«Зейінділер және
зерделілер» интеллектуалды
сайыс
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика, информатика пәнінен алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді, озық болуға тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: презентация, слайдтар, ,
кроссвордтар, ойынға қажетті әртүрлі
заттар.
Сайыс
барысы: Сәлеметсіздерме, қадірлі
ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі бастағалы
отырған Зейінділер мен
зерделілер» интеллектуалды сайысына қош
келдіңіздер! Бүгін сіздер математика, информатика пәндерінің
жұмбақты да тылсым әлемімен танысасыздар. Бұл әлемнің қаншалықты
қызықты да тартымды екеніне куә
боласыздар.
Бәріңіз маған қараңдар!
Сайысымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Интеллектуалды сайыста
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық.
Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.
1. ___________________________________
2. ___________________________________
3. ___________________________________
4. ___________________________________
Сайыс шарты: Интеллектуалды сайысына 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б», 5 «В», 5 «Г» сынып оқушылары бақ сынасады. Сайыс 5-кезеңнен тұрады.
1-кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (таныстыру)
2-кезең. «Кім жылдам?» (пән бойынша сұрақтар)
3-кезең. «Кім жүйрік?» (есеп шығару)
4-кезең. «Қызықты есептер» (логикалық есептер)
5-кезең «Ойымды жалғастыр» (Мақал-мәтелді жалғастыру).
6-кезең «Мықты болсаң тауып көр» Информатика пәнінен венгр сөзжұмбағы
7-кезең «Байқағыштығыңды байқат!!!»
1-кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (таныстыру)
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Демеймін заман сөздері,
Түбі бүгін өзгерді.
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді, - дей келе «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» сайысына береміз. Бұл бөлімде әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады. Сайыстың жоғарғы ұпай саны – 5 ұпай. Әділқазы мүшелері сайыстың жалпы қорытынды бағасын сайыс соңында есептеп барлығын бірақ қорытындыласақ, әр сайыстың бағасын өздеріңіз алдыларыңызда берілген қағазға есептеп, белгілеп отырсаңыздар.
(Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.)
2-кезең. «Кім жылдам?»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, – дей отырып, сайысымыздың «Кім жылдам?» деп аталатын бөлім, бұл кезеңде сұрақтар берілген,оған оқушылар бірінші болып қол көтерген топ жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса келесі қол көтерген топ жауап бере алады. Әр жауап 1 ұпаймен есептеледі.
1. Әріпті өрнек деп қандай
өрнекті атайды?(Құрамында әрпі бар өрнек)
2. Бестен екі қандай бөлшек? (дұрыс
бөлшек)
3. Адам ақпаратпен не істейді? (ақпаратты сақтайды, таратады, өңдейді)
4. Тоғызға кері сан (тоғыздан бір)
5. Интернетпен байланыс
жасайтын құрылғы. (модем)
6. Ең кіші планета?
(Меркурий)
7. Жай сандар деп қандай сандарды
атайды?( )
8. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?
(0)
9. Компьютердің негізгі
құрылғылары (жүйелік
блок,монитор,клавиатур)
10. Ең кіші натурал сан?(1)
11. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)
12. Екіге бөлінбейтін сандар? (тақ сандар)
13. Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)
14. Алымы бөлімінен үлкен сан? (Бұрыс
бөлшек)
15.Санау үшін қолданылатын сандар? (натурал
сандар)
16.Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа (Вирус)
17. Тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
(ұзындығы мен енінің
көбейтіндісіне)
18. Бестен екі қандай бөлшек? (дұрыс
бөлшек)
19. Компьютердің маманы (программист)
20.Қосылғыштардың орнын ауыстырғандықтан..
(қосынды
өзгермейді
Осымен екінші сайыс «Кім жылдам?» сайысы өз мәресіне жетті.
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар!
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар - деп 3-кезең «Кім жүйрік» кезеңін бастайық. Бұл бөлімде топтарға есеп беріледі, толық орындалған есепке 3 ұпай беріледі
4 – кезең «Қызықты
есептер»
I топқа сұрақтар
1. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
2. Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?(сабақты)
3. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі
артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында.
Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек)
4. Сағат 22. 00 - де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің
жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)
ІI топқа сұрақтар
1. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар.
Отбасында барлығы неше бала? (6)
2. 70 мин көп пе, әлде 1
сағ. 10 мин көп пе? (тең)
3. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? (50)
4. Әсем поездың басынан есептегенде 7 - вагонға отырды. Марина
поездың соңынан есептегенде 7 - вагонға отырды. Сонда қыздар бір
вагонда болды. Поезда неше вагон
болған?(13)
ІІI топқа сұрақтар
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады,
ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3
кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын
арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5
бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16
аяқ)
4. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)
ІҮ топқа сұрақтар
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10
торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10
торғай).
2. Мектепке келе
жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала
жолықты.
Мектепке неше бала
барды? ( 5 бала )
3. 1 т мақта ауыр ма,
10ц темір ауыр
ма?(тең)
4. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған? (2)
Ү топқа сұрақтар
1.5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минутта, бәрін бірге саламыз).
2.Бір жанұяда екі әкесі, екі баласы бар. Барлығы нешеу? (үшеу: атасы, әкесі, баласы)
3.Үш түйе құс ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды ? (түйе құс ұшпайды )
4.Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
5-кезең «Ойымды жалғастыр» (Мақал-мәтелді жалғастыру). Бес топқа кезек-кезегімен қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
-
Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)
-
Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
-
Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
-
Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
-
Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
-
Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
-
Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
-
Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
-
Жерді екі рет жыртқан, (өнімді екі есе көп алады)
-
Бір жақсы дос, (жүз туыстан артық)
-
Ат баспаймын деген жерін ( үш басады)
-
Он рет айтқаннан (бір рет көрсеткен артық)
-
Ер қаруы – (бес қару)
-
Бір күн тұзын татқанға, (қырық күн сәлем)
-
Оқымаған бір бала, (оқыған екі бала)
-
Айдағаны бес ешкі (ысқырығы жер жарады)
-
Екі қолға (бір күрек)
-
Ел құлағы (елу).
-
Бір күндік жолға шықсаң, (үш күндік жолға азық ал)
-
Айдың он бесі жарық, (он бесі қараңғы)
Ей, балалар,
балалар,
Қане бері
қараңдар
Сайысымызда
қиналмай
сөзжұмбақты шешіп алайық
деп 6-кезең «Мықты болсаң
тауып көр» кезеңіне келдік. Мұнада
информатика пәнінен венгр сөзжұмбағы

7-кезең «Байқағыштығыңды байқат!!!» кезеңі Бұл кезеңде шырпы дәнінен есептер беріледі Бір шырпыны қозғау арқылы есептің дұрыс жауабын табың
Қорытынды: Алған ұпай сандары бойынша жеңімпазды анықтау.Марапаттау.
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып– дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!
«Зейінділер және зерделілер» интеллектуалды сайыс
/Математика, информатика, физика апталығында өткізілген іс-шара/
Сынып: 5
Өткізген: Даблова А
Самаликова Р
2017-2018 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз