400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Зерде" интеллектуалды сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Зерде" интелектуалды сайысы 4 сынып оқушыларына арналды.Бұл сайыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығы артады. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштайды. Сонымен қатар, ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттайды. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулиды. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптасады. Сол себепті бұл жұмыс бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі тиіп қалар деген сенімім бар. тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттайды. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулиды. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Зерде» интеллектуалды ойыны


Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығы артады. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштайды. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттайды. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулиды. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптасады.

Құрылымы: Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. 

Бірінші айналымның аты – «Білгенге маржан». Бірінші айналымда топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.   

Сұрақтар:

1) Эпикалық жырлар деген не?

2) “ Ғажайып бақ ” ертегінің қай түріне жатады?

3) Шығармадағы кейпкерлердің сөйлесуін не деп атайды?

4) Айтыс деген не?

5) Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятын,

Өзі біліп тұрса игі.

Бұл шешендік сөзді кім айтқан?

6) Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен - өзі сөйлескен

сөзінне деп атайды?

Екінші айналым – «Әліппе». Екінші кезеңде топтарға қазақ әліппесінен кез-келген бір әріп беріледі. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын сөздерді планшетке жазуы тиіс. Адам аттары мен жер-су, қала атаулары есепке алынбайды. Нәтижесінде барынша көп сөз жазған топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды. 

Әріптер:

Н, Х, Д, Ы, А, Т, Ұ, Л.


Үшінші айналым – «Құрастырма сурет». Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, сол топ кезеңнің жеңімпазы атанып, 4 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.   

Суреттер:

Қарақұйрық, Арқар.


Төртінші айналым – «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 1 минутқа созылатын математикалық ойын ойнайды. Топтың мақсаты – бір минуттың ішінде математикалық амалдарды барынша дұрыс шешу. Барынша көп математикалық есеп шешкен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды. 
Есептер:

1) 205 3 = 615

2) 1000 444 = 556

3) 714 7 = 107

4) 666 124 = 700

5) 636 6 = 121

6) 906 3= 302

7) 810 2 = 405

8) 7050 1050 = 8100

9) 1200 4 = 1800

10) 230 192 = 48

Бесінші айналым – «Сөзжұмбақ». Бұл кезеңде жүргізуші қазақтың бір жұмбағын оқиды. Оның шешуі сиқырлы кітапта жасырылған. Топтар жұмбаққа дұрыс жауап беруі тиіс. Қай топ бірінші дұрыс жауап береді, сол топ 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды. Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып сайыстың жеңімпазы анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы мадақтама табыстайды. 

Сөзжұмбақ: Былпылдақ жұмсақ табаны,

Сора мен жантақ тамағы.

Мойны талдай иілген,

Бұл не, кім ойлап табады?

Марапаттау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1406
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі