
Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:
Машық. Сергіту;
Балалардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);
Іздену тапсырмаларын орындату;
Балаларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар
Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.
Көру қабілетін дамытатын ойындар.
Жамауды таңдап ал.
Келесі тұратын суретті таңдап және орнына қой.
Көлеңкесін тап.
Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.
Математикалық жұмбақтар.
Неше алма?
«Бес» алған Асанға –
Бес алма.
«Төрт» алған Досанға –
Төрт алма.
«Үш» алған Хасанға –
Үш алма.
«Екі» алған Болатқа –
Неше алма?
(2)
Інісі мен досын
Сыйлау үшін Қасым
Алма сатып алды.
Әрқайсысына:
Інісімен досына,
Өзіне 1 алмадан болды.
Ол неше алма сатып алды? (3)
Өлең есептер.
Күн шуақтап күшік отыр,
Құйрығын күнге қыздырып.
Жанына бір күшік келіп,
Отыра қалды жылынып.
(1+1=2)
Асан жеді бір кәмпит,
Үсен жеді бір кәмпит.
Қосқан кезде барлығын,
Болады екен неше кәмпит?
(1+1=2)
Екі шаршы Саматта,
Біреуі көрші Маратта.
Бұл шаршыны балалар,
Кәні, қосып санаңдар!
(2+1=3)
Осындай тапсырмалар орындау барысында балалардың субъектілік алғы шарты туындайды:
1. Оқу іс – әрекетіне деген қызығушылығы артады;
2. Ой-өрісі дамиды;
3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор.
Баланың логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Балалардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан балалардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Балалардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, балаларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек.
Зейінді дамытуға арналған жаттығулар:
«Бір сөзбен ата» әдістемесі
Мақсаты: осының арқасында оларды бір топқа біріктіруге болатын заттардың өзара қарапайым байланыстарын анықтау икемділектерін, сондай-ақ баланың заттардың жинақтаушы атауын меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға бір топқа жататын 3 сурет, мысалы,сәбіз,қияр,қызанақтың суреті ұсынылады.Бала берілген суретті жинақтаушы бір ұғымммен атауы тиіс.
«Не артық» әдістемесі
Мақсаты: белгілі бір топқа жататын нысандарды жіктеу,оған сәйкес келмейтін «артық» нысанды шығарып тастау.
Тапсырма: балаға бір топқа жататын заттар және осы заттардың тобына жатпайтын бір зат бейнеленген карточкалар ұсынылады.Оларды қарап көрген бала 1 «артық» суретті алып тастауы тиіс.
«Суреттерді есте сақта» әдістемесі
Мақсаты: бейнені есте сақтау ерекшеліктерін үйрену және оларға диагностика жасау.
Тапсырма: балаға бетіне 5 заттың суреті бейнеленген карточка ұсыналады.Ол бұл заттарды 1 минут ішінде қарап көруі тиіс.Осыдан кейін карточканы алып қойып, баладан өзінің есінде қалған суреттерді атап беру талап етіледі.
Дұрыс аталған бейнелердің санына қарай нәтижелерге баға қойылады.
«Қисынсыздықтар» әдістемесі
Мақсаты: қоршаған әлем туралы, олардың арасындағы қисынды байланыстар туралы қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін анықтау.Баланың қисынды ойлау және өз ойын грамматикалық дұрыс білідіру икемділіктерін анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға әрқайсысында қисынсыз жағдайлар бейнеленген бір суреттен көрсетеді.Суретті қарап көру кезінде бала, шамамен мынадай мазмұндағы нұсқаулық алады: «Мына суретке зер сала қарап, онда ненің теріс бейнеленгенін және оның шындығында қалай болуы керектігін айт,өз жауабыңды түсіндір»
«Жыл мезгілдері» әдістемесі
Мақсаты: қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін бағалау.
Тапсырма: балаға суретті көрсетіп,оған мұқият қарауды және осы суреттің әрбір бөлігінде жылдың қай мезгілі бейнеленгенін айтуын сұрайды.Осы тапсырманы орындауға бөлінген 2 минут уақыт ішінде ол тиісті жыл мезгілін атап қана қоймастан,сондай-ақ өзінің шешімін дәлелдеуге тиіс болады, яғни өзінің неге осылай ойлайтынын түсіндіруі,өзінің ойынша суреттің осы бөлігінде жылдың басқа бір мезгілі емес , нақ осы мезгілі бейнеленгенін көрсетуі тиіс.
«Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі
Мақсаты: кескіні бойынша бейненің тұтас қабылдануын (ұғынуын) анықтау.
Тапсырма:балаға заттардың кескіні бейнеленген сурет ұсынылады.Онда қандай заттардың (барлығы бесеуі бейнеленген) жасырғанын анықтау керек.
«Айырмашылықтарын тап» әдістемесі
Мақсаты: заттарды өзара салыстыру тәсілдерін меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырма: бала 2 суретке зер сала қарап ,олардың өзара айырмашылақтарын (барлығы 5 айырмашылық бар) атап көрсетуі қажет.
« Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі
Мақсаты: қабылдау (ұғыну) тұтастығын анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға кейбір заттың бір бөлігі жетіспейтіндей етіп бейнеленген суреттер тобы ұсынылады және жетіспейтін бөлікті мүмкіндігінше тез анықтап, оны атау жөнінде тапсырма беріледі.Диагностика жүргізуші баланың бүкіл тапсырманы орындауға жұмсаған уақытын белгілейді.
«Белгілерді қой» әдістемесі
Мақсаты: зейіннің нәтижелілігі мен орнықтылығын анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға суретті көрсетіп,онымен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді. Бұл жұмыстың реті мынадай: әрбір шаршыға,үшбұрышқа,шеңберге және ромбыға үлгінің жоғарғы жағында берілген белгіні қою керек.Бала тапсырманы 2 минут уақыт ішінде үзіліссіз орындайды.
«Кімге не жетіспейді?» әдістемесі
Мақсаты: ойлаудың психологиялық диагностикасы.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға ұсынылатын карточкада бейнеленген балалардың әрқайсысына бір зат жетіспейді.Ал оларға жетіспейтін зат жеке суреттерде бейнеленген.Суреттегі әрбір затты ол жетіспейтін суретпен салыстыру керек.Орындау уақыты-30 секунд. Әр тапсырманың өзіндік қызметі мен нәтижесі баланың қабілетін қалыптастыра отырып, дамытуға үлес қосары сөзсіз.
Практикалық тапсырмалар мен жаттығулар
«Артық сөзді тап» ойыны
https://wordwall.net/pt/resource/54116198
https://wordwall.net/resource/38529483
«Артық сөзді тап» ойыны.
1.
Кітап, дәптер, сызғыш, балпаң-балпаң.
2.
Жазады, желп-желп, басады, өлшейді.
3.
Мен, өзі, саған, сатыр-сұтыр, ешкім.
•
Тапқан сөздеріңмен сөйлем құрап айт.
«Көңіл аудар» тапсырмасы
Сөйлемдерді оқы. Мағынасына көңіл аудар.
1.
Мен кесененің ішіне кірдім. 2. Кесененің
қасына
ағаш
отырғызылған. 3. Сазға құмды қоссаң,
кірпіш қатты
болады.
4. Қоржынға тамақтар салынған. 5.
Сарайдың
терезесіне
әйнектер орнатылған. 6. Сарайға
барайық,
суретке
түсейік. 7. Алыстан келген саяхатшылар
кесене-
ге
барды. 8. Кірпішке де өрнек салынған. 9.
Ескерткішке
бір
немесе екі жыл болыпты. 10. Базарға жүр.
11. Мына әй-
некке
қара, өте әдемі. 12. Тасқа жаз. 13. Әйнекке
сурет
сал.
14. Торсыққа айран құйып алдым.
«Сандарды есте сақтау» жаттығуы
Есте сақтауды дамытуға арналған жаттығулар
«Оқиғаларды ретімен баянда» тапсырмасы
Бағалау және мониторинг
Зейін мен есте сақтау деңгейін анықтауға арналған тесттер
Аралық және қорытынды диагностика әдістері
Жетістіктерді бағалау критерийлері
Қорытынды
Қорытындылай
келе, баланың логикалық ойлауын дамыту
бағытындағы жұмыстар жүйеленді және
оны ұйымдастырудың тиімді жолдары,
әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз
ретінде, балалардың логикалық
ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының
жағдайын бір шама арттырды – деп ой
түйіндейміз.
Баланы өмірге келген шағынан бастап денсаулығына зиянсыз, дамуына мүмкіндік жасай алатын, шығармашылығы мен танымдық қабілеті дамуына ықпал ететін орта құру бүгінгі күннің басты талабы. Баланы қоршаған ортасы, оның интелектуалды өсуіне, алған білімін өмірде қолдана білуіне ықпал етіп, айналадағылармен дұрыс байланыс жасауға үйрететін орта болуы тиіс.
Сонымен,
сананың құрылысы мен психикалық
қызметтердің барлық түрлерінін дамып
жетілуіндегі өзекті мәселесі сананық
даму деңгейі. Бұл мәселе баланың әр
алуан іс-әрекеттері мен ақыл-ойының
дамуымен де өзектес екендігін айқын
көрсетіп отыр. Ойлау процесіне қатысты
мұңдай зерттеулер ілгеріден келе жатқан
ойлау жайындағы жорамалдарды тәжірибе
жүзінде зерттеп, олардың шындығын ашып
көрсетуге жетелер деп санаймын. Бала
әрбір нәрсенің мәміне ой жүгіртіп
түсінетін болады. Үйреншкті әрекеттері
ён мінез-құлығындағы ерекшеліктерін
танып біледі. Мұның бәрі баланың ойлау
деңгейінің өсіп жетілуіне қолайлы
жағдай тудыратын қажет факторлар деп
білеміз. Педагогика ғылымының да алдына
қоятын мақсаттарының бірі осы бала
ойынын дамып жетілуін қамтамасыз
ету.
Баланың даму кезендеріндегі
ақыл-ойының өсуі мен жетілуі оның ғылым
негіздерін қандай деңгейде меңгере
білуіне жол ашып береді. Сөйтін бала
өзінің өмір тәжірибесі мен ішкі жан
дүниесінің дамуына да ой жүгіртіп, оны
өзі бақылап басқара алатындай қабілетке
ие болатыны сөзсіз.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Рогов
Е.И. Психологтың үстел кітабы: М. :Гуманит.
Баспа. ВПАДОС орталығы, 2004
2.
Білім берудегі практикалық психология.
И.В. Дубровин ред: басшылығымен: М.:ТЦ
«Сфера,», 1997.
3.
Мектеп психологиясының жұмыс кітабы./
И.В. Дубровина , М.К. Акимова, Борисова
Е.М., и др. , Под ред. И.В. Дубровиной.-М.:
Просвещение, 1997.
4.
Жабицкая Л Г . Мұғалімге арналған
психодиагностика. Кишенев , Лумина,
1990.
5.
Нижегородцева Н В, Шадриков В Д. Оқушылардың
оқуға психологиялық-педагогикалық
дайындығы . –М.: Гуманит. Баспа. ВПАДОС
орталығы, 2001
6.
Мектеп оқушысының белсенді шығармашылығын
дамыту. А М Матюшкинаның редакциялық
басшылығымен ; -М.:Педагогика, 1991
7.
Оқушыларға арналған педагогикалық
психология. Академик Тутушкиннің
авторлық басқаруымен – М.:1997
8.
Жексенбаева У Б. Дарынды балалармен
жұмыс істеудегі теориялық және практикалық
жұмыс. Монография,- Алматы:
Таугуль-принт,2005
9.
Калмыкова З И. Оқудағы үлгермеушілікті
жеңу жолдары психологтың көзімен.- М.:
білім. 1982 №3
10.
Климов Е. Жеке қызмет түрі. Қазан, 1969

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген