Зейін қабілетін дамытушы ойындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зейін қабілетін дамытушы ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ойын түрлері балалардың зейін және ойлау қабілеттерін түзете-дамытуға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

     Мен жеңімпазбын

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.

        Құлақ-мұрын

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.

        Өз орныңды тап

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

        Дайын бол

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.

        Зейінді бол

Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады. 

       Ойлауды дамытуға арналған ойындар

Матадағы менің орным

Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

     Ойлан да аяқта

- лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)

- егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық...

- екі, бірден көп, ал бір...

-пышақ та, әйнек те...(өткір)

    Ойлан да аяқта

 -       Ат шабады, ал қарлығаш... 

-       Ит үреді, ал қарға...

-       Жылан жорғалайды, балық...

    Қарама-қарсы сөзді ата

Балалар шеңберге тұрады.  Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады.  Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөзді айтулары тиіс.

 Қара –

 Күн –

 Аласа –  

Ойын: «Суреттерді құрастыр»

Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға 3-4 бөлікке бөлінген суретті береді.Балалар үлгінің көмегінсіз суретті құрастырады.

Ойын: «Кім тығылды?»

Мақсаты: көзбен қабылдауын дамыту.

Психолог балаларға жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, суретте қандай жануар жасырынғанын сұрайды.

Балалар алдымен атын атап, содан соң суретті бояйды.

Ойын : «Не артық?»

Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап ,басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.

Ойын: «Не жетіспейді?»

Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға бірнеше заттардың суреті бар бетшелерді ұсынады.Суретті мұқият қарап,әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұрайды.


Бекітуге арналған сұрақтары:

  1. Коррекциялық педагогика дегеніміз не?

  2. Коррекциялық педагогика пәні мен міндеттері?

  3. В.П. Кащенконың коррекциялық педагогика пәнінің дамуына қосқан үлесі қандай?

  4. О.Н. Усанова ұсынған ауытқушылығы бар балалар классификациясын атаңыз?

  5. Бала дамуының бұзылуына қандай факторлар әсер етеді?

  6. Ауытқушылығы бар балаларға қолданылатын қандай жаттығу тренингтер бар?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
5968
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі