Тексерілді:
Тәрбие ісінің орынбасары:
А.М.Қайболдина
Күні: 05.04.2018
.
Сыныбы: 5 «а»
Тақырыбы:
Зерделінің ойы озық
Мақсаты:
«Биік
шыңға ұмтылу» сайысына қатысушылардың
тіл мәдениетін, ой ұшқырлығы мен
тапқырлығын шыңдау.
Әдісі:
Түсіндірмелі, сұрақ- жауап,ойлану,
мадақтау.
Көрнекілігі:Слайд,
жоспары, мақал-мәтел, жұмбақтар.
Түрі:
Сайыс.
Барысы:
Жоспары:
1. Топқа бөлу.(көк, жасыл)
2.
І. «Дода» сұрақтары:
1.
Құстың аузын қалай атайды? (тұмсық)
2.
Ең киелі құс? (аққу)
3.
Басты байлық? (денсаулық)
4.
Аққудың баласы қалай аталады?
(көгілдір)
5. Орман дәрігері? (тоқылдақ)
6.
Ұя салмайтын құс? (көкек)
7. Табиғатты
игеру үшін кім керек? (адам)
8.
Судың үш күйін ата? (қатты, сұйық, газ)
9.
Қазақстандағы тұзды теңіздер мен
көлдерді ата? (Каспий, Арал, Балқаш)
10.
Өсімдік мүшелерін ата? (тамыр, сабақ,
жапырақ, гүл, жеміс, тұқым)
ІІ.
Сөз мәйегі – мақал.
А)
Жалғасын тап.
1.Кісі
елінде сұлтан болғанша,.... (Өз елінде
ұлтан бол)
2.Ақылдыға
жан қымбат,..... (Ақылсызға мал қымбат)
3.Ана
сүтін ақтамағанды,..... (Ешкім мақтамайды)
4.Бала
- қымбат,.....(немере -ыстық)
5.Қыздың
аңқауынан сақта,....(Ұлдың жалқауынан
сақта)
6.Адалдық
-..... (Адалдық ардың ісі)
7.Ел
қариясы - ..... (Ел қазынасы)
8.Тіл
қаруы – сөз,.... (Сөз қаруы - ой)
9.Көлдің
көркі құрақ,.... (Таудың көркі бұлақ)
10.Дәрі
шөптен шығады,... (Дана көптен шығады)
Ә)
Суретті сөйлет
ІІІ.
Ұшқыр ой.
1.Алғашқы
орны заттың түсі «Жылпыс» деп ұқ .Екіншісі
көлдің сәні - сымбатты құс . (аққу)
2.Бірінші
буыны жылға кірмей қалатын, екінші буыны
әуелеп ұша алатын не? (түйеқұс)
3.Көктемде
көгереді, жазда ырысқа кенеледі. Күзде
пісіп марқаяды, қыста бірден қартаяды.
(жер)
4.Өмірде одан мол ештеме
болмайды, құшақтасаң құшағыңа толмайды.
(ауа)
5.Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
пайдаланбас кісі жоқ . (ау)
6.Ертеменен
ол неме, терезеден қарайды. Сәуле шашып
бөлмеге, шұғыласы тарайды. (күн)
7.Өзім
сөзден тұрамын.Аяқталған ойды
құрамын.(Сөйлем)
8.Жаңылмастан
жетеуі, кезек қызмет етеді.(Аптаның
жеті күні)
9.Отыз
екі мықты, қаз қатар боп шықты.Он
алтысы асты, он алтысы үсті.(Тіс)
10.Оқушыға
күнде еріп, жүретін не?(Күнделік)
ІҮ.
Кім шапшаң?
1.Мақал.
Ауданнан
үлкен (қала)
Қыз
баланың әшекейі (алқа)
Жазу
құралы (қалам)
Есеп
шығару жолы (амал)
2.Талап
Оның
жеті күні бар (апта)
Бойы
аласа адам (тапал)
Алабажақ
түс (ала)
Ыстығы
көтерілу (алап)
Ү.
Озып
шыққан бәйге алар.
1.Жыланды
інінен қалай шығарады.?
(Жылы
жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2.Қар
жана ма? (Қалауын тапса қар жанар)
3.Инемен
құдық қазуға бола ма?
(Білім
инемен құдық қазғандай)
4.Ең
тәтті не?(Ананың сүті тәтті, баланың
тілі тәтті)
5.Аппақ
қарға бола ма?(Қарға баласын аппағым
дейді).
6.
Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі
батыр? (Көз қорқақ, қол батыр).
7.
Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу
оңай, жинау қиын).
8.
Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі?
(Ер бір рет, қорқақ мың рет өледі).
9.
Көрдім, көрмедім деген неше сөз? (Көрдім
деген көп сөз, көрмедім деген бір
сөз).
10.
Оттан да ыстық не? (Отан - оттан да
ыстық).
11.
Отқа түсіп, күймеуге бола ма? (Отан
үшін отқа түс күймесің)
12.
Қандай кілт аспанда? (Кісінің кілті
аспанда)
13.
Тауық түс көре ме? (Тауық түсіне тары
кірер)
14.
Адамда арқау бола ма? (Ас - адамның
арқауы)
15.
Жылағысы келген бала қайтеді? (Жылағысы
келген бала атасының сақалымен
ойнайды).
3.
Марапаттау.