Материалдар / "Зерде" зияткерлік сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Зерде" зияткерлік сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Метептегі жас ұстаздардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін сынап, іскерлікке, мәдениеттілікке жауапкершілікке үйрету мақсатында өткізілді. Әр кезең бойынша берілген тапсырмаларға жас мамандар ұшқырлықпен, қырағылықпен жауап берді. Бұл сайысты 10-11 сынып оқушыларының арасында да өткізуге болады. Берілген тапсырмалар нақты, жан-жақты, қызықты. Қатысушының логикалық, сыни қабілетін шыңдауға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2018
809
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кенжебаева Галия Закарияевна –қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,

«Жас маман» мектебінің жетекшісі

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы

«Мичурин жалпы орта білім беретін

«мектеп-балабақша» кешені КММ

«Зерде» зияткерлік сайысы. (Мектептегі жас мамандар арасында өткізілген зияткерлік сайыс)

Өткізу барысы:

1. Ұйымдастыру: сәлемдесу, сабақтың мақсатын ашу, шарттарымен таныстыру, әділ қазылар алқасын сайлау.
2. Жарыс ұйымдастыру
3. Жеңімпазды анықтап, құттықтау
Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін көрсету арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.  
I .Кіріспе Құрметті мұғалімдер мен қонақтар, біз сіздердің назарларыңызға алда келе жатқан тәуелсіздік күніне орай мектебіміміздің жас мамандары арасында ұйымдастырылып отырған «Зерде» зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!
 Енді бүгінгі сайысымызға қатысатын Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Сайысқа қатысушар үш топқа бөлінді. Сондықтан топ сайысы.

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
(Үш топтың білімін бағалау үшін әділқазы алқаларымен таныстырып өту) 

Сайысымыздың кезеңдері:

1-кезең. «Белес». Әр топ өздерін таныстырады.

2 - кезең. « Бәйге». Сұрақтарға жауап беру. Әр дұрыс жауап 1 балл болып есептеледі.

3 - кезең « Қызық екен». Әртүрлі тақырыпты таңдау арқылы берілген сұрақтарға жауап беру. Дұрыс жауап 2 балл болып есептеледі.

4 - кезең. «Дода». Бұл бөлім «Менің елім», «Жанды сұрақтар», «Логикалық сұрақтар» деген 3 тақырыптан тұрады. Әр тақырып бойынша берілегн ұяшықтан таңдап алынған сұрақтарға жауап беру. Әр дұрыс жауап ұяшықта көрсетілген санға сәйкес болады..

5 - кезең. «Көмбе» Заттың берілген сипаттамасы бойынша сандықта жасырылған нәрсенің не екенін табу. Дұрыс жауап 5 балл болып есептеледі.
Көрермендер ойыны. Логикалық сұрақтарға жауап беру.

Сәт – сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып - деп біз сайысымызды бастаймыз.

1-кезең. «Белес».

Әр топ өздерін таныстырады.

Ойлантып отырғанды таң қалдырар,
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Екінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең

IІ – кезең. « Бәйге».

Ауызша сұрақтарға жауап беру. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Алдарыңызда 12 сұрақтың жауап парақтары жатыр. Сол жауап парқтарын әр сұрақтың сіздің пайымдауыңыз бойынша дұрыс жауапқа сәйкес келетінін көрсетесіз.
1) Екі адамға арналған велосипед(тандем дидем дундел)

2)Н. Тілендиев құрған оркестр(Отырар сазы Нұр әні Ғасырлар үні)

3)ЭКСПО көрмесі ең алғаш кай елде өткізілді(Ұлыбритания,Жапония,Америка)

4)Қасым хан қазақ хандығын қай қалаға көшірді(Сарайшық Түркістан Сайрам)

5)Спорт жарыстарында ең соңғы орын алған команда қалай аталады(Аутсайдер Қалайы пентакампеон )

6)Әлемдегі ең көп өндірілетін металл(темір алтын мыс)

7) Қазақ халқының жерге меншік құқығының бұзылуынан туындаған дау (жер құқық меншік)

8. Музыкалық шығарманы ұжым болып орындаушыларды басқаратын адам (дирижёр солист оркестр)

9) «Шашасына шаң жұқпау» тіркесі қандай мағына береді? (жүйрік қорқақ алғыр)

10) Бұл трилогияда Шыңғыс хан дәуірінен Кенесары ханға дейінгі қазақ мемлекетіндегі хандар, ақыл-парасатты билер, ұрпақ болашағы үшін жаумен шайқасқан, елін-жерін қорғаған батырлар туралы баяндалған 1976 жылы жарық көрген Ілияс Есенберлиннің шығармасы қалай аталады?

(Көшпенділер Қан мен тер Елең-алаң)

11) Ең ежелгі көл (Байкал Шалқар Бурабай )

12 Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады? ( Парламент Сенат Мәжіліс)
3 - кезең «Қызық екен».

Экранда алты ұяшық көрсетілген. Әр ұяшықтың өз атауы бар. Сол атауға сәкес ұяшықта сұрақ жасырылған. Өзіңізге ұнаған ұяшықты таңдау арқылы берілген сұрақтарға жауап беру керексіз. Әрдұрыс жауап 2 балл болып есептеледі.

1.Тәтті тағам

Қара шоколад ....

А) көру қабілетін жақсартады

Ә) темекі тартудың алдын алады

Б) тісжегінің алдын алады

2. Қалалар

Қай қаланың атауы «кең дала» деген атауды береді?

А) Токио

Ә) Бейжің

Б) Пхеньян

А) Токио

Ә) Бейжің

Б) Пхеньян

3. Демалыс

Португалияда қандай жағдайда жұмысқа шықпауға рұқсат етілген?

А) Бетке безеу шықса

Ә)Сүйіктіңмен ажырассаң

Б) Жаңбыр жауып тұрса

4. Ескерткіш

Екібастұз қаласындағы баламасы жоқ ескерткіш

А) пілдер

Ә) Ақ аюлар

Б) керіктер

5.Есімдер сыры

Чикаго қаласының тұрғыны Джексон Мироеш балаларына қандай ерекше ат қойған?

А) картоп, қызанақ, сәбіз, қияр, қызылша

Ә) менингит, ларингит, аппендицит, перитолит, тонзиллит

Б) қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр

6.Сөз төркіні

Атмайы деген не?

А) уақытша мініске берілген аттың ақысы

Ә) жүрісі жайлы ат

Б) қалыңмал ретінде берілген жылқы

Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол - еңбектену, жалықпау-деп, біз 4-кезеңімізді бастаймыз.
4 - кезең. «Дода».

Бұл бөлім «Менің елім», «Жанды сұрақтар», «Логикалық сұрақтар» деген үш ұяшық берілген, әр ұяшықта 3 сұрақтан берілген. Өздеріңіздің қалауыңыз бойынша таңдаған ұяяшықтағы сұраққа жауап берсіздер.

1. «Менің елім»

10. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Гимні ретінде «Менің Қазақстаным» әні қай жылы қандай мерекеде орындалды? ( 2006ж. 10 - қаңтарда Елбасын ұлықтау рәсімінде )

20. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән ( «Елім - ай»)
30. Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен шың. ( Талғар шыңы)


1. «Жанды сұрақтар»

10. Өте көп таралымға ие болған әндер таралымы «хит» деп аталады, кино туындылар «блокбастер» деп аталады, ал көп тиражбен шығып, үлкен сұранысқа ие болған кітаптар қалай аталады? (жауабы: ЭССЕ)

20. Кез келген заманауй мектептің 3 шығу (выход) жолы бар. Соларды атаңыз.

30. Ғарышта қай ғарышкер Абайдың қай әнін орындады? (жауабы:Талғат Мұсабаев «Айттым сәлем Қаламқас»)

3. «Логикалық сұрақтар»

1. Жеген сайын жылататын нәрсе (таяқ)

2. Тарихта ең үлкен қалпақ киген адам (басы ең үлкен адам)

3. Бір сұрақты бірнеше рет қояды, бірақ сол сұраққа жауап әртүрлі болады? (сағат неше болды?)
5 - кезең. «Көмбе»

1. Бұл қара жәшіктің ішінде жатқан нәрсенің қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Ол адам денесіне өте қажетті, пайдалы азықтық ретінде қарастырылады.

Миды қуаттандырады. ....

Холестеринді төмендетеді. ....

Өтке байланған тасты ерітеді.

Теріні ажарландырады.
Күнде таңертең ашқарынға 1-2 данасын жеп жүрген адам алғыр, зейінді болады деседі.

Оның түрі адамның өкпесіне ұсағандықтан өкпе аурын емдеуге де пайдалы екен.

2. (лат. globus–шар) – ЖердіңАйдыңпланеталардың және аспан сферасының контуры мен геометриялық пішіндік ұқсастығы сақталып, картографиялық әдіспен бейнеленген көлемдік модель. Мазмұны жағынан жалпы географиялық, саяси, тектоникалық, климаттық, т.б. болып бөлінеді.

...-картографиялық бейнелер түсірілген, кескіндердің геометриялық ұқсастығы мен аудандардың арақатынастары сақталған Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының шар тәрізді үлгісі. Ең көп қолданылатын Жер ... 1:30 млн — 1:80 млн масштабта болады. Көбінесе көрнекті құралдар ретінде қолданылады. Ең бірінші ... неміс географы және саяхатшысы М. Бехайм жасаған (1492жылы) деп саналады.

... - Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі.

3. ... – құлқайырлар (табиғи өнімдер) тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. ... - б.з. дейін Орта Азия республикаларында, ҮндістандаИранҚытайМексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы ... өсіретін  ... ауданы құрылды. Оның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жанама бұтақша тарайды. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Оның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі.

Артықшылықтары

  • жұмсақтық

  • жылы уақытқа жақсы сіңіру қабiлеттiлiгі

  • жеңіл түске боялуы

  • табиғи материал

  • денсаулыққа зиян келтiрмеген

  • Жетісай қаласында «Сапа­ИнвестПлюс» атты ... са­ба­ғынан құрылысқа және жиһаз жасауға қажетті тақтайшалар жасалуда

Кемшiлiктері

  • оңай илейдi

  • отырғызуға тенденцияны алады

  • жарықта сарғаяды

  • суды бойына сіңіріп алады


Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беріп жеңімпаз топты марапаттау.
Мақтанамын кең - байтақ елім үшін,
Құнарлы мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,
Тілеймін, о, туған жер, пейілім шың – деп тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл, ізденгіш, білімді ұрпақ тәрбиелейтін білімді де білікті ұстаз болыңдар. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!