400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Зергерлік бұйымдар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалімнің аты-жөні :

А.Т. Кошимбаева

Контекст:

Сабақ тақырыбы:

Ұқсатым. Сән. Талғам.

Зергерлік бұйымдар

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті

Күні: 30.06.17

2-тоқсан

Сабақ: №

Сынып:

Тізім бойынша:

Қатысқаны:

Қатыспағандар:

7

15

15

0

Оқу мақсаты

Т2 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау

А1 Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: тірек сөздер арқылы мәтін мазмұнын түсінеді; термин, неологизм және мақал-мәтелдерді айтады.

Оқушылардың көбі орындай алады: мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды; термин, неологизм және мақал-мәтелдерді қолданады;

Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды; термин, неологизм және мақал-мәтелдер арқылы мәтін мазмұнын дамытады.

Тілдік мақсат

  1. Тыңдалған мәтіндегі өзекті ақпараттарды анықтау және пысықтау

  2. Мәтіндегі тірек сөздерді пайдаланып, негізгі ойын анықтау.

  3. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді мәтін мазмұнын дамытуда қолдану.

Жетістік критерийлері

  • Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.

  • Ақпараттың өзектілігін анықтайды.

  • Мақал-мәтел, терминдер мен неологизмдерді орынды қолданады.

  • Мәтін мазмұнын дамытады.

Алдыңғы оқу


Негізгі сөздер мен фразалар:

Зергер, зергерлік өнер, дәстүрлі мәдениет, зергерлік бұйымдар, әшекей бұйымдар, алтын, күміс, металл, аса қымбат бұйым, асыл тастар, сәнді бұйым, асыл бұйым, алқа, шолпы, шашбау, сақина, жүзік, белбеу, бес білезік, құлаққа тағатын, шашқа тағатын.

Сұхбатқа арналған пайдалы фразалар

Зергерлік дегеніміз не? Әйелдерге арналған зергерлік бұйымдар. Зергерлік бұйымдар неден жасалады?


Талқылауға арналған сұрақ:

Зергерлік бұйымдар қажет пе? Неліктен?

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Шаттық шеңбер», «Пазл» құрастыру, «Кофе араластырғыш таяқшалар», «Мені жалғастыр» ойыны, сұрақ-жауап, «.... қатысты 10 сөзді ата», «Дұрыс-Бұрыс» әдісі, «Суреттер тізбегі» әдісі, «Білгеніңді толықтыр», «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Жұдырық пен алақан», «Бір минут», «БББ» әдісі

Құндылықтар:

Мәтін мазмұнын түсіне отырып, шығармашылықпен еңбек ету, тарих пен мәдениет жалғастығын сақтауды насихаттау.

Ресурстар:

Оқулық, түсіндірмелі сөздік, тапсырмалар, суреттер, маркер, кестелер, парақтар, оқушылар аттары жазылған «кофе таяқшалары», бағалау парақтары

АКТ-мен байланыс:

Таныстырылым.

Пәнаралық байланыстар:

Тарих, технология, орыс тілі, бейнелеу өнері.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

  • Талдау

  • Жинақтау

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған мерзім

Жоспарланған шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық оқу ортасын құру

5 минут

топтық жұмыс


«Шаттық шеңбері»

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Оқушылар «Пазл» құрастыру жолымен 3 топқа бөлінеді. Сырға, білезік, жүзік суреттерінің қиындыларынан бүтін суреттерді құрастырады.

Топтар: сырға,білезік,жүзік

1-топ 2-топ 3-топ




Білезік, жүзік, сырға суреттерінің қиынды бөліктері.

Тілдік ортасын құру


2 минут

Жалпы жұмыс


  1. «Мені жалғастыр» ойыны

Мақал-мәтелдерді жалғастырыңдар.

1. Алтын балдақ ..... (қол сәні)

Әшекей кесте … (тон сәні)

2. Ата көрген… (оқ жонар),

Ана көрген … ( тон пішер)

3.Шебердің қолы … (ортақ)

Шешеннің сөзі … (ортақ)

Мақал-мәтел жазылған парақтар.

Ширату

3минут


Жалпы, жеке жұмыс








«Кофе араластырғыш таяқшалар» әдісі. Келесі сұрақтарға жауап беріңдер.

Picture 19

1. Сән дегеніміз не?

2. Сен қай сабақта отырсың?

3.Бүгін сабақта кім жоқ?

4. Сән үлгілерін ата?

5. Әдемілік пен киім туралы мақал-мәтел айт?

6. Сән сөзі орыс тілінде қалай болады? Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісі.

