Материалдар / "Зерде зияткерлік ойыны"

"Зерде зияткерлік ойыны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына зияткерлік ойын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
1585
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Зерде" зияткерлік ойыны

 

Тақырыбы: «Зерде» зияткерлік ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
ұяшықтар, суреттер, тапсырмалар
Түрі: сайыс
Барысы:
Мұғалім:
Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған қауым! Бүгінгі біздің 1 «
а» сыныбында өтетін «Зерде» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер!

Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың - дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2.
Пәндер бойынша бәйге

3.Білгенге маржан жұмбақ

4.Құрастырма сүрет


Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа
Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.
І таныстыру
І топ «Қыран» тобы
Ұраны: «Қырандай қалықтап самғаймыз!»

ІІ топ «Тұлпар» тобы
Ұраны: «Біз талапты баламыз,
Біліммен алға самғаймыз!»

Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім деп?
2. Ойынымыздың келесі кезегі
ІІ «Бәйге» бөлімі:
Бұл бөлімде 20 - дан бастап 50 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады, ол ойыншы таңдалынған ұпайдан 10 ұпай кем алады. Солай ойын жалғаса береді.
Сауат ашу

1-ұяшық Сөйлем неден құралады? 20 (сөзден)

2-ұяшық Дауысты дыбыстарды ата30(а,ә,о,ү,ұ,у,ы,и,я,ю,е)

3-ұяшық Оқушы денен сөзге дыбыстық талдау жаса (1-сөз,5-әріп,5 дыбыс,3 дауысты,2-дауыссыз,2-буын)

4-ұяшық Сурет бойынша сөйлем құрстыр

Жаратылыстану
І топ
1ұяшық: Төрт түлікті ата 20
Ж: қой, сиыр, жылқы, түйе, ешкі
2 сұрақ: жансыз табиғатқа нелер жатады? 30
Ж: тас, құм, тау, ай, бұлт, су
3 сұрақ: Өсімдік қандай үш топқа бөлінеді?40
Ж: ағаштар,бұталар,шөптер

4.Адамның дене мүшелерін ата 50(қол,аяқ,бас,иық,)

математика

1-ұяшық жұп сандарды ата (2,4,6,8,10,12,14,16,18,20,) 20

2- ұяшық 6,4,2,10,14,сандардын жартысын ата (3,2,4,5,6,7,8,10) 30

3-ұяшық өрнекті шығар 5+2+3=10 40

4-ұяшық жақшалы өрнекті шығар 5+(3+4)=12 50

Дүниетану

1 ұяшық: Жыл мезгілдерін ата 20
Ж: Күз, қыс, көктем, жаз
2ұяшық: Табиғат құбылыстарын ата30
Ж: Жаңбыр, жел, қар, боран, құйын, аяз т. б

3-ұяшықҚоянға далаға шығу үшін қай зат керек және не үшін оған ол зат қажет? 40
4-ұяшықАлғашқы адам ертеде қайда пайда болды? (африкада) 50


3- бөлім. Білгенге маржан
Жұмбақ
І топқа
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. 3-4 бөлім 20 ұпаймен бағаланады
Ж:
ІІ топқа
Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты
Ж:
4. бөлім. Құрастырма сурет
Әр заттың жұбын тап, олар бір – біріне не үшін керек?

Қорытынды:
«Зерде» зияткерлік ойынымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!

























"Зерде"зияткерлік ойынының мұғалімнін өзіндік талдауы.

Тақырыбы: «Зерде» зияткерлік ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұяшықтар, суреттер, тапсырмалар
Түрі: сайыс

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Пәндер бойынша бәйге

3.Білгенге маржан жұмбақ

4.Құрастырма сурет

Оқушыларды 1,2 сандар арқылы екі топқа бөлдім 1-ші топ "Қыран" 2-ші топ "Тұлпар"тобы.

1-ші тапсырмада оқушылар өздерін таныстырып өтті өз топтарының ұраның айтып шықты.

2-тапсырмада оқушылар математика, сауат ашу,жаратылыстану,дүниетану пәндері бойынша ұяшықтарға тапсырмалар берілген әр топ өзі қалаған ұяшығын алып топпен ақылдасып жауабын айтып шықты.

бұл тапсырма бойынша оқушылар белсенді қатысып өз топтарына ұпай жинады.

3-ші тапсырма "Білгенге маржан" жұмбақтар шешіп ұпай жинады.

4-ші тапсырма " Құрастырма сурет" суреттін қалған бөлігін тауып суретті жалғастырды.

Осы сайыс ойынға қойылған мақсатыма оқушылардың белсендігі арқылы қолымды жеткіздім,тапсырмалар өткен тақырыптар бойынша әзірленді.Оқушылар сайысқа қызғушылықтарымен қатысып отырды,білмеген тапсырмалары болған жоқ.

Кемшілігім сайыстың ұзақ созылып кетуі.

Сайыстың сонында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп өлен айтып қонақтардың көнілін көтере түсті.

"Зерде" ойын сайысы оқушылардың да қонақтардың да көнілінен шықты.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!