Материалдар / Зейін қабілетін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зейін қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиядан ұйымдастырылған ашық оқу қызметінде бала зейінін түрлі ойындар ойната отырып дамыту,құм терапиясын қолдана отырып ұсақ қол моторикасын дамыту,бала зейінін шоғырландыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
849
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Уразымбетова Дана,№11 «Балауса»бөбекжай-бақшасының педагог-психологы.


Психологиядан ұйымдастырылған ашық

оқу қызметі


Тақырыбы: Балада зейін қабілетін дамыту.

Мақсаты: -балалардың зейіндерін бір ортаға шоғырландыру, сөздік қорын кеңейту, талқылай білу, жалпылауыш сипаттамаларды қолдану;

  • Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту;

  • Балаларды жан-жақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ойын және тренингке қажетті заттар (ермексаз, скрепка, магнит, гуашь, салфетка, құм, ылғал түрлі-түсті құм, құм салынған шарлар).

Балалар залға кіреді.

Сәлем, сәлем әуенімен балалар сәлемдеседі.

Психолог:-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгінгі «Зейінді бол» атты оқу қызметімізді бастаймыз.

Психолог:

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз

-Күз мезгілінің ай аттарын атайықшы

-Қыркүйек, қазан, қараша

-Қазір күздің соңғы қараша айы да аяқталып жатыр. Балалар, күзде табиғат қандай түске боялады?

-Сары, қызыл сары

Күзгі табиғатты тамашалау. (Видеосюжет)

Ғажайып сәт: -есікті тықылдатып топқа пошташы кіреді.

Психолог:

-Балалар сендерге поштадан хат келіпті. Ол хат Су перісінен келіпті. (Экраннан су перісінің суретін көрсету.)

Су перісі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Мен сендерге келер жолда бір қиындыққа тап болдым. Маған мына тапсырмаларды орындауға көмектессеңдер мені босатады.

Психолог:

-Балалар су перісіне тапсырманы орындауға көмектесеміз бе?

-Ия, әрине.

1-тапсырма. Лабиринт

Мақсаты: балалардың ойлауын, зейінін бағыттай білуге үйрету.

Балаға төрт лабиринт сызықтар беріледі. Әр сызыққа түстер бекітілген. Бір-біріне сәйкес келген түсіне дейінгі жолмен жүріп өтуі тиіс.

2-тапсырма. Судағы балық.

Мақсаты: балалардың зейінін дамыту.

Балалар судағы балықты кубикті лақтырып отырып сыртқа шығарулары керек.

3-тапсырма. Суреттерді боя.

Мақсаты: балалардың қиялын, зейінін дамыта отырып тәрбиелеу.

Балаларға алдын –ала суреттер беріледі. Балалар өз қиялдары арқылы қалауынша бояп шығады.

Дидактикалық ойын: «Көңілді шеңбер»

Мақсаты: баланың зейінін дамыту.

Нұсқау: Балалар шеңбер жасап отырып, бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде, балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші балаларға түрлі заттарды қыстырып қояды.(гүл, орамал, моншақ,түйме)

Балалар көздерін ашқанда «Не өзгерді ?» деп сұралады.

Құм терапиясы- құммен ойнау- ұсақ моторика, тактильді сезім, қимыл координациясын, сөйлеу, ойлау, есте сақтау, зейінді шоғырландыру үдерістерін дамытатындықтан осы жерде құм терапиясын да қолдана кеткенді жөн көрдім.

Ойындар:

1.-Балалар, су перісіне ылғал құмнан түрлі -түсті заттар жасап берейік-балалар ылғалды түрлі-түсті құмды пайдалана отырып түрлі аңдардың,балықтардың,жәндіктердің пішіндерін жасады.

2.Балаларға құмның арасынан бірнеше заттар табуға үйрету-құрғақ құм арасына жасырған моншақ,түйме секілді заттарды тауып,түстерін айтып,кім қанша зат тауып алғанын санау.

3.Шарға салынған құммен балалардың алақанына қысу арқылы терапия жүргізу.

Балалар, біз бүгін су перісінің тапсырмаларын орындау үшін біраз жұмыстар жасадық, ендеше жасаған заттарымызды пошташы апайымыз арқылы біз су перісіне беріп жіберейік. Барлық орындалған тапсырмалар әдемі жылтыр қорапшаға салынып,пошташыға беріліп,шығарып салынады. (Экраннан қуана балаларға қол бұлғаған Су перісінің суреті)

-Балалар, бүгінгі сабағымызға бәрің де белсене қатыстыңдар,сондықтан барлығыңа да рахмет , ал енді бүгінгі белсенділіктеріңді бағалау мақсатында өздеріңе арналған тосын сыйым бар.-Үстел үсіне түрлі түстерге боялған кішкене қорапшалар қойылады-қане,кім қандай түсті жақсы көреді?-балалар өздеріне ұнайтын түстерді атайды,-қане енді сол өздеріңе ұнайтын түстегі қорапшаларды ала қойыңдар.Ішін ашайық,не бар екен?-қорапшалар ішінен балаларға арналған Киндер-сюрприздер шығады.

Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды,сау болыңдар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!