Оқушылардың аттары жазылған таяқшалар

Сабақтың мақсатын бірлесіп қою


Мұғалім сабақ мақсаттарымен таныстырады. Оқушылар қолдану, талдау, жинақтау мақсаттарын қояды.


Сабақтың ортасы

































Саралау


25 минут





Жалпы

4 минут







































1 минут




жеке жұмыс












3 минут












2 минут































1 минут







2минут



3 минут





3 минут



















1 минут







5 минут


Талқылау сұрағымен таныстыру. Зергерлік бұйымдар қажет пе? Неліктен?

Тыңдалым тапсырмасы (Т2). Мәтінді мұқият 2 рет тыңдаңдар.

Қазақтың зергерлік өнері – ертеден келе жатқан дәстүрлі мәдениеттің саласы. Зергерлік – бұл киелі де қасиетті өнер. Зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. «Зер» - «зар» парсы тілінде алтын деген ұғымды білдіреді. Қазақ зергерлері көбінесе жекелей жұмыс істеген. Зергер болу үшін адамға ең алдымен тума дарын керек. Екіншіден, ол – атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын кәсіп. Шеберлер әр түрлі құрал-саймандарды өздері жасаған. Асыл тастардан, алтыннан, күмістен түрлі әшекей бұйымдар да жасаған. Зергерлердің аса көп жасайтыны – әйелдердің әшекей бұйымдары. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік пен сақина таққан. Зергерлік әшекей бұйымдарының сипаттамасы:

Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сәндік, әсемдік бұйымы.

Білезік – білекке салатын, күмістен, алтыннан соғылатын әйел бұйымы. Білезіктер жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, тоспалы білезік, бұрама білезік, қос білезік деп көптеген түрге бөлінеді.

Бес білезік – алтын, күмістен жасалады. Бес білезік асыл тастардан көз орнатылып, күміс шынжыр арқылы бес сақина бекітіліп жасалатын аса қымбат білезік.

Жүзік – қымбат тастардан, көз орнатылған жалпақ сақина. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады.

Тұмарша – сәндік үшін омырауға тағатын, көз орнатылған күміс бұйым.

Сақина – саусаққа салатын, әр түрлі үлгіде күмістен, алтыннан, тағы басқа металдан соғылатын бұйым.

Кемер белбеу – негізі былғарыдан тігіліп, алтын күміс әшекейлермен сәнделген аса қымбат белбеу.

Шолпы – шашқа тағатын, қымбат, бағалы, сылдырмақты бұйым. Ол да алтын мен күмістен жасалады, бұрым (шаш) сәнін келтіреді.

Шашбау – шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын, қымбат матадан жасалатын бұйым. Оның сырты түрлі моншақтармен сәнделіп жасалады.

Қазақ халқының зергерлік өнері мен зергерлік бұйымдары – халықтың бай мәдени мұрасы, тарих жалғастығы. (253 сөз, 7 сынып нормасына сай құрылған мәтін).

Оқушылардың барлығы орындайды: «Дұрыс/бұрыс» әдісі. Кестедегі ақпараттардың дұрыс не бұрыс екенін белгіле.

Ақпараттар

дұрыс

бұрыс

Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады.

+


Қазақтың жігіттері шолпы таққан.


+

Былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен сәнделген аса қымбат белбеу – кемер белбеу

+


Құлаққа тағатын әшекей бұйымның бірі – бойтұмар.


+

Шашқа тағатын бұйым – шолпы.

+


Саусаққа тағатын, алтын мен күмістен жасалатын бұйым – сақина.

+


Маңдайша – сәукеле, тағы басқа бас киімдерге тағылатын, көз орнатылған күміс бұйым.

+


Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сәндік, әсемдік бұйымы.


+

Оқушылардың көпшілігі орындайды: Мәтіндегі тірек сөздерді тап және берілген суреттермен сәйкестендір. «Суреттер тізбегі» әдісі.


Оқушылардың кейбіреуі орындайды:

Анықталған тірек сөздер және дұрыс ақпараттар негізінде сұрақтарға толық жауап бер.

1.Зергер деп кімді айтамыз?
2. Зергерлер не жасайды?
3. Қазақтың қандай зергерлік бұйымдарын білесің?
4. Қыздарға арналған әшекей бұйымдарды ата.

Бағалау критерийлері


Дескрипторлар


Ұпай

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді

-Дұрыс ақпаратты анықтайды.

-Бұрыс ақпаратты анықтайды

1 ұпай


1 ұпай

Барлығы 8 ақпарат

8ұпай

Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, ақпараттың өзектілігін анықтайды.


-Мәтін мазмұны бойынша тірек сөздерді табады

-Тірек сөздерді суретпен дұрыс сәйкестендіреді

1 ұпай



1 ұпай

10 тірек сөз

10 ұпай

Сұрақтарға жауап береді:

1 сұраққа жауап берсе




1 ұпай


4 сұрақ-4 ұпай


Барлығы:

22 ұпай

Қалыптастырушы бағалау. «Бағдаршам» әдісі.

Қызыл түс көтерсе – түсінген жоқпын

Сары түс – қиындықтар бар

Жасыл түс – бәрін түсіндім

Кері байланыс жүргізіледі. Ауызша (мақтау, қолпаштау, ұсыныс білдіру)

Айтылым тапсырмасы (А1)

Оқушылардың барлығы орындайды:

Тапсырма. Мәтіндегі термин сөздерді тауып айт. Мағынасын түсіндір.

Оқушылардың көпшілігі орындайды:

Мәтінге қатысты неологизмдер ойластырып айтыңдар. (Мұғалім неологизм сөзіне анықтама береді. Үлгі: көнерген сөз – тәж, неологизм – диадема. Шет тілінен енген жаңа сөз).

Оқушылардың кейбіреуі орындайды:

«Білгеніңді толықтыр». Берілген мақал-мәтелдерді пайдаланып, мәтін мазмұнын дамытып айт. Топтық жұмыс.

  1. «Ер қадірін ер білер, зер қадірін зергер білер».

  2. «Ата өнері – балаға мұра».

  3. «Қыз сұлу көрінер бұрымымен».


Бағалау критерийлері


Дескрипторлар


Ұпай

Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады

-1 термин тапса

-2 термин тапса


- 1 неологизм болса

- 2 неологизм болса

- 3 неологизм болса


-Мақал-мәтелдерді пайдаланып мәтін мазмұнын дамытады

1 ұпай

1 ұпай


1 ұпай

1 ұпай

1 ұпай


1 ұпай


Барлығы:

6 ұпай

Қалыптастырушы бағалау. «Жұдырық пен алақан» әдісі.

Ашық алақан көрсетсе – бәрін түсіндім

Жұмылған жұдырық көрсетсе – түсінбедім

Кері байланыс жүргізіледі. Ауызша (мақтау, қолпаштау, ұсыныс білдіру).


«Бір минут» әдісі. Талқылау сұрағына оралайық. Балалар, зергерлік бұйымдар қажет пе? Неліктен?

Әр топтан 1 адам 1 минут ішінде осы сұрақ бойынша қорытынды ой айтады.

Қалыптастырушы бағалау. «Шапалақ»





Әр түрлі ақпарат көздерінен алынып құрастырылған мәтін.






































«Дұрыс-бұрыс» кестесі

















Мәтіндегі тірек сөздерге байланысты суреттерPicture 22







Бағалау парақтары






























Терминдер сөздігі

Түсіндірмелі сөздік






Мақал-мәтелдер





Бағалау парағы

















Сабақтың соңы

Үйге тапсырма беру


1 минут

Жалпы, жеке жұмыс

Сараланған үй тапсырмасы.

1.Қосымша ақпарат құралдарынан бір зергерлік бұйымның суретін салыңдар.

2. Зергерлік бұйымның суретін сал, сипатта (ұсыныс: постер жасау)

3. Қазақ халқы мен орыс халқының зергерлік бұйымдарын салыстыр. «Венн диаграммасы» арқылы.

Shape2 Shape1




Баспасөз материалдары, ғаламтор.


Рефлексия

2 минут

Жеке жұмыс

«БББ» әдісі бойынша оқушылар өз жұмыстарын қорытындылап, БББ кестесін толтырады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді





БББ кестесі

Кері байланыс

5 минут

Жалпы, жеке

Оқушылардың рефлекиясы негізінде ауызша өткізіледі.

Мақтау сөздері: Жарайсың. Жақсы.

Оқушының жеткен жетістігін айту.

  • Оқудың қай кезеңіндесің?

  • Нәтижеге қалай жеттің?

  • Кемшіліктерді бодырмау үшін қандай жұмыстар істейсің?

Жекелеген оқушыларға ұсыныстар беру.


Бағалау

2 минут

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары

Қалыптастырушы бағалау әдістері:

«Бас бармақ»

«Шапалақ»

«Жұдырық пен алақан»

«Бағдаршам»

Ауызша қолпаштау.

Қалыптстырушы бағалау

Тапсырмалар дескрипторлары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
2470
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі