Материалдар / «Зейінділер мен зерделіліер» психологиялық коррекциялық ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Зейінділер мен зерделіліер» психологиялық коррекциялық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал психологтарға оқушылардың таным процесін дамытуға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2019
1080
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4-сыныпқа арналған психологиялық ойындар Тақырыбы: Менің асқақ арманымМақсаты: Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.Міндеттері:-арман ұғымы туралы түсінік беру;-балалардың ойын,қиялын дамыту;-жақсылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың жүрісі: І Кіріспе-Балалар,қайырлы күн! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.Көңіл- күйлеріңіз жақсы ма?Сабағымызды бастамас бұрын өзімді таныстырғым келеді.Бүгін менің де көңіл-күйім өте тамаша! Менің қолымда көбелек бейнесіндегі төсбелгім бар.Көбелек жаз мезгілінде болғанымен ол өзінің сұлулығымен адамдарға керемет көңіл-күй сыйлайды.Сондықтан да осы көбелек бүгін бізге жаздай жадыраған көңіл-күй сыйласын деген тілекпен сабағымызды бастайық.1. «Менің төсбелгім» таныстыру



Г №7







Менің аты-жөнім С. Ш.ОМен музыка тыңдағанды өте жақсы көремін.Сонымен қатар кітап оқығанды жаным сүйеді.Мен кітапты төсбелгімде көрсеткен себебім,бала күнімде мұғалім болуды қатты армандаушы едім.Сол арманыма қол жеткізіп,бүгінгі күнде сіздердің алдарыңызға сабақ беруге келіп тұрмын.Енді мен сіздермен жақын танысқым келіп тұр.Менің үстелімнің үстіндеқағаздан жасалған әртүрлі бейнедегі төсбелгібар.Өздерің ұнатқан төсбелгіні таңдап,өздеріңді,армандарыңды бейнелеп көрсетіңдер.(балалардың жауаптары тыңдалады)-Балалар,мен сендермен жақын таныстым.Араларыңда болашақ әнші де,биші де,спорт шебері де,ұстаз да,дәрігер де,мұнайшы да бар екен.Мүмкін араларыңда болашақ ел басқаратын елбасы да отырған шығар.Кім біледі? Өздерің айтқан әнші де,биші де,спорт шебері де,ұстаз да,дәрігер де,мұнайшы да, ел басқарып отырған азаматтар да сендер сияқты мектеп қабырғасынан білім алған.Жарайсыңдар,сендермен болашаққа сәл ғана саяхат жасағандаймын.Енді өздеріңді болашақта кім болғыларың келеді, соны армандайсыңдар ма?(балалардың жауаптары тыңдалады)

2. Тыныштық сәтіБалалардың қабілетін арттыру мақсатында осы тәсіл арқылы олардың денесі,ойы сергітіледі.-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,еркін отырып,екі аяғымызды еденге қойып,екі қолымызды тіземізге қойып,көзімізді жұмып,денемізді бос ұстап,болашағымызды армандап көрейікші.(жәй музыканың ырғағымен) 1-2 минутЖайлап көзімізді ашайық.Музыканың ырғағымен болашақты армандадыңдар.Қандай әсер алдыңдар? (балалардың жауаптары тыңдалады)-Дұрыс айтасыңдар.Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің арманым» деп аталады.

* Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар? * Арманның үлкен-кішісі бола ма? *Арманға қалай қол жеткізуге болады?



-Жарайсыңдар,мен сендерге арман туралы жаңа ақпарат бергім келеді.

Арман-алға жетелейтін жарық жұлдыз,адам адал еңбек етіп,қиындыққа мойымай,қажырлылық танытқанда ғана өз мұратына жетеді,яғни арманы жүзеге асады.

3. Коллаж «Менің арманым» Барлық оқушыларға тапсырма беріледі.Оларға осы тақырыпқа коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллаж жасап болғаннан кейін оқушылар өз жұмыстары туралы әңгімелейді.Берілген уақыт 10 минутКоллаж(франц. collage – жапсыру, желімдеу) – бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс, кубизм, футуризм суретшілерінің шығармашылық ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі. Бұл өнер ағымдары суретшілері қиялына байланысты кез келген өзіне ұнаған заттарды кескіндемесіне пайдаланған.4.«Ниет.Арман.Мақсат» психологиялық жаттығуы

Оқушылардың сабақтан түйген ойларынының бекітіле түсуі үшін жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.Шарты:оқушы арманына жету үшін ортаға қойылған кедергілерден өту керек.Ол үшін оқушы әрбір кедергіні алу барысында арманға жетудің жолдарын айту керек.Сөйтіп,кедергілерден құтылып,арманына қол жеткізеді.Жаттығу соңында оқушыны қошеметтеу керек.

-Балалар,қазір біз«Ниет.Арман.Мақсат» атты психологиялық жаттығу орындаймыз.Бұлжаттығуды орындамас бұрын ортаға сіздердің араларыңыздан өзінің қандай да бір арманын айтқысы келетін оқушыны шақырғым келеді.(ортаға бір оқушы шығады,өзінің арманын айтады)Мен ортаға 3 орындық қойдым.Бұл орындықтар арманыңа жету үшін сенің алдыңда тұрған кедергілерің.Ал мен сенің арманыңмын.Ойлап көрші,осы кедергілерден өтіп,арманыңа жету үшін не істейсің? Кедергілерден қалай өтесің? Кедергілерден қалай өтсең де өзіңнің еркіңде.(оқушыға қосымша сұрақтар қойылады)* Артқа қарашы,кедергілер орнында тұр ма?* Кедергілерден құтылдың ба?*Ол үшін не істеу керек? (оқушы орындай алмаған жағдайда басқа оқушыны көмекке шақыруға болады)Қорытындылау-Біз бүгін сабақта арманға қол жеткізу үшін көп күш жұмсалатынын білдік.Арманның орындалуы жақсы ниеттілікті,төзімділікті,уақытты,еңбектенуді,білімді,ақылды қажет етеді.Адам арманының орындалғаны қандай жақсы!

-Балалар,мен сендерді ортаға шақырамын.

«Арман деген көп белес-біріне шықсаң,бірі бар» деп Ғабиден Мұстафин атамыз айтқандай,армандайық,арманға қол жеткізейік.Олай болса, «Армансыз күнім болмайды» әнімен сабағымызды аяқтаймыз.Сабаққа жақсықатысқандарың үшін мен сіздерге алғысымды білдіремін.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!