Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зертханалық жұмыс №10. Шынының сыну көрсеткішін анықтау. 8сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып Зертханалық жұмыс №10. Шынының сыну көрсеткішін анықтау сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Құрманова Г.

Бөлімі:

8.4А Жарық құбылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Құлманова М.Ж

Күні:

23.04.2025ж

Сыныбы: 8 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

10 зертханалық жұмыс. «Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.5.1.9 экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;

8.5.1.10 сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау

8.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтың мақсаты:

Экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтайды;

Сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстырады және эксперимент нәтижесін бағалайды;

Физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.

Құндылықтарға баулу

Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік:түрлі мамандықтарға қызығушылық танытады, өзіне өзі қызмет көрсетуге дағдыланады.

Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут










5 минут

















Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық: Тренинг «Достық импульсы»   Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, әрбір бесінші оқушы сыныптастарына жақсы тілек айтады да шеңбер бойымен келесі оқушының қолын қысады.


Топқа бөлу.

«Qazmath» арқылы 3 топқа бөлу.



Үй тапсырмасын сұрау.

Толық ішкі шағылу.

«Wordwall» платформасы арқылы сұрақтар беріледі.

1.Қандай айна жазық деп аталады?

2.Жазық айнаның формуласы қандай?

3. Жазық айнада қандай кескін беріледі?

4.Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталады?

5.Жазық айна шын кескін бередіма?








Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады



Оқушылар 3 топқа бөлінеді.


Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді



.





.



















Дескриптор:

1.Қандай айна жазық деп аталатынын айтады;

2.Жазық айнаның формуласын табады;

3. Жазық айнада қандай кескін берілетінін айтады;

4.Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталатынын айтады;

5.Жазық айна қандай кескін беретінін айтады.

ҚБ:Оқушылардың жауаптарына сәйкес мадақтау,ынталандыру сөздері арқылы бағалау жүргізіледі.












https://qazmath.net/quraldar/topka-bolu/


https://wordwall.net/ru/resource/55729562/%D0%B6%D0%B0%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%A3-%D1%88%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BB%D1%83%D1%8B



Сабақтың ортасы

5 минут






































10 минут












5 минут
















10 минут




























































Сабақтың соңы

5 минут


Жаңа сабақ

Мұғалім түсіндірмесі

Егер жарық сәулесі екі мөлдір ортаның шекарасына түссе, жарықтың бір бөлігі шағылып бірінші ортаға қайтып оралады, ал екінші бөлігі екінші ортаға шекарада бағытын өзгертіп өтеді.

Жарық сәулесінің бір ортадан екінші ортаға өткенде бағытын өзгерту құбылысын жарықтың сыну құбылысы деп атайды.  

Жарықтың сынуы

MN сызығы-екі ортаны бөлетін шекарасы (ауа - су)

Мөлдір бетке S жарық сәулесі түседі. Оның бағыты SO деп белгіленген, SO сәулесі – түскен сәуле

ОВ сәулесі – сынған сәуле

Сәуленің О түсу нүктесінен екі ортаны шекара сызығынан ОС перпендикуяр (нормаль сызығы) жүргіземіз.

бұрышы – түсу бұрышы. Түскен сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш  түсу бұрышы деп аталады.

бұрышы – сыну бұрышы. Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш  сыну бұрышы деп аталады.

Жарықтың сыну заңы (Снеллиус заңы)

Снеллиус немесе жарық сынуының заңы

Түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.

Снеллиус заңындағы екі ортадағы жарық жылдамдықтардың қатынасы салыстырмалы сыну көрсеткіші болып табылады.



Топтық жұмыс

"Идеяны суреттеу" әдісі

1-топ: Жазық параллель пластинада сәулелер жолын салу

2-топ:Жарықтың сыну заңын тәжірибе арқылы тексеру, зерттеу

3-топ:Есеп шығару үлгісімен таныстыру

Есеп: Жарық сәулесі судың бетіне 450 бұрышпен түседі. Суда сәуленің сыну бұрышы қандай?



Жұптық жұмыс

«Жалғасын тап» әдісі арқылы сөйлемді толықтырып жазу.

1.Мөлдір нәрсенің бетіне жарық түскен мезгілде қандай оптикалық құбылыстар байқалады? ...


3.Жарық : а)ауадан суға; б) шыныдын суға ; в) алмаздан шыныға өткенде , жарықтың таралу бағыты қалай өзгереді? ...


4.Сыну бұрышы деп ...


5.Жарықтың сыну заңы (1-заңы)....


2- заңы ...

6. Сыну көрсеткіші деп - ...


7.Неліктен жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде сынады? ...



Жеке жұмыс

Зертханалық жұмысты орындау

Жұмыс барысы:


1)Картон қағаздың бетіне таза парақты, ал шырақтың бетіне жалпақ жағымен шыны пластиканы қойыңдар және оның шетін қарындашпен айналдыра сызыңдар;


2) Шынының бір жағына түйреуіштің бірі пластинканың қырын жанайтын етіп екі түйреуіш түйреңдер. Түйреуіштер арқылы өтетін түзу пластинканың қырлары перпендикуляр болмауы тиіс.


3) Шыныны көздің деңгейіне дейін көтеріп, оның екінші жағына үшінші түйреуішті шыны арқылы қарағанда алдыңғы екі түйреуіш көрінбейтіндей етіп шынының қабырғасын жанай түйреңдер;


4) Шыны мен түйреуіштерді алып тастаңдар және түйреуіш тұрған жерлерді 1,2,3 деп белгілеңдер. Осы нүктелер арқылы шынының шегаралары- мен қиылысқанша түзу жүргізіңдер. 2-нүкте арқылы екі ортаның шегарасына перпендикуляр тұрғызыңдар.

5) Транспортирдің көмегімен α түсу бұрышын және β сыну бұрышын өлшеңдер.

6) Синустардың мәндерінің кестесі бойынша өлшенген бұрыштардың синустарын анықтаңдар.

7) sinα / sinβ = n формуласынан сыну көрсеткішін есептеңдер.

8) Тәжірибені α түсу бұрышын өзгерте отырып, тағы екі рет жасаңдар. Әр тәжірибе үшін сыну көрсеткішін анықтаңдар. Есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.


9) Абсолюттік және салыстырмалы қателікті табыңдар;


10) Есептеу нәтижесінде шыққан мәнді кестедегі мәнмен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар.















Рефлексия. « Білім шыңы» арқылы







2-саты: Мен ......... білемін

3-саты: Мен ...... түсінемін

4-саты: Мен ....жасай аламын.



Бағалау: 10 баллдық жүйе бойынша бағалау жүргізу


Үйге тапсырма: Толық ішкі шағылу


Оқушылар дәптерге термин сөздерді жазады.






































Оқушылар мәтінмен танысады. Топ ішінде өзара ой бөлісіп, талдау жасайды. Жарықтың сыну құбылысын теория, тәжірибе арқылы түсіндіреді. Есеп шығару үлгісін көрсетеді.Топ спикерлері топтық жұмысты қорғайды




Оқушылар жұппен тапсырманы орындайды.














Оқушылар зертханалық жұмысты жеке орындайды

1)Картон қағаздың бетіне таза парақты, ал шырақтың бетіне жалпақ жағымен шыны пластиканы қояды және оның шетін қарындашпен айналдыра сызады;


2) Шынының бір жағына түйреуіштің бірі пластинканың қырын жанайтын етіп екі түйреуіш түйрейді;


3) Шыныны көздің деңгейіне дейін көтеріп, оның екінші жағына үшінші түйреуішті шыны арқылы қарағанда алдыңғы екі түйреуіш көрінбейтіндей етіп шынының қабырғасын жанай түйрейді;


4) Шыны мен түйреуіштерді алып тастайды және түйреуіш тұрған жерлерді 1,2,3 деп белгілейді. Осы нүктелер арқылы шынының шегаралары- мен қиылысқанша түзу жүргізкді. 2-нүкте арқылы екі ортаның шегарасына перпендикуляр тұрғызады.

5) Транспортирдің көмегімен α түсу бұрышын және β сыну бұрышын өлшейді.

6) Синустардың мәндерінің кестесі бойынша өлшенген бұрыштардың синустарын анықтайды.

7) sinα / sinβ = n формуласынан сыну көрсеткішін есептейді.

8) Тәжірибені α түсу бұрышын өзгерте отырып, тағы екі рет жасайды. Әр тәжірибе үшін сыну көрсеткішін анықтаңдар. Есептеу нәтижелерін кестеге жазады.

9) Абсолюттік және салыстырмалы қателікті табады;

10) Есептеу нәтижесінде шыққан мәнді кестедегі мәнмен салыстырып, қорытынды жасайды;

Қауіпсіздік ережесін сақтайды








Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз ойларын ауызша

айтады









































Дескриптор:

Жарықтың сыну құбылысын теория, тәжірибе арқылы түсіндіреді.

ҚБ: «Аукцион» әдісі арқылы.

Аукционға әр топтың жұмыстары қойылады. Әр топ өзіне ұнаған жұмысқа пікір айтады.



Дескриптор:

Берілген сөйлемдерді толықтырып жазады.

ҚБ: дайын жауаптар үлгісі арқылы жұптар өзара бағалау жүргізеді.










Дескриптор:

1)Картон қағаздың бетіне таза парақты, ал шырақтың бетіне жалпақ жағымен шыны пластиканы қояды және оның шетін қарындашпен айналдыра сызады – 1б;


2) Шынының бір жағына түйреуіштің бірі пластинканың қырын жанайтын етіп екі түйреуіш түйрейді – 1б;


3) Шыныны көздің деңгейіне дейін көтеріп, оның екінші жағына үшінші түйреуішті шыны арқылы қарағанда алдыңғы екі түйреуіш көрінбейтіндей етіп шынының қабырғасын жанай түйрейді – 1б;


4) Шыны мен түйреуіштерді алып тастайды және түйреуіш тұрған жерлерді 1,2,3 деп белгілейді. Осы нүктелер арқылы шынының шегаралары- мен қиылысқанша түзу жүргізкді. 2-нүкте арқылы екі ортаның шегарасына перпендикуляр тұрғызады – 1б.

5) Транспортирдің көмегімен α түсу бұрышын және β сыну бұрышын өлшейді – 1б;

6) Синустардың мәндерінің кестесі бойынша өлшенген бұрыштардың синустарын анықтайды – 1б;

7) sinα / sinβ = n формуласынан сыну көрсеткішін есептейді – 1б;

8) Тәжірибені α түсу бұрышын өзгерте отырып, тағы екі рет жасайды. Әр тәжірибе үшін сыну көрсеткішін анықтаңдар. Есептеу нәтижелерін кестеге жазады – 1б;

9) Абсолюттік және салыстырмалы қателікті табады – 1б;

10) Есептеу нәтижесінде шыққан мәнді кестедегі мәнмен салыстырып, қорытынды жасайды – 1б.

ҚБ: 10 балл










Мұғалім оқушылардың сабақ барысындағы жауаптарын,жұмыстарын қорытындылап кері байланыс жасап,балдық жүйемен бағалайды.

Ең жоғары балл 10 балл

Оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекетіне мұғалім кері байланыс беріп, бағалайды.

«Бүгінгі сабақта тапсырмаларды толық әрі, дұрыс орындай алдың, «Сен жетістіктерге жетудесің !»


8 сыныпқа арналған оқулық, презентация




































Постер, маркерлер










Тапсырма бар парақша














параллель қырлары бар пластинка, түйреуіштер, таза парақ қағаз, картон қағаз, транспортир, тригонометриялық шамалардың кестесі.
































































8 сыныпқа арналған оқулық





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11