400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зертханалық жұмыс "Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге Зертханалыұ жұмыс «Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Жарма ауданы «Қарасу орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні:

Садиева Шолпан Асылбековна

Сынып 11


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Координация және реттелу

Сабақтың тақырыбы:

Зертханалыұ жұмыс «Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуін анықтау.

Оқушылардың басым бөлігі: Ауксин әсеріне ұшыраған өсімдіктің жағдайын талдау (ұзындығын өлшеу, түзілген тамырларды санау)

Кейбір оқушылар: Фитогормондардың өсімдік пен жануарлар ағзаларына тиізетін әсерін бағалау.

Бағалау критерийі

Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуін анықтайды

Ауксин әсеріне ұшыраған өсімдіктің жағдайын бағалайды, өзгерістерді зерделейді

Фитогормондардың өсімдік пен жануарлар ағзалары үшін тигізетін әсеріне баға береді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар зертханалық жұмысты істей алады

Зертханалық жұмыстың барысын оқи отырып,

аталған құрал-жабдықтарды пайдалана отырып,

жұмыстың орындалуын тыңдай отырып,

зертханалық жұмыстың көрсеткішін кестеге жаза алады

( оқылым, айтылым, жазылым)

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері

Әр түрлі концентрациялы ауксин (гетероауксин), стимулятор,

гормондар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар:

Өсімдікке әсер ету үшін ауксиннің қандай концентрациясы қолданылуы керек екендігін білу маңызды, себебі ... .

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Неліктен ауксин тамыр түзілуіне жақсы әсер етеді?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Фитогормондардың өсімдік пен жануарлар ағзаларына тиізетін әсері туралы не жаза аласыз?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел»- 3, 5құндылықтар негізінде оқушылардың бойында қарым-қатынасқа, еңбек өнімділігін арттыруға, экономиканың өрлеуіне, ортақ істің нәтижелі болуына баулу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану « Жердегі тіршіліктің дамуы »

Биология « Тыңайтқыштар »

Химия « Ерітінді концентрациясы »

Алдыңғы білім

6.2.4.1 Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру

6.2.4.2 адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын бағалау

7.1.7.5 - рефлекстік доғаны зерттеу

8.1.7.4 эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау

8.1.7.5 бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру

9.1.7.1- жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату;

9.1.7.2 -жүйке ұлпасының қызметі мен құрылымдық бөліктерінің қызметтерін талдау

10.1.7.1 - миеленденген нейрон аксонында әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссиясын сипаттау және түсіндіру

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

.5-7 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау.

Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Ынтымақастық атмосферасын тудыру:

Оқушыларды шағын топтарға топтастыру.

1-топ

2-топ

Үй тапсырмасын тексеру.

Тапсырма.1

Топтық жұмыс. «Сен білесің бе?» тәсілі арқылы

. Талқыланатын сұрақтар:

1-топ: Стимулдайтын гормондар, түрлері, әсер етуі?

2-топ: Ингибирлейтін гормондар, түрлері, әсер етуі ?

Дискриптор:

– Фитогормондардың типтерін ажыратады.

– Фитогормондардың өсімдікке әсер етуін талдайды .

ҚБ : « Өзін-өзі бағалау»

Тапсырма 2.

Топтық жұмыс «Бестармақ (синквейн) әдісі » арқылы жануарлар мен өсімдіктердің ағзасына фитогармондардың әсеріне талдау жүргізіңдер.

Дискриптор:

-Өсімдік пен жануарлардың ағзасына фитогармондардың әсерін талдай алады

- талдауды дұрыс тұжырымдайды

ҚБ: « Плюс, минус»







түрлі-түсті стикерлер






интер белсенді тақта



Сабақтың ортасы

15-25 минут


Зертханалық жұмыс «Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі» Топтық жұмыс

Жұмыс мақсаты. Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуін анықтау

Жұмыс барысы. Бес Петри ыдысына сүзгі қағазын төсейді , 9мл сумен немесе 0,01: 0,001: 0,0001: 0,00001%- ауксин( гетероауксин) ерітінділерімен ылғалдандырады.

Көрсетілген концентрацияларды алу үшін 1мл бастапқы 0,01% ауксиннің (гетероауксин ) ерітіндісін 10мл өлшеу цилиндріне құйып, үстін сумен толтырады, мұқият араластырады, содан кейін 9мл Петри тостағанына құяды, ал қалған 1мл-ді сызыққа дейін сумен толтырады және әрі қарай осылай жалғастырады.

Ылғалданған сүзгі қағазына жүгері мен бидайдың 5 дәнін араластырып, Петри ыдысын қақпағымен жауып,

20-25 С болатын қараңғы жерге қояды.




Дискриптор:

  • Зертханалық жұмысты нұсқаулықпен орындайды.

  • Зертханалық жұмыс барысында ауксин қоспасы әсеріне ұшыраған өсімдікті бақылайды, өзгерістерді зерделейді.

  • Өсімдікке өлшеу жұмыстарын жүргізіп, өзгерістерді сипаттайды.

  • Мәліметтерді кестеге толтырады.

  • Қорытынды шығарады.

  • ҚБ: « Бір сөйлеммен қорытындыла»





Сабақтың соңы

6-8 минут

«Бағалау парағы Рефлексия» Әрбір оқушыға таратылады

Мен ойлаған нәрсені орындадым ба? ___________

Мен зертхананың басты нәтижесі ретінде жұмыс істеу қолымнан келді ме?_____

Мен нені білдім ?

Не жақсы орындалды?________________________

Не жаман орындалды?__________________

Нені орындау жеңіл болды, ал не қиынға соқты?____________

Үйге тапсырма бет 135 сүрақтар мен тапсырмалар











Оқулық

Қосымша ақпарат



Саралау – «Сен білесің бе ?»тәсілі мен «Бестармақ» тәсілі көбірек қолдау көрсетеді.

Оқушыларды топтасып жұмыс жасауға үйретеді.

Сабақта әрбір оқушымен топтық жұмыс жүргізіледі

Сабақ бойынша рефлексия «Бағалау парағы» бойынша жүргізіледі

Бағалау –оқушылардың материалды игеру деңгейі

арқылы жүзеге асты

Өзін-өзі бағалау, Плюс, минус,

Бір сөйлеммен қорытындыла арқылы жүргізілді










Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақта денсаулық

және қауіпсіздік

техникасы сақталды








Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1:Бестармақ тәсілі

2:Зертханалық жұмыс.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1:Оқушының белсенді қатысуы

2:Зертханалық құрал-жабдықтардың қамтамасыз етілуі.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін оқушылардың білімі және дағдысы



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
4729
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі