Зерделі оқушы -ел болашағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зерделі оқушы -ел болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың зеректік қабілетін дамыту,ой -өрісін кеңейту,білімге құштарлығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: ___________ Коптлеуова А.Ы.

Күні: 10.02. 2025 ж


Тақырыбы: «Зерделі оқушы – ел болашағы»


Мақсаты: 1.Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой- өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық  ойлы оқушыны анықтау.
2.Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын  және ойлау, ойды жүйелеу қабілетін арттыру.
3. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны  тәрбиелеу.


Көрнекілігі : интербелсенді тақта


Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Зерделі оқушы – ел болашағы» атты сыныптан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер! Тұңғыш елбасы айтқандай, «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында». Сондықтан біз бүгін білімді, алғыр, зерделі оқушыларымыздың қабілетін байқап көрмекпіз.

Жер бетінде адам өмір өткізер, 
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар, - дегендей, осы мақсатпен 4-сынып оқушыларының арасынан суырылып шыққан дарабоздармен «Зерделі оқушы – ел болашағы» атты сайысын өткізгелі отырмыз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Ал, құрметті халайық, 
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықты сайысқа,
Қол соғып қарсы алайық, - деп қошеметпен сайыскерлерді ортаға шақырайық

4 «А», 4 «Ә», 4 «Б», 4 сынып оқушылары


Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. - деп Әділ қазыларды сайлап алайық.


1.Сайысқа 4-сыныптардан 12 оқушысы қатысады.
2.Сайыс 7 кезеңнен тұрады.

3.Дұрыс жауаптар 1 баллдық ұпаймен бағаланады.

«Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар» - демекші ойынға қатысушыларға сәт-сапар тілейміз.

І. Кезең «Тәуелсіздік тұғыры»


Еліміздің нышандарын пазл арқылы құрастыр



1-топ:

Қазақстан Тәуелсіздігін қай жылы алды?

1991 ж. 16 желтоқсан


2-топ:

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері нешеу?

3 (Ту, Елтаңба, Әнұран)


3-топ:

Тәуелсіздіктің басты құндылығы?

Еркіндік, бейбіт өмір, Отан, бірлік


ІІ. Кезең «Пәндерге саяхат»


Қазақ тілі
20. Бастауыштың қимылын білдіретін сөйлем мүшесі \Баяндауыш\
30. Біріккен сөздер дегеніміз не? \Екі не одан да көп түбірден құралған сөздер\
40. Сөз мағынасының түрлері? \3\ (омоним,синоним,антоним)

50. Қыстырма сөз дегеніміз не?\Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіреді, өзі сөйлем мүшесі бола алмайды/

Әдебиеттік оқу
20. Ертегілердің негізгі түрлері

1.Қиял-ғажайып ертегілері

2Жануарлар ертегілері

3Тұрмыс-салт ертегілері

4Аңыз ертегілері

30. Салт дәстүр Мәдени мұраға не жатады? \ Тарихи ескерткіштер,көне

қала,көне жазбалар,ұлттық ойындар,өнер түрлері,ауыз әдебиеті.\
40. Ауыз әдебиетінің негізгі түрлерін атаңдар / Ертегілер,аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, мысалдар, жырлар (батырлық) тоғызқұмалақ өлеңдері, шешендік сөздер, тақпақтар, жаңылтпаштар, айтыс өнері/

50. Ұшқан ұя мәтінінң авторы кім? | Бауыржан Момышұлы|

Математика
20. 20.Ең үлкен төрт таңбалы санға 1-ді қосқанда неше шығады?|10000|

30. Фигураның ауданын қалай табамыз? | ені мен ұзындығын көбейтеміз|

40. Жылдамдықты қалай табамыз? | Қашықтықты уақытқа бөлеміз|

50. Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар? |60 бал|

Дүниетану
20. Қазақстан неше елмен шектеседі? Ата./5. Ресей, Қытай, Түркменстан. Өзбестан. Қырғызстан.\ 
30. Материктерді ата. Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан? \Еуразия материгі.\
40. Жер шарында неше мұхит бар? Ата. Ең үлкені қайсы мұхит? \4. Тынық, Атлант,Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит. Үлкені Тынық.\
50. Ғылым академиясының тұңғыш президентін ата/ Қаныш Сәтбаев|


ІІІ. Кезең «Суретті мақал –мәтелдердің жалғасын тап»


Бұл кезеңде сайыскерлер суретті мақал-мәтелдерді жалғасын табады.

Мақал-мәтел ата -бабамыздан қалған өшпес мұра.Көлемі жағынан шағын болғанмен мазмұны тереңдей,құны артып,қымбат қазынаға айналып келеді.Ендеше суретті мақал мәтелдерді табамыз.

ІҮ. Кезең «Сыр сандық құпиясы»

Бұл кезең 2 бөлімнен тұрады.
1-бөлім «Сырлы сөздер» \тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашу\. 
2-бөлім «Сырлы сандар» \киелі сандарға байланысты тапсырмалар\

«Сырлы сөздер» бөлімі
Көк түс
1.Көзге түртсе көргісіз – қараңғы
2. Айды аспанға шығару – ерекше іс жасау, таңқалдыру

Қызыл түс
1.Таяқ тастам жер – өте жақын
2.Тайға таңба басқандай – ап - анық

Жасыл түс
1.Бармағынан бал тамған - бес аспап,аспаз
2.Жаны мұрнының ұшына келу – қиналу

Сары түс
1.Жерге кіре жаздау – ұялу
2.Жүрегінің түгі бар – батыл, батыр


Қоңыр түс

Бүйрегі бұрды – жаны ашу,жақын тарту

Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау


Күлгін түс

Бөркін аспанға лақтыру – қуану

Темірден түйін түйеді - шебер ,қолынан бәрі келеді



«Сырлы сандар» бөлімі
3,5,7.
3 би, 7 қазына. 5 асыл іс


1. 3 би, /Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би\

2. 7 қазына \Жүйрік ат, қыран бүркіт,құмай тазы, берен мылтық,қанды ауыз қақпан, Майланған ау, өткір кездік\
3.5 асыл іс, /талап, еңбек, терең ой,қанағат, рахым ойлап қой/



Ү кезең. «Ол кім? Бұл не?»


Қызыл түс: Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салдырған кім?
|Ақсақ Темір|
Көк түс: Биіктігі-97 метр. Төбесінде алтын жұмыртқа сияқты үлкен шар орналасқан. Шардың диаметрі-22 метр, салмағы-300 тонна.
\Бәйтерек\

Жасыл түс: «Менің атым-Қожа» шығармасының авторы кім?|
Бердібек Соқпақбаев|
Сары түс: 2009 жылы 20-қазанда, Елордамыз Астанада Қазақстан мемлекеттілігінің басты бейнесі ретінде тарихқа енген монумент.
Биіктігі 9 1метр. \Қазақ елі монументі\

Қызғыл сары түс: Жүннен жасалған киізбен қапталған, уық-керегеден құралған, көшпелі халықтың баспанасы.|Киіз үй|

Қызғылт түс: Бұл адамның мүсіні алтынмен қапталған, хан немесе батыр болған.» | алтын адам|


ҮI-Артығын тап ойыны


Берілген суреттердің артығын анықтайды.


ҮI I - Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»

1.Жұмулы көзбен нені көруге болады? ( түс)

2.Қара мысықтың үйге кіруі қай кезде ыңғайлы? ( есік ашық тұрғанда)

3.Сен жарысқа қатыстың да, екінші орында келе жатқан адамды басып оздың. Сен қазір қай орындасың? (бірінші орынды)


1.Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады?

( ылғал, сулы)

2.31 ақпан қандай мереке күні? ( 31 ақпан болмайды)

3.Төрт ақ қайың өсіп тұр. Әр қайыңның төрт бұтағы бар, әр бұтақтың төрт сабағы бар. Әр сабақта төрт алма өсіп тұр. Сонда қанша алма бар? (ақ қайыңда алма өспейді)


1.Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)

2.Тамақ пісер алдында қазанға ең бірінші не салады? ( көз салады)

3.Құландыға әжей кетіп бара жатыр. Оған қарама-қарсы үш шал келе жатыр. Әр шалдың қолында дорба бар. Әр дорбаның ішінде бір-бір мысықтан. Барлығы неше адам құландыға бара жатыр? (Бір әже ғана)

ҮІІI кезең. Қорытынды:
Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде

Аман -сау болайықшы ,көріскенше

Көк байрақ желбірей түс көгімізде


1. Сайыс жеңімпаздарын анықтау, марапаттау.
2. Құттықтау сөздер



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2025
24
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі