400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Зерде" интеллектуалдық ойыны. 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоспары жас мамандар үшін өте қажет және көмек болады деп ойлаймын. Жас мамандар кәсіптік шеберлігін,оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістері,әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіре алады. Жас маман өз бейімділігін, шеберлігін дамытуға үйренеді.Сайттардағы сабақ үлгілері жас мамандардың мотивациясын арттырады деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Зерде» интеллектуалды ойыны


І бөлім: «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап жазу керек. 


1.Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
7. Өлі табиғатқа не жатады?( тау, тас, бұлт)


1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
7. Көбейтудің қасиеттерін ата(терімділік, үлестірімдік, орын ауыстырымдылық)


1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

7. Жылқының сүті(қымыз)


1.Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (бірдененің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлем)
3. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)
4. Көкжиектің неше тұсы бар?(4)
5. Ең алғаш қазақ мектебін ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
6. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

7. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)



1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
3. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
4. А. Құнанбаев кім? (ақын)
5. Кез - келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)
6. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

7. Үш биді ата (Төле, Әйтеке, Қазыбек)



ІІ бөлім: «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) жазуларың керек.

1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды. (мысық – кошка)

7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)


ІІІ бөлім: «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 1 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын тауып жазу.

1.Кей адам әдет қылған киікті атып,
Мүйізін пайда қылып шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.
( «Ақсақ киік» өлеңі. С.Сейфуллин)

2.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)

3. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

4. Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.
(«Өзен». Ы.Алтынсарин)

5. Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, 
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? 
Адамның бір кызығы - бала деген, 
Баланы окытуды жек көрмедім.

(«Жасымда ғылым бар деп ескермедім». А.Құнанбаев)


IV бөлім: «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын жазуларың керек.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)


1.Жағасын ұстау – таңдану

2.Жанары кетті – көзінің нұры кетті

3.Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау


1.Жегенін желкесінен шығару – сазайын беру

2.Жыланның басы қайту – аштығы басылу

3.Жібі түзу – дұрыс адам


1.Зығыры қайнау – ашулану

2.Иненің көзінен өткендей – пысық

3.Кәдеге асу – іске жарау


1.Көз қиығын салу – көздің ұшымен қарау

2.Көзге түртсе көргісіз – қараңғы

3.Көзі тою – көңілі тою






1-кезең бойынша қорытынды:

7-сыныптар бойынша:

І орын: 7 Ә сыныбы – 9,5 ұпай

ІІ орын: 7 Б сыныбы – 9 ұпай

ІІІ орын: 7 А сыныбы – 7,5 ұпай

8-сыныптар бойынша

ІІ орын: 8 Ә сыныбы – 10 ұпай

ІІ орын: 8 В сыныбы – 10 ұпай













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
01.03.2019
1198
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі