Материалдар / "Зерде" интелектуалды сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Зерде" интелектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
8-5 сынып оқушылары арасындағы сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2020
1169
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс сабақ


Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды сайыс

Мақсаты:

Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс  істей алу қабілеттерін  дамыту. Қызығушылықтарын арттырып, білім құмарлыққа баулу, ұлттық сана сезімдерін тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.

Түрі: жарыс

Әдіс –тәсілдері: халықтық педагогика құралдары: ұлттық ойындар, мақал-мәтел, жұмбақтар, талдау, сұрақ-жауап, ішінара-ізденушілік, өз бетінше жұмыс, т.б.

Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, эмблема мен ұрандар, ойындар, әуен, асықтар, сигналдық карталар.


Сабақтың барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, көрермендер және қатысушылар!

«Зерде» интеллектуалды сайысымызды бастайық!


-Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, — дегендей, сайысымыздың бүгінгі қатысушыларын ортаға шақырайық!

Жарысқа 3 команда қатысады «Ойшылдар», «Білімділер» және «Тапқырлар» командасы.

Ендеше сайыс ержелерімен таныстыра өтейін:

Сайыстың мақсаты: сыныптың ең білімді де білікті, тапқыр әрі ақылды жүйрік әрі епті командасын анықтау;

Сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:

1-сайыс «Ширату»
2- сайыс «Теңге алу»
3-сайыс «Кім жылдам»
4- сайыс «Ханталапай»
5- сайыс «Жұмбақ жарыс»

Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы топтармен танысып алайық:

«ОЙШЫЛДАР»

Ұраны: Білегіңе сенбе, біліміңе сен

«ТАПҚЫРЛАР»

Ұраны: Күш білімде, білім кітапта

 «БІЛГІРЛЕР»

Ұраны:Білімді мыңды жығыр

Жарысымызды 1-кезең «Ширату» сайысымен бастайық.

Сұрақ топтың әр  мүшесіне қойылады сұраққа ия немесе жоқ деп жауап беру керек.1 ұпаймен бағаланады. Топтағы қатысушылардың жас ерекшеліктері әр түрлі болғандықтан сұрақтар дәрежесі де түрліше. Сол себепті-


1-команданың:

5 -сынып оқушысына қойылатын 2 сұрақ.

1. Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді +

2. 2 мен 0 -дің қосындысы 4-ке тең –


6 -сынып оқушысына қойылатын 2 сұрақ.

Қазақстан Республикасы туының авторы Ниязбеков+

2. Қосудың компаненттері: қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні+


7 -сынып оқушысына қойылатын 2 сұрақ.

1. Табиғаттағы денелер өлі және тірі болып бөлінеді.+

2. Қазақстан жер көлемі бойынша 10- орында-


8-сынып оқушысына қойылатын 2 сұрақ.

1. Отырар қаласының арабша аты- Фараб +

2. 0 ондық 3 бірлік пен 5 бірліктің қосындысы- 10 -


2-команданың:

5 -сынып оқушысына қойылатын 2 сұрақ.

1. Әріптерді көреміз және жазамыз.+

2. 3 пен 1 дің айырмасы 2ге тең+


6 -сынып оқушысына қойылатын 2 сұрақ.
1. Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек+

2. Азайтудың компаненттері: азайғыш азайтқыш, қосындының мәні-



7 -сынып оқушысына қойылатын 2 сұрақ.

1. Жыл мезгілдері: Көктем, жаз, шілде, қыс -

2. Қазақстан Республикасының ең биік нүктесі- Хан тәңірі 6995 м +


8-сынып оқушысына қойылатын 2 сұрақ.

1. Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болып1986 жылы қабылданды-

(1992 жылы 2 наурызда)

2. Мүшелі жас жайында түсінігін сұрау. 49 жаста 4 мүшел боласың+


3- команданың

5 -сынып оқушысына қойылатын 2 сұрақ.

  1. Бауырсақ сөзінде 4 буын бар+

  2. 2. і дауысты, жуан дыбыс-


6 -сынып оқушысына қойылатын 2 сұрақ.
1. «Кел, балалар, оқылық” А.Байтұрсыновтың өлеңі - ( Ы.Алтынсарин)

2. Бөлудің компаненттері: бөлінгіш, азайтқыш, бөліндінің мәні -


7 - сынып оқушысына қойылатын 2 сұрақ.

1. Басқа елдерде тұратын қазақтардың отанын Қазақстан ба? +

2. С. Бегалин Шоқан туралы көп жазған балалар жазушысы +


8 - сынып оқушысына қойылатын 2 сұрақ.

1. Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болып1986 жылы қабылданды-

(1992 жылы 2 наурызда)

2. Қиылыспайтын екі түзу - параллель+

Жарысымыздың  2-кезеңі « Теңге алу» деп аталады.

ТЕҢГЕ АЛУ — қазақ ұлттық ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Бұл ойын ат спортына жатады. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленеді.

Ендеше мұқият мына тиіндерге қараймыз. Балалар неше теңгеліктерді көріп тұрсыңдар, Яғни әр теңгеге берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, сонша ұпай санын иеленесіңдер!


1 теңге Сөйлем неден құралады? (сөз)

1 тенге Неше дауысты дыбыс бар?(......)

1 тенге Жуан дауыстыларды ата?(а,ұ,о,ы,у)


2 тенге Қасиетті рухани тілек. (Бата)

2 теңге Қазақ тілінде неше жалғау бар? (4)

2 теңге Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)


5 теңге Қазақ хандығы қашан пайда болған? (1465ж.)

5 тенге Абайдың шын аты (Ибраһим)
5 тенге Шығыстың Аристотелі кім (Әбу Насыр әл-Фараби)

10 теңге Дүниедегі ең үлкен арал

10 теңге Биіктігі астанамыздың Алматыдан Астанаға көшкен жылына сай сәулет

құрылысы (Бәйтерек)

10 теңге Патша әйел Томирис қай тайпадан шыққан?(сақ)


20 теңге Берілген көл Қазақстанда орналасқан. Батыс жағының суы тұщы, Шығыс жағындағы суы ащы. Бұл қандай көл?(..............................................)


Сайысымыздың  3-кезеңі « Кім жылдам?» деп аталады.

Жүргізуші мақал – мәтелдердің бастапқы сөйлемін оқиды, ал сигналдық картаны алғашқы көтерген бала жалғасын айтады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі

1.Жақсыдан үйрен…

2. Жері байдың…

3. Әдепті бала…

4. Оқу – білім бұлағы,….

5. Отансыз адам….

6. Еңбектің наны тәтті,…

7. Бір тал кессең,…

8. Жауынменен жер көгерер,..

9. “Адам досымен,....... (ағаш тамырымен мықты)

10.Ақыл азбайды ……..(білім тозбайды).

11. Жеті рет өлшеп, ……… (бір рет кес)

12. Судың да ……………….(сұрауы бар)

13. Ұстаз көрген .....(хат таныр)

Сайысымыздың  4-кезеңі « Ханталапай» деп аталады.

Балалар «Ханталапай»  туралы естігендерің бар ма?

Ендеше ханталапайды топ командирлері ойнайды.

Берілген асықтардың ішінен мәні тек 5-ке тең болатын 1 топ, екінші топ мәні 4-ке тең болатын 6-ға тең болатын асықты жинастырады.

333+ 2 -330=5; 4+555- 553=6 ; 2+224 -222=4.

666-1+2; 9-8+111; 5+444-2;

Талапай-ау талапай,
Табылды
ойын алақай!
Асықты
алға шашамыз,
Талапайға
басамыз, — деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы асықтағы сұраққа топпен қосыла жауап береді.

1. «Ағылшын грамматикасының патшасы» деп қай етістікті атайды?
(To be)

2. Қазақстанда ең терең көл? және оның тереңдігі.

(Алакөл)(Оның тереңдігі 54 метр)

3. Бала дәрігері (педиатор)


Сайысымыздың шешуші 5-кезеңі « Жұмбақ жарыс» деп аталады.

Мұғалім жұмбақ жазылған парақшаларды таратады, ал топ мүшелері жұмбақтың шешуін ауызша айтады.

Шарты: Жұмбақтардың шешуін үш тілге аудару керек.
І топқа:
1. Сырт – сырт етіп соғады
Кеудесінде жүрегі.
Өзі тілсіз сөйлейді,
Жансыз оның жүрегі. (Сағат)- часы- Watch (вотч)
2.Бір жылда 12 не бар? (ай)


ІІ топқа:
1. Жарқылдаған қос қылыш
Қолың тисе, жоқ тыныш. (Қайшы) Ножницы- Scissors (сизорс)
2. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап,книга, воок) ( бук)


ІІІ топқа
1. Аспанда бір ана бар,
Маңы толған балалар. Ай, жұлдыз- Луна,звезды-Moon,Star( мун ,стар)
2.Отбасында жеті ұл бала бар. Әрқайсысының қарындасы 
Бар. Отбасында неше бала бар? (8)




Қорытындылау.

Қазылар алқасы топтардың ең көп ұпай жинаған топты жариялайды. Топ мүшелерін марапаттау.

(Ең көп ұпай жинаған топ арнайы дайындалған «Көшбасшысы» жүлдегері дипломы және сыйлық тапсырылады. Екінші, үшінші топтарға да сыйлық тапсырылады)


Жанкүйерлерге сұрақ:
1.Бала туғанда жасайтын той. (шілдехана)
2.«Тәуелсіз Қазақстан» сөз тіркесі қалай аударылады?
3.Қазіргі өмір талабына қойылатын үш тіл (қазақ, орыс, ағылщын)
4.Наурыз мерекесінің басты асы (наурыз көже)
5. «Менің атым Қожа» шығармасының авторы? (Бердібек Соқпақбаев)
6. Жылқы пірі? (Қамбар ата)
7. Қырғыз халқының «Манас» дастанын зерттеген ғалым? (Ш.Уәлиханов)

Қосымша сұрақ:
1.Отбасында жеті ұл бала бар. Әрқайсысының қарындасы 
Бар. Отбасында неше бала бар? (8 бала)
2
.Қазақтың күміс көмей әншісі, қазақтың бұлбұлы атанған әнші (Күләш)
3. Жаңа сауылған жылы сүтті ашытып, ірітеді одан кейін суалғанша қайнатады. Әбден қайнатқаннан кейін қызыл, сары түске айналады. Содан кейін оны дорбаға салып сүзеді, кептіреді. Кепкен соң май, жүзім қосып жент жасайды. Бұл қандай ұлттық тағам? (Ірімшік)
5.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)
6. Ұлттық валюта қай жылы қабылданды? (1993ж)
7. “Қазақфильм” киностудиясынан шыққан тұңғыш фильм?(“Аманкелді”)
9. Астана қаласының символы (Бәйтерек)
10. Күрестің бір түрі. «Өзін-өзі қарусыз қорғау» дегенді білдіреді. Ол күрестің қай түрі? (самбо)
14.Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық)
15. «Тоғызқұмалақ» ойынының бірнеше мәрте чемпионы кім? (Ақшораев)
16.Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ)






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!