400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

зергерлік өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
ұлттық зергерлік өнері туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім


Қазақ халқының қолөнері

Педагогтің аты-жөні

Каир Гульнара Алдабергеновна

Күні:

26.04.22

Сыныбы:

6 «А»

Сабақ тақырыбы

1-сабақ . Қазақтың зергерлік өнері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.3.1 тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

6.2.2.1- тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу.

Сабақ мақсаты

  • тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздердің мағынасын түсінеді;

  • тақырып бойынша диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі;

етістіктің шақтарының қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолданады;

Барлық оқушылар орындай алады:

ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздердің мағынасын түсінеді;

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • тақырып бойынша диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі;

етістіктің шақтарының қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолданады;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  • тақырыптарға байланысты жаңа сөздердің мағынасын түсінеді;

  • диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана біледі;

  • етістіктің шақтарының қызметін біледі, ауызша және жазба жұмыстарда қолданады;

Тілдік мақсаттар

етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ,жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

Құндылық

тарға баулу

Ұлттық өнерді құрметтеу;

Өнерді насихаттау;қарым қатынас жасау әдебі


Пәнаралық байланыс

Тарих, мәдениет, әдебиет, еңбекке баулу

Алдыңғы білім

Қазақ даласындағы қолөнердің шығу тарихы, түрлері туралы біледі, ою-өрнек түрлері туралы біледі. «Көңілді доп» әдісі арқылы кері байланыс орнатылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат


«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша білімдеріне шолу жасалады.

Ертеде қазақ даласында не дамыған?

-Қажет заттарын қалай жасаған?

-Кең тараған өнердің түрі қандай?

-Әшекейлер неден жасалған?

  1. -Қолөнер деген сөзді қалай түсінесіздер?

  2. -Қолөнер бұйымдарына не жатады?

  3. -Қазақ қолөнерінің қандай түрлері бар?

  4. -Геродот қазақ қолөнері туралы не деген?


«4 сурет 1 сөз» әдісі арқылы жаңа сөздермен танысып, бүгінгі жаңа тақырыпты анықтайды.

Жаңа сөздер: сақина, сырға, білезік, шолпы.

Мына суретте нені көріп отырсыздар?

Үйде әшекейді кім тағады?



-Дұрыс, балалар!

-Бұлар қазақтың зергерлік бұйымдары.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен таныстырады

Оқушыларды мұғалім суреттер арқылы топқа бөледі. ( Топ атаулары: «Сақина», «Білезік»,«Сырға»)

-Ендеше, балалар, тақырып бойынша жаңа лексиканы меңгереміз.

Алқа, шолпы, сырға, білезік, жүзік, сақина, құлаққа тағады,

тіл-көзден сақтау, білекке тағады,саусағына тағады, әшекейленген, соқтырған. Суреттер арқылы сөздердің мағынасын түсіндіру

1.хормен оқиды

2.сөз тіркесін құрастырады

2.сөйлем құрастырады

Оқушылар амандасады



Берілген сұрақтарға жауап береді.








мұғалім берген

суреттер арқылы тақырыпты ашады









сақина, білезік, сырға суреттері арқылы топұа бөледі



жаңа лексиканы береді












Мадақтау сөзі «Жарайсыңдар!»

мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы







Мадақтау сөзі «Жарайсыңдар!»

мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы

















мұғалімнің өткен тақырып бойынша сұрақтары







1-слайд

Интербелсенді тақта, суреттер











2-слайд

сабақ мақсаты мен бағалау критерий



3-слайд

Жаңа сөздер:

Алқа, шолпы, сырға, білезік, жүзік, сақина, құлаққа тағады,

тіл-көзден сақтау білекке тағады,саусағына тағады, ішекейленген,соқтырған.






Сабақтың ортасы

30 мин

ЖЖ 1– тапсырма

Тыңдалым алды тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі.

Тірек сөздермен суреттерді сәйкестендіріңіздер.

Тақтада суреттер көрсетіледі . Тірек сөздер: шебер, зергерлік бұйымдар ,сырға, алқа,білезік, ою, жасау, соғу. тіл-көз, сән-салтанат, ине, қайшы.

Суреттер:

Дескриптор

-сөздердің мағынасын түсіне алады

-суретті сөздермен сәйкестендіре алады


Мәтінді тыңдау.

Зергерлік өнер – қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлік өнер Ұлы Дала елінің салт салтанатын,байлығын,биік талғамын көрсеткен.Зергерлер көбінесе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасайды. Сәндік бұйымдарға білезік,сақина, жүзік, сырға жатады.

Сырға құлаққа тағатын сәндік зергерлік бұйым. «Сырға тіл көзден» сақтайды» деген түсінік бар. «Құлағың ауырмасын, жаман сөз естіме, ажарлы бол!» –деп тілек айтқан

Білезік ертеден келе жатқан білекке тағатын сәндік бұйым. Қыз бала 3-4 жасқа келген кезде ата анасы білезік соқтырған. Білезікті екі қолға ,кейде бір қолға екі білезік тағады.Әшекей бұйымдарды «қыз бала сән салтанатта өссін!» деген оймен алтын күмістен соқтырған . Білезік бергенде: « Қолың өнерлі болсын!» деп тілек айтқан. Сәндік бұйымдар оюмен әшекейленген.

Жүзік қыздар мен әйелдердің саусағына тағылатын зергерлік бұйым.Зергерлер жүзікті асыл тастармен безендіріп, оюөрнекпен әшекейлеген.Зергерлік бұйымдар қазақ өнері мен мәдениетін паш етеді.

Тыңдалым кезіндегі тапсырма.

ЖЖ «Конверттегі сұрақтар» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қазақ әйелдері мен қыз балалары қандай зергерлік бұйымдарды таққан?

2.Шеберлер зергерлік бұйымдарды неден жасаған?

3.Білезікті қыз бала неше жасынан таққан?

4.Әшекейді қандай мақсатпен таққан?

5.Сәндік бұйымдардың түрлерін атаңыздар?

6.Сәндік бұйымдар немен әшекейленген?

Дескриптор

-бұйымдар неден жасалғанын біле алады

-қандай мақсатпен тағатынын түсіне алады

-түрлерін ажырата алады

Тыңдалымнан кейінгі жұмыс.

ТЖ. 2-тапсырма: «Семантикалық карта» әдісі бойынша кестені толтырыңыз .

Кестедегі сөздерді анықтамаларымен сәйкестендіріп қосыңыздар

Мазмұны

Сырға

Білезік

Жүзік

Алқа

Ертеден келе жатқан білекке тағатын сәндік бұйым.







Құлаққа тағатын сәндік зергерлік бұйым.







Қыздар мен әйелдердің саусағына тағылатын зергерлік бұйым.






Қыздар ме әйелдер мойынға тағатын зергерлік зат





Дескрипторлар:

- тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді мағынасымен байланыстырады;

- зергерлік бұйымдардың қолданысын ажыратады;



Ширату кезеңі. «Мен әдемімін» әдісі арқылы сөздерді табады

-Балалар, айнаға қараймыз

-Қыздар, құлақтарымызға сырға тағамыз

-Ұлдар, білектерімізге сағат тағамыз

-Бәріміз айнаға қараймыз

-Қыздар, алқаларымызды тағамыз

-Ұлдар, галстуктерімізді жөндейміз

-Бәріміз айнаға қараймыз

-Қыздар сақиналарымзды саусақтарымызға тағамыз

-Ұлдар, әдемі белдіктерімізді дұрыстаймыз

-Бәріміз айнаға қараймыз, таранамыз.

-Мен сондай әдемімін деп айтамыз.

ЖЖ. «Түртіп алу» әдісі.

Зергерлер көбінесе әйелдердің сәндік бұйымдарын..... салады,жасайды, көреді.

Сәндік бұйымдар оюмен.... берген, әшекейленген, дамыды

Құлаққа сырға салғанда «Құлағың ауырмасын» - деп тілек... береді, айтатын, жасайды.

Зергерлер жүзікті асыл тастармен безендіріп, оюөрнекпен салған, кірген,әшекейлеген

Қазіргі кезде ұлтық қолөнері жақсы.... ойнайды, сөйлеген, дамып жатыр


-тиісті сөзді таңдап жаза алады

-етістіктің шақтарын тиімді қолдана алады.


ЖЖ. Тірек сөздер арқылы «Дүкенде», «Туған күнге сыйлық», «Кітапханада» тақырыбында диалог құрып,

«Құрметті...», «Бүгін дүкенге зергерлік бұйымдардың жаңа топтамасы келді.» «Өтінемін...», «...алғысым шексіз!», «...қандай әдемі!», «...сіздерге ұнай ма?»,«Өте қуаныштымын!», «Рақмет» т.с.с. сөз орамдарын қолданыңыздар.

Мысалы:

-Айару , сен зергерлік бұйым дүкенінде болдың ба?

-Не сатып алдың?

-Қандай білезік?

-Сырғаң қандай әдемі! .

-Асыл тасты әшекей алыңыз.

Дескрипторлар:

- берілген тірек сқздермен диалог құрастыра алады

- әдеп сөздерді орынды қолдана алады




тапсырманы орындайды.



өздері орындайды

тақтамен тексереді








аудиомәтін дайындайды.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
10.08.2023
322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі