400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зере - ұлт дәстүрінің алтын арқауы Ғылыми – шығармашылық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдер мен оқушыларға Абай Құнанбаевты тәрбиелеп, ақын болуына септігін тигізген Зере әжесі туралы мағлұмат алуға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тірек мектеп (РО) Баршын ЖОББ мектебі



















Зере - ұлт дәстүрінің алтын арқауы

Ғылыми – шығармашылық жұмыс











Орындаған: Г.Р. Баймухаметова















2019 – 2020 оқу жылы



ЖОСПАР:

І. Кіріспе

ІІ. Тақырып өзектілігі

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиет


КІРІСПЕ

Абай атамыздың дүниеден өткеніне ғасырдан астам уақыт болса да асыл мұралары қазір де өз құндылығын жоғалтқан емес, жас ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесін әлі де қосуда. Абай Құнанбаевтың осындай ғұлама болуына септігін тигізген аналардың анасы Зере әженің тәрбиесі барша қазақ халқы үшін үлгі, өнеге.

Әже жайлы өлең жазып, прозаға қосу – тек осы ХХ ғасырда қолға алынды. Өйткені әженің қоғамдағы орны ерекше болғанмен, оған көңіл бөлушілер аз болған. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әженің рөлі айтарлықтай. Бесікке салу, бесік жырын айту, шілдехана секілді салт-дәстүрге әже тікелей қатысты. ХVІ-ХVІІІ ғасырда батыр бабаларымызбен бірге батыр әжелеріміз өзінің жерін қорғаған. Сол заманның өзінде-ақ қоғамдағы әжелер орны айқындалғанын байқатады.
Әжелер –  барлық тәрбиенің, бар­лық құндылықтың бастауын­да тұ­рады. Осылайша әжелер өнегесі – ұр­пақ­тан-ұр­паққа ұласып, ғасыр­дан-ғасырға жалғасатын тәрбие­нің тау­сылмас қайнар көзі болып саналады. Бұл – ұлттық бол­мы­сымызға тән қа­сиет әрі құндылық. Өз балаларын бағып-қағып азамат етіп тәрбиелеген соң, немере-шөберенің тәрбиесімен айналысып, оларды қызғыштай қорып, бар мейірімін төгеді. Ел тарихында  бір рулы  елге  ана болып, ел бірлігін сақтап келген Домалақ ана, Абайдың әжесі Зере секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған. Де­мек, ұр­пағын жаза басудан сақ­тан­дырып, қайта өнеге­сі­мен өрісін кеңейткен әжелер бол­ған, келешекте бола да береді.

Тақырып өзектілігі:

Абай туралы алғаш классикалық ғылыми мақала жазған ғалым Құдайберген Жұбановтың мына бір пікіріне құлақ аспаса болмайды: «Бірі – емшек сүтімен қатар құлағына кіріп, сүйегіне сіңген ананың «әлди, әлди, ақ бөпем», атаның «сал-сал білегі», қойшының әні, қыздың сыңсуы, қаралы қатынның жоқтауынан бастап көркемдік сезімін шырбыдай шырмаған халық әдебиеті»,- деген пікірі кеңірек сөз қозғауды қажет етеді.

Абайдың өлең-жырға әуестігін шыңдаған – оның әжесі Зере. Зере жасынан ерекше жан болған деседі. Зере (1785 – 1873) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданын мекендейтін Матай руы, оның Қойкел тармағынан шыққан. Қойкелден Бектемір, Бектемірден Жанәлі деген ұл, Тоқбала атты қыз туады. Зере – осы Тоқбала. Зере аталуы туралы әртүрлі деректер келтіріледі. Б.Сапаралы: «Бір болжам бойынша қыз бала күнінен тіл-көзден сақтайды деп құлаққа сырға, мұрнына зере сырға салып жүргендіктен шыққан дейді. Екінші бір дәлелдемеге жүгінсек, «Зере» деп өзі ұзын, іші қуыс, сәукелемен киетін қыз-келіншектер бас киімін атаған екен. Ал ертеректе бір қабат киім сыртынан киетін сауыт та «Зере» деп аталыпты»,- дейді. Зеренің әкесі Бектемір үндемейтін, момын адам болғанымен, аталы сөзді айта алатын көкірегі ояу жан екен.

Кейін келе Зере өзінің ақылдылығының арқасында ауыл елдің ұйытқысы, Ел анасына айналады. «Сырты – жұпыны, іші – алтын, алды – кең, тарқұрсақ бәйбіше атаныпты. Өскенбайдың талай тасырлығын сол кісі тиым салып, тоқтау жасапты. «Тарқұрсақ» деуі – екі ұл, бір қыз ғана көтеріпті, үлкені Құттымұхамед ерте өлді, Тайбала қыз». Зере жасынан жалғыз ұлы Құнанбайды алып Кеңгірбай биден бата алуға да барған бір деректерде. Кеңгірбай қолын теріс жайып, «тоғыз ата толғанша түңілігінді ешкім ашпасын» деген уәлі сөзі бұлжымай келіп, Өскенбай ұрпағы тоғызыншы атаға дейін сыны бұзылмаған.

М.Әуезов Абай ғұмырнамасының алғашқы нұсқасында: «… Зере кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған. Ол уақыттағы бәйбішенің бір сыны – күндестік дегенді білмей кең мінезді болу. Зере бәйбіше осы жағынан көп мақталады. Күңдердің балаларын өз балаларындай асырап, еркелеткен деседі», – деп қысқаша мінездеме береді. Жазушы көркем шығармасында да Зеренің бейнесін сомдағанда тарихи шындықтан алыс кетпеген. Ел «Кәрі әже» деп құрметтеген шешені Құнанбай да алдынан кеспей қатты сыйлаған. Құнанбай мен Бөжейдің дауы осы кәрі әженің алдында толастағандай болады. Өйткені Бөжейді де Зере бауырына салып, өсірген. Өмір шындығын арқау еткен эпопеядан Зеренің Абайға деген айрықша ықыласын байқаймыз. Басқа немерелерін бір төбе, Абайын бір төбе көрген әже Ибрагимді еркелетіп (бір деректерде келтірілгендей тілі келмей емес) Абай, Абайым деген. «Абай» деген көне түркіше сүйкімді деген сөз», – дейді Қ.Алтынбаев.

Әлди, әлди Абайым,

Атқа тоқым жабайын.

Тыста жүрген апасын

Қайдан іздеп табайын, – деп уатқан жас нәрестені. Абайға алғаш тіл ұстартып ертегі-аңыздардан бастап қазақтың бай ауыз әдебиетімен таныстырған осы құймақұлақ Зере әжесі. Бала Абайға тек әдлиімен ертегі айтып қоймай елдің салт-дәстүрін, қазақы барым, жөн-жоралғыларды жетелеп жүріп таныстыру осы Зере әжесінің сыбағасында. Кәрі әженің демі үзілер шақтағы Абаймен қоштасуы Әуезов романында аса әсерлі берілген: «Өнегем … болса… тірлігімде көрсете алдым ба, жоқ па? Өсиетім болса… құлағым, тілім барында айтып болдым ба, жоқ па? Қайтейін!… Енді қайтейін!.. Сөйлету зорлық сияқты. Бірдемені айту да орынсыз. Абай екі қолын төсіне қойып, әжесіне тағзым етті де, басын иді. Өзінше: «Бар жүрегімнің құрметі, әулиеден ана, саған арналған» дегені. Сүйтіп аз отырды да, әжесінің екі қолын ұстап, кішкентай алақандарына бетін басты. Иіскеп сүйіп отырғанда бірнеше ыстық тамшылар да сол әлсіз жүдеу алақандарға тамып еді. Әжесі тағы да сыбырлап: – Қарағым… жалғыз қарашығым! – деп, Ұлжан жаққа қарады да, – анаңды күт! – деді» .

Жазушының басқалардан бөліп «Қарағым… жалғыз қарашығым» деген сөзді Зеренің аузына салуы тегін емес. Оқырман өзінен өзі «Абайға өнегең мен өсиетіңді айта алдың» – деп бас изейді. Өйткені тарихи шындық солай. Зере әже дүниеден өткенде Абай жиырма бес пен отыздың арасындағы жігіт ағасы. Балалық, жігіттік сананың таза тұнығына Зере әженің талай өсиет өнегесі тұнғаны ақиқат. Дәретсіз емізіп көрмеген жалғызы Құнанбайдың көп баласының ішінен ықыласы ауып, тас емшегін жібіткен Абайын уақыт өте жер-жаһан танитынын әз әже сезген-ді. Бойдағы орасан күшті ақындық қуатқа дем беріп, өлең сөздің шоғын үрлеп жаққан жан болса ол осы – Зере әже екендігінде дау болмаса керек-ті…

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайт­қанда» дейтін тарауында: «Абай биыл ғана анық бағалады. Бұ­ның әжесі бір түрлі шебер әңгі­меші екен. Қызық сөйлейді. Әң­гіме­сі­нің барлық жерін дәмді ғып, қы­зықтырып айтады. …Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қо­рығы», «Құла мерген» – бәрі де ай­тылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол осы ел іш­ін­де Зеренің жасынан бергі көр­­гені, естігені жайындағы әңгі­ме­лер. Ел мен елдің шабысы, та­ласы жайында бірталай күндер айтты. Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Най­ман­ның осы елге, осы ауылға шап­қанын, сонда Бостанбек деген өзінің асыран­ды баласы өлгенін және Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсіп, жыл жарымдай кісенде жатқан Қожам­берді деген ақын жайын айтады. Соның көп өле­ңін шұбыртады. Бас­қа да «Қа­ра­шор шапқан» си­яқты шабысты, жортуылды айта­ды. Тағы бір күн­дер Мамыр, Ең­лік­тей қыз­дар­дың қайғыларын да айтып берді. Абай қажымай, жа­лық­пай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын.
Зере ел шабысын әңгіме еткен­де, сол істердің бәрін ел ба­сына әлек салған, ұлардай шу­лат­қан кесел күндей айтатын. Кіш­кентай күнінен ертек-әңгі­мені көп сүйе­тін бала осы жазда, тіпті көп есітіп, көп біліп ал­ған сияқты» деп келетін жолдар бар ғой. Бұл бала Абайдың дана Абайға ай­налуына әсер еткен мысалдың бірегейі десек те болады.. Осы мысалдың өзі-ақ, «Әже» тұлға­сы­ның қоғам­да­ғы рөлін айшықтап, жеріне жеткізе бейнелеп тұр.
М.Әуезовтың атақты «Абай жолы» романына соғыс жылдары Б.Момышұлы жоғары баға бере отырып былай деген екен: «Зере мен Ұлжан Абайдың емес, барлық халық анасы. Аналық сезімі мол, елдің мұңын мұңдап, жырын жырлаған аналар болып ақиқат көрсетілген».

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулеттің «Зере» поэтикалық драмасында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай сахналаған спектакльде бас кейіпкер – ұлы Абай әжесінің бейнесін Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Әспетова сомдады. Жалпы, қойылымнан автор­дың Зерені ұлт анасы ретінде көрсеткісі келгені анық аңға­рылады. Құнанбайға «Ауыл балаларының білім алуына жағдай жаса, Қодардан қал­ған Қиясбайға қамқор бол, күнәларыңнан арылу үшін қажылық парызыңды өте» деуінен, драманың аяғына қарай бірлік, ынтымақ туралы сөз саптауы осындай ойларға жетелейді. Зеренің шын аты - Тоқбала. Ал тарихта неге Зере атымен қалды? Бас кейіпкер келіні Ұлжанға (Жанар Қасымова) айтқандай, оны ұзатқанда алтынмен аптап, күміспен күптеп қойған. Мұрнына шейін сақина таққан. Сол мұрынға тағатын сақинаны зере дейді екен.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жарма ауданының орталығы Қалбатауда ақылман Абайдың әжесі Зере (Тоқбала) Бектемірқызының ескерткіші ашылды. Қазаққа Құнанбайдай құдіретті ұл сыйлаған ардақты анаға арналған ескерткіштің ашылу салтанатына орай ауданда дүбірлі той өтті.

Семей қаласының жұртшылығы университетте «Құнанбай» көркем фильмінің режиссері Досқан Жолжақсыновпен және Жамбыл облыстық драма театрының әртісі Нұрсипат Салықовамен кездесті. Міне, аналарын құрметтеген халық осындай болса керек. «Апыр-ай десейші, Зере әжем Қалбатауды бір көтеріп тастад-ау», – деп кемсеңдеген қарияны көргенде бүкіл халық тебіренді. Бір кейуана «Зерені бұрын кітаптан оқып, кинодан көруші едік, енді қасымызда тұрғандай күй кештік-ау» деп жылап сала берді. 
Ескерткіште зер салған адам білуге құмар, өзі зерек, ойы ұшқыр Абай немересін алдына алып отырған Зере әжені  көрер еді. Абыз әже мен немеренің отырысы, көзқарасы шынайы көрінеді. Образы ашылған. Ескерткіш авторлары – әкелі-балалы Ертіс пен Еркебұлан Тәти. Абай ауданының тумаларын Семей өңірі жақсы таниды. Ең қуанарлығы,  бейнесін көрсету арқылы олар бала күнінен ортасын, ақсақалдардың әңгімесін құлағына құйып өскен бала Абайды тәрбиелеген әже бейнесін сәтті сомдап, айтар ойын анық жеткізген.

Иә, Зере әже ұлт дәстүрінің алтын арқауы боларлық тұлға. Қалбатаудағы Зере әже ескерткіші – ұлттың ұлылығын айқындайтын, текті тәрбиенің шамшырағы болары анық. Біз осындай аналарды ұлықтау арқылы ел тарихын қадірлейміз.

Мұратхан Кенжеханұлы


Төркіндеп отырғандай қуаттанып


Қалбаны көктен күні исіндіріп,

Көңілді көтереді сүйсіндіріп.

Аналардың кұдіретіне бас июді,

Тұрғандай бүгін Жармам түйсіндіріп.


Жармамыз маңайына жарық шашқан,

Үнемі игі істері қалыптасқан.

Зере анаға арналған бұл ескерткіш —

Бар анаға арналған құрметі асқан.


Ескерткіш төрімде тұр жақсы қандай,

Бала Абай болашақты нұсқағандай.

Айтқанының бәрін бойға сіңіріп,

Мейірімді әжесіне ұқсағандай.


Зере апам отырғандай қуаттанып,

Төркінінің төрінде сыр ақтарып.

Ұрпақтар ұлыларға тағзым етеді,

Олар да кетпейді енді жырақтанып.





Қорытынды:

Әже – отбасының ғана емес, әулеттің ұйытқысы, ағайын-туыстың бірлігін, абысынның татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жас келіндердің тәрбиешісі әрі ақылшысы. Сондықтан да қазақ қоғамында тұңғыш немерені әженің бауырына салады. Бұл тек біздің халыққа ғана тән қасиет. Сөйтіп, бала ата-әженің кенжесі саналады.
«Ел болам десең, бесігіңді тү­зе» дейді Мұхтар Әуезов. Ал бұл сөздің өз мәнінде жүзеге асуы­ның түп негізін әжелер өнегесінен алып қарауымыз да заңды секілді. Бұл ұлағатты сөз кез келген адам­ды, ең алдымен, өз елінің салт-дәстүріне деген жанашырлық деп білемін.

Осы ғылыми – шығармашылық жұмысты орындау барысында Зере әже – қазіргі Қалба өңірінде туып, Құнанбайдай ел бірлігін ойлайтын қайраткер тұлғаны өмірге әкеліп, Абайдай ұлт перзентін тәрбиелеген аяулы жан. Ардақты әжеміз бір әулеттің ғана емес, бір қауым жұрттың ынтымағы мен береке-бірлігіне ұйытқы болған. Ұлт келешегі үшін еңбек еткен дана әже екендігіне әбден көзім жетті.

Ұрпаққа рухани нәр беретін осындай іс - шара мектебімізде жиі ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді.











Пайдаланылған әдебиеттер:


М.Әуезов. Абай жолы романы


сайт: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/30321/

Сайт: https://elana.kz/

«Әжелер мектебінің орны бөлек» Салтанат ҚАЖЫКЕН мақала

Асхат Өмірбаевтың жазбалары 

Құдайберген Жұбанов «Абай туралы мақала»

Жұртбай Т. Құнанбай. –Алматы, 2004








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі