Зерде байқауына қазақ әдебиетініен ғылыми жоба

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зерде байқауына қазақ әдебиетініен ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ілияс Жансүгіровтің «Қазақ үйдің тұрмысы» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады. Ақынның өлеңдері еш уақытта өзінің өзектілігін жоғалтқан емес, әр өлеңі - тағлымы мол мұра. Жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан жас ұрпақ үшін ұлттық құндылықтарымызды білу, қадірлеу, маңыздылығын түсіну өте маңызды. Зерттеу нысаны ретінде талданған өлеңде ұлттық құндылықтарымыздың бірі қазақтың киіз үйі мен жабдықтары жайлы кеңінен айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы





Мазмұны


  1. Аннотация................................................................................... 3 бет

  2. Кіріспе бөлім. ............................................................................. 4-5 бет

  3. Зерттеу бөлімі:

Өлеңдегі киіз үй жабдықтарының атаулары және қолданылған лексикондар............................................................................. 6-11 бет

  1. Қорытынды............................................................................... 11 бет

  2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................. 12 бет




















2







АННОТАЦИЯ

Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды. І.Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер.

Ақынның өлеңдері еш уақытта өзінің өзектілігін жоғалтқан емес, әр өлеңі - тағлымы мол мұра. Жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан жас ұрпақ үшін ұлттық құндылықтарымызды білу, қадірлеу, маңыздылығын түсіну өте маңызды. Зерттеу нысаны ретінде талданған өлеңде ұлттық құндылықтарымыздың бірі қазақтың киіз үйі мен жабдықтары жайлы кеңінен айтылады, жұмысты дұрыс әрі жан-жақты сатылай талдау жасай отырып, киіз үй мен оның жабдықтарын қолдану аясы жағынан талдап, даралап, санақ жүргізе отырып зерттеген. Сонымен қатар, лексика-морфологиялық талдау жасалынған нәтижелі, көрнекті жұмыс. Зерттеу жұмысы кіріспеден, зерттеу (талдау) бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ақынның көптеген өлеңдері талданып, зерттелген, алайда бұл тақырыпта ғылыми түрде зерттелген ғылыми еңбектер жоқ, сондықтан тың, өзекті тақырыпттардың бірі.

Ілияс Жансүгіровтің  «Қазақ үйдің тұрмысы» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасалған еңбегін қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, көркем еңбек, өлкетану сабақтарында пайдалануға болады.







3



Кіріспе


Ілияс Жансүгіровтің  «Қазақ үйдің тұрмысы» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау жұмыстың  зерттеу нысаны  болып табылады. Ақынның өлеңдері еш уақытта өзінің өзектілігін жоғалтқан емес, әр өлеңі - тағлымы мол мұра. Жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан жас ұрпақ үшін ұлттық құндылықтарымызды білу, қадірлеу, маңыздылығын түсіну өте маңызды. Зерттеу нысаны ретінде талданған өлеңде ұлттық құндылықтарымыздың бірі қазақтың киіз үйі мен жабдықтары жайлы кеңінен айтылады. Сонымен қатар, лексикалық талдау жасалынған нәтижелі, көрнекті жұмыс. Ілияс Жансүгіровтың көптеген өлеңдері талданып, зерттелген, алайда бұл тақырыпта ғылыми түрде зерттелген ғылыми еңбектер жоқ, сондықтан тың, өзекті тақырыпттардың бірі.

Мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің  «Қазақ үйдің тұрмысы» өлеңіне сатылай кешенді талдау арқылы қазақтың киіз үй тұрмысындағы жабдықтары атауларымен таныстыру, ұлттық құндылықтардың маңызын насихаттау.

Міндеттері:

- өлеңге сатылай кешенді талдау жасау;

- өлеңдегі киіз үй тұрмысындағы жабдықтарды қолданысына қарай талдау, топтастыру, санын анықтау;

- өлеңдегі ұлттық киімдер, тағам, сусын, ат әбзелдері, тұрмыстық заттар, асыл тастар атауларын талдау, жинақтау, санын анықтау;

- ұлттық жабдықтар мен түрлі зат атауларына лексика-морфологиялық талдау жасау.

Талданатын шығарма: Ілияс Жансүгіровтің  «Қазақ үйдің тұрмысы» өлеңі.

Талдау нысаны: өлеңде кездесетін ұлттық құндылықтар, қазақтың киіз үйі мен жабдықтары.

4



«Қазақ үйдің тұрмысы» өлеңіне сатылай кешенді талдау

1.Авторы - Ілияс Жансүгіров  1894 жылы 5 мамырда (1938 ж.) Алматы облысы  Ақсу ауданында туған, қазақтың құлагер ақыны, қоғам қайраткері.



2.Тақырыбы «Киіз үйдің тұрмысы» өлеңі арқылы ұлттық құндылықты насихаттай отырып, киіз үй жабдықтарын таныстыру.



3.Жанр түрі - поэзия, өлең, лирикалық туынды. Бұл өлең тұрмыс - салт лирикасына жатады. Себебі, киіз үйдің жабдығы халық тұрмысындағы қолөнердің көрінуін сипаттайды.



4.Идеясы - ақынның айтар ойы мен мақсатының айқындылығы. Автор өлеңінің идеясы - киіз үй жабдықтарын сипаттап, қазақтың киіз үйі тұрмысымен таныстырып, бізге, болашақ ұрпаққа, ұлттық құндылығымыздың бірі киіз үй жабдықтарының атауларын біліп жүрсін деген оймен жазған.



5.Шумақ - аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 4 шумақтан тұрады.



6.Тармақ - өлеңнің әр жолы. Өлең 42 тармақты. 1-ші шумақта 4тармақ, 2-ші шумақта 12 тармақты, 3-ші шумақта 24 тармақ, 4-ші шумақта 2 тармақ.



7.Бунақ - белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3-4 бунақты.



8.Буын саны - дауысты дыбыс санына байланысты. Өлең 11 буынды.

5



9.Ұйқасы - өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі.



Зерттеу бөлімі


Ақ үйге// алты қанат //келсем кіріп, А
Босаға, //маңдайша мен //табалдырық, Б
Кереге //алты жапсар,// алпыс уық, Б
Шаңырақ, //күлдіреуіш// оған жуық. Б
Құр, таңғыш, //басқұр, //арқан //екі аяқ бау, А

Төрт ірге, //есік жабық, //ши, туырлық, Б
Он бес бау, //ішкі - сыртқы белдеу, //желбау, А
Түс киіз,// көрпе, //шай //шымылдық, Б
Текемет, //жастық, шапан, //кілем, //сырмақ, А
Алаша, //бешпент, көйлек,// шәлі, берік, Б
Самаурын,// үстел, кесе, //шәйнек, шәугім, В
Кәдеге, сандық, //кебеже,// ақ түндік, Г

Патнос, //шелек, мосы, //адалбақан, Д
Ұстара,// қайрақ,тарақ,// бақан, сырық, А
Шылапшын, //аяқ, қасық,// қазан, ошақ, А
Жүкаяқ, //шкаф, пышақ, //айна, орындық. А

Тәрелке, //ожау, шөміш, //саба, торсық, А
Ұршық, біз,// балға, көсеу, //қап,// ине, жіп, Б
Сым, шалбар, //жейде, дамбал, //кебіс, //байпақ, А

Дастарқан, //тақия, ішік, //белбеу, белдік, В

Ер - тоқым, //жүген, тартпа,// айыл, қамшы, А
Құйысқан, //үзеңгі, ішпек, //өмілдірік, Б
Аяққап, //тұз баспағы, //сабын, сақар, В
Ірімшік, //жәшік, қоспа, //май, қымыз, құрт, Г

6




Айран, ұйтқы, //ашытқы, көже, //саумал, А

Ұн, тары, //бидай, сұлы, //сұр мен шұжық, Б

Жүн - жұбыр, //қыбыр мен //тері-терсек, В
Келі, келсап,// пышақ,аша, //күрек, В
Ат, қалта// ноқта, бұйда, //үскі, кілт, А
Сыпыртқы, //сүлгі орамал, //қырғы көнек, В
Жайнамаз, //қалам, қағаз, //дорба, сауыт, А
Домбыра, //тұтқыш, гармонь, //шаппашот, //тұлып Б
Машина, //кергіш, қайшы, //ілгек, шамдал, Г
Кепсер, қақпақ,// саптыаяқ, //тәспі, құлып, Б
Асыл тас,// ақық, меруерт, /маржан, үкі, В
Бастырма,// ілгек, жүзік, //сақина, шоқ, Г
Кимешек, //шүберек, сағат, //құран кітап, А
Темекі, //қант, қағаз шай, //насыбай шелек, Б
Асық, шақша, //шалғы, орақ,// бұрғы, қашау, В
Желі арқан,// көген, тоқпақ, //жылқы құрық. Г
Басқа түрлі //жабдығын// санай алмай, Д
Сыртқы үзігін //көрмекке// кеттім шығып. Г

Бұл өлең - аралас ұйқаспен жазылған. Себебі, 1-4 тармақтары, 1-ші шумақ - А-Б-Б-Б- шұбыртпалы ұйқас, 5-8 тармақтары, 2-шумақ А-Б-А-Б- шалыс ұйқас және 8-16 тармақтары А-Б-В-Г - ерікті ұйқас, 16-42 тармақтары, 3-ші шумақ А-Б-В-Г - ерікті ұйқас.



10.Киіз үйге қатысты сөздер (киіз үй құрылымы): алты қанат, босаға, маңдайша, табалдырық, кереге алты жапсар, алпыс уық,шаңырақ, күлдіреуіш,құр, таңғыш, басқұр, арқан, екі аяқ бау,төрт ірге, есік, ши, туырлық, ішкі - сыртқы белдеу, желбау, бақан, сырық. (21)



7







11.Киіз үй жабдықтары: түс киіз, көрпе, шай шымылдық,текемет, жастық, кілем, сырмақ,алаша, кәдеге, сандық, кебеже, ақ түндік, жүкаяқ, шкаф, үстел,орындық, адалбақан, бастырма, желі арқан, ілгек.(20)

12.Жеке қажеттілікке қатысты атаулар: ұстара, тарақ, шылапшын, айна, сабын,сақар, сүлгі орамал. Барлығы - 7 зат.



13.Қол өнерге қатысты атаулар: ұршық, біз, балға, ине, жіп, машина, кергіш, қайшы, ілгек, шамдал, жүн - жұбыр, қыбыр мен тері-терсек. Барлығы 13 зат.


14.Ұлттық киімдер: шапан, бешпент, көйлек, шәлі, берік, сым, шалбар, жейде, дамбал, кебіс, байпақ, тақия, ішік, белбеу, белдік, үкі, кимешек, тұлып. Барлығы -18 киім атауы.



8

15.Ыдыс - аяқ атаулары: самаурын, кесе, шәйнек, шәугім,аяқ, қасық, қазан, ошақ, тұтқыш,патнос, шелек, мосы, пышақ, тәрелке, ожау, шөміш, саба, торсық, дастарқан, аяққап, тұз баспағы, келі, келсап, пышақ, кепсер, қақпақ, саптыаяқ, қырғы көнек. Барлығы -28 ыдыс - аяқ атауы.

16.Ат әбзелдері: ер - тоқым, жүген, тартпа, айыл, қамшы,құйысқан, үзеңгі, ішпек, өмілдірік, қалта ноқта, бұйда, көген, тоқпақ, жылқы құрық. Барлығы - 15 ат әбзелдері.



9



17.Тағам мен сусын атаулары: ірімшік, қоспа, май, қымыз, құрт,айран, ұйтқы, ашытқы, көже, саумал,ұн, тары, бидай, сұлы, сұр мен шұжық, қант, қағаз шай. Барлығы 19 тағам мен сусын атаулары.



Shape1 Shape2



18.Құралдар: аша, күрек,үскі, кілт, сыпыртқы, шалғы, орақ, бұрғы, шаппашот, қашау,көсеу, қайрақ. Барлығы – 12 құрал.


19.Жеке заттар: жайнамаз, қалам, қағаз, дорба, сауыт, тәспі, құлып, сағат, құран кітап, темекі, насыбай шелек, асық, шақша. Барлығы -14 зат.


20.Музыкалық аспаптар: домбыра, гармонь. Барлығы -2 аспап.



21.Асыл тас атаулары мен әшекей заттар: асыл тас, ақық, меруерт, маржан, жүзік, сақина, шоқ. Барлығы - 7 асыл тас атаулары мен әшекей заттар.



22.Әдеби теориялық ұғымдар: троп немесе құбылту түрлері жоқ.





10







23.Қолданылған лексикондар. Кірме сөздер: шкаф, жәшік ,машина, самаурын, үстел, шәйнек, патнос ,тәрелке, гармонь. Барлығы – 9 кірме сөз.



24.Көнерген сөздер: бешпент, шәлі, берік, дамбал, кебіс, байпақ, ішік, белбеу, белдік, кимешек, тұлып, мосы, торсық, аяққап, тұз баспағы, келі, келсап,

саптыаяқ, шаппашот, қырғы көнек, сауыт, шапан,ішпек, өмілдірік, кәдеге, кебеже, ақ түндік, жүкаяқ, адалбақан, бастырма, ілгек. Барлығы - 31 көнерген сөз.



25.Диалект сөздер: сым, шалбар, шәугім,аша,шаппашот, сыпыртқы, қашау, кепсер.Барлығы - 7 диалект сөз.



26.Күрделі сөздер. Қос сөздер: жүн - жұбыр, тері-терсек,ер-тоқым, ішкі - сыртқы бау. Барлығы – 4 қос сөз.



27. Біріккен сөздер: басқұр, адалбақан, жүкаяқ, белбеу, аяққап, жайнамаз, шаппашот, желбау,саптыаяқ. Барлығы – 9 біріккен сөз.



Қорытынды.

Ілияс Жансүгіровтің «Қазақ үйдің тұрмысы» өлеңінде ұлттық құндылығымыздың бірі киіз үйдің, оның жабдықтарының, ыдыстардың, ұлттық киімдердің, тағамдардың, ат әбзелдерінің, жеке гигиеналық заттардың, қолөнер құралдарының жалпы 176 атауы бар, кішігірім сөздік деуге болады. Бұл өлеңнен алатын тағылым мол, ата-бабаларымыздың тұрмыс тарихы жайлы сипатталған құнды туынды.

11





Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Лтд.». 2010 жыл.

  2. І.Жансүгіров «Құлагер» өлеңдер жинағы. Алматы, 2016 жыл.

  3. Түсіндірме сөздік. Алматы, «Тарлан», 2001 жыл.

  4. https://bilim-all.kz/tag/olen?tag

  5. https://kk.wikipedia.org/wiki/%



































12

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2025
51
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